Сейсенбі, 27 қазан 2020 ЖЫЛЫ
873 19-12-2018, 10:58

Әкімдердің рейтингтері: сарапшылар мен халықтың бағалауларының қайсысына сенуге болады

Жақында «Стратегия» деп аталатын Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы аймақ әкімдерінің іс-қимылдарын бағалау индексін жариялады. Бұл біздің еліміздегі сарапшылардың емес, азаматтардың пікіріне сүйенген жергілікті әкімдер жұмысының аз ғана зерттеулерінің бірі болып табылады. Нәтижесіндегі суреттеме біз әдетте көруге дағдыланған көріністен мүлдем басқаша болып шықты.

Мысалы, сарапшылардың көзқарасы бойынша аутсайдер болатын Павлодар облысының басшысы мұнда ең жоғары нәтижелердің бірін көрсетіп, Алматы мен Шымкент қалаларының басшыларынан кейін үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар Қызылорда облысының әкімі «Стратегия» орталығы немесе «Саясат Monitoring» (онда ол тұрақты көшбасшылардың үштігіне кіреді) жасаған сараптамалық рейтингтердегі мәңгілік фавориты осы жолы 17 орынның тізімінде тек 14-і орын алды.

Ал «аналитиктердегі» ең төмен ұпайларды тұрақты түрде орташа орындарға ие болып жүретін Жамбыл облысының (17-ші орын), Батыс Қазақстан облысының (16-ші орын) және Маңғыстау облысының (15-ші орын) басшылары алды.

Осында нақты сұрақ туындайды: қандай бағалаулар неғұрлым объективті болып табылады – азаматтардың өздері қатысатын сауалнамалар ма әлде сарапшылардың пікіріне негізделген зерттеулерме?

Біріншілер, өкінішке орай, өте сирек өткізіледі, ал екіншілер – үнемі және тіпті тым жиі жүргізіліп, сонымен қатар кейде елеулі наразылық тудырады. Біріншіден, осы «сарапшылардың» барлығы кім екені белгісіз, олардың қаншалықты құзыретті екендігі анық емес. Оларға қаншалықты сенуге болады?

Екіншіден, мұндай рейтингтер көпшілігінде халықтың әлеуметтік жағдайы, оның өмір сүру сапасына қанағаттану дәрежесі және т. б. сияқты маңызды көрсеткіштерді елеусіз қалдырады. Олар әкімдердің ықпалдылығын, олардың медиалық белсенділігін, саясаткерлер ретіндегі перспективалылығын – яғни өздеріне жүктелген функциялардың орындалу сапасын емес, олардың дербес сипаттамаларын басшылыққа алады.

Үшіншіден, орындар бөлінуінің өзі үнемі өзгеріссіз қалады. Көшбасшылар қатарында дәстүрлі түрде Алматы, Астана қалаларының әкімдері (бұл лауазымды нақты кім атқаратынына қарамастан), сондай-ақ, Қызылорда облысының (осыдан алты жыл бұрын Қырымбек Көшербаев келген) әкімдері. Ал саяси «жеңіл салмақтағы» санатының әкімдері немесе өз лауазымдарын жарияланымға дейін азғана уақыт бұрын алған әкімдер дәстүрлі түрде аутсайдерлер қатарында орын табады.

Қандай да бір интриганың және пайдалы ақпараттың болмауы осындай «рангтар туралы табельдерді» жалпы алғанда қоғам үшін тартымсыз етеді. Олар индикаторлардың неғұрлым көп санын қамтитын және әкімдердің тағдырында неғұрлым маңызды рөл атқаратын меншікті «ішкі» рейтингтерге бағдарланатын орталық билік үшін де ерекше қызығушылық танытпайды. Бірақ осындай зерттеулер кең жұртшылыққа арналған емес.

Ал сарапшылардың бағалаулары азаматтарға да, Ақ Ордаға да қажет емес болса, олар кімдерге арналған? Жалпы, олардың қандай мәні бар?

Шыңғыс Лепсібаев, «Еуразиялық сараптамалық кеңес» қоғамдық қорының президенті»: «Олар жалтыр журналдардың рейтингтеріне ұқсайды»

- Әкімдердің рейтингтерін құрастырумен бүгінде бірқатар әртүрлі ұйымдар айналысады. Олардың арасында ең танымал Sayasat.org («Саясат-Monitoring») және «Стратегия» атты Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы. Кез келген рейтингтер сияқты, олар өте субъективті, өйткені саясаттанушылардың, экономистердің, блогерлер мен журналистердің жеке пікірлері мен бағаларына негізделген. Айтпақшы, олар аз: мысалы, соңғы рет (2018, маусым) Sayasat.org зерттеулеріне 17 сарапшы тартылған, ал «Стратегия» ӘҚЗО зерттеулеріне 26 сарапшы қатысқан.

Оның ішінде небары 5-7 белгілер, яғни «саяси салмақ», «перспективалылық», «ақпараттық ашықтық», «халықтың қанағаттануы», «өңірдегі экономикалық және ішкі саяси жағдайды басқару» сияқты критерийлер қолданылады.

Менің ойымша, осы субстанциялардың жартысы субъективті тұрғыда және сарапшылардың жеке сезімдері мен ұсынымдарына ғана негізделеді. Бұл ретте олардың арасында блогерлердің болуы мұндай рейтингтерді объективтілік тұрғыдан одан да күмәнді етеді. Мысалы, мен респонденттердің арасында мемлекеттік әкімшілік ету саласындағы мамандарды, экономистерді, құқық қорғаушыларды таппадым, – ал олардың қатысуы қорытынды нәтижелерге әсер етуі мүмкін еді.

Мәселе мынада: Қазақстанда өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын, инвестициялардың көлемі мен өзін-өзі ақтауын, белгілі бір аумақтың брендінің тартымдылық дәрежесін ескеретін жариялы рейтингтер жоқ. Республикалық бюджеттен алынатын және динамикасында айқын және түсінікті болып табылатын дотациялар картасы да жоқ. Соның салдарынан, қатаң дотациялық аймақ бір сәтте, яғни сыртқы көріністің арқасында, мәнін ауыстыру есебінен рейтингте көшбасшы бола алады...

Бір қызығы, мұндай «зерттеулердің» авторлары кем дегенде 20-30 көрсеткіштер мен үкімет және жергілікті әкімшіліктердің ашық деректері негізінде қалыптастырылатын халықаралық рейтингтердің форматын толығымен елеусіз қалдырады. Менің ойымша, мінсіз рейтинг ашық және өлшенетін көрсеткіштерге немесе азаматтардың ашық дауыс беру нәтижелеріне негізделуі тиіс. Олай болмаған жағдайда олар ресурстың танымалдығын күшейтуге арналған жылтыр журналдардың рейтингтеріне ұқсас болып қалады...

Мен әкімдер рейтингтерін құрастырушыларға халықаралық рейтингтік агенттіктерден немесе «Форбс» журналын жасайтын Қазақстан өңірлерінің бәсекеге қабілеттілік индексінен үлгі алуды ұсынар едім. Ақыр-соңында олар әкімдерді ранжирлауға кіріскен екен, онда мемлекет басшысының сапары бойынша немесе қандай да бір мемлекеттік бағдарлама бойынша есеп беру шеңберіндегі көрнекі іс-шараларын көрсетуге емес, олардың шынайы жұмыс нәтижелерін ашуға ұмтылу тиіс. 

Оразғали Селтеев, саясаттанушы: «Мұндай рейтингтер елді қызықтырмайды»

– Басында айтарым, осындай рейтингтер елді қызықтырмайды, әсіресе салыстырмалы аспектілерде. Кең жұртшылық іс жүзінде оларға немқұрайды. Мен азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйін өлшеу мақсатында жүргізілген кейбір бұқаралық сауалнамалардың нәтижелерімен танысқанмын. Олар қазақстандықтардың жартысынан астамы өз облысының немесе қаласының әкімінің аты-жөнін есіне түсіре алмай, болмаса тегін де дұрыс атай алмайтынын көрсетті. Демек, осыдан тиісті қорытынды жасауға болады.

Орталық билік те әкімдердің мұндай жазықтықта ұстануына мүдделі емес. Ақ Орда үшін әкімдер бірқатар негізгі бағыттарды пысықтаулары маңызды. Бұл сеніп тапсырылған аймақта әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, республикалық бюджетке салық жинау және бөлінетін мемлекеттік қаражатты игеру, инвестициялар ағынын ұлғайту, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құру, ірі өндірістердегі штаттық санын елеулі түрде қысқартуға және әлеуметтік-еңбек жанжалдарға жол бермеуді қамтамасыз етулері қажет.

Сонымен қатар, көптеген әкімдер көпшілікке жария болатын рейтингтерге өте сезімтал екендігін білемін. Кейбіреулерінде аутсайдер болған кезде тіпті дүрбелең туындайды. Бірақ олар өзінің имиджіне қоғамдық пікір тұрғысында алаңдамайды. Оларды рейтингтердің нәтижелері мемлекет басшысының атына талдау жазбаларын дайындау кезінде әртүрлі мәнмәтіндерде пайдаланылуы мүмкін деп алаңдатады.

Әкімдердің жұмыс сапасы туралы неғұрлым объективті ақпарат басқа деңгейде шоғырландырылады. Президент әкімшілігінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаумен айналысатын құрылымдар бар. Онда мемлекеттік бағдарламаларды және мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау тұрғысынан бақылау мен салыстыру жүзеге асырылады.

Рейтингтердің өздеріне келетін болсақ, оларды құрастырушылар үшін олар жариялы ақпараттық-талдау өнімі ретінде маңызды. Бұл басқару кадрларының әсер ету немесе өсу дәрежесін өлшеуге, ішкі саяси элитаның жалпы орналасуын ұсынуға, кадрлық орын ауыстыруларды болжауға әрекет сияқты нәрсе. Айтпақшы, мұндай деректерді қолдана отырып, тиімді басқаруға болады.

Олардың объективтілігі жөнінде көптеген сұрақтар туындайтынына келісемін. Біріншіден, мұнда репрезентативтілік соншалықты жоғары емес. Сұрақтарға жауап берген 20-30 сарапшылардың жиынтығы дұрыс емес. Егер респонденттердің осындай саны әрбір өңірден тартылатын болса ғой...

Екіншіден, көптеген сарапшылар нюанстарға және нақты салалардағы шынайы ағымдағы жағдайға аз деңгейде тереңдейтінін болжай аламын. Мұндай пайымдаулар мен бағалаулар көбінесе ақпараттық ағындарды қабылдауға негізделеді, яғни терең емес болып табылады. Бұл жағдайда олар мүлдем субъективті деп айтуға болады.

Яғни әкімдер қызметінің көрсеткіштері жұртшылықпен байланыс жасауына және БАҚ қызметтері жұмысының тиімділігіне тәуелді болады. Ал мұндай мамандар мен құрылымдар әкімдерде іс жүзінде жоқ. Әкімдік жұмысын бір жақты жариялаумен айналысатын баспасөз қызметі мен баспасөз хатшылары бар. Негізінен бұл бұрынғы журналистер.

Функционал шектеулі: олар тек бір үлгідегі релиздерді таратуға және баспасөз конференцияларын өткізуге шоғырланады. Әрине, ақпараттық себептердің қалыптасуының бірнеше сәтті мысалдарын атауға болады, бірақ бұл қысқа мерзімді әсерді көздеген фрагментті және жүйесіз әрекеттер. Сондай-ақ, БАҚ-қа теріс ақпарат түсуден жанама әсерлерін жоққа шығаратын адамдар да жоқ.

Басқа сөзбен айтқанда, тіпті жақсы нәтижелер мен көрсеткіштер болмаса да, оларды өте тиімді түрде ұсынуға болады. Барлығы сауатты позициялауға байланысты. Егер жалпы айтатын болсақ, мемлекеттік аппаратта коммуникациялық ортаны тұжырымдамалық тұрғыдан құруға қабілетті, білікті кадрлар жоқ. Алайда, тіпті бұл да жеткіліксіз болар еді. Ақауларды ақпаратты тұрғыда жасыру жетіспейді – оларды жою керек. Өңірлердегі ең басты мәселе – талдаудың болмауы және оның маңыздылығын түсінбеуі. Негізгі салалардағы үдерістерге терең талдау жүргізетін, проблемалық аймақтарды тіркеуге алатын, әлеуетті тәуекелдерді айқындайтын, нақты шешімдер ұсынатын мамандар қажет. Бірақ мұндай мамандар үшін мемлекеттік қызмет қаржылық тұрғыда тартымсыз болып табылады. Сондықтан аймақтық биліктерге штаттан тыс кеңесшілерді қатыстыруды ұсынар едім. Нәтижесінде бәрі арзанға түседі  – іс үшін де, бедел үшін де.

 

Комментарии