«Бізде саяси лауазымдардың 10процентінәйелдер алады, бірақ облыс әкімдерінің ішінде біз бірде-бір әйелдікөрген емеспіз. Аудан әкімдері деңгейінде олар өте аз. Алайда статистика көрсеткендей, қазақстандық әйелдер - жоғары білімді және білікті мамандар». Мұндай мәліметті жақында «Назарбаев Университеті» мемлекеттік саясат Жоғары мектебінің ассистент-профессоры Салтанат Джаненова айтқан еді. Мұның себептерін біз саясаттанушы Айгүл ОМАРОВАМЕН бірге түсінуге тырысамыз.
Ерлер шеңбері
- Айгүл, сенің пікіріңше, Қазақстанда өңірді әйел басқара алуымүмкін бе?
- Әрине, мүмкін. Бізде әйел-министрлердің табысты мысалдары бар және мен әйелге облысты басқаруға кедергі келтіретін себептерді көріп тұрған емеспін.
- Бірақ жоғары қызмет атқарған әйелдердің арасындаөздерін жақсы жағынан көрсете алмағандары да бар...
- Бізде әйелдер негізінен әлеуметтік салаға жетекшілік ететін, яғникөп еңбекжұмсалатын және көбінесе мансаптық тұрғыдан ұтымсызведомстволарға тағайындалады. Айта кету керек, олар жалпыалғанда өздерінеқойылған міндеттерді орындайды. Мысалы, жақында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарған Тамара Дүйсенованы алайық. Ол – жұмыскер. Тіпті, үкімет өкілдерін сынағанды ұнататын адамдар даДүйсенова өз орнында болғанын мойындайды. Ол заңның әрбір әрпінбіледі, өзі жетекшілік ететін салаға қатысы бар нормативтік-құқықтық актілерді де, бюджетті де толығыменбілуші еді, ал ең бастысы – қандай да бір жаңалықтар мен өзгерістердің барлық себептері мен салдарын халыққа түсінікті түрде жеткізеалатын. Мұндайіскерлік біздің шенеуніктеріміздің көпшілігіне жетіспейді, сондықтан билік жүргізіп жатқан көптеген қадамдар халықтан тиісті жауап таба алмайды. Сондай-ақ министрліктер мен ведомстволардың басшылары имидж саясатын жүргізуді білмейді. Дүйсеновада, әрине, онымен айналыспаған, бірақ оның орынбасарыСветлана Жақыпова бұл міндетті барлық жүз проценткеорындады. Екі әйелдің дуэті өте жақсы нәтиже берді.
- Бірақ Дүйсенова, біз білетіндей, министр креслосынсақтай алмады, ал басқа жауапты лауазым оған ұсынылмады…
- Өкінішке орай, бұл біздің елімізде ғана емес, посткеңестік кеңістікте де, мүмкін, әлемде де әдеттегііс. Егер адам өз міндеттерін адал орындап қана қоймай, жетекшілік ететін саланы тиісті деңгейге шығаратын болса, оны бірден басқа лауазымға ауыстырып жібереді. Ал негізінде адам бес жыл бойы жұмыс істеп, істеген істерінің барлығын бекіткені дұрыс болар еді. Мүмкін, мен қателесіп отырмын, бірақ «кінәліні» табу қажет болған кезде Тамара Дүйсенова, бәлкім, кезекті клан соғыстарының құрбаны болды. Әрине,соққығаәйел түсті. Гендерлік шовинизм біздеәлдеқалай жайнап өсіп келеді. Мүмкін, менің сөздерімде логика жоқ деп айтарсыз– бір әйелдіңорнына екіншісі келді. Бірақ қараңызшы: оның орнына келген Мәдина Әбілқасымованыңдәл осы салада жұмыс тәжірибесі жоқ, сәйкесінше ерте ме, кеш пе оны да айыптай алатын болады. Яғни, жаңа министрдің позициясы бастапқыдан әлсіз екені анық.
- Бірақ шын мәнінде, басқарушы посттардағы әйелдердің пайдалы әсер коэффициенті сұрақ тудырған туралы көптеген мысалдар келтіруге болады…
- Келісемін. Тіпті бір ведомствоның мысалында біреулердің өздеріне жүктелген міндеттерді табысты атқаратынын, ал басқалардың оны істемейтінін көруге болады. Мәдина Әбілқасымованы алыңыз. Ол туралы жаман ештеңе айтқым келмейді, бірақ ол тіпті немен айналысатынын айқын түсіндіре алмайды. Бірақ бұл әйелдердің мансаптық сатымен алға жылжуын шектеуге сылтау болмауы тиіс – ерлер-басшылар ортасында жағдай дәл осындай: кейбіреулері «жұмысты жанын салып істейді», басқалары жай ғана «уақыт өткізіп отырады».
Мысалы, әкім үшін ең бастысы не? Барабар үнемдеу режимін сақтай отырып, ақша қаражатын сауатты және тиімді пайдалану. Бірақ әйелдерүшін олбесіктегі шақтантанысданалық іс-әрекеттер. Көп жағдайда олар ай сайынғы табысы аз болған жағдайда да кіріс пен шығысты келістіріп, үй шаруаларын ретке келтіру, отбасын азықтандыру,емдеу, оларды киіндіру, коммуналдық қызметтерді төлеу арқылыжанұялықбюджеттібасқарады. Шетелдік жоғары оқу орындарындамұндай білім алу екіталай... Міне,сондықтан бізде әйелдердің әрбір өкіліталантты менеджер болып табылады.
Ұсыну уақыты
- Бірақ әкімтек қана бюджетке қарап тіршілік жасамайды…
- Ең алдымен, ол халықтың мұқтаждықтарын біліу қажет, олардыңкөтерген сұрақтарына жедел жауап беруі тиіс. Бірақ бізде азаматтық қоғам әлі дамымаған, халықпен кері байланыс іс жүзінде жоқ. Көптеген әкімдер мұндай байланысты орнатудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінбейді, алайда бұл олардың стратегиялық қателігі болып табылады. Ерте ме, кеш пе бүгін халықта жиналған наразылықтар сыртқа шығады. Оны кішірейтіп, құмарлықтың қызуыназайтутағы да әйелдердің қолынан келеді. Сондықтан, қазір оларды әкімдер лаузымына(және тек әкімдерлаузымынағана емес) ұсыну уақытыкелді.
Мен матриархатты насихаттайын деп отырған жоқпын, бірақ біздің елімізде әйелдердің саны ерлерге қарағанда көп, оларға әлеуметтік салалардан басқа да салаларда шешім қабылдау мүмкіндігін беретін кез келеді. Ал біз олардың басшылық өңірлер мен салаларды басқару қабілеттері жөніндегі бұрыс түсініктеріміздің кесірінен тіпті Иранды да қуып жетуге жарамадық. Иранда «әйелдерге жол жоқ» деген пікірлер – текке айтылған бос сөз. Іс жүзінде Ирандағы әйелдер өкілдері парламентте де отыр, жоғары лауазымдарға да ие, ал олардың үшеуі елдің вице-президенті болып табылады. Масқара болғанда, біздің елімізде 146 аудандық маңызы бар әкімдіктердін ішінде әкім қызметін тек үш әйел атқарады.
- Бірақ біздің шындыққа оралайық. Әйелдер әкімдер лауазымына ие болған жағдайда, олар қоғамда жиналып қалған наразылық толқынын қалайша тоқтата алады?
- Өмірлік даналық пен зейінділіктің арқасында. Мен мұндай мысал келтіремін. Менің бір танысым, табиғи жағынан күрт және сөзге шешен адам, іс үшін «өмір қожайындары» деп аталатын арсыз, көргенсіз адамдармен қарым-қатынас жасай алды. Мен оған қалай қол жеткізгенін сұрағанда, ол: «Мен олармен сөйлескенде ана үнін қосамын» деп жауап берді. Және бұның әсері бар екенін мен өзім көрдім. Егер әйел-әкім халықпен, сондай-ақ орталық билік органдарымен өзара қарым-қатынасты құру процесінде осы ана реңін шебер пайдаланса, ол талай жұмыстарды атқарады. Ол әрбір адамға, әрбір мәселеге өз көзқарасын табуға тырысады. Және оны міндетті түрде табатынына сенімдімін.
- Ал егер жасай алмаса?
- Жасай алмаса – жазалаңыз. Және олардан еркектермен бірдей талап етіңіз – мұнда да бөлу болмауы керек. Гендерлік шовинизмді көрсету жеткілікті! Ал ол бізде барлық жерде бар. Жақында ғана «дөңгелек үстелдің» модераторы – ер адамдардың сөздерін бос сөз сөйлеген кезде де тоқтатпағанеді, бірақ әйел регламенттен бір секундтқа асып кеткен жағдайдаоның сөзінөрескел түрде үзіп жібереді. Гендерлік шовинизм біздің шенеуніктерімізге терең қоныстанды.
- Бірақ бәріне жалғыз шовинизм кінәлі ме? Мүмкін, әйелдердің басым көпшілігіне билік үшін күрес негізінде қызық емес шығар, олардың басқа да мансаптық қалаулары бар болар?
- Әрине, мемлекеттік қызметте жұмыс істегісі келмейтін ерлер сияқты, дәл солай ойлайтын әйелдер де бар. Бірақ бұл жерде өзін сынап көруге дайын адамдар да аз емес. Неге оларға мұндай мүмкіндік бермеске? Посткеңестік кезеңде Қазақстанда классикалық үлгі бойынша алғашқы партияны кім ұйымдастырды? Әйел. Бүгін қазақстандықтар жақсы сөзбен еске алатын бұрынғы Денсаулық сақтау министрлерінің бірі кім? Тағы да әйел – өкінішке орай, дүние салған. Мұндай мысалдар аз емес. Бірақ бұл мысалдар сау амбициясы бар белсенді және жұмыскер әйелдерде қандай да бір бастаманың пайда болуы қаншалықты қауіпті екенін де куәландырады. Олар ерте ме, кеш пе ерлерге бөгет болады.
- Сонда әйелдер өмір бойы шетте қалуы керек пе?
- Жағдай, әрине, өзі жөнге келмейді. Әйелдер бастамашылық пен белсенділік танытуы керек. Азаматтық қоғамның дамуы сайын, әйелдер ұйымдарының санының артуына қарай (мен гендерлік қағидат бойынша бөлінудің қарсыласымын, бірақ бұл жағдайда бұл қажеттілік) әйелдер мен олардың бастамаларына деген қарым-қатынасы өзгеретін болады. Бірақ бүгін алғашқы қадам жасау үшін батылдық қажет.
Өзін өзі қорғау инстинктісі
- Жақсы, басқа нәрсе туралы сөйлесейік. Әкім лауазымына ие болған әйел сол өңірге не бере алады? Оның дамуына ол қалай әсер етуі мүмкін?
- Әйелдің мұндай лауазымға келуі (күлкілі болып көрінсе де) өңірдегі демографиялық жағдайға тікелей әсер етуі мүмкін. Ана ретінде (қалыптасқан немесе болашақ) ол ең алдымен денсаулық сақтауға, білім беруге, мәдениетке, халықты әлеуметтік қолдау мәселелеріне назар аударатын болады, бұл әйел табиғатынан туындайды. Басымдықта отбасы, оның табысы болады. Және бұл, қалай да болмасын, тұрақтылық болып табылады, ал оның жоқтығыкөбінесе бала туудың өсуіне кедергі келтіреді.
- Жақында қазақстандық әлеуметтанушылардың бірі елдегі ЖІӨ мен жемқорлық деңгейін басқарушы әйелдердің санымен тікелей байланыстырады деп мәлімдеген. Мұндай параллельдерұшақпен шыбынды салыстыруға ұқсас емеспе?
- Гендерлік теңдік пен ІЖӨ мөлшері арасындағы тәуелділікке келетін болсақ, ол екіталай. Ал әйелдердің басшы лауазымдардағы қатысуының арқасында сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеумүмкіндігіменкелісемін. Әрине, олар да жеке бас пайдасы үшін пара алып, қызмет бабын пайдалана алады, бірақ ерлерден гөрі, оларда өзін-өзі сақтау инстинктісі басымжәне олар отбасыларының болашағы үшін жауапкершіліктіаса қатты сезінеді. Ең алдымен, балаларының алдындағы жауапкершілік, өйткені егер ол заңды бұзып, ұсталатын болса, оның балалары анасыз қалады. Бұл әйел-басшыларды әрқашан қатерлі қадамдардан тоқтататын фактор.
- Әкім-әйел болған кезде экономикалық көрсеткіштер төмендеп қалмай ма?
- Бұл неліктен болу керек? Бізде барлық жерде көбінесе орынбасарлары жұмыс істейді, ал мемлекеттік органдардың бірінші тұлғалары тек жалпы басшылықты жүзеге асырады. Неге әйелдің келуімен осы схемада бір нәрсе өзгеруі тиіс? Әкім – стратег, ал оның орынбасарлары – стратегияны іске асыратын басқарушылар. Бірақ, әрине, әйелдерді әкім лауазымына тек олардың іскерлік қасиеттері мен құзыреттілік деңгейіне қарай ұсыну қажет.
- Сіздің ойыңызша, біздің әйелдеріміздің қайсысы ертең қандай да бір аймақты басқара алады?
- Өкінішке орай, Айткүл Самақова жасы бойынша әкім бола алмайды. Мен үшін бұл нөмірі бірінші кандидатура. Зағипа Балиеваға әртүрлі қарауға болады, бірақ іскерлік қасиеттері мен жұмыс тәжірибесі оны осындай лауазымға әлеуетті кандидат етіп жасайды. Көптеген адамдар жағымпаздық деп бағаласа да, мен Дарига Нурсултановнаны атаусыз қалдырғым келмейді. Менің ойымша, тағы бір лайықты әйел – Мәжіліс депутаты Гүлнар Иксанова. Бұл тізімге мәжілісмен Майра Айсинаны қосамын. Олардың барлығы, менің ойымша, тек өңірлерге басшылық жасап қана қоймай, оларды озық елді мекендер қатарына шығара алады.
- Бірақ бұл лауазымға Үміт Шаяхметова сияқты бизнес әйелдерін тарту қисынды емес пе? Олар әкімдердің алдында тұрған міндеттерді тез әрі оңай іске асыра алады деп ойлауға болады…
- Келіспеймін. Мұндай болжамдар тек теорияда ғана жақсы, ал тәжірибе керісінше жағдайды көрсетеді. Егер Шаяхметова басқаратын банк барлық құйылып жатқан ресурстарға қарамастан қызмет көрсету жағынан да, банк өнімдерінің сапасы жағынан да жақсы жетістіктерге жете алмаса, қандай да бір облысты басшылық ете алады деп қалай айтуға болады? Ол әдемі, сүйкімді және ақылды әйел. Бұл маңызды, бірақ мемлекеттік билік жүйесінде жауапты орын алу үшін жеткіліксіз.
Мемлекеттік қызмет үшін бизнес ортасынан «алтын балық» аулап алу оңай емес. Ресейде бұрыннан бері жұмыс істеп келе жатқан Молдахметовадан басқа өңірді басқара алатын ешбір әйел жоқ.