Сейсенбі, 19 қаңтар 2021 ЖЫЛЫ
13983 10-01-2019, 15:54

Зейнетақылар: шенеуніктер тек өздері ойлап тапқан нәрселерге ғана сенуді жалғастыруда

Әлеуметтік саладағы кез келген реформа – өте ауыр процесс болып табылады. Сонымен қатар ол тек қана халық үшін емес, осы реформалардың авторларының өздері үшін де қиынға түседі. Соңғы жиырма жылда қанша «қызу бастар» биік мансаптарынан айырылып, қанша министрлер отставкаға немесе мәжбүрлі «демалысқа» жіберілгенін естеріңізге түсіріңіздерші. Алайда, мұндай қайғылы тәжірибе шенеуніктерді ештеңеге де үйретпеген көрінеді. Олар әлі де аспанның ең жоғары бөлігінде ұшып жүргендей, ал олардың енгізген жаңашылдықтары, бұрынғысынша, көбінесе «аспаннан алынған», яғни шынайы негіздемелері жоқ.

Трансформация ма, әлде мутация ма?

Иллюстрация ретінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметін келтіруге болады. Оны «жаңа», яғни бұған дейін осы ведомствода да, оған бағынысты құрылымдарда да жұмыс істемеген (ал сондықтан қателік жасамау үшін өзінің әрбір қадамын нақты есептеуге міндетті) министр Мәдина Әбілқасымова басқарғанына қарамастан, осы салада қалыптасқан көпжылдық «дәстүрлеріне» тұтқынға түсіп қалғандай болып сезінеді.

Сондықтан да, ол өзінің көптеген ізашарларының маңдайын жарған қателіктерді жасайды деп болжауға болады. Оның басшылық еткен бір жылдан аз уақыт ішінде министрлік бірнеше «дұрыс емес шешімдерге» жол беріп үлгерді, олардың саны көбейіп барады және олар ең жоғары деңгейде талқылауға себеп болуы да барған сайын жиіленіп барады. Басты себеп Абылқасымованың командасы алға жылжытылып отырған реформалардың аналитикалық сүйемелдеудің маңыздылығын айқын бағаламайтындығында болып көрінеді. Бұл ведомствода сараптамалық пікірді қадірлеу жолымен емес, Макс Фрай шығармашылығы жолымен және тек қана оның: «Сенде бәрі жақсы деген көрініс жаса. Сен бұл қаншалықты тиімді әдіс екенін түсінген кезде таң қаласың. Өзің өзіңді алданғаннан кейін, әлемдегі барлық нәрсені жасау сенің қолыңнан келетін болады» деп жазған «жарғысы» бойынша тіршілік жасайды деген сезім пайда болады.

Абылқасымованың командасының «қолынан келетін» болып табылған іс, мысалы, ұзақ жылдар бойы мамандар да, парламентарийлер де қайта қарау қажеттілігі туралы айтып жүрген базалық зейнетақыны есептеу әдістемесі сияқты тауды қопарып тастау. Өткен жылдың шілде айында өзгерістер ақыр соңында шындыққа айналды. Уәде еткендей, олар «әлеуметтік әділеттіліктің жеңісіне» әкелуі тиіс еді. Бірақ, шамасы, бұл теорияда оңай көрінгенмен, бірақ іс-жүзінде осындай оптимистік болжамдар мен үміттерді жоққа шығаратын жағдай болып шыққан сияқты.

Жаңашылықтың мән-жөні туралы қысқаша еске салайық. Бұрын базалық зейнетақы барлығына бірдей болатын және еңбек өтілі есепке алынбайтын, ал енді еңбек өтілі ескеріледі. Егер ол он жылдан аз болса немесе мүлдем болмаса, онда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) 54 процентін құрайды. Он жылдық стаждан асатын әрбір жыл үшін екі процент қосылады. Тиісінше, еңбек өтілі 33 жылға тең адамдарда бұл ең базалық бөлігі ЕТКД-мен теңестірілді.  Өткен жылы бұл көрсеткіш 28284, ал 2019 жылы – 29698 теңгені құрады.

Егер ҚР Зейнетақы жүйесін жаңарту Тұжырымдамасында жазылғанына сенетін болсақ, ұсынылып отырған өзгерістер тек құрметті демалысқа шыққан адамдардың кедейлік деңгейін төмендету ғана емес, сонымен қатар болашақ зейнеткерлердің еңбекке деген ынтасын күшейтуге және еңбек қатынастарын заңдастыруға бағдарланған. Және шенеуніктер айтқан сандары да оптимизмді тудырды. Атап айтқанда, Әбілқасымованың өзі өткен жылдың жазында «базалық зейнетақы орта есеппен 67 процентке артады», «зейнетақы жасындағы миллионнан астам қазақстандық ең жоғары мөлшерде базалық зейнетақы алады», ал «930 мың адам үшін 37-ден 81 процентке дейін артады» деп айтқан. Бірақ зейнетақылық жұмақ орнады деп сенуге сарапшылар мүмкіндік бермеді.

Олар бірден дерлік – идея тек талқылана бастаған кезде – оны наразылықпен қабылдаған еді. Сондай-ақ, біздің газетімізге берген сұхбатында, бұрын Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының бас директорының орынбасары және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған қоғам қайраткері Людмила Жуланова мұндай түрдегі реформа кез келген нәрсені көздеуі мүмкін, бірақ ол әлеуметтік әділеттілікке негізделген емес деген түсініктеме берген.

Оның айтуынша, жасына байланысты төленетін базалық жәрдемақының мағынасы алдағы уақытта ынтымақты зейнетақы төлеу тоқтатылған жағдайда ол мемлекеттің зейнеткерлерін қолдау бөлігінде ерекше өзектілікке ие болар еді. Әсіресе, бұл әр түрлі себептерге байланысты жұмыс істей алмаған, сондықтан зейнетақы жинақтары жоқ адамдар үшін маңызды болды. Мысалы, жұмыс істемеген көп балалы аналар үшін. Жәрдемақыны базалық зейнетақыға трансформациялаумен осы идея жоққа шығарылды. «Менің ойымша, жасына байланысты базалық жәрдемақыны сақтап қалу қажет – мемлекеттің патерналистік саясаты барлық азаматтарға бірдей қарым-қатынасты көздейді. Әрбір адам қартайғанда өзінің жинақтағандарын алатын болсын, бірақ мемлекеттік қолдау кемсітушілді болмауы тиіс», – деп қорытынды жасаған Людмила Жуланова.

Оны көптеген басқа сарапшылар қолдады, бірақ министрлік бірде-біреуіне назар аудармай және реформалардың түп-тамырымен өзінің алдындағы көптеген су астындағы тастарға барынша тіреліп қалу мақсатын қойып алған сияқты алға ұмтыла жөнелді. Анықтама үшін айта кету керек: зейнетақы жаңашылығын енгізудің алғашқы айында ғана әлеуметтік қамсыздандыру органдарына және «Азаматтарға арналған корпорацияның» өкілдігіне түсініктеме алу үшін жиырма мыңнан астам қазақстандық жүгінді. Бірақ тоқтап, ойланып, басталып кеткен процеске түзетулер енгізуге ешкімнің уақыты болмаған сияқты. Осыған байланысты, марқұм Виктор Черномырдин өзінің шын мәнінде данышпан фразасымен еске түседі: «Олар қазір бүлдірілген нәрселерін жалғастыруға мәжбүр».

Қателіктермен жұмыс істеу

Егер күзде депутаттық корпус басталған реформаның рельстеріне жарылғыш заттарды қоюға тырыспаса, әлеуметтік-серпінді нәрсе деп ұсынылған базалық зейнетақының трансформациясы қазіргі кезде де өзінің өзгерулерін жалғастыра беруі ықтимал еді. Атап айтқанда, парламенттің төменгі палатасының пленарлық отырысында Артур Платонов премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына сұрау салып, көптеген зейнеткерлер мен зейнетке шығып жатқан мемлекеттік қызметкерлер, жеке құрылымдар өкілдері, ЖШС, ЖК түріндегі кәсіпорын қызметкерлері базалық зейнетақыны есептеудің қазіргі әдістемесімен келіспейтінін атап өтті.

Мәжілісмен өз сұранысына қосымша министрдің әдемі салып берген суреттемесіне үлкен күмән тұдыратын фактілерді келтірді: «Әлеуметтік қорғау органдарында базалық зейнетақыны ресімдеу кезінде, сондай-ақ оны қайта есептегенде көрсетілген адамдар келесі мәселеге тап болады – еңбек кітапшасындағы еңбек өтілі халықты әлеуметтік қорғау органдарының есепке алынған еңбек өтіліне сәйкес келмейді, өйткені әлеуметтік қорғау органдары тек міндетті зейнетақы жарналары түскен айларды ғана қосып санайды. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін жеңілдетілген салық салу нысаны бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар салықтарды, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды жарты жылда бір рет төлей алатыны анықталды. Ережелер бойынша бұған тыйым салынбаған болатын, оларға сәйкес қызметкерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей есептелінген. ЖШС және ЖК негізгі массасы әуелден осылай жасайтын, өйткені осы тәсіл уақытты да, ақшанына үнемдейтін. Жеке кәсіпкерлер жеңілдетілген тәсіл бойынша аударымдарды тоқсанына бір рет жүргізеді, яғни зейнетақы есептелетін кезде салықтар да төлеген күні бойынша алынады. Нәтижесінде төрт жылғы еңбек өтілі бір жыл екі айға айналып қалады. Яғни, жұмыс беруші ақша уадаруын бір тоқсан үшін бір жолда жасайды, ал төртінші тоқсан мүлдем келесі жылдың бірінші тоқсанында төленеді, сондықтан бір жылда тек үш ай ескеріледі».

Нәтижесінде депутат келесі тұжырымдамаға келеді: «Парадокс туындайды. Еңбек кітапшасында жұмыс істеген фактісін растайтын жазу бар, бірақ оған қарамастан, базалық зейнетақыны жаңа әдістемеге сәйкес есептеген кезде міндетті зейнетақы жарналарын санағанда былай болып шығады: егер зейнетақы жарналарын аударуы бір ай ішінде бірден бірнеше ай үшін жүзеге асырылған болса, онда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу уақыты тек бір айды құрайды. Әлеуметтік қызметтерінің жұмыскерлері бұл ережеге сүйене отырып, аталған санаттағы зейнеткерлерге өздерінің жұмыс өтілін  сот инстанциялары арқылы дәлелдеуді ұсынады».

Премьер-министрдің еңбегін мойындау керек – ол жағдайды тексеруге шешім қабылдады. Өткен жұмада белгілі болғандай, Бақытжан Сағынтаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тағайындалған базалық зейнетақыны еңбек өтілін есепке алудың дұрыстығы жөнінде тексеру жүргізуді тапсырды.

Одан нәтиже күтіге болама?

Түсініктеме алу үшін біз зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерін жақсы білетін отставкадағы полковник Сәрсенбай Жұмашевке жүгіндік. Алдағы келе жатқан «оқиғаларды сыни тұрғыдан талқылаудың» нәтижесіне ол үлкен үміт артпайды, өйткені Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан да, депутаттық корпус тарапынан да мәселелерді шешуге арналған конструктивті көзқарасты көріп тұрған емес.

- Менің ойымша, депутат Есеп жүргізу әдістемесімен келіспей отырған жоқ, ол Еңбек кодексіне сәйкес еңбек кітапшасы бойынша немесе қызметтік тізім бойынша жеке істе белгіленетін нақты еңбек өтілімен немесе еңбек еткенімен расталған азаматтың еңбек қызметі кезеңіндегі төлем көлемімен келіспейді, – дейді Сәрсенбай Алдиярұлы. – Еңбек кітапшасында көрсетілген еңбек өтілі міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңімен сәйкес келмей тұрғаны, – бұл мүлдем басқа іс. «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң адал орындалған жағдайда және жұмыс беруші рәсімделген еңбек шартына сәйкес қызметкердің зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударуларды жасап тұрған жағдайда шындықпен ешқандай алшақтық болуы мүмкін емес. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің МЗТО мен ӘТВЕО аумақтық органдарының қызметкерлері жұмыс (қызмет) өтілі расталатын құжаттармен дәлелделгеніне қарамастан жұмыс өтіліне кіргізілмесе, бұл олардың құзыретті еместігінің проблемасы. Егер жұмыс беруші ЖШС немесе ЖК уақытында төлемдерді зейнетақы қорына жіберіп түрған болмаса, ал әлеуметтік органның қызметкерлері 4 жыл еңбек өтілді 1,2 жылға айналдырып жіберсе, онда азаматтың бұл жерде кінәсі барма? Мұнда әдістеме кінәлі емес, мұнда заңдардың орындалуын бақылау және қадағалау органдарының жарамсыз жұмысы орын алуда. Және бұл жерде адамдарды өздерінің жұмыс өтілінің бар екендігін сот инстанциялары арқылы дәлелдеу үшін мәжбүрлеуге бағдарланған әрекет өте қоймайды. Бұл түйені өзінің түйе екенін дәлелдеуге міндеттеу сияқты емеспе. Сонымен қатар, бұл уақытты, денсаулықты, адвокаттық қызметке ақы төлеуді талап етеді. Нәтижесінде ол өзі үшін өте қымбатқа түсетін болады.

Сәрсенбай Жұмашевтің пікірінше, заңнаманы өзгерту «зейнетақы» мәселелерінің негізгі массасын біржола шеше алатын еді.

– Мен «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңынан «тағайындау», «тағайындалады» деген сөздерді алып тастауды ұсынар едім,дейді ол, – және мынадай норманы енгізуді ұсынар едім: «Зейнетақы (жәрдемақы) құқығы нормалар, мөлшерлер және заңмен белгіленген тәртіп негізінде табыстар туралы анықтама және еңбек кітапшасынан (қызметтік тізімнен) үзінді көшірме негізінде есептік жолмен ресімделеді. Зейнетақы (жәрдемақы) мөлшерін есептеу үлгісін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Есептің бір данасын ұйым қызметкердің зейнеткерлік жағдайы басталғаннан кейін жұмыстан босатылған кезде береді, есептің екінші данасы зейнетақы төлемдерінің түрін, мөлшерін (%) және сомасын (теңге) белгілеу жөнінде шешім шығару үшін аумақтық әлеуметтік қамсыздандыру органдарына жіберіледі». Осымен болғаны. Сол кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне де қандай да бір арнайы есептеу әдістемелерін ойлап табудың қажеті жоқ, депутаттарға премьер-министрге сауалдар жолдаудың қажеті жоқ, ал министрлер кабинетінің басшысына оларға жауап берудің керегі болмайды...

Бірақ, әрине, Сәрсенбай Жұмашев өзінің және басқа сарапшылардың айтылған идеяларын «жоғарыда» онша бағаламайтынын жақсы түсініп отыр – онда халықаралық тәжірибенің әр жерлеріндегі үзінділерден жасалған симбиозды қалайды. Сондықтан, өкінішке орай, алдағы өзгерістер сәтті болатынына сенім жоқ. Тіпті ол мәселені премьер-министрдің өзі көтергеніне қарамастан…

Комментарии