Сейсенбі, 19 қаңтар 2021 ЖЫЛЫ
13904 20-02-2019, 16:19

Картоп Райымбек пен Кеген аудандарының басымдық беретін дақылына айналды

Картоп өндірісін дамыту үшін Райымбек пен Кеген аудандарында 26 бірлік техника мен картоптың элиталық тұқымдары сатып алынып, екі сервистік-дайындау орталығы құрылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алғашқы 100 гектарда өнімділік 300 центнерді құрады, бұл бұрынғыдан 2 есе жоғары. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың есеп беру жиынында белгілі болды.

Облыс әкімі екі ауданның дамуына облыстың барлық аудан, қалалары өз үлестерін қосып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар барлық басқару органдары құрылып, әкімшілік ғимараттары мен әлеуметтік нысандарының қайта қалпына келтірілгені, халықтың көші-қоны тұрақтанғаны айтылды. Соның нәтижесінде 700-ге жуық адам өз туған жерлеріне қайта оралды.

Айта кету керек, өткен жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Райымбек ауданын бөлу арқылы Райымбек және Кеген аудандары құрылған болатын. Райымбек ауданында өткен жылдан бері өнеркәсіптік картоп өндірісі дамытыла бастады.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: taldyk.info

Комментарии