Біздің газетіміз соңғы жылдары бойы қазақ ұлтшылдығы тақырыбын бірнеше рет көтерген болатын. Өткен нөмірде редакция белгілі отандық сарапшылар Расул Жұмалы мен Ғалым Ағелеуовтің, сондай-ақ блогер Сержан Амановтың ұлтшылдыққа қатысты пікірлерімен бөлісуді өтінді. Олардың әрқайсысы қазақ ұлтшылдығының табиғаты жөнінде өз көзқарасын білдірді. Осы құрметті адамдардың кейбір тезистері маған қатты әсер етті, сондықтан да мен пікірталасты жалғастыру үшін осы мәселе жөнінде бірнеше пікір білдіруді шештім.
Алдымен субьективті тұрғыда бір нәрсені байқағанымды айтып кетейін. Біздің Қазақстанда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін «ұлтшылдық» және «ұлтшыл» деген ұғымдары мүлдем теріс маңызға ие болды. Оның себебі – бүкіл қазақ халқына «ұлтшылдар» деген жапсырма іліп қойған танымал қайғылы партиялық қаулыда. Осыдан кейін ұлтшыл деген атаққа иелену – өмірлік өшпес таңба алу және өз мансабын бұзу болып кеткен.
Содан кейінгі жылдары үш онжылдық бойы ұлттық тақырыптағы кез-келген пікірталастар қандай да бір идеологиялық қақтығыстар тәрізді болды. Міне, бүгін де «Фейсбуктың» қазақстандық сегменті жекпе-жек алаңына айналды: мұнда бөтен адамның пікіріне төзбеушілік орнаған, алай да, былай да жапсырмалар мен қорлау сөздері үлестіріліп, тіпті оппоненттердің үстінен құқық қорғау органдарына жолданған арыздар да жазылып жатыр.
Бұл біздің социумға тән қоғамдық-саяси тақырыптарда полемиканың өте төмен мәдениетінің айқын дәлелі. Кеңес дәуірі баяғыда өтіп кеткенмен, большевизмнің «кім бізбен бірге болмаса, сол бізге қарсы» негізгі принципі өте тіріжанды болып шықты. Біздің кейбір отандастарымыз өздерінің ойындағыдан өзгеше пікірді наразылықпен қабылдайды (ең жақсы деген жағдайда). Ал қаны қызу адамдар одан да әрі баруға дайын.
Қоғамның мәдени және білім беру деңгейінің үш онжылдыққа жуық уақыт бойы перманенттік құлдырауы проблеманы әрі қарай күрделендірді. Бұдан, өкінішке орай, ешқайда қашып құтылу мүмкін емес.
Бір апта бұрын Central Asia Monitor беттерінде өткен пікір алмасулар осы тезисті тағы бір рет дәлелдейді. Мен жеке өзім Аманов мырзамен таныс емеспін, бірақ ол қазақ ұлтшыл-патриоттарын гитлерлік Германия дәуірінің ұлттық-социалистік неміс жұмысшылар партиясының (ҰСНЖП) ұлтшылдарымен салыстыра отырып өткізетін параллельдер түсінбеушіліктен басқа ештеңе тудыра алмайды. Бұл жерде ұғымдарды алмастыру айқын көрінеді, яғни «ұлтшылдық» және «нацизм» санаттарының арасында сәл болмаса тіпті теңдік белгісі қойылмақ. Менің ойымша, бұл барып тұрған бұрмалау болып табылады.
Бірден айтып кетерім: сирек кездесетін ерекшеліктерді ескермегенде, мен отандық ұлттық-патриоттық лагерьдің өкілдеріне аса қастерлеумен қарамаймын. Бірақ олардың қазақ құндылығын насихаттау бойынша бірнеше ұлтшылдық талпыныстарын қабылдамағандықтан емес, олардың көпшілігінің мұны айтарлықтай нашар және білмеушілікпен жасайтындарына байланысты. Әдетте, бұл адамдардың аргументациясы ешқандай тереңдігімен де ерекшеленбейді, сонымен қатар олардың ой-пікірлерінде эмоциялар жиі ақыл-ой логикасынан басым болады, сондықтан олардың барлық экзерсистері өте сирек кезде әсер етеді. Жалғыз плюс – ол адамдардың наным-сенімдерінің де, жаңылысуларының да шынайылығында деуге болады. Бірақ бұл біздің ұлтшылдарымызды қазақ этносының шынайы және сөзсіз беделді өкілдері рөлінде таныстыру үшін жеткіліксіз екені анық.
Қазақ ұлтшылдығының табиғатын түсіну үшін, менің ойымша, бірнеше сұрақтарға жауап беру қажет: «Ол жалпы қажет пе? Егер қажет болса, қандай болуы керек? Және ол ұлтты ажыратпай, топтастыру үшін не істеу керек?». Тағы да қайталап айтамын: бұл нацизм туралы емес, ұлтшылдық туралы. Өйткені кез келген форматтағы пікірталастарда көбінесе осы екі мүлдем ұқсамайтын ұғымның араласуы немесе ауыстырылуы болады. Бір жағдайда бұл білмегендіктен жасалады, ал басқа кездерде қазақтардың өзіндік ұқсастығын іздеуге деген ұмтылысын кемсіту мақсатында жасалады.
Мынаны еске түсіру артық болмас: «ұлтшылдық» ұғымын қазақтардың өзі ойлап шығарған емес – әлемдік тарих осы құбылыстың көптеген вариацияларын біледі. Ұлтшылдық философиясы қандай да бір дәрежеде ХХ ғасырдың барлық ұлт-азаттық қозғалыстарының саяси теорияларының негізінде жатқан болатын. Бұл мағынада Махатма Ганди да, Бен-Гурион да, Гамаль Абдель Насер де, Нельсон Мандела да, және сондай-ақ бірқатар өз елдерінің тәуелсіздігі үшін күресушілер де болды. Менің ойымша, саяси ұлтшылдықтың аса жоғары формаларының бірі болып сионизм саналады.
Қазіргі уақытта Владимир Путин өзін орыс ұлтшылымын деп атайды, ал бұл жөнінде ешкім ерекше шу шығармайды. Сонда неліктен қазақ ұлтшылдығы туралы сөз болған сайын отандық интернет-қоғамдастық соншалықты дүрлігіп кетеді? Бұл бос сұрақ емес. Әлде біреулерге рұқсат болғаны басқаларға рұқсат етілмей ме? Неліктен қазақтардың жай ғана өз ұлтының тағдыры үшін уайымдауы қазақ емес адамдарды соншалықты тітіркендіреді? Әсіресе бұл жерде экстремизм тұрмақ, тіпті ешқандай радикализм да болмаса. Басқа мәселе – ұлттық-патриоттық лагерьдің жекелеген өкілдерінің пікірлері әрдайым өркениетті пікірталас шеңберіне сәйкес келе бермейді.
Ресми тұрғыдан алғанда, саяси мағынадағы алғашқы қазақ ұлтшылдары ретінде «Алаш Орда» көшбасшыларын атауға болады. Бірақ, кейбір ескертулермен, өйткені олардың бағдарламалық құжаттарында да, мақалаларында да оған тікелей нұсқаулар жоқ. Сонымен қатар, қазақ халқының басым көпшілігі «Алаш Орда» қайраткерлерінің идеялары мен саяси ұстанымдарын қабылдамағанын еске алуға болады. 1916 жылғы 25 маусымдағы олардың патша жарлығы бойынша үндеулері сол қалпы естілмей қалғанын еске алу жеткілікті. Азаматтық соғыстағы осы қозғалыстың саяси тұрғыда жеңіліп қалуы да оның отандастардың негізгі бөлігінен алшақтығының қосымша дәлелі болды.
Большевиктердің билік еткен дәуіріндегі жаппай тараған тоталитарлық идеологиясы қазақ ұлтшылдығына ешқандай мүмкіндік қалдырған жоқ. Менің ойымша, дәл осы тарихи оқиғалар және идеологиялық трендтердің дәл осы тізбегі оған саяси сипат құбылысына айналуға мүмкіндік бермеді. Оның тағы бір ерекшеленген трагедиясы – ол тоталитарлық идеологияның қысымынан шығып, тұрмыстық деңгейден көтеріле алмады.
Қазақ халқының ұлт ретінде бүгінгі бытырап кеткендігінің себептерінің бірі де осыған байланысты көрінеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан тұрғыны өзінің солтүстік бауырының мәселелерін өзінің дүниетанымына ешқандай қатысы жоқ, яғни абстрактілі нәрсе ретінде қабылдайды. Бұл туралы тек мен ғана бірінші болып жазып отырғанған жоқпын – мұндай ой әлеуметтік желілерде жиі орын алатын пікірталастарда да кездеседі.
Осындай көзқарас бойынша ұлтшылдық қазақ социумына ұлттық өзін-өзі сәйкестендірудің құралы ретінде қажетті. Оның бұл бағыттағы эволюциясы қазақ ұлтшылдығының идеологиялық қорқытқышынан мәдениеттанулық қасиеті бар әбден қолайлы құбылысына айналуына ықпал етуі мүмкін. Және тек сол кезде ғана қазақтардың біртұтас ұлт ретінде қалыптасуы туралы айтуға болады.
Әзірше біз өзімізді және осы әлемде өзімізге лайықты орын іздестіру кезеңіндеміз. Сонымен қатар, менің ойымша, қазақ ұлтшылдығы ішкі құбылыс ретінде қалыптасуынсыз отансүйгіштіктің толыққанды сезімін қалыптастыру мүмкін емес. Қазіргі кезде отансүйгіштікпен де байланысты айтарлықтай проблемалар бар.
Менің ойымша, мынаны сезінуге уақыт келді: қазақ сияқты жас ұлт үшін ұлтшылдық – мүлдем табиғи және қалыпты құбылыс. Бұл ұлттың ішкі тұрғыда өзін-өзі сезінудің бір бөлігі және ол не саяси, не қоғамдық ұйымға мұқтаж емес. Ұлттық тарихының талдауы көрсеткендей, қазақтарда ешқашан этникалық негізде рәсімделген қозғалыстар болған жоқ («Алаш Орда» мен алпысыншы жылдардағы «Жас тұлпар» қазақ жастарының бірлестігін қоспағанда). Осыған орай, ұлтшылдықтың өзі емес, ұлтшылдықтық ұйымдардың қауіпті екенін түсіну керек. Бұл жерде де ұғымдардың алмасуының және қазақ ұлтшылдығының қабылданбауының бірден-бір себебі: оппоненттерге оның табиғатын тек қазақтың өзін-өзі сезіну факторы ретінде түсінуі жетіспейді.
Бұл проблеманың тағы бір жағы бар. Өзіндік толыққанды ұлтшылдықтың болмауы бізді, қазақтарды, тарихи өткенге батудың шексіз сеанстарына берілуге мәжбүр етеді. Немесе, мұндай жағдайларда ойшылдар жазғандай, «тарих батпағына» батуға тура келеді. Және, қазіргі жағдайға қарағанда, бұл процесс әлі де аяқтаудан алыс. Осы жерден өзгелердің батырларына жабысу, түсініксіз кейіпкерлерді биікке көтермелеу, архаиканы идеал деңгейіне жеткізу, өз тілін алға жылжытудағы қиындықтар және басқа да көптеген мәселелер. Сонымен қатар, бізде күшті ішкі өзек болған жағдайда (ол қазақ ұлтшылдығы болуы да мүмкін), бұл проблемалар өз шешімдерін табуы әбден ықтимал.
Ал енді соңғысы. Бізде өзіміз үшін соншалықты қажетті және өзімізге тән ұлтшылдықты қалыптастыруға мүмкіндік бар ма? Бұл сұрақты ұлттық-патриоттық лагерьдің зияткерлік қанатының өкілдеріне жолдау керек деп ойлаймын. Ешкімнің есімін атағым келмейді, бірақ олардың арасында іс-әрекетке қабілетті адамдар жеткілікті. Басқа мәселе, олардың күші мен ерліктері осы қиын жүкті өз мойынына артып алуға жете ме. Істің қазіргі жағдайы бірнеше жыл бұрын орын алған ел бірлігі доктринасының жағдайын еске тұсіреді. Сонда мен атамаған кейбір адамдар өздерін өте жоғары деңгейде көрсете алды. Бүгінде олар айтарлықтай жетілген болды, демек, енді олардан сұраныс та басқа.
Ал әзірше біздің ұлтшылдық қызықсыз, әлсіз және зұлымды. Оның қазіргі түрінде ол біздің сіңіріп алған және өзіміз игерген азғана ойлар мен идеологиялық құрылымдарды жұтып алады. Бұл өте жаман деуге болады.
Ең алдымен, біздің өзіміз үшін…