Сейсенбі, 15 қазан 2019 ЖЫЛЫ
4519 22-04-2019, 17:31

Қазақстан мен Ресейге қоныс аударушылар: олардың арасында қандай ұқсастық бар?


Шақыру – бір жөн, ал лайықты етіп қабылдау ол мүлдем басқа мәселе. Бүгінде Қазақстанда да, Ресейде де шетелдегі және осы елдерге келген отандастарға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету бойынша ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бірақ қатты дауысты үндеулер мен әдемі есеп берулердің артында жиі адамдар тағдырына деген немқұрайлылық пен жауапкершіліксіз қарым-қатынас жатыр... Көші-қон үдерісінің жағымсыз жақтары туралы біз бұрынғы қазақстандық танымал құқық қорғаушы, ал қазір РФ Воронеж облысында тұратын Федор Мирогловпен әңгімелестік.

Мемлекетші және коммерсанттар

- Федор Викторович, сіз осыдан бірнеше жыл бұрын Ресейге көштіңіз, сондықтан қоныс аударушылардың проблемалары туралы өте жақсы білесіз. Бүгінгі таңда біздің елдерде іске асырылып жатқан отандастарды қайтару жөніндегі бағдарламаларды сіз қалай бағалайсыз?

- Кімдерді отандас деп есептеу керек? Шетелде ықпал ету үшін диаспора өкілдері қажет пе? Мүмкін, олардың барлығын Отан аумағында жинап алған дұрыс шығар? Бұл мәселелер 1990-шы жылдардан бастап бұрынғы КСРО-ның республикаларының ақпараттық алаңдарының көбінде көрініс табады. Бірақ, осы тақырыпқа әлі де өшпейтін назар аударылып отырылғанына қарамастан, тиісті мемлекеттік бағдарламалардың нақты нәтижелері, жұмсақтау айтқанда, аса қуантпайды.

Егемендік алғаннан кейін алғашқы жылдары Қазақстан этникалық қазақтарды оларды өте күтіп отырған тарихи Отанына оралуға шақырды. Сол кезде республиканың көптеген славян ұйымдарының өкілдерінен: мінеки, өз халқына арналған қамқорлықтың үлгісі – деген сөздерді жиі естуге тура келді. Бұл тек жеке табысы мен өз мүдделерін ойлаумен өмір сүретін, өз даралығынан айырылған, жансыз азаматтық қоғам бейнесіне деген қамқорлық емес, дәл нақты халықтың өзіне деген қамқорлық. Бірақ кейінірек, келген оралмандарды қорлауды көріп, отандастардың қайтып оралуына байланысты бағдарламалардың тиісінше жұмыс істемейтіндігін көріп (бұл туралы жергілікті БАҚ-тар хабарлаған), олар енді оған күле бастады. Сол кезде бұл адамдар бірнеше жылдан кейін өздеріне де тарихи отанымен қарым-қатынасты анықтауға тура келетіндігі жөнінде білмеген болатын...

РФ-ға қоныс аудару бағдарламасы ең басында көп адамдарды шабыттандырған еді, бірақ оның жергілікті жерлерде жүзеге асырудың принциптері мен формалары кейіннен оларда өкініш тұдыра бастады. Олар «Отан қамқорлығының» ерекшелігінен дәм татып, кеңінен жар салып жаряланған бағдарлама мен шын мәнісінде шетелде отандастарды қолдау жөніндегі жалған бастамалар мүлде болмағаны дұрыс еді деп қатты ренішпен айтады...

- Егер Қазақстан мен Ресейге қоныс аударушылардың мәселелерін салыстырсақ, олардың қандай принциптік айырмашылықтары бар?

- Қазақстанға қайтып оралуға шақыру және қоныс аудару принциптері мемлекет басшысы болып табылатын маңызды фигурадан шыққанын атап өту қажет. Яғни, ол өзінің кеткенінен кейін кем дегенде жақын жүзжылдықтағы өз халқының болашағы туралы ойлай отырып, оларды жинауға ниет білдірген.

Ал Ресей билеушілерінің аузынан шыққан қоныс аударушылардың шақырулары биліктегі коммерсанттар командасының қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетін ашық менсінбеушілік қарым-қатынас бастамасы болды, өйткені оларға жай ғана жұмысшылар жетіспеген болатын. Олар: «кез келген адамдар, кез келген жерден, қанша адам болса да келіңіздер!» – деген. Бірақ бұл ретте үлкен жастағылар мен қарттардың РФ-на көшудің аса қажетсіздігі туралы принципті нақтылануы барлығын таңқалдырды. Бұл мәлімдеме сол кезде Отан-ананың жылы құшағына үміттенген көптеген әлеуетті қоныс аударушыларды айтарлықтай алаңдатқан болатын…

Көптеген адамдар бұған: Ресейдің бір кезде жоғалтып алған Қырым аумағын қайтарып алуға тек мемлекетші адам ғана қабілетті – деп келіспеушілік білдірулері мүмкін. Бір қарасаң ол солай сияқты. Бірақ дәл сол қайраткер Қырымның қайтып оралғанынан кейін бір немесе екі Курильдік аралын көрші елге беру мәселесін талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Қырым қайтып келді, ал Курилалар сөреде?! Не үшін дейсіз бе? Бай көршімен сауда айналымын арттыру үшін. Бұл ретте, 50-100 жылдан кейін аралдар мен тұрғындармен не болатыны оны алаңдатып отырғаны шамалы.

Азаматтық жауапкершілік пе әлде жеке әл-ауқат па?

- Ал бізде қандай ұқсастық бар?

- Біздің арамыздағы ұқсастық – бұл қоныс аударушылардан құжаттарды қабылдауға, оларды бағалауға және ресімдеуге міндетті болып табылатын мемлекеттік қызметшілер. Бұл адамдардың ең қорқынышты сипаты – олардың кабинетіне кіретін әрбір адамға немқұрайлылық пен менсінбеушілік таныту. Олардың жеке мүдделері бар, ал мемлекетшілерді ерекшелейтін басты белгісі – өз елінің тағдыры үшін азаматтық жауапкершілік сезімі – оларда мүлдем жоқ.

Сондықтан Қазақстан мен Ресейдің мәселелері ұқсас болып табылады. Мысалы, моңғол азаматтығынан шығуды жылдар бойы күткен оралмандарды алыңыз. Мемлекеттік аппаратта олар біреулерге қызықты ма? Иә, қызығушылық болды, бірақ тек келгендер саны туралы есептерді тапсыру үшін ғана. Ал осы есептерді жазатындардың біреулері азаматтығы жоқ қоныс аударушылардың отбасыларын ертең не күтіп тұратыны жөнінде және болашақта елмен не болатыны туралы ойланды ма? Екіталай. Бірақ бастамашылық танытып, жоғары тұрған инстанцияларға жүгініп, заңға өзгерістер енгізуге болатын еді ғой. Алайда кабинетте отыратын адамдардың өмірде өзге де құндылықтары бар, олардың ішіндегі ең маңыздысы – таза жұмысы мен тұрақты жалақысы бар тыныш кеңселік игілік түріндегі жеке қызығушылық.  

Ресейде ұқсас мәселе орын алған – мыңдаған қоныс аударушылар жылдар бойы украин азаматтығынан шығуды күткен болатын, ал барлық кабинеттік «стратегтер» осы мәселеге ешқандай назар аудармады. Бірақ Донбас босқындарының ағыны басталған кезде, бір апта ішінде заңға бірнеше түзетулер қабылдап, барлық мәселені тез және оңайлықпен шешті. Енді Украинадан жауап күтудің қажеті жоқ, азаматтықтан шығу туралы өтінішті жіберу фактісі ғана жеткілікті. Яғни, бұрынғы Отанынан хат арқылы бас тарқаны жеткілікті, сонымен мәселе жойылады. Бірақ бұл мәселені шешуге ынталандыру елге деген қамқорлық емес, мәжбүрлі қоныс аударушыларға көңіл бөлу емес, ол екі елдің қақтығысушы мемлекеттік қайраткерлері бір-біріне зиянкестік тәсілін іздегенде орын алған саяси шиеленістер болды.

Біздің ортақ Отанымыздың тарихының барлық кезеңдерінде өз елі мен оның болашағы үшін азаматтық жауапкершілік қоғам идеологиясының ажырамас бөлігі болатын. Бұл барлығына танымал «Кавказ тұтқыны» комедиясында нәзік бейнеленген. Кеңес заманының тіпті арсыз адамы да – аудан басшысы Саахов – өз мүдделерінен басқа, мемлекет алдындағы жеке жауапкершілік түріндегі азаматтық ұстанымына ие. Фильмнің мына эпизоды есіңізде ме?

- Жиырма бес қой! Бұл біздің ауданымыз мемлекетпен жүн және ет бойынша толық есеп бермеген кезде.

- Сіз өз жүніңізді мемлекеттік жүннен шатастырмаңыз!

- Ал мен, білгіңіз келсе, Джабраил жолдас, мұнда мемлекеттік мүдделерін қорғау үшін қойылғанмын!

Өкінішке орай, принципті ұстанымы бар адамдар, мемлекеттік қызметшілер билік құрылымдарында бүгін жоқ. Мемлекет алға қойған міндеттерді орындауға кедергі жасағаны үшін Сібірге тегін жолдама да берілмейді...

Қоныс аударушы-фантомдар

- Бұл «немқұрайлылық» қайдан шықты? Және бұның қандай қауіптері бар?

- «Азаматтық жауапкершілік» ұғымының құлдырауы Қазақстанда да, Ресейде де 1990-шы жылдарындағы дағдарыс кезеңінде басталды. Ол кезде елдің байлықтарын тонау және геосаяси тұрғыда шегінулер жөнінде басқалармен келіспейтін адал мемлекеттік қызметшілерді посткеңестік уақыттың «өзің үшін өмір сүр, шаман келгенше өзіңе байлық жина» – деген жаңа ережелерін қабылдаған әріптестері мемлекеттік аппараттан шығарып жіберген болатын. Кейіннен мемлекеттік қызметкерлер қатары БАҚ-та кеңінен таралған бандитизм мен ұрлыққа тәрбиеленген жас ұрпақ өкілдерінің толқынын толықтырды – олар «жаңа ғасырға» өте сай келді.

Елдің бірінші тұлғалары мен қарапайым халықтың арасында тұрған бұл адамдар қатпары (мен тіпті оны батпақ деп атайтын едім) жоғарыдан келген жақсы идеяларды жоққа шығарып, оларды мүлдем елемей немесе абсурдқа айландырады. Бұл сондай-ақ шетелдердегі отандастарды қолдауға және қоныс аудару бастамаларына да қатысты.

Лауазымдық тұлғалардың жанашырлықсыздығы таңқалдырады. Мысалы, заңмен рұқсат етілген бойынша төсекте жатқан қоныс аударушы науқасты тіркеуді ұзартудың орнына, тіркеу талонын қайта ресімдегісі келмегендіктен, олар оны жер аудару жөнінде шешім қабылдайды. Осы жерден тайып тұр, дейді де, ол туралы ұмытады... Жақында мен мүлдем жабайы жағдайға тап болдым. Бір ауылда екі баласы бар әйел тұрады, баласының біреуі мүгедек. 12 жасында оны Өзбекстаннан ата-аналары әкелді. Мектепте оқыды, бәрі сияқты өмір сүрді. Бірақ 14 жасында, өзбекстандық туу туралы куәлігі болғандықтан, оған паспорт немесе кез келген басқа құжат беруге тыйым салып, енді осы мәселе жөнінде мазаламауды өтінген. Қазір ол 22 жаста. Осы жылдар бойы ол, шын мәнінде, ешкім емес: балаларға жәрдемақы ала алмайды, жұмыс істей алмайды, емделе алмайды немесе жай ғана көрші аймаққа бара алмайды. Оны тіпті жер аудара алмайды, өйткені осы жас әйелдің балаларының әкесі – Ресей азаматы. Және ол қандай кабинеттерге барып, оған заңды өмір сүру үшін мәселені шешуді өтінсе де, барлық жерден оны ашық және өрескел түрде қуып жіберетін. Және оны өздерінің балалары бар әйелдер қуып шығатын. Тек мен үлкен бастықтарға қабылдауға барып, осы ананың тарихын баспасөз конференциясы форматында кең жария ету ниетін білдіргенде ғана жағдай түбегейлі өзгерді. Бірден құжаттарды ресімдеу үшін заңды мүмкіндіктер мен механизмдер табылды. Және олармен айналысу барысында, кабинеттерде отырғандар бізге жеккөрушілікпен қарады... Ешқандай адамгершілік емес, тек жылы орнын жоғалту алдындағы қорқыныш. Менің ойымша, Қазақстанға қоныс аударушылардың да осындай оқиғалары аз емес.

Отанымызбен және өзімізбен не болмақ?

- Көз жетімді болашаққа сіздің болжамыңыз қандай? Біздің елдерімізде осы жағдайды өзгертуге мүмкіндік бар ма? Егер иә болса, онда қалайша?

- Жағдайды бағалай отырып, өкінішке орай, алдағы жылдары қалыптасқан мемлекеттік басқарудың орта буынының жүйесін өзгерту мүмкіндігі жоқ деген қорытындыға келесің.

Бірақ жалпы Ресей халқының, қазыналық кабинеттерді мекендеушілерге қарағанда, құлдырамайтыны оптимизм тұдырады. Білім берудегі тәрбие үрдісінің бұрмалануына қарамастан, ел мен халық үшін азаматтық жауапкершілік принциптері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, отбасылық деңгейде сақталады. Әсіресе провинцияда. Бұл қағидаттар өскелең ұрпақты әділдік пен адалдыққа үйретеді. Ал әділдік пен адалдық мемлекеттік ойлау қабілеті бар адамдарға билік құрылымына кіруге мүмкіндік бермейді. Ол жерге сыбайластық пен жемқорлықсыз өту, шын мәнінде, мүмкін емес.

Қазақстанда басшы-мемлекетші, кенеттен биліктің вакуумы болған жағдайда элитада немесе қоғамда қандай үйкеліс болуы мүмкін екендігін түсіне отырып, ел тағдыры тәуекелге ұшырамас үшін ақылмен билікті беру процесін бастады. Менің ойымша, мұндай транзит кезінде билік мұрагері де сенімді мемлекеттік қызметші болады. Ол мемлекеттік қызмет батпағын тазалап, оған көзқарасы ұқсас адамдарды енгізгісі келуі мүмкін. Бұл қиын процесс болады. Бірақ, егер ол іске қосылса, онда кабинеттерде отыратындар мемлекеттік қызметкерлерден қауіптеніп, «Сібірге жолдама» алудың келешегін сезіне отырып, сапалы және өнімді жұмыс істей бастайды.

Ресейде ең алдымен оффшорлардың тағдырына қамқорлық етіліп, биліктің ауысуы барынша созылатын болады. Алайда Ресей қоғамында билікке мемлекеттік ойлауы бар адамдардың пайда болуына сұраныс үнемі өсуде. Және мұндай сұранысты іске асыру үшін мүмкіндіктер бар. Бірақ бұл шиеленістерге байланысты биліктің ауысудың күтпеген нысандары арқылы ғана орын алуы мүмкін.

Баяндалғанды қорытындылай келе, тек бір тұжырымдама жасай аламын: Қазақстанның да, Ресейдің де жоғарғы билігінде мемлекеттік аппараттың 1990-шы жылдары қалыптасқан орта буынын жаңартуға қабілетті күшті мемлекетшілер болмайынша, шет елдегі диаспоралардың нақты қолдауын, сондай-ақ қайтып оралуды шешкен отандастарды қабылдауды ұйымдастырудағы оң өзгерістерді күтуге болмайды.

Комментарии