Біздің еліміздегі қоғамдық өмір маңызды дағдарыстың белгілеріне ие болып отыр. Қазақстандық социум неғұрлым күрделі болып барады, ол бір жақтан екінші жаққа ауытықып жатқан, қайда жүзуді, қай жағаға тоқтауды білмейтін штурвалсыз кеме тәрізді көрінеді. Мұнын себебі неде және осы жағдайдан қалай шығуға болады? Бұл туралы біз шығыстанушы, жазушы және публицист Дастан Қадыржановпен сөйлесуді шештік.
Қадамдап, қадамдап - ... рухани апатқа
- Қазақ социумының түрлі сегменттері қандай да бір әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси коллизияларды қабылдап, өз пікірлерін білдіргенін байқаған кезде, біз қандай да бір дағдарыстық кезеңге кірдік деген тұрақты сезім туындайды, өйткені сол пікірлер бір бірінен соншалықты айрықша болып келеді, ал жиі қазақ қоғамының санасын бөледі. Бұл мәселе жөнінде сіздің пікіріңіз қандай?
- Жаппай сана дгеніміз – өте жақсы ұғым емес. Қалай да болмасын, бұл дүниетанымдық теңестіру. Керісінше, көзқарастың әртүрлілігі – оң құбылыс, ол белгілі бір қоғамда орын алған дүниетанымдық еркіндікті көрсетеді.
Бірақ сіз басқа нәрсе жөнінде айтып отырғаныңызды түсінемін. Сіз ұлттың қандай да бір құндылықты бірлігі жөнінде, тіпті Қазақстанда осы ортақ құндылықтардың, мызғымас моральдық-этикалық категориялардың жоқтығы туралы, олардың үнемі жоғалуы мен моральдық суррогаттармен ауыстырылуы жөнінде айтып отырсыз. Бүгінде бұл барынша айқын болып, Қазақстанда бірыңғай азаматтық ұлт құру мүмкіндігіне күмән келтіреді.
Кейбір адамдар көп жылдар бойы осы жағдайды бірыңғай ұлттық идеологияның болмауы деп бағалайды, бірақ бұл тек ұғымдардың шатасуы ғана. Шындығында, біз «жақсы деген немене, жаман деген немене» жөнінде нақты түсініктерден айырылып, адамгершілік бірлікті жоғалтқан қоғамда өмір сүрудеміз.
Мораль мен этика саласындағы құндылық бірлігінсіз ресми идеологияның орнын халықтың мүддесі үшін ар-ождан, парасаттылық, әділдік және құрбандық ұғымдарынан гөрі жеке қамының басымдығы, яғни ұлт тонау идеологиясы сөзсіз алады. Бізде дәл осылай болды. Соның салдарынан, қоғамды жалған мораль, жағымпаздық, мансапқа деген аса құрмет көрсетушілік, тектік-топтық және рулық өркөкіректік басып алды. Олар, өкінішке орай, қоғамның кең жіктері үшін нормаға айналды.
Мұның бәрі кездейсоқ орын алған жоқ. Біз шын мәнінде қазақстандық социумның жалпы дағдарысы жағдайында өмір сүріп жүрміз. Бұл тек басқарудың ғана жаппай дағдарысы емес. Бұл бастапқыда жарияланған мақсаттарына жетпеген, өзінің негізгі идеяларын іске асыра алмаған қоғамның ортақ дағдарысы. Тәуелсіз Қазақстан пайда болған кезде біз өз мақсаттарымызбен тең мүмкіндіктер, жеке адамға құрмет, демократия, сөз бостандығы мен бәсекелестік еркіндігі бар азат қоғамның құрылысын жариялағанбыз. Біз отарлық тәуелділіктің құшағынан шығып, өз білімдеріміз, іскерлігіміз, еңбегіміз және кәсіпқойлығымыз есебінен жаңа тарихи ұлылықты алуға тырыстық. Біз бұған өзімізді құрбан ету деңгейінде дайын болдық. Біз Қазақстанның жаңа, еңбекқор, әдепті азаматын құрғымыз келді.
Бүгін анықталғандай, біздің бір бөлігіміз мүлдем өзге мақсаттарды көздеген болып шықты. Бізбен сіздер алғашқы патриоттық пафосымызды сақтап қалуға тырысып жүрген кезде, біздің «элита» мүлдем басқа мәселелерді шешіп жүрген екен. Ол өзінің барлық негізгі қызметін жеке өзін байыту идеясына арнаған. Және осы мақсатта ол егеменді мемлекеттік институттарды ғана емес, бүкіл рухани саланы бағындыра алды. Олардың идеологиясы іс жүзінде бір ғана міндетке – өзінің шынайы пайдакөстігін жасыру мақсатында бір ұғымды басқалармен алмастыруға шоғырланды. Олар тек қана бір жапырақ нан іздеумен ғана шектелмей, сонымен қатар адамгершілік координаттар жүйесін іздеумен азап болып жүрген өз халқын ақымақ етті.
Мінеки, осылайша қадамдап, қадамдап біздің рухани апатымыз да құралды.
«Біз жаппай алдау жағдайында тым ұзақ өмір сүрдік»
- Бірақ сіз айтып отырған алмастыру ерте ме, кеш пе ашылу керек еді ғой…
- Біраз уақыт бойы біздің санамызды манипуляциялау оларға өз жемісін беріп жүрді. Адамдар өздерінің шынайы ақ көңілділігімен жеке басты байыту біржақты бола алмайды, сондықтан элита халықтың игілігі үшін де бірдеңе істей бастайды деп ойлаған болатын. Бірақ қазір әрбір адам біздің олигархиялық элитада тек өзінің жеке шоты мен шет елдердегі жылжымайтын мүліктерінен басқа құндылықтарының болмағанын түсінеді. Ол құндылықтар алдағы уақытта да пайда болмайды.
Жоғары адами идеалдарға сенім артудың орнына, бұл билік барлық кезде адамдарды адамның ең төменгі қасиеттері негізінде – қорқыту, бір біріне қарсы қою, қызғаныш, сенімсіздік, өрескел зорлық-зомбылық, түсініктерді арсыз алмастыру арқылы басқаратын. Мұның барлығы қоғамда адамгершіліксіз болмысын тудырмай және оны адамгершіліксіз аурулармен жұқтырмай алмады.
Бұл сіз айтқан құндылықтардың жаппай дағдарысын тудырды. Өзінің өмір сүру мақсатын жоғалтқан елде, базалық қасиетті идеялары өзгеріске ұшыраған елде одан құтылып кетуге болмайды. Тарихымызда қатаң заңдар жоқ болғанмен, бірақ қатал, ал кейде тіпті өте қатал заңдылықтар қанша дегенмен бар.
Бірте-бірте рухани шексіздік біздің елімізде және біздің адамдар арасында қазақтар мен қазақ емес адамдардың көзқарасынан тыс жатқан жеке тұлғаға табынуы сияқты құбылыстың пайда болу мүмкіндігіне айналды. Біз тез арада халықаралық деңдейде күлкі-талқыға алынған елге айналып кеттік. Бүкіл әлемнің көз алдында бізді тек материалдық жағынан ғана емес, тіпті рухани жағынан да барлығынан айырғаны анықталды.
Маңызды ескерту. Бір ортақ адамгершілік платформа туралы айтатын болсақ, мен, Алла Тағала сақтасын, жоғарыдан түсірілген немесе көпшілік жағынан қондырылған моральды білдірмеймін. Диктатура мен террор тек идеология негізінде ғана емес, ол тоталитарлық мораль негізінде де құрылуы мүмкін.
Біздің жағдайда әңгіме әрбір жеке адамның адамгершілік өзегі туралы болып отыр, ол өзіне ұқсас етіп тәрбиелейді және өзіне тән адамдарды тауып, өз айналасына таза моральдық кеңістік жасайды. Сол арқылы осы қауымдастық пайда болады. Өз адамгершілік тазалығын сақтап және оны жақындарына жолдаған адамдар неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым тұтастай алғанда қоғамда моральдық-этикалық көзқарастар кеңірек болады.
Бұдан әрі. Адамдар оның барлық ақымақтық мега-жоспарларымен ресми идеологиясы суррогаттан артық емес екенін және ол ұлттың идеялық өзегінің рөлін атқара алмайтынын түсінген кезде, барлығы өз координаталарының жүйесін жігерлі түрде іздеуге кірісіп кетті. Ал мінеки, осы жерде дүниетанымдық ажыратудың табиғи факторлары – білім деңгейіндегі, шығу тегіндегі, діни наным-сенімдегі және тіпті мінез-құлқындағы айырмашылықтар өз әсерін тигізе бастайды.
Барлық институционалдық нәрселерге, атап айтқанда ғылымға, сарапшыларға, жоғары оқу орындарына, беделді адамдарға, ғалымдарға деген сенімсіздік үлкен рөл атқарды. Бұл, егер қаласаңыз, барлық институционалдық нәрселерде алдау көзін көру әдеті. Бұл қазақстандық, инстинктивтік нәрсе. Біз жаппай алдау жағдайында тым ұзақ өмір сүрдік және ол мүлдем ізсіз өтуі мүмкін емес. Өйткені, билік қоғамдық санаға өзінің ойланған идеяларын дәл осы институтцияландырылған сарапшылардың, қол астындағы ғалымдардың, ғылыми және «мәдени» қайраткерлердің ауыздарымен енгізілген. Бүгінде тіпті өнердің кейбір түрлері де, өкінішке орай, өте жағымсыз болып көрінеді, өйткені оларға да идеологиялық және адамгершілік алдаудың әсері тиген болатын.
Жаппай примитивизация
- Мұның барлығы неге әкеліп соқты?
- Әрине, бұл ғылым, білім, кәсіпқойлық пен сараптамалық пікірдің құлдырауына алып келмеуі мүмкін емес еді. Барлықтары бір сәтте (сол арқылы олар ұлтты «шариковтардың» бандасына айналдыратын агрессивті ағартылмаған массаның қатарын толықтыратынын түсінбестен) бүкіл нәрсенің сарапшылары бола қалды. Біз қоғамымыздың жоғарыдан төменге дейін еніп отырған жаппай және агрессивті кәсіпқой еместіктің куәгерлері болдық. Біліксіздік оның басты сипаттамаларының бірі болып кетті және, ең қорқыныштысы, бұл еліктеуге арналған стандартқа айналды.
Адам өз бетімен әлемнің көрінісін құруға тырысқаны да жақсы, өйткені бұл тамаша нәрсе, бұл еркін ойлаудың негізі, одан барлығы да басталады. Бірақ, өкінішке орай, олар нағыз надақтықты еркін ойлаудың көрсеткіші ретінде көрсетуге тырысады. «Енді сіз университеттік білімі бар екі адамның көзінше ғарыш ауқымындағы қандай да бір кеңестерді және барлығын қалай бөлісу керек деген ғарыштық ақылсыздыққа жол беріп отырсыз...», – классика, өйткені ол кез келген уақытта оқытады. «Барлығын алып, бөліп беру» – бұл «Собачье сердце» романында күлкіге алынған тек социалистік қағида емес. Бұл кез-келген күрделі ғылыми тұжырымдаманы қарапайым пікір деңгейіне дейін түсірудің надандық принципі. Өкінішке орай, бұл примитивизация бізде жаппай сипатқа ие болды. Барлық нәрседе ғылыми әдісті жоққа шығару түпкілікті абсурд мантиясын жамылып, ас үйлерде де, көпшілік алаңдарда да, әсіресе әлеуметтік желілерде қарым-қатынас дәстүріне айналды.
Институтта немесе университетте білім алу – бұл тек қана білімнің белгілі бір көлемін миға еңгізу емес. Осы көлемді алу адамды білімді ете алмайды, ол оны тек ақпараттандырады. Университеттер мен институттар алынған білімді дұрыс ғылыми жүйелеу қабілетіне және осы жүйелі білімді табиғат, қоғам, экономика, отбасы сияқты әлемнің күрделі механизмдеріне енгізуге үйретеді. Бұл жүйелеу қабілетін адам өмір бойы өзімен алып жүреді. Білімнің іргелі құндылығы тек кәсіби дағдыларды алуда ғана емес, сонымен қатар жүйелеу қабілетінде.
Біздің тарихымыз көрсетіп отырғандай, білім беруді басқару дағдарысы, әсіресе жоғары білім беруді, – бұл ашаршылықтан кем емес геноцид болып табылады. Біздің жоғары оқу орындары ақшасын бөліп төлеу арқылы дипломдарды сату бөлімдеріне айналды, ал бітіруші жүйелі білімі мен жоғары кәсіби білімімен шықты ма әлде тек қолында қағазы бар дилетант болып қалды ма, – ол үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді. Түлектердің миында құндылықтардың қандай да бір жүйесі бар ма, жоқ па – бұл жай ғана түлек емес, біздің қоғамның кішкентай іргелі кірпіші екендігінде олардың ешқандай шаруасы жоқ. Бүгінгі таңда сіз қазақстандық ЖОО-ның қазіргі заманғы түлектерін осы құндылықтардың кірпіші деп атай аласыз ба? Бұл екіталай. Сондай-ақ, шетелдік атақты жоғары оқу орындарының дипломдарымен келгендер де «құндылықтардың жоқтығына» тез түсіп кетеді. Рухани дағдарыс оның жаппай жаулап алатындығымен қорқынышты.
«Оңайлықпен алынған тәуелсіздік болмайды» …
- Мұндай қайғылы жағдайдың себебі отыз жыл бұрын егемендік қолымызға аспаннан салбырап түскенінде деп ойламайсыз ба? Басқалар ғасырлар жұмсай отырып алған нәрсені оңайлықпен алып, бостандық үшін көптеген құрбандарды салып, біз түсініксіз эйфорияға түсіп кеттік, нәтижесінде егемен тарихтың үш онжылдықтарынан кейін бізде өзімізге де, әлемге де көрсететін ешнәрсе жоқ болып отыр…
- Тарих сыйлықтар жасамайды. Қазақтар өз Тәуелсіздігі үшін ақы төлемеді деп айту – ашық қасқандық болар еді. Біз ол үшін бізде бар нәрселердің барлығымен төледік. Орасан зор әлеуметтік эксперименттер кезінде аштықтан миллиондап өлген адамдармен де, әлемдік соғыстар кезіндегі әскери ерлік пен ядролық полигондарға берілген жерлермен де, интернационализмнің ең жоғары деңгейімен де, сонымен бірге адам өркениеті үшін өзінің өзіндік ерекшелігін сақтай алғандымызбен де төледік.
Біз ресми түрде саяси деңгейде мойындалған адамзатқа қарсы большевистік қылмыстардың ең ауқымды толқындарының бірі кезінде басқа да жүздеген халықтардың құтқарушысы рөлін атқарған халық болып табыламыз. Яғни интернационализм, оның оң мағынасында, біздің қанымызда бар. Бұл біздің адамгершілік базисіміз. Космополитикалық түрде ұлттық қасиеттерді жоғалту емес, «халықтар достығы» отарлық камуфляжы немесе халықаралық пролетар ынтымақтастығы емес, ал барлық адамдар мен халықтардың Құдай алдындағы теңдігін мойындау ретіндегі шынайы адамгершілік интернационализм.
Сондықтан «оңайлықпен алынған тәуелсіздік» бізде ешқашан болған емес және оған ұқсас эйфория да болмады. Ол ешқашан орын алмайды, сондықтан босаңсуға болмайды. Тәуелсіздікті қорғау дегеніміз – бұл күнделікті процесс. Менің есімде қаншалықты сақталғанына қарай, біз әрқашан сырттан да, іштен де қиындықтарды күткен күйде өмір сүріп келдік. Және алда біздің бостандығымызды қорғауға байланысты тұрақты қауіптер күтіп тұр.
Сондықтан бұл фактор мүлдем рухани дағдарыстың негізі бола алмайды. Керісінше, Тәуелсіздік – бұл сананың қалған аз ғана негіздерінің бірі, қасиетті және сөзсіз құндылық, соның ішінде адамгершілік тұрғысынан да.
Ал «бізде өзімізге де, әлемге де көрсететін ештеңе жоқ болып отыр» деген сіздің пікіріңізбен келіспеймін. Көрсететін нәрсе бар. Біздің халқымыз керемет талантты және халықаралық аренада батыл бәсекелесуге қабілетті ақылды адам әлеуетіне ие екеніне менің ешбір күмәнім жоқ. Өкінішке орай, бүгінгі таңда әлемге көрсетуге болатын нәрсенің көпшілігі шетелдік топырақта жүзеге асырылуда. Өкінішке орай, әзірге солай болып отыр. Бірақ бұл уақытша нәрсе, өйткені қанша десе де оптимист болып қала берейік.
Балансты іздеу жолында
- Сіз қазақ социумы қандай да бір өрескелдікке, ал кейде тіпті ашық жабайылыққа аутқуды бастап келеді деген пікірмен келісесіз бе? Бұл барлық осы оғаш үндеулер, мысалы көп әйел алуды жандандыруға шақырулар, этносаралық және несілдералық некелерді қатаң түрде қабылдамау, архаиканы идеализациялау және басқа да жағымсыз мәдениетке қатысты сәттер. Ал осы уақытта әлем жылдам қарқынмен алға ұмтылып барады. Біз өзімізді перманентті түрде артта қалып отырғанға ұшыратпаймыз ба? Бұл жағдайдан шығудың қандай жолдарын көріп отырсыз?
- Бұл мәселенің екі жағы бар.
Біріншісі ұлттың әрдайым екі қанаты бар – модернистер мен ұлттықтар. Бұл тек қазақтарға ғана емес, әлемнің барлық халықтарына тән. Бұл даудың жазықтығында жаһандық және ұлттық арасындағы, ауыл мен урбанизация арасындағы, бірігу мен өзіндік ерекшелікті сақтау арасындағы, барлық түрдегі көшіріп алу арасындағы – технологиялардан өмір салтындағы өзгерістерге дейінгі оңтайлы тепе-теңдікті іздеу үнемі жүргізіледі.
Екінші тарап бұл оңтайлы балансты табу тек бір факторға – Ағарту деңгейіне, ұлттың жалпы ағартушылығына байланысты. Бірақ бұл мәселе қазіргі басқарушы «элитаға» толы. Бәлкім, ағартылған халық өзін осындай ауқымда тонатуға мүмкіндік бермейтіні себеп болуы мүмкін. Өйткені Ағартудың басты нәтижелерінің бірі – бұл тек ішкі өзара қарым-қатынас деңгейінде ғана емес, сонымен қатар әлемдік өркениет аясында, жалпы өзін түсіну деңгейінде өзіндік қадір-қасиетке ие болу. Ал, мүмкін, себебі биліктегі адамдар өздері ешбір хабардар емес, сондықтан ағарту көзі рөлін атқара алмайды. «Біз капиталдар жинайтын боламыз, ал ағартудың қызықсыз тақырыбын ақылдыларға табыстаймыз» деген схема да жұмыс істемейді. Әрқашан да оны өздеріне түбегейлі берілгендерге тапсырады, ал олар өз деңгейі бойынша іріктеледі.
Осыдан дәстүр мен прогресс арасында дұрыс тепе-теңдікті таба алмау туындайды. Ең жаманы, компетентті емес ми қоғамның міндеті – артқа апарар жол мен консервация емес, атап айтқанда даму екенін жиі ұмыта отырып, контекстен қандай да бір нәрселерді үзіп алады, бірақ тұтас суретті жасауға шамасы келмейді. Тіпті ең консервативті дәстүрлер де дамуға жұмыс істеп, оған өз үлесін қосуға тиіс.
Өз алдымызда адал болайық: биліктің рөлінен басқа, біздің отандық интеллигенцияның жағымсыз рөлі де бар. Алайда, оның коллаборационизмін артықша асыруға болмайды. Кез-келген нақты интиллигенция осал, өйткені ол пайдакөстікке бағдарланбаған. Капиталды жинақтаудың барлық тетіктері, әдетте, оны айналып өтіп кетеді. Барлық билік ұстаушылар интеллигенцияны өз мүдделеріне, өзінің адамгершілік деңгейіне оңайлықпен икемдеп алады. Кез келген билік үшін интеллигенция кедейліктің немесе қоғамдық менсінбеушіліктің бір шегінде теңгеріліп жүргені өте тиімді.
Ал соңында не болды? Нәтижесінде зияткерлік қызметтің тұтас саласы жойылды, оның мақсаты дәстүрлі және ақыл-ойға қонымды қаранғылық пен надандықтың арасындағы дұрыс сүзгілерді құру сұрақтарына жауап іздеу болып табылады. Және дәстүрлер мен прогреске деген көзқарастар сөзсіз барып тұрған нағыз охлократияның қолдары мен ауыдарзына түсіп қалады.
Өткенді тірек нүктесі ретінде қарастыру
- Бізде өз тарихының советтік кезеңге дейінгі дәуірін, тіпті біз бірнеше ғасырлар бойы жалпы өркениеттік дамудың жиегінде болғанымызға қарамастан, идеализациялауға оғаш талпыныстар бар. Сонымен қатар, кеңес тәжірибесінің кез келген жақсы бөліктерін де жоққа шығару тренді айқын көрінеді. Мұндай тәсіл қаншалықты өнімді? Біз өзімізді жаңа тығырыққа итермелеп жүрген жоқпыз ба?
- Өз қадір-қасиеті сезімдерінен айырылған халық, ал, одан да нақтырақ етіп айтсақ, оны қазіргі заманғы тарих қандай жерге қуып тыққанына қарамастан оны сақтап қалуға мәжбүр болған халық, осындай жағдайға шыдап отыра бермейді. Ол өзінің қадір-қасиеті мен ұлылығын өткен заманнан іздейді. Бұл бүгінгі таңда бізбен болып жатқан барлық оқиғалар тек уақытша тарихи түсінбеушілік деп ойлауға мүмкіндік беретін санадағы тарихи тірек нүктесін іздеу болып табылады. Бұл өз ұмтылысымызды, ұлттық ой-санамызды сақтай отырып, өзіміздің жоғары идеяларымыз бен мақсаттарымызды әлі соңына дейін жоғалтпадық деп өзімізді сендіру.
Атап айтқанда, бұл өз ұлылығымызды мұнда болмаса да, басқа жерден іздеп табу арқылы өзімізді қорғаудың амалы. Көшпелі демократияны жасанды түрде көтермелеу де, хандар мен билердің әділділігінің фантастикалық деңгейі жөнінде айту да, болыстық сайлаудың ашықтығы туралы пайымдау да дәл осыдан шығып отыр. Мұның барлығы бүгінгі күнмен үнқатысу, бұл қазіргі патшаларға деген үндеу, оларды ұялту үшін, ең болмағанда дәстүрлі құндылықтарды қайта жаңғырту үшін, өткеннің ұлы кайраткерлерінің қасында олардың қандай таяз екенін көрсету мақсатында жасалып отыр. «Хан талау» сияқты әдет-ғұрыптар адамдардың ерекше қуанышын тудыратыны да кездейсоқ емес, өйткені ол билеушінің жеке меншігіне қалай қарау керектігін – барлығын халыққа таратып беру керектігінің тікелей иллюстрация болып табылады. Әңгіме не жөнінде болып отырғаны түсінікті ғой.
Ал кеңес тәжірибесіне келер болсақ, оны терістеу оңай түсіндіріледі. Бұл отарлық жүйеге қарсы бағытталған антиколониалды тренд, ол жақында ғана болғандықтан, біз ол жөнінде тек қана кітаптар бойынша емес, жеке тәжірибеміз арқылы айта аламыз.
Мәселе социалистік колониализмнің өте ерекше болғандығында. Егер әдеттегі буржуазиялық империялық колониализм өз мақсаттарын жасырмаса, онда социалистік отаршылық пролетарлық интернационализм деген доктринаны жариялай отырып, отаршылдықты мүлдем қабылдамайтын идеологияны жамылды.
Большевиктер идеологиясы ауызша «социалистік ұлттардың даму деңгейін теңестіруге» ұмтылды – осылайша олар ұлттық мәселені шешуді тұжырымдады. Отаршылдық классикасы болып табылатындарды, яғни отарлар мен метрополиядағы қоғамның даму деңгейлерінің айырмашылығын жеңу деген мақсат жарияланды. Әрине, бұл асыл мақсат, бірақ, өкінішке орай, бұл бірқатар себептерге байланысты іс-жүзінде орын алмады. Бәрібір халықтардың иерархиясы, республикалардың өте қатаң иерархиясы, тіпті халық тұтынатын өнімдер мен тауарлармен жабдықтау иерархиясы қалыптасты. Қазақстанда ядролық полигон құруға мүмкіндік беретін, бірақ Мәскеудің төңірегінде оны жасауға мүмкіндік бермейтін құндылықтар иерархиясы пайда болды. Этникалық иерархия да құрылды – кеңес дәуірінің соңғы жылдарында орыс этносы ашық түрде «үлкен аға» деп аталды, ал орыс тілі жергілікті тілдердің ареалын тарылту есебінен үлттық шеттерде өз ареалын кеңейтті. Қалай да болмасын, социалистік жүйе, өзі оны қалады ма жоқ па, дәл соған ұқсас түрде болмаса да, бірақ бұрынғы дәуірлердің отарлық иерархиясын қайта құрды.
«Біз сіздерге зауыттар салдық» деген сияқты ақымақтық фразалар – бұл нағыз мимикрия, өйткені кез келген метрополия колонияларда өндіріс жасайды, оларда инфрақұрылымды дамытуға тырысады. Бірақ ол оны, орталықтың мұқтаждығына сай және орталықтың мақсаттылығына қарай, өзі үшін салады. КСРО жағдайында – барлық ұлттық игіліктерді қару-жарақты барынша көп етіп шығаруға және әлемдегі империялық қарама-қарсылыққа бағытталған Мәскеудің империялық құндылықтары үшін жасалып отырған нәрсе, ал әлем әрқашан КСРО-ны интеграциялық жоба ретінде емес, атап айтқанда жаһандық орыс жобасы ретінде қабылдаған.
Сондықтан Қазақстан сияқты шеткері аймақтар метрополияның шикізатпен қамтамасыз ететін қосындыларына айналды. Мұны түсіну өте қиын, бірақ ниет болса, ол да мүмкін.
«Кеңестік ностальгияның» басқа қырын да барлығы өте жақсы түсінеді. Қазіргі Ресей осы жаһандық орыс жобасына оралу ниетін ашық көрсетеді. Кремльдін насихатшылары ретро-ге өте шебер қадам жасады, және бұл өз жемісін әкеледі. Адамдар өткенді жылулықпен еске алуға бейім ғой. Бұл естеліктер барлық жаман нәрселерді сүзіп тастап, тек «пломбирлер» мен «үш тиындық квас» туралы жад қалдырады. Ал іс жүзінде адамдар кеңес идеологиясын да, кеңес дефицитін да, социалистік теңдестіру мен бюрократияны да жақсы көрмейді. Олар өздерінің жас кезін немесе балалық шағын жақсы көреді.
Алайда мұнда да ұлы фантасмагория бар. КСРО жалпыға бірдей теңдіктің қағидаларын беделін түсірсе де, бірақ оларды жариялады. Ал бүгінде Қазақстанның Ресеймен ортақ құндылық платформасы біздің олигархия мүдделерінің ортақтығы ғана болып табылады. Оларда да, бізде де билік халықты түсініктерді ауыстыру және кең массаның құндылықты қабықшалау арқылы басқарады. Онда да, бізде де жоғары ұлттық мақсаттар мен идеяларды пайдакүнемдік мүддемен және олигархтардың төмен мақсаттарымен ауыстыру орын алады.
Мұндай манипуляция біз өткен дәуірден алуға болатын нақты құнды нәрселерді жоғалтуымызға әкеледі. Қазақстан халқы да, Ресей халықтары да бөлек және бірге. Бірақ... Біз өз есігімізді шын жүректен ашамыз, ал бізге мұқият ойластырылған моральдық суррогаттар, нашар масс-мәдениет, сондай-ақ тарих пен қазіргі заманғы көзқарастарын (ал онда біз арқашан жағымсыз болып көрсетілеміз) таңытуға агрессивті ниетін төгіп салады. Бізге қайтадан өзімізді екінші орынға қою санасын қондыруға тырысады. Және бұл тек рухани салада ғана емес, тіпті барлық интеграциялық жобаларда да Қазақстанның мүдделері екінші орында деп нақты атап өтіледі, және олар тіпті әдеттегі экономикалық, әріптестік құрметтеуден айрылған.
Бұл да тектен текке жасалатын нәрсе емес қой. Мұның барлығы сол бір неоколониалды саясаттың әртүрлі бөліктері. Сондықтан бұл есікті жауып тастау ниеті жиі өзін-өзі қорғау инстинктімен байланысты. Бұл пайдалы нәрсе ме әлде жоқ па, біз оның тұжырымдамасын басқа тарихи кезеңде жасай аламыз.
Әңгіменің соңы күтілуде…