3741 28-11-2014, 22:51

Танымал театр сыншысы Әшірбек Сығай дүниеден өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, театртанушы Әшірбек Төребайұлы Сығай 68 жасқа қараған жағында дүниеден озды.

Әшірбек Сығай 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында өмірге келген. 1969 жылы Алматы консерваториясын бітірген.

1974 - 78 ж. Қазақстанның Мәдениет министрлігінде театр бөлімінің бастығы, 1978 - 79 ж. Алматыдағы өнер басқармасының бастығы әрі коллегия мушесі, 1979 - 83 ж. Қазақстан КП ОК-інің мөдениет бөлімінде нұсқаушы, 1983 - 89 ж. Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары, 1989 - 91 ж. Алматы театр және кино институтының ректоры, 1991 - 94 ж. Қазақстан Мәдениет министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.

"Іңкәр шақ" (1978), "Сыр сандық" (1981), "Сахнаға сапар" (1990) атты бірнеше кітаптардың авторы. Кентау және Түркістан қалаларының Құрметті азаматы.

Театр сыншысы соңғы жылдары Астанадағы Қазақ ұлттық Өнер университетінде қызмет етті.

Ол - он бестен астам кітаптың авторы.

Қазақ театр өнеріндегі ең беделді сыншының пікіріне драматургия саласындағылар құлақ асатынын айтады сахна тарландары.

"Жазса шебер, сөйлесе шешендігімен ел есінде қалған Әшірбек Төребайұлы соңғы жылдары жүректің созылмалы дертімен науқастанып жүрген еді", - дейді оның үзеңгілестері.

"Ол келе жатқанда кез-келген театр тік тұратын. Өзі маңмаң басып ерекше жүреді. Сонысына қарай оның сыны, әрбір айтқан сөзі мірдің оғындай еді. Ол жас кетті деуге болады. Себебі әлі де атқарар жұмысы ұшан-теңіз болатын. Амал қанша, бақұл болсын деп, көңіл айтамыз", - дейді Есмұхан Обаев "Астана" арнасы.

 Источник: BAQ.KZ

Тут была мобильная реклама Тут была реклама

Комментарии

Author Самал
Редактировать / Удалить/ Цитировать
29-ноя-2014, 21:01

Қайран ағам! жақсы өте білімді, парасатты адам еді, Жансарай бағдарламасын Хабардан жүргізді қанадй парасатты танымдық бағдарлама еді.Біздің әншілер жүргімізіп жүрген жеңіл желпі ойсыз шоулардан 1000000 есте артық еді. Иманды болсын ағамыз. Үлкен бір газет басқаратын ағалар қазақ ағалар осы кісіден көзі тіріснде үйреніп алу керек еді қалай үлкен кісі болып жүруді!

Олар үйренгілері келмейді ғой... қыжыр бұжыр біреулер қыңырайған күпиген өзінше болған тыжырынып қалған Әшірбек ағамыздан үйренетін шығар енді көзі кеткен соң