Сейсенбі, 21 мамыр 2019 ЖЫЛЫ
283 5-12-2018, 11:12

Облыс әкімдері халық алдында өздері жөнінде қандай көрініс бергісі келеді және олардың имиджіне не зиян келтіреді?


Қазақстандық аймақтардың басшыларының әрқайсысыдана және өзіндік тұлға екендігі ешқандай дау тудырмайды. Бірақ негізінен олар тез арада дайындалатын адамдар. Әртүрлі аймақтарды басқара отырып, сол бір жалғыз шенеунік өзін көп бейнелі тұлға ретінде көрсете алады: ол бір жағынан мықты шаруашылық жүргізуші, кез келген адамдардың барлығымен жақсы қарым-қатынас жасай алатын жігіт, «өте маңызды адам» және әдеттегі популист болып көрінуге де әбден лайық. Бір адамда әртүрлі рөлдер қалайша сиятынын түсіну оңай емес. Ал олардың қайсысы және қандай жағдайда басты болатынын болжау одан да қиын деп айтуға болады. Бірақ бұл жәйт әкімдердің өз «бейнелерін» қалайша құрастыратынын бақылау процесінің өте қызық болғанына ешқандай теріс әсер бермейді. Тіпті керісінше, әдетте мұндай жағдай олардың имиджіне көпшіліктің қызығушылығын тудыратын ерекшелік қосады.

«Дипломат»

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің дипломатиялық өткені және Астаның жоғары дәрежелі кабинеттерінде ұзақ уақыт болғанының «бастырығы» осы кезге дейін бой-тәнінен кетпей тұрып алған сияқты. Сондықтан оның бейнесін «қолмен ұстап көру» іс жүзінде мүмкін емес. Бір қарағанда, ол өзінің ішкі жан дүниесін түгелдей ашып көрсетеді, ал екінші жағынан, барлық түймелерге түймеленген мундирдің астынан оны қалайша көруімізге болады?   

«Инстаграмдағы» және «Фейсбуктегі» жаланып-тазартылған профильдері мүлдем иесізденген. Жаңалықтар ағыны да оның «әріптестеріне» қарағанда, өзен тәрізді ағып жатқан сияқты, бірақ әкімнің «көмекшілері» таңдаған компьютерлер мен гаджеттердің арғы жағында отырған адамдармен қарым-қатынас жасау стилін түсінікті деп айту қиынға түседі. (Мүмкін, Мурзалиннің «фолловерлерінің» өте аз болғандығы да осының әсері). Әрине, облыс иесі халықпен есеп беру кездесулерін әрдайым өткізіп тұрады, азаматтарды тұрақты түрде қабылдайды, бұл туралы сол әлеуметтік желілерде де есептер баршылық, бірақ ондай іс-әрекеттер әкімнің бейнесіне нақты мән бермейді. Қарап тұрсаңыз, ол тырысатын сияқты, жұмыс істей алатын сияқты... Бір сөзбен айтқанда, бәрі де «сияқты»...

Әкімнің портретін жарқын бояумен жарқыратып салып беру біздің әріптестеріміз үшін де мүмкін емес болып тұрғаны. Иә, Мәлік Кеңесбайұлы өзінің қарамағындағы адамдарды баспасөз құралдармен және телевизиямен белсенді жұмыс істеуге шақырады, бірақ өзінің «бетін ашуға» асығатын емес. Жергілікті басылымдардағы жарияланымдарға қарағанда, журналистер басым түрде ақпаратты әкімнің баспасөз қызметінің есептерінен алатын көрінеді және аймақ басшысы өзіне сеніп тапсырылған аумақтарды инспекциялайтын немесе кеңестер өткізетін кезде ғана оның өзіне жақындай алады. Басшылар «тірі» сұхбаттар арқылы әдетте көпшілік алдында айтарлықтай ашылады, бірақ Мурзалин оқырмандарды ондайға үрейлемейді. Иә, сұхбаттар ара-тұра болып тұрады, бірақ оларда есептерден алынған сандар өте көп, сондықтан оларды тек «хаттамалық» тілдесу деп атауға болады. Жергілікті телеканалдың эфирінде әкімнің қатысуымен жыл сайынғы «тікелей желі» өткізу өте жақсы ой болды. Алайда, оның қалайша жүзеге асырылғаны (Мәлік Кеңесбайұлы бізді кешіретін болар), театр қойылымы сияқты ұмытылған жанрдың реинкарнациясына ұқсайды. Әкім халықпен екі рет «тікелей» түрде тілдесті. Және айтылған нәрселерден келесі қорытындылар жасауға болады. Біріншісі: Ақмола облысының халқында тұрмыстық проблемалардың жүгі ауыр емес, олар тек бұл өңірге Қытай инвестицияларын тартумен, түрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы облыс көрсеткіштерімен және егін алқаптары мен өнім жинау статистикасына қатысты қызығушылық танытады екен. Екінші қорытынды: Мәлік Кеңесбайұлы– өңір тарихындағы ең мықты әкім, ол өз «басқармашылығының» бір жарым жыл ішінде облыста тәртіп орната алды, оны үлгілі-көрсеткіштік деңгейіне жеткізбесе де, кем дегенде, өмір сүру үшін өте ыңғайлы етіп жасаған.

Әкім қолданатын дипломатиялық әдістер оның бейнесінің айналасында қалыптасқан сыртқы қабығын аршып тастауға мүмкіндік бермейтіні ықтимал. Дегенмен, бұл тек бізге ғана қатысты сияқты. Ал жоғары лауазымды шенеуніктерді ранжирлеуге қатысатын «сарапшылар» аймақ басшысының басқарушылық таланттарын көре алды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша олар Мәлік Мырзалиннің білу-қатерлерге барабар ден қоюға жарайтын қабілетін атай отырып, оның рейтингісін екі есе көтеріп жіберген.

«Армандаушы»

Әкімдердің «ескі гвардиясы» көпшілігінде «жастар» жиі жасайтындай, халықты жарқын болашақ туралы ертегілермен жұбатудың орнына алтын орташалықты ұстануға тырысады, яғни керек болған кезде «тәтті-дәмділермен» тамақтандырады, ал кейде қамшымен сабаудан да тайынбайды. Дегенмен, мастодонттардың өздері де кейде таңдап алған жолдарында екі аяқпен орнықты тұруға жарамсыз болып қалады. Олар да ара-тұра біресе бір жаққа, біресе екінші жаққа ауып кетеді, сол кезде «электорат» алдында адал еңбегімен тапқан ұпайларын жоғалтып алады.

Мысалы, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың «жауынгерлік еңбегімен» қатар, оның соңынан уәделер таратушысының имиджі де қалмай еріп жүреді. Көбінесе орындалмайтын уәделер. Қырымбек Елеуұлы бастаған немесе қолдаған мегажобалар аз емес, бірақ олар тарихтың моласында орын тапқан. Тіпті Көшербаев Маңғыстау облысы әкімінің креслосында отырған кезде ойдың күш-құатымен қозғаған «Ақтаусити» жобасын алсақ та жеткілікті болады.

Өзінің кіші отанында да ол ойдың кең ауқымын көрсетеді – Байқоңырда туризмді дамытып, балық кластерін ұйымдастырмақ. Әрбір осындай бастама ду қол шапалақ пен артықша күтулер тудырғанмен, бірақ, бұрынғыдай, аймақ басшысының уәделерінің көпшілігі орындалусыз қалуда.

Алайда, ілгерілеулерді де атап өтпеуге болмайды. Үш жыл бұрын Көшербаев Астананың үлгісі бойынша Сырдарияның сол жағалауында жаңа қала салуға уәде берген еді. Әзірге барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр – әлеуметтік инфрақұрылымның алғашқы нысандары тұрғызылып, жылдың соңына дейін алғашқы он алты дана тұрғын үйлер пайда болады. Дегенмен, бұл жобаны жүзеге асыру соншалықты ұзақ уақытқа созылғанына қарағанда, оның қорытындысын жасап, оны іске асыру қаншалықты тиімді болғанына баға беруді біздің немерелеріміз жасайтын болар.

Шағын деңгейдегі мәселелерді шешуге әкімнің өзі және оның командасы азырақ ынтамен қарайтын сияқты. Мүмкін, сондықтан Қырымбек Елеуұлы әлеуметтік желілер арқылы халықпен байланыс орнату ниетін көрсетпейтін болар? Қалай да болғанмен, «Фейсбукта» да, «Инстаграмда» да ол өз парақшаларына ие болған жоқ. 2013 жылы соңғы рет жаңартылған «Твиттердегі» қараусыз қалған профилі ғана табылды– ол да бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімов бастаған билік өкілдерінің белсенділік толқынында ашылған болар.

Дегенмен, әкімнің блогы аз да болса жұмыскерлік жағдайда тұр. Шын мәнінде, халықпен байланыс жасау бұл жерде «саңырау телефонға» тән қасиеттерге ие болады. Тек бір мысал. Әйелінен айырылған ер адам қолында екі кәмелетке толмаған балаларымен, оның үстіне баспанасыз қалған екен. Ол жеке маршруттық таксидің жүргізушісі, пәтерді өз бетінше сатып алуға да, ипотека алу үшін бастапқы жарнаны төлеуге де мүлдем қабілетсіз. Өмірде қиын жағдайға тап болған адамға облыс әкімі қалайша көмектесті дейсіздер ме? Бастапқы жарнасыз ештеңе де жасалмайтыны түсінікті болса да, ол оған «7-20-25» президенттік бағдарламасының мүмкіндіктері туралы әңгімелейді. Сондай-ақ, ол ер адам шарттары бойынша сәйкес келмейтін аймақтық бағдарламаның «жақсылықтары» туралы айтады…

Дегенмен, БАҚ беттерінде және теледидар экрандарында біз мүлдем басқа Қырымбек Елеуұлын көреміз. Міне, қараңыз, ол пәтерлердің кілттерін тапсырып жатыр, енді міне мектептің жаңа ғимаратының алдында қызыл лентаны кесіп тұр, міне скверлер мен спорттық нысандарды ашып жатыр...  Ал енді оның бейнелерінің қайсысы нақты екенін тауып көріңіздер. Бұл тіпті Көшербаевты жиі ең тиімді өңір басшысы деп атайтын талдаушыларға да белгісіз. Алайда, бұл тиімділікті растау үшін ешқандай фактілер келтірмей, көбінесе тек «белгілі бір құзыретке ие және әкімнің қазіргі ұстанымынан тыс жерлерде әсер етеді» деп сілтеме жасамайды.

«Имиджмейкер»

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өз имиджін қалыптастырумен мұқият және жүйелі түрде айналысатын өңірлер басшыларының арасындағы жалғыз түлға болуы мүмкін. Кем дегенде, оның сол «құмарлығы» көзге түседі. Дегенмен, Болат Жұмабекұлы әдейі «халық алдында жұмыс істейді» деп үзілді-кесілді айта алмаймыз. Сонымен қатар, оған тек интуиция қозғау болуы да ықтимал, өйткені «түртіп іздеу әдісі» отандастарымыздың рухындағы қажетті жолақтарды табуға мүмкіндік береді.

Қалай болса да, Бақауов – арнайы эффектілер шебері. Ол біресе мерекеге әдеттегіден тыс ұлттық киіммен келіп, соншалықты ерекше келбеті арқылы әлеуметтік желіні шулатады, біресе жүк көлігін өзі жүргізіп, инспекция жасайды, біресе тирге келіп, ату шеберлігін көрсетіп, айналадағы адамдарда таңданыс тудырады… Ал мінеки, тағы бір болған жағдай: сүйікті әкімнің жарқын бейнесін қылқаламмен жазу мақсатында павлодарлық суретші оның брифингіне Астанаға өз есебінен баруды шешкен екен. Облыс басшысының осындай мінез-құлықтың үлгісі өзіне сеніп тапсырылған халықпен нақты жақындасудың ықпалы бола ала ма? –  бұл сұраққа жауап табу екіталай.

Бір жағынан, оған оң жауап беруге болатын сияқты. Біз тіпті нақты мысал келтіреміз. Жергілікті білім басқармасының сайты хабарлағандай, «Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың отбасы Железин ауданы Жаңа Жұлдыз ауылындағы туған мектебіне заманауи мұғалім кеңсесін сыйлады… Жаңартылған мұғалімдер кабинетінде педагогтардың тиімді жұмысы үшін барлық жағдай жасалған: жиһаз, жаңа компьютерлік техника, сапалы Интернет және демалыс бұрышы. Сондай-ақ, мектеп бітірушілердің мерейтойлық кездесуіне келген аға-інілері мен апа-қарындастары сыйға 300 қарағай отырғызылған саябақ тарту еткен». Әкім спортты дамыту үшін де біраз жұмыстар атқарды. Тек өткен жылы ғана облыста барған сайын танымал болып жатқан воркаутпен айналысуға арналған бірнеше алаң, бес толық өлшемді футбол алаңы және бірнеше дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайда болды. Мұның бәрі Болат Бақауовтың имиджінің қоржынына өзінің «үлесін» әкелетіні сөзсіз.

Басқа жағынан…  

Халықтың игілігіне арналған іс-шаралар жүргізген кезде әкім өзінің бүкіл күш-жігерін шашады деген сезім жиі орын алады. Соның салдарынан, шамасы келмейтін үлкен жұмыстарды атқару әрекеттерінің пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК-і) бірінші көзқарас ретінде көрінгендей соншалықты жоғары емес. Мүмкін, сондықтан аймақ басшысы әлеуметтік желілер арқылы халықпен қарым-қатынасты болдырмайды, онда ыңғайсыз сұрақтар және тіпті (құдайым-ау!) сын болуы өте мүмкін емес пе? Әкімнің блогына келсек, ол азаматтардың «іс бойынша» үндеулері оңай батып кететін әртүрлі алғыс хаттармен толы. Іс жүзінде бұл халықпен байланыс құралы емес, ол құрмет күнделігі болып табылады.

Мұны Болат Жұмабекұлының өзі де түсінетін көрінеді, сондықтан ол ашықтыққа қатысты жаңа бастамалармен шығады. Жақында ол облыс әкімдігінде өтіп жатқан аппараттық кеңестердің онлайн-трансляциясын ретке келтіруді тапсырды. «Аппараттық кеңестер бізде жариялануда, БАҚ ол жерде орын алады. Бірақ мұнда да ел үкіметіндегі сияқты онлайн режим болуы керек. Тұрғындар атқарылып жатқан жұмыс туралы білуі тиіс. Сол кезде сұрақтар да азаяды, басқарма басшылары да жергілікті орындарда нақты істер туралы баяндама беретін болады», – деді ол.

Бақауов бұрынғыдай халықпен «сырттай» сөйлесуді таңдап, өткен қателіктерді жасап отырған жоқпа? Әлбетте солай болуы өте ықтимал. Сондай-ақ оның қалыптасқан ашық және қолжетімді әкімнің имиджі де әзіргі уақытта тек қана маска…

 

Комментарии