Жұма, 25 қыркүйек 2020 ЖЫЛЫ
797 12-12-2018, 10:30

Француз сабақтары. «Сары кеудешелердің» көтерілісін не тудырды және ол Қазақстан билігін қандай нәрселерге үйретеді?

Эмманюэль Макронның халыққа жақпайтын реформаларына қарсы «сары кеудешелердің» күтпеген жерден пайда болған наразылығы көптеген қалаларда ауқымды қиратуларға алып келді және уақытша болсада, француз үкіметінің капитуляциясына апарып соқты. Билік дизель отынына салық енгізуді кейінге қалдыруды, сонымен қатар газдың және электрқуатының тарифтерін көтермеуді шешті. «Сары кеудешелердің» жетістіктері басқа елдердегі халықтың әлеуметтік осал топтарын жүгерлендірмейме? Қазақстан «француз бунтынан» сабақ алуы керек пе? Бұл туралы саясаткер Айгүл Омаровамен әңгімесеміз.

- Айгүл, Францияда болған соңғы оқиғаларға сіз қандай «диагноз» қоятын едіңіз?

- Бастамас бұрын біраз тарихқа оралайық. 1968 жылдың мамыр айында осы елде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауынан туындаған жаппай наразылықтар пайда болған. Жұмыссыз адамдардың санының өсуі, жұмысшылардың еңбекақыларының төмен болуы, халықтың әртүрлі жіктерінің кірістеріндегі айтарлықтай үлкен алшақтық наразылық акцияларына әкеліп соқты. Бірінші болып студенттер көшеге шыққан еді, содан кейін кәсіподақ бастаған басқа да әлеуметтік топтардың өкілдері шықты. Олар президент де Голльдың отставкаға шығуын, 40 сағаттық жұмыс аптасына көшуді, 60 жастан бастап зейнетке шығуды, ең төменгі жалақының мың франкке дейін көтерілуін талап етті. Наразылық білдіру жаппай наразылық акциялары деңгейіне дейін өскен, нәтижесінде билік мерзімінен бұрын парламенттік сайлауды жариялауға мәжбүр болды. Бірақ Де Голль жариялаған сенаттың және жергілікті биліктің реформасы бойынша референдум бір жылдан кейін сәтсіз болып шықты, сондықтан генерал отставкаға кетті.

Бүгін не болып жатқанын қарап көріңіз. Билік жанармайдыңбағасының көтерілгенін жариялайды. Мұндай шешімнен кейін көп ұзамай қараша айында Париждегі наразылық акциялары басталады, содан кейін оларға Францияның басқа қалаларының тұрғындарыдақосылады. Ұқсас оқиғаларғой,дұрыс емес пе?

Бірақ жанармай бағасының өсуіне қарсы орын алған наразылық – ол тек айсбергтің шыңы ғана. Шын мәнінде, жарты ғасыр бұрын сияқты, адамдар көшелерге «еңбекшілердің қажеттіліктеріне» бет бұрғысы келмейтін биліктің әрекеттеріне наразылығын білдіру үшін шықты. Ұрандар да сол кездегі сияқты – азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсарту. Қараша айындағы наразылық акциялары билікке оның халыққа адал қызмет жасауға міндеттілігін, яғни биліктің басты мақсаты – еліміздің қатардағы тұрғындары үшін жақсы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету екендігін еске салды. Француздар бүкіл әлемге «абырой» және «құрмет» деген сөздер тек қана бос дыбыс емес екенін көрсетті. Және бұл шын мәнінде солай болып табылады. Қазір 21 ғасырдың екінші онжылдығы аяқталып барады және адамдар бұрынғыдан мүлдем өзгеше.Мінеосыны жоғарыдағыкөптеген адамдар әлі күнге дейін түсінбейді.

- Француз билігі митингшілердің талаптарына келісті. Бұл қаншалықты дұрыс?

- Қалыптасқан жағдайда президент Макронның өзге жолы болмады деп ойлаймын. Оның рейтингі төмендеп барады, бай адамдар мен кедейлердің арасындағы қашықтық барған сайын өсуде, елдің экономикасы бірнеше апта бойы орын алған наразылықтың салдарынан көптеген шығындарға ұшырады. Ал егер митингілер тағы да жалғасатынын елестетіп көретін болсақ, онда экономиканың коллапсқа түсуі әбден мүмкін. Бірақ билік ондай жағдайға жол беруге бармайды.

- Одан әрі қарай не күтуге болады?

- Еске алайық, билік жанармайға салынатын салықты көтеру шешімін жақсы ниетпен, атап айтқанда экологияға деген қамқорлықпен ақтауға тырысқан еді. Олардың мәлімдеуі бойынша, мұндай арттырудың нәтижесінде көшелерде жеке-меншік автомобильдердің саны азайып, қоғамдық көлік көптеп пайда болады және электрокарлардың саны артады. Шынымды айтсам, бұл утопия. Біріншіден, адамдар кез келген жағдайда жол жүріге ыңғайлыболып табылатын жекеавтокөлігіне үйренген. Екіншіден, жұрттыңбарлығы тәулік бойы жүретін қоғамдық көлікке отыратынын елестету қиын. Ал кез-келген адам электромобильге ауысатындай, олардыңөндірісі де соншалықты ауқымды емес. Бұған салықтың өсуінқосыңыз, сонда француздарды қозғап отырғанәділ ашуекені түсінікті болады.

Нәтижесінде билік өкілдері артқа қарай шегінуге мәжбур болды: олар отын бағасының өсуіне жарты жылдық мораторий енгізуге, газдың және электрқуатыныңбағасынкөтермеуге келісті. Салық жүйесін өзгерту бойынша ұлттық дебаттар өткізу ұсынылып отыр. Мұндай қадамдар билік ақыр соңында азаматтарға бет бұрып, оларды естігенітуралыайтады. Ал наразылық білдірушілерболса дәл осыныталап еткен.

Әрі қарай не болатынын айту қиын. Алайда, «сары кеудешелердің» көшбасшылары наразылық акцияларын жалғастыру туралы мәлімдегені белгіліболды. Олардың мақсаты – халықтың ашуын тудырған үкімет бастамаларының күшін жоюға қол жеткізу. Басқаша айтқанда, егер әлеуметтік бағдарламалар қысқартылатын болса, онда Макрон өз орнын мерзімінен бұрын тастап кетуі мүмкін.

- Ал дүкендерді талқандап, көліктерді өртеген адамдармен не істеу керек?

- Барлығымыз білетіндей, 2005 жылдың наурыз айында Бішкекте де дүкендерді талқандаған. Қаланың ең ірі сауда орталықтарының біріндегі бутиктің иесі жұмысшыларымен бірге аман қалған тауарларды шығарып жатқан кезде ресейлік телеарналардың бірінен оларды мародерлер ретінде көрсеткендігін айтып бергені есімде. Мұның бәрі салыстырмалы болып табылады және барлығы жағдайды қалай елестетуге байланысты екенін айтқым келеді. Мұндай жаппай акциялар болған кезде, біреулер оларды пайдаланып, шексіз тәртіпсіздік жасауға кіріседі – витриналарды қирата бастайды немесе автомобильдерді өртейді. Әрине, мұндай нәрселер болмауы керек. Наразылық білдірушілерге көзден жас ағызатын газ шашып және оларға шоқпармен ұмтыла жөнелудің орынына (француздар өздеріне қарсы жасалған мұндай әрекеттерді кешірмейді) полиция қызметкерлері тәртіп сақтауды қадағалаулары қажет.

- Франциядағы оқиғалардан біздің билік пен азаматтық қоғамымыз қандай сабақтар алуға тиіс?

- Өздеріңіз білесіздер, біз үнемі жаһандану туралы айтып отырамыз. Қазіргі заманғы технологиялар әлемдік кеңістікті шекті деңгейге дейін қысқартып тастады, сондықтан Францияда болып жатқаны бізді алаңдатпауы мүмкін емес. Оның үстіне біздегі проблемалар ұқсас. Қазақстанда жақында заңға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін бірыңғай жиынтық төлем деп аталатын түзетулер енгізілді. Шын мәнінде, енді барлық жұмыссыздар бұл салықты төлеуге мәжбүр болады. Ал өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны екі миллионнан астам адам болғандықтан, мұндай шешім әлеуметтік наразылықтың өсуіне әкелуі мүмкін.

Оның орнына көптеген экономистер ұсынғандай байлық салығын енгізген жақсы болар еді. Мен жеке өзім мұндай ұсынысты қолдаймын. Ал бұл мемлекет тарапынан ұсынылып отырған шаралар халықтың негізгі массасының одан әрі кедейшілікке апаратын болып тұр. Мысалы, қымбат автомобильдерді сатып алу және той өткізу салығын енгізген жақсы болар еді. 10 мың доллардан астам сомаға зат сатып алсаң немесе мереке ұйымдастырған болсаң – салық төле. Сатып алуға немесе тойға көп қаражат жұмсалса, салықтың проценттік ставкасы жоғары болуы тиіс. Бай адамдардың ашуынан қорықатын ештеңе жоқ – олар Қазақстанның арқасында өздерінің байлықтарына ие болған. Мұнда төлегісі келмесе– кетіп қалсын, бірақ алдымен барлық қарыздардықайтарсын.

Жоғалтатын нәрселері жоқ адамдардың ашуынан қорқу керек. Ал Францияда көшелерге жоғалтатынештеңесі жоқ адамдаршықты.Оның үстіне ол ондаған, жүздеген адамдар емес, ол жүз мыңдаған адамдар. Бұл туралы ұмытпау керек.

 

Комментарии