Жұма, 23 тамыз 2019 ЖЫЛЫ
782 27-05-2019, 11:14

Сайлау қарсаңында Қазақстандағы жағдайды кім және не үшін қыздыруға тырысып отыр?


Ел кезекті кезектен тыс президенттік сайлау кезеңін бастан өткеруде. Негізінде, жағдай әбден болжамды болып табылады. Бірақ мұнда бір ерекшелік бар: осы жолы дауыс беруге арналған бюллетеньдерде ең үйреншікті кандидат – Нұрсұлтан Назарбаевтың аты-жөні болмайды. Дегенмен, бұл туралы көп айтылып, көп жазылды. Кез келген сайлау осы сәтке лайық атмосфераға мұқтаж екені түсінікті. Ең алдымен, қоғамдық-саяси тұрақтылық қажет, бұл біздің жағдайда аса маңызды.

Біріншіден, қазақстандықтарға ауыспайтын президентке бірінші рет балама ұсынылған болып отыр. Екіншіден, мұндай жағдай біздің азаматтарымызға әдеттегіден ерекше болғандықтан, сайлау нәтижелеріне күмән келтіре алатын қандай да бір эксцесстерге жол бермеу маңызды. Үшіншіден, сайлаудың кез келген нәтижесінде (әрине, ол әбден болжанылып отыр) Қазақстан үшін сапалы тұрғыда жаңа тарихи кезең басталады. Қалай болғанда да, мұндай күтулер орын алуда. Сондықтан сайлау алдындағы кезең де, дауыс беру процесі де тыныш жағдайда өтеді деп үміттенгіміз келеді.

Алайда соңғы уақытта біздің қоғамдық-саяси өмірімізде байқалатын оқиғалар мен үрдістер кейбір сұрақтар туындатып отыр. Атап айтқанда, Алматы марафоны барысында екі жас белсенділер мен оларды қолдау тобына қатысты болған оқиға. Елдің түрлі қалаларында жалғыз ғана адамнан тұратын, бірақ резонансты пикеттер болды, бұл 1 мамыр күні орын алған нәрсе. Астана экономикалық форумы кезінде көп балалы аналар қауымдастығын жандандыру. Құқық қорғау органдарының өте сауатты емес іс-қимылдарына көбейтілген осы және кейбір басқа да фактілер елде сайлау алдында жақсы фон құруға ықпал етпейді.

Әрбір осындай жағдай наразылық көңіл-күйдегі реакцияның ағуын күрт жылдамдатады және қоғамдық пікірді бірден ек жаққа айырып жібереді. Жағдай әлеуметтік желілердегі пікірталастардың күрт жандануымен қыздырылады, ал олардың қызуы кейде шектен шығын, қажетсіз дау-дамайды одан әрі қоздыра түседі.

Осының бәрін бақылап отырғанда, мұның барлығы кездейсоқ оқиғалар емес, бұл бір тізбектің буындары деген сезім пайда болады. Сондықтан олардың артында қандай да бір мүдделі күш тұрғанын болжау әбден қисынды. Біздің саяси шындықтың ерекшелігін және әсіресе элитаішілік қарама-қайшылықтардың жан-жақты сипатын ескере отырып қарасақ, мұндай болжам ақылға қайшы келмейді. Егер ол солай болса, онда басқа логикалық сұрақ туындайды: бұл кімдерге тиімді болуы мүмкін?

Оған жауапты іздеу барысында конспирологиялық ізденістерге үңілуге тура келеді. Мүмкін, кейбіреулерге бұл «құмалақ ашу» тәрізді көрінетін болар, бірақ егер егеменді Қазақстанның бүкіл ұзақ емес саяси тарихын еске алсақ, онда дәл осындай тәсіл жұмбақтың шешуіне кілт бере алады. Біз ешқандай адамдарды атамаймыз, тек жалпы суреттеме келтіруге тырысамыз.

Сонымен, ұзақ уақыт бойы биліктің жоғары ареопагына кірген кейіпкер бар. Ол әрдайым ережелер бойынша ойнайтын және «басты» бағамға өзінің сенімділігі мен адалдығы жөнінде ешбір күмән келтірмеген. Ұзақ және мінсіз қызметі үшін оған ерекше сипатты преференциялар жөнінде уәде берілді. Алайда, «үлкен ойында» жиі болатындай, соңғы сәтте жағдай өзгерді және кейіпкеріміз өзі үміттеніп отырған нәрсенің орнына мүлдем басқа нәрсе алды. Дегенмен, оның соңғы «бонусы» әлі де оған билік Олимпінің айналасындағы жағдайға елеулі әсер етуге мүмкіндік береді. Және мүлдем шетке шығарылып қалмас үшін, ол өз партиясын ойнауды шешті. Бұл ретте ол өз алдына басқа да ұзақ мерзімді қойылған міндет ретінде бәсекелестерінің абыройын төгіп, тиісінше оларды шешімдер қабылдаудың бас орталығына ықпал ету тұрғысынан мүмкіндіктерін азайтуды көздеген.

Бұл үшін оның ресурстары мен тетіктері жеткілікті болып отыр. Ал мақсатқа жету жолдары өте қарапайым. Ең бастысы – сайлау науқанының қызу кезінде электоратты барынша тітіркену дәрежесіне жеткізу. Ал дәлірек айтқанда, оны ызаландыру. Қалай дейсіз бе? Өте оңай.

Біріншіден, үнемі Интернетті өшіріп отыру. Егер елде бірде-бір маңызды қағаз басылымы қалмағанын ескерсек (теледидар нақты қоғамдық-саяси проблемалардан әлдеқашан алшақтап кетті), ал Интернет барлық ойлайтын адамдар үшін өз сезімдерің білдіретін жалғыз ғана алаңға айналған болса, онда бұл дерлік жеңіске жету жолы. Оның үстіне, өшіру үшін себеп іздеудің де аса қажеті жоқ. Мысалы, биліктің жоғарғы қабаттарында аллергия тудыратын бір қашқын олигарх фигурасын құбыжық етіп көрсетуге болады. Және бұл жағдайда әрекет етуге рұқсат алу өте оңай.

Екіншіден, уақыт өте келе билікке айтарлықтай адал басылымдардың сайттарын (осы БАҚ-тардың адал журналистері де ыңғайсыздық сезінуі үшін) өшіріп тұру. Ол не үшін қажет дейсіз бе? Оларға өмір аса тамаша болып көрінбеуі үшін. Ал содан кейін қарап тұрсаң, олардың да билікке деген адалдығы азая түседі.

Үшіншіден, (бұл қоғамдық пікірді қоздырудың ең тиімді құралы), себепсіз ұстап алу, содан кейін әбден зиянсыз пикетке қатысушыларға ақылға қонымсыз кінәлар тағу. Саяси тұрғыдан да, зияткерлік мағынада да ешнәрсе білдірмейтін бұл жастарды кім және не үшін пайдаланады деген сұрақты шеңберден тыс қалдырамыз. Олармен сұхбатты мұқият оқыңыздаршы – сөздер мен эмоциялар көп, ал ұтымды ойлар немесе өмірлік философияның қандай да бір ұқсастығы онда атауымен жоқ.

Басқа мәселе, онда бір сәт бар, ал оған назар аударған адамдар шамалы. Марафонда баннер ашқан жас қыз элиталық отбасынан шыққан және ықпалды оңтүстік кландардың бірінің өкілі болып табылады. Ал оның жанындағы бала антураждан артық ешнәрсе емес. Халықтан шыққан адам дегендей. Оның үстіне оны көп ұзамай әскерге алып кетеді, демек, барлық дивиденттер анық қарапайым емес отбасынан шыққан қызға беріледі. Мұндай, әлбетте, кездейсоқ емес сүреттеме, нәзік сипаттағы сұрақтарды тудырмауы мүмкін емес.

Тағы бір штрих. БАҚ-тардың көпшілігі жаппай, және тіпті бір ізді болып, санкцияланбаған митингілер мен пикеттердің ұстауға алынған қатысушыларын «режим құрбандары» ретінде, сондай бір саяси тұтқындары етіп бейнелейтіні де өзіне назар аударады. Келісіңіздерші, мұндай түсіндіру мемлекеттің жаңа басшысы болып табылатын билікке деген сүйіспеншіліктің өсуіне, яғни оның сайлау алдындағы рейтингтерінің өсуіне ықпал етпейді ғой. Кей кездері тіпті түсінбей де қаласың – оған оның қатысы бар ма әлде оны болған фактінің алдына қойдыма. Бірақ кез келген жағдайда мұндай жағдай президентке бас кандидаттың пайдасына емес екені анық.

Мұның барлығының режиссері немесе өте ықпалды тұлға, немесе толық ақпаратқа ие және елдегі іс жағдайына әсер ететін нақты тұтқалары бар тұлғалардың белгілі бір тобы болуы мүмкін. Егер конспирологиялық нұсқаның ең болмағанда бір тармағы нақты растауын табатын болса, онда бұл өте қауіпті симптом.

Ел үшін осыншама жауапты сәтте жағдайды шиеленістіру кімдерге қажет болды? Қандай нақты мақсаттар көзделіп отыр? Осы, әзірге белгісіз, күштер қаншалықты алысқа баруға дайын? Және бұл, ақыр соңында, қандай нәрсеге әкелуі мүмкін? Бұл оқиғаларды қоғамның есеюін және беріктігін тексеру деп бағалауға болама? Әлде бұл өз негізінде шексіз амбициялар мен ақыл-ойды мүлдем елемейтін саяси соқырлықты білдіре ме?  

Отандық истеблишменттегі жауапты адамдар жағдайды бақылауда ұстап, осындай тарихи маңызды сәтте оқиғалардың теріс дамуына жол бермейтініне және қоғам мен қарапайым азаматтар сонша жыл күткен биліктің транзиті ерекше эксцесстеріз өтетініне үміттенгіміз келеді.

 

Комментарии