Сәрсенбі, 2 желтоқсан 2020 ЖЫЛЫ
1558 10-12-2018, 14:55

Ресей мен Қытайдың «Батысқа қарсы альянсы» Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары Америка экспансиясына қарсы бірыңғай фронт болып табылатын басты геосаяси серіктестерді көрсете отырып, Ресей мен Қытайдың жақындасу тақырыбын талқылауды жалғастыруда. Бірақ бұл шынымен де солай ма? Ал егер солайболса, онда бұл үрдіс Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасының ортасында орналасқан Қазақстанға және оның азаматтарына қандай әсер беруі мүмкін? Өткен аптада біз бұл тақырыпты саяси ғылымдарының кандидаты Досым Сәтпаевпен талқылаған едіқ, ал енді саясаттанушы Мұрат Лаумулинге жүгініп, өз көзқарасын білдіруді өтіндік.

- Мұрат Тұрарұлы, сіз қалай ойласыз, шын мәнінде тарихи қарсыластар енді одақтас болып отырма?

- Ресей мен Қытай бірігіп отырған жоқ! Менің ойымша, бұл тек қазіргі жағдайдың ықпалымен құрылған уақытша одақ, көп жағдайда Батыс саясатының, дәлірек айтқанда АҚШ-тың салдарынан болған іс. Америка Құрама Штаттары мен Еуроодақ атынан Батыс бізді ресурстар көзі ретінде, өз вассалдары ретінде және, ең бастысы, антироссиялық буфер ретінде көргілері келетінін баяғыда білдірген еді. Сондықтан біз өз тұжырымдамамызды жасауға тиіспіз.

- Қазақстан екі оттың арасында болғандықтан, балансты сақтауға мәжбүр. Бірақ ерте ме, кеш пе оған таңдау жасау керек. Ол қандай болуы мүмкін?

- Біз, қазақтар, өзіміздің геосаяси және тарихи таңдауымызды бұрыннан жасап қойғанбыз. Ол тайңдау Ресеймен байланысты, өйткені Қазақстанмен қатар Рейсей де Моңғол империясының мұрагері болып табылады, немесе, қаласаңыз, Алтын Орданың мұрагері деуге болады. Мүмкін, бұл үшін қандай да бір негіздер бар. Біздің еліміздің тағдыры (қатер болған жағдайда, құдай басымызға бермесін) Ресеймен бірігіп шешілетініне сенімдімін. Бірақ Қытайды, сондай-ақ кез келген басқа державаларды да, Мәскеу Қазақстанға жолатпайды. Біз Украина емеспіз.

- Бөтен елдің саясатына ермей, өз саясатымызды жүргізу үшін, біздің көршілерімізге тәуелділігімізді қалай азайтуға болады?

- Қазақтарда «Қара қытай» туралы және одан туындайтын қауіп-қатерлерге қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Бұл үшін қандай да бір негіздер болуы ықтимал. Бірақ шын мәнінде біз Қытайды да, Батысты да қажет етпейміз. Біздің Кеңес өткенінен мұраға алған іргетасымыз (технологиялық, өркениеттік, білім беру және т.б.) айтарлықтай көлемді болып табылады, сондықтан біз өзіміз де аяғымызға орнықты тұрып, әрі де өмір сүре аламыз. Осы себептен біздің Еуразиялық бірлікті – экономикалық, геосаяси және әскери-стратегиялық қайта қалпына келтіру бағытын жалғастыруымыз қажет. Сонда бізге ешкім де қорқынышты болмайды. Ежелгілер айтқандай, Viribus unitis  – күш бірлікте!

Осы сәтті пайдалана отырып, Қытайдағы экономикалық ғажайыптың негізі не болғанын еске салғым келеді (өйткені кең аудитория осы фактілермен таныс емес). Шын мәнінде, негізгі факторлар Дэн Сяопиннің реформалары емес, нарықтық тетіктердің социализммен үйлесуі де емес, тіпті сыртқы инвестициялар да емес. Барлық танымал экономистер мен сарапшылар, оның үстіне сандарды қолданып отырып, Қытай Халық Республикасының көтерілу негізінде бірінші кезекте кеңестік технологиялық және экономикалық әлеуетін пайдалануы жатыр деп сөзсіз мәлімдейді. Батыс үшін де, Қытай үшін де КСРО мен соцлагерьдің ыдырауы қаржы-алыпсатарлық капитализмнің өлімін кейінге қалдырды (қаржы-алыпсатарлық капитализмнің пайда болуы жөнінде Карл Маркс 19 ғасырдың соңында жазған еді)

- Ал қарапайым азаматтар қандай жағдайға тап болады? Олар геосаяси ойындарға ерекше қызығушылық танытпағанмен, еліміздің болашағы сол саясаттың нәтижесіне тәуелді…

- Қарапайым қазақстандықтардың өмірі жақсырақ болуы үшін қалыпты (өндіруші деп аталатын) экономиканы ретке келтіру, кеңестік білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің қалдықтарын сақтап қалу керек, еуразиялық интеграцияны дамыту қажет. Және ең бастысы – біздің табиғи одақтастарымызға сүйену, олардың ішінде Ресей біріншісі болып қалады.

Тақырыпқа қатысты пікір

Талғат Мамырайымов, тәуелсіз саясаттанушы:

- Егер сіз маған бұл сұрақты бірнеше жыл бұрын қойсаңыз, мен оған қазіргіден өзгеше жауап берер едім. Бұрын біздің қоғамда Ресейдің Қазақстанға ықпалетуімен байланысты астыртын-жасырынкөзқарастар басым болды, әсіресе зиялы қауым арасында, ресейлік қауіптерге қатысты қорқыныштыңдеңгейі жоғары болды – дегенмен, ол қазіргі кездеде сақталуда. 

Ресей мен Батыс арасындағы жанжал көп нәрсені өзгертеді. Санкциялық қысымның салдарынан Ресей қоғамы ауыр экономикалық жағдайдан шығу туралы ойланады. Осыған байланысты Ресей өзінің Қытайға деген көзқарасын өзгертіп, енді оны Орталық Азиядағы бәсекелес ретінде емес, одан гөрі серіктес және өзіндік құтқару тобы ретінде қабылдайтын болды. Бұл екі ел арасындағы барған сайын жиіленген белсенді өзара іс-қимыл бойынша көрінеді. Дегенмен, әрине, Мәскеуде прагматикалық Қытай экономикалық тұрғыда Батыспен өте тығыз байланысты екенін, яғни ол Ресей үшін барлығын тастап, сонымен қатар өзін де батыстық санкцияларға ұшыратуға бармайтынын түсініп отыр.

Тиісінше Ресейдің Қазақстанға және өңірдің басқа да елдеріне қатынасы өзгерді. Егер бұрын ол ақыл-кеңес беріп, оларды бақылауға тырысқан болса, қазір геоэкономикаға еңістік жасап өзара іс-қимылдың өркениетті форматын пайдаланады.Сонымен қатар, Мәскеу Орталық Азияда жұмсақ күш қолдануды жеделдетуге ұмтылады, олПутиннің Өзбекстанға жасаған сапарының қорытындысы мысалында көрінеді......

Осыған байланысты бір қызықты феноменді атап өтуге болады. Бұрын РФ президентінің әкімшілігі барлық жерде өзінің политехнологтары, сарапшылары арқылы ресейлік – еуропалық адам деген ойды ілгерілетуге тырысатын еді.  Енді орыс адамында Еуропадан гөрі шығыстық (азиялық) көбірек екенін жиі естуге болады... Бұл да Ресей өзін қорғау үшін басымдықтарды өзгертетіп отырғанын көрсетеді.

 

Комментарии