Бүгінде мемлекеттік қызметтің реформасындане болып жатыр? Оның соңғы үлгісі көрінеме? Реформаның арнасына еңгізіліп жатқанқосымша сюжеттер қаншалықты дұрыс? Реформалаудың процесінде қандай сәттерге назар аудару керек және неліктен? Талқылап көрейік.
Бүгінде отандық мемлекеттік қызмет жүйесі бойынша жасалған барлық эксперименттерді еске алу қиынға түседі. Оныжасаудыңмағынасы да жоқ. Бірнеше жыл бұрын олар жаңа «құрылыс» жүйесі шеңберінде жермен жексен етілді.
Реформаның жаңа форматы 2015 жылдың наурыз айында белгіленді. Экономикалық бағдарламаларды сапалы іске асыруды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру ұлт Көшбасшысы ұсынған бес институциялық реформаның бірі болды. Кезекті жаңғырту басталған соң екі жылдан аз уақытта бірталай жұмыс тындырылды. Жаңа кадрлар қабылдау, тестілеу, мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау принциптері түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Бірақ бұл жоспарға үнемі түзетулер енгізіліп тұратыны алаңдатады.
Тек осы айда ғана мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірқатар өзгерістер туралы жариялады. Атап айтқанда, әңгіме «А» корпусына іріктеудің жаңа ережелері туралы, орталық органдар мен әкімдіктер аппараттарының басшыларына жауапты хатшылар функцияларын беру жөнінде және мемлекеттік қызметке әлемнің ең тиімді 500 компаниясының мамандарын конкурстан тыс шақыру туралы болып отыр.
Бір жағынан, бүгінгі күні көрсетілген мемлекеттік қызмет жүйесінің контурлары үздіксіз кәсіби дамып келе жатқан тиімді және ашық мемлекеттік аппараттың пайда болуын болжайды, оның жұмыс нәтижелері көтермелеу жүйесімен тікелей байланысты. Екінші жағынан – әзірше мұның бәрі тек қағазда мінсіз болып көрінеді. Ал реформалардың шексіз ауысып тұрыуна байланысты, мемлекеттік қызмет жүйесін трансформациялаудың жалпы мағынасы жоғалып қалмай ма? Осы мәселе жөнінде біз сарапшыларға бет бұрдық.
Ербол Еділов, GR Consulting Group компаниясының стратегия және талдау жөніндегі басқарушы директоры: «Мемлекеттік қызмет трендтерге бейімделуде»
- Ербол Ондаганович, сіздің пікіріңізше, мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің «А» корпусына қабылдау ережесін өзгерту бастамасы немен байланысты?
- Анықтап алайық. Алик Шпекбаев «А» корпусының резервін жою мәселесі пысықталатынын мәлімдеді. Ол бүгін, шын мәнінде, жұмыс істемей, көбінесе өлі институт ретінде орын алуда. Сондықтан «А» корпусына тікелей байқау өткізу идеясы дұрыс. Оны іске асыру іс жүзінде жеке сектордан кәсіпқойлар үшін мемлекеттік қызметтің есігін ашуға қабілетті. Алайда, бұл шын мәнінде қалай орындалатыны – басқа мәселе. Ең бастысы, Агенттік пен президент Әкімшілігі бұл үдеріске үлкен ашықтықты қамтамасыз ететін болса, азаматтарымыз осындай байқаудың қалай өтіп жатқанын нақты көре алады.
- Егер «А» корпусымен бәрі анық болса, бірақ орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер аппараттары басшыларына жауапты хатшылар қызметін беріп, олардың рөлін арттыру ниеті мұндай айқын болып көрінбейді…
- Бүгін аппарат басшыларында жауапты хатшыларға қарағанда жауапкершілік пен өкілеттілік аз. Бастапқыда жауапты хатшылар институты әкімшілік мемлекеттік қызметтің жоғары лауазымы ретінде ойланғанын еске түсірейік. Мемлекеттік органның жұмысын кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу процесін және басқа да күнделікті рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі функциялар дәл соларда тұйықталады. Осы тұжырымдаманың іске мінсіз асырылмағанына қарамастан, жауапты хатшы орталық мемлекеттік органдарда кадрлық тұрақтылықты жақсы қамтамасыз етуде – оларда тым үлкен кадрлар ағымы жоқ. Ал әкімдіктердегі жағдай мүлдем қуантпайды. Жаңа әкімдер оларды ауыстыра алады және тәжірибе көрсетіп отырғандай, іс жүзінде әкімдіктің барлығы басшы кадрлық аппаратын өзгертеді. Әрине, парадигманың түбегейлі өзгеруіне сенгім келеді. Бірақ оған уақыт керек. Жалпы алғанда, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің дұрыс бағытта келе жатқанын мойындау керек.
- Мемлекеттік қызметке конкурстан тыс әлемдегі ең табысты бес жүз компанияларының мамандарын шақырудан тұратын басқа да бастама қызу пікірталас тудыруда. Мұны істеу қаншалықты пайдалы болуы мүмкін?
- Мемлекеттік қызметке Fortune 500 тізіміндегі компанияларда жұмыс тәжірибесі бар және әлемнің үздік университеттерінің PhD дәрежесі бар мамандарды тартуға келетін болсақ, жалпы бұл идея мемлекет басшысының мемлекеттік қызметтің қазіргі жүйесін неғұрлым инновациялық және озық жүйеге айналдыру мақсатымен жеке сектордан барынша көп мамандарды тарту тапсырмасымен тығыз байланысты. Және мұндай тәсіл перспективалы болып көрінеді, бірақ ол белгілі бір қауіп-қатерлерге әкелуі мүмкін. Ал осы орындарға тағайындау кезінде іріктеу өте мұқият өткізілген жағдайда ондай қатерлерден сақтануға болады. Fortune 500 мамандары шын мәнінде қажет, бірақ алдымен олардың мемлекеттік органдарға жұмысқа келу механизмі ойластырылуы тиіс. Дегенмен, қалай да болмаса, егер осы бастаманы енгізу нәтижесінде мемлекеттік қызметтің «жабық есігі» сәл ғана ашылатын болса, ол да жақсы. Қазір бұл есікке кіру «қатаң түрде рұқсаттама бойынша» шектелген және барлығымыз білетіндей, әр әкім заңнамалық шектеулерге қарамастан, өз командасын қалыптастыруға тырысады.
- Жалпы сіз мемлекеттік қызмет жүйесін реформалаудың барысын қалай сипаттайсыз?
- Соңғы бастамалар мен өзгерістерді кем дегенде қоғамның сұрауына берген жауап ретінде бағалауға болады. Қазақстандықтар соңғы он жылдықта қатты өзгерді және әртүрлі ресурстар арқылы мәселелер көтеріп (оның ішінде мемлекеттік қызмет жүйесінің кемшіліктеріне қатысты), өздерінің пікір білдіру құқығын белсенді пайдаланады. Қоғамдық резонанс өте елеулі болғандықтан билік оған осылайша жауап беруге мәжбүр. Яғни, мемлекеттік қызмет трендтерге икемделе отырып өзгереді.
- Бірақ жеке сіз үшін көптеген реформалардың соңғы контурлары айқын ба? Нәтижесінде біз қандай мемлекеттік қызмет жүйесіне тап боламыз?
- Қазақтарда «ниет» деген сөз бар. Орыс тіліне аударғанда ол «намерение» дегенді білдіреді, яғни «айнымас шешім». Бірақ аударма оған қойылған терең мағынаны көрсетпейді. Біздің мемлекеттік қызметкерлеріміздің ой-пікірлері жеке басын байытып, өз мүдделерін сақтауға бағыттанбай, мемлекеттік мүдделерді қатаң сақтауда және халықтың мүддесіне сәйкес болуы тиіс. Жүргізілген реформалар осындай формациядағы шенеуніктердің пайда болуына алып келеді деп үміттенемін. Реформаның мәресінде біз халыққа нақты есеп беретін мемлекеттік қызметшілерді көреміз деп үміттенемін. Нәтижесінде бүгін үлестік князьдерге айналған әкімдерді ұмытатын боламыз.
Айтпақшы, әкім туралы. Қазақстанда ірі бизнесмендерді саясатқа, мемлекеттік басқару саласына рекрутинг тәжірибесін алу керек. Ресейдегі жарқын мысал – 2000 жылдардың басында Роман Абрамович Чукотка автономиялық округінің губернаторы болды. Бүгін Қазақстанда Forbes тізімінен қазақстандық бизнесмендерді екі-үш аймақтың басшылары етіп неге тағайындамасқа? Облыс әкімдері ретінде олар мемлекеттік басқаруға жарыс пен бәсекелестік рухын енгізер еді.
- Әзірше бізге осындай «жарқын болашаққа» дейін өте алыс сияқты емеспе? Оны қалай жақындатуға болады? Мемлекеттік қызмет жүйесінде қандай кемшіліктерді жоюға назар аударар едіңіз?
- Бірінші кезекте, бұл аймақтарда бұрынғысынша қалыптасқан командалық орын ауыстыру тәжірибесі. Кейбір әкімдер президент Әкімшілігіндегі аударымдарды келісу сылтауымен 20 іріктелген және сенімді адамнан «жолжүкті» тәсілмен алып жүретіндер бар. Олар кейін жергілікті биліктің ең ықпалды қызметіне ие болады. Мұндай келісім жүйесі жариялымды және ашық болуы тиіс. Кез келген әкімнің командасында өңірдің ерекшелігін білетін, әрбір жоба мен проблема нені жасырынатынын білетін адамдар қажет. Ең бастысы, бұл кәсіпқойлар. Әрине, басшыға сенімді адамдар қажет, бірақ кәсіпқойлық – сенім критерийлерінің бірі.
Екіншіден, біздің мемлекеттік қызметкерлер халыққа қарай біраз бағытталғанына қарамастан, әлі де одан алшақ. Лондон мен Нью-Йоркте мэрлер метромен журеді, ал бізде 30-40 миллион тенге тұратын люкс көліктерімен жүреді. Олар сол көліктерінің терезелерінен нақты өмірді көретініне мен күмәндім.
Үшіншіден, өңірлердің басшыларына тән көкірек көтеру әдетті жою. Әрине, барлық әкімдер бірдей емес, бірақ олардың арасында «қарапайымдылық» деген сөздің мағынасын ұмытып кеткендер бар, алайда мемлекет басшысы оны оларға үнемі түсіндіріп отырады.
Төртіншіден, мемлекеттік қызметшілердің халық алдында жасанды көрсеткіштер беруді доғарып, нақты есеп беруін қамтамасыз ететін кез келді. Олар өздерінің есептерінде көрініс табатын нәрсе негізінен тек көзбояушылық, шын мәнінде бәрі де басқаша болып шығады.
Бесіншіден, жергілікті орындардағы мәслихаттар, қоғамдық кеңестер «қуыршақ театрлары» тәрізді болмай, атқарушы билікке аса талапшыл болғандары жөн. Әрбір бюджеттік теңге үшін әкімдерден сұраныс қажет және одан мәслихаттар мен қоғамдық кеңестер жауап талап етуі тиіс.
Сұлтанбек Сұлтанғалиев, саясаттанушы: «Меритократия ұстанымы тек бәсекелестік ортада ғана іске асырылуы мүмкін»
- Сұлтанбек, мемлекеттік қызметті реформалау үдерісіне үнемі енгізілетін өзгерістерді немен байланыстырасыз?
- Мемлекеттік қызметтің кезекті реформасы ел мен қоғамды жалпыұлттық жаңғырту аясында өтуде. Мен реформалауды кезекті деп бекер атамадым, өйткені мемлекеттік қызмет ережелері мен рәсімдеріндегі өзгерістер үрдісі үздіксіз жүріп жатыр. 1997 жылы «Қазақстан-2030» жолдауында мемлекет басшысы басқарудың тиімді мемлекеттік аппаратын құру мәселесіне ерекше назар аударды. Содан кейін жылдан жылға, жолдаудан жолдауға және президенттің көпшілік алдында айтқан сөздерінде де бұл тақырып үнемі орын алады. Осындай тұрақты назардың себебі – президент, халықтың басым көпшілігі сияқты мемлекеттік қызметтің сапасына қанағаттанбады. Өкінішке орай, мемлекеттік органдар жұмысының пайдалылығы мен тиімділігінің коэффициенті жақсырақ болуы тиіс. 500 шетелдік мамандарды шақыру туралы бастаманың өзі президенттің мемлекеттік қызмет деңгейіне наразылығын білдіреді. Осы ахуалдың оң сәті мемлекет жоғары басшылық арқылы орын алған кемшіліктерді жақсы түсінеді және реформалау арқылы жағдайды жақсы жаққа өзгертуге ұмтылады.
- Сіздің ойыңызша, бұған қалай қол жеткізуге болады?
- Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға қабілетті негізгі факторлардың бірі мен өз ведомствосының жұмысы үшін басшылардың жауапкершілігін арттыруды атап өтетін едім. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін басшылардың дербес жауапкершілігі туралы ұсынысы өте уақтылы деп санаймын. Бюрократиялық ортада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу үшін мемлекеттік бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығы және жұртшылықты шығыстар баптары бойынша ақша бөлу мәселелеріне тарту және бюджеттің атқарылуын бақылау өте маңызды. Белгілі бір жаңғырту кезінде сол қоғамдық кеңестер осы функцияларды мәслихаттардың депутаттық корпусымен қатар тиімді орындай алар еді.
Әкімдердің сайланбалылығына бөлек назар аударғым келеді.Әкімдердің сайланбалылығын енгізу – бұл барлық проблемалар мен қиындықтардан емдейтін панацея емес, мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыруға және саяси жүйені одан әрі демократияландыруға бағытталған қадамдардың бірі ғана екенін түсіну керек. Бұл жаңашылдық еңгізілуі сөзсіз және біз неғурлым тезірекауылдық округтер, аудандар мен қалалардың әкімдерін халық өздері сайлайтын кезеңге келсек, соғұрлым жақсы болады. Осы жолда, әрине, халықтың саяси сауаттылығының төмендігін, трайбалистік көңіл-күйдің болуын, протекционизмді, өңірлік кландар мен олардың мүдделерін ескере отырып, басында біраз қиындықтарболатыны анық. Таңдау фарватеріндегі айқын және жасырын рифтер көп. Алайда, оны қалай да болмасабір кездебастау керек. Өз халқына көбірек сену қажет. Сынамалар мен қатерлер әдісімен халықшын мәнінде лайықты және құзыретті адамдарды әкімдер ретінде іріктейтін болады. Тек бәсекелестік ортада ғана шын мәнінде мемлекеттік басқарудың қолайлы және табысты жүйесіндегі іргетасы болып табылатын меритократия қағидаты іске асырылуы мүмкін. Әкімдердің екінші сайлауында біз халық сайлаған шенеуніктердің сапасы бойынша қанағаттанарлық нәтиже аламыз деп сенемін, ол атқарушы билік органдары жұмысының тиімділігіне дұрысәсер етеді. Бірақ мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін алғашқы сайлау өткізу керек.