Бейсенбі, 24 қыркүйек 2020 ЖЫЛЫ
1302 7-11-2018, 11:43

Қазақстан мен Ресей: кеңес кезеңінің тапшылығынан – орасан зор әлеуметтік теңсіздікке

Бай, кедей…

Фридрих Эберт атындағы Қордың Қазақстандағы өкілдігі, Орталық Азия елдерін зерттеу Орталығы және КИМЭП университетінің Қытай мен Орталық Азия өңірін зерттеу орталығы өкілдері ұйымдастырған ғылыми-практикалық конференция шеңберінде посткеңестік елдерден келген сарапшылар арасында әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің тақырыбы демократияландыруға елеулі кедергі ретінде талқыланды.

Жалпыресейлік «Ресей таңдауы» деп аталатын қоғамдық қозғалысының төрағасы Владимир Рыжков атап өткендей, теория бойынша теңсіздік өскен сайын қоғамның дамуы жылдамырақ болады, өйткені идеалда теңсіздік бәсекелестікті білдіреді. Бірақ посткеңестік кеңістікке келетін болсақ, мұнда халықтың табысының айтарлықтай саралануы мүлдем ынталандырмайды, керісінше, бұл жәйт сол дамуды барынша тежейді, өйткені біздің көптеген елдеріміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси моделі басым топтардың артықшылықты жағдайын одан әрі бекітумен байланысты теңсіздікті консервациялайды, яғни сол тұрінде сақтап қалады. Шын мәнінде, біздің халықтың едәуір бөлігі даму, демократия және азаматтық белсенділік туралы емес, тек жан сақтаудың амалын ойлауға тура келетін жағдайға тап болып отыр.

Ресей саясаткері әлемде теңсіздікпен шынайы түрде күресетін бірде-бір автократия жоқ екеніне сенімді. Олардың барлығы керісінше, бұл теңсіздікті өздері тудырады. Посткеңестік елдердегі теңсіздік пен кедейшіліктің тоқырау сипаты, яғни, оның пікірінше, биліктер өздері ілгерілететін саяси экономикалық модельдің нәтижесі.

– Саяси тұрғыда бұл авторитарлық режимдер, ал экономикалық тұрғыда – мемлекеттік-монополистік капитализм, – деп түсіндіреді Владимир Рыжков. – Мемлекеттік-монополистік капитализмнің өте айқын сипаттамасын Ленин өзінің атақты «Империализм капитализмнің ең жоғарғы сатысы ретінде» деп аталатын жұмысында беріп, оны «паразиттік және шіріген» деп атап кеткен еді. Ол табиғи ресурстарда (Ресей, Қазақстан, Түрікменстанмен болған сияқты), өзінің монополиялық жағдайында, бюджетте паразиттейді, ал соңғы жылдары бұған халықтан ақша жинау қосылды. Бізде Ресейде қазір мұнай бағасы төмендегенде, адамдар жаңа мұнайға айналуда деген теория пайда болды. Әйтпесе, бізде мүліктік салықтар, темекіге, спиртке, бензинге және т. б. акциздер өскенін қалайша түсіндіругеболады. Яғни, мемлекет мұнай бағасының құлдырауына байланысты жоғалған табыстарды толтыру мақсатында халықтың фискальдық прессингін одан әрі күшейтеді.

Ресейлік саясаткердің пікірінше бұл ретте посткеңестік елдердегі теңсіздік өз табиғаты бойынша сау емес, яғни адал және мінсіз болып табылмайды, өйткені артықшылыққа ие болған адамдар өз жетістіктерінің арқасында байыған емес (мысалы, Стив Джобс немесе Билл Гейтс сияқты). Олардың байлығы билікке жақындық пен осы жақындықты зұлымдықпен пайдаланудың нәтижесінде келген.

Бірақ ең қызығы, оның айтуынша посткеңестік қоғам иерархиялық жағдайды, тектілік пен теңсіздікті норма ретінде қабылдайды. Бұл ретте ол теңдік туралы мифтерге сеніп өмір сүрген, ал шын мәнінде алғанда теңсіздікпен келісетін кеңес қоғамымен ұқсас (арнайы клиника, арнайы курорттар, арнайы көліктер, арнайы буфеттер және т.б.). «Біз қазір осыған ұқсас жағдайды байқап отырмыз – қоғамнан шеттетілген және орасан зор артықшылықтарға ие болған жабық элита, ал енді бұған аса үлкен байлықтар да қосылды. Алайда, теңсіздік бұрынғыдай табиғи жағдай ретінде қабылданып отыр. Қоғамға өзгерістер еңгізу жөнінде сұраныс бар болғанмен, бірақ жүйелі теңдік пен әділдік туралы әңгіме жоқ».

Қоғамның мұндай түрі тұрақты бола ала ма? Владимир Рыжковтың пікірінше, бұл әбден мүмкін. Атап айтқанда, Ресейде тұрақтылық, оның ойынша, бірден төрт тараптан қолдау табады: біріншіден, табиғи ресурстардың байлығынан, екіншіден, тиімді мемлекеттік насихаттаудан, үшіншіден, азаматтық қоғам мен саяси оппозицияның белсенді бөлігіне қатысты қуғын-сүргіндер арқылы және төртіншіден, саяси мәдениеттің азаматтық түрінде емес, бодандылық түрінде болғандығынан. «Мен атап кеткен барлық осы факторлар қоғамның әділетсіз, бірақ тұрақты екенін білдіреді», – деп түйіндеді сарапшы.

Статистика ғажайыптары

Дәл осындай жағдай Қазақстанда да байқалады, бірақ одан да асып кеткен гипертрофиялық формада, деп есептейді EXIMAR форсайтинг агенттігінің директоры Айман Тұрсынқан. Бізде, мысалы, оппозиция мен ақпараттық алаңды «тазалау» оларға салыстырғанда әлде қайда қатаң жүргізіледі. Сонымен қатар, отандық үгіт-насихат машинасы, сол Ресейден айырмашылығы, елдегі барлық БАҚ-ты бақылап қана қоймай, әлеуметтік желілердің контентін және тұтастай алғанда интернет-кеңістікті толығымен сүзуге тырысады, соның ішінде оған жағымсыз ресурстарды бұғаттау арқылы да күреседі.

Табиғи байлықтарға келетін болсақ, мұнай-газ және тау-кен-металлургия секторларының бюджеттің кіріс бөлігіндегі үлесі, сарапшының пікірі бойынша, тым асырылып айтылған. Егер елде ЖІӨ өссе, онда тек теңге девальвациясы есебінен және тек ұлттық валютада ғана. Қазақстан құрылған Ұлттық қорды қанша мақтан тұтса да (ол барлық дағдарысты, оның ішінде әлемдік дағдарысты алдын ала болжаған реформа ретінде насихатталуда), ол сол қалпы отандық экономика үшін «қауіпсіздік жастығына» айнала алмады…

– Шын мәнінде девальвация мен мұнай бағасы арасында ешқандай байланыс жоқ! Халықтың әл-ауқаты мен Қазақстанда ЖІӨ өсуімен байланыстыжағдай арасында ешқандай байланыс жоқ! Халықтың зейнетақы жинақтары екінші «қауіпсіздік жастығы» болды. Зейнетақы активтерін МБҚ-ға орналастыру арқылы ішкі қарыздарды пайдалана отырып, мемлекет жинақтаушы зейнетақы жүйесі бейін болып табылатынын іс жүзінде мойындайды. Зейнетақы жүйесі таза түрінде, яғнисалымшыларының құқықтарыныңкепілдіктерімен болмағандықтан, біззейнетке шыққанда қанша ақша алатынымызғакепілдік беретін жеке дербес шоттар да жоқ. Демек, өзіміздіңеңбек қызметіміз кезінде қанша ақша жинақтаған болсақ, сонша ақша аламыз деген кепілдік жоқ. Бұл қаражаттың барлығы ел бюджетінің тапшылығын және қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаларды қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады, – деп мәлімдеді Айман Тұрсынқан.

Оның айтуынша, Қазақстан халықтан салық жинау бойынша Ресейді де, қалған посткеңестік елдерді де басып озды. Зейнетақы және әлеуметтік аударымдардан басқа, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір азамат міндетті медициналық сақтандыру қорына жарналар жасауы тиіс, бұл шын мәнінде тегін денсаулық сақтаудың аяқталуын білдіреді. Сонымен қатар, елде таяу уақытта Бірыңғай жиынтық төлем енгізілетін болады – «Қазақстанның бірегей ноу-хауы, ол оны БҰҰ-да мүшелігі бар220 елдің арасында көшбасшы етеді, өйткені олардың ешқайсысында кедейлікке салық жоқ».

 

- Салықтардың жиналуы біздің мұнай рентасына аз байланысты, – дейді экономист. – Шын мәнінде, барлық салық жүктемесі, әсіресе соңғы бес жыл бойы, соның ішінде ұлттық валютаның секіріс тәрізді девальвация кезінен бастап, жаппай төлеушінің, соның ішінде шағын бизнестің мойынына толығымен салынды. Заңды тұлғалардың жиынтық салық түсімдеріндегі соңғысының үлесі 42 пайызға жетті! Мұндайды дамыған демократия тек армандай алады. Бірақ Қазақстанмен болған жағдайда бұл ешқандай жақсылық әкелмейді…

Ақырында, әлеуметтік теңсіздік. Егер ресми деректерге сенетін болсақ, Қазақстанда 2017 жылы халықтың ең көп қамтамасыз етілген топтарының 10% және ең аз қамтамасыз етілген топтарының 10% кірісінің арақатынасы 5,6 тең болды (салыстыру үшін: Ресейде шамамен 15,7 болатын). Алайда, кейбір отандық экономистердің есептеулері бойынша Қазақстандағы әлеуметтік поляризация деңгейі әлдеқайда жоғары – ең бай адамдардың табысы ең кедей адамдардың табысынан 30, 50 және одан да көп есе асып түседі!

– Біздің статистика жөніндегі Комитет үкіметке бағынышты орган екенін бәрі жақсы түсінеді, сондықтан оның объективтілігіне бастапқыда күмән келтіруге болады, – деп есептейді Айман Тұрсынқан. – Біздің еліміздегі барлық сандар тек қана бір мақсатта – әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру, сонымен қатар оған БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЭЫДҰ, ДЭФ және өзге де білікті емес, өте батыстық либералдарды сендіру мақсатында суреттеледі. Әйтпесе, Ұлттық статистика мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда кедейшілік сияқты құбылыс мүлдем жоқ екенін қалай түсіндіруге болады? Ол біздің Үкімет өзінің қазіргі экономикалық моделіне көшкен сәттен бастап жоғалды. Яғни 2006-ке дейін кедейлер болды, ал келесі жылы мүлдем жоғалып кетті. ЭКСПО кезінде барлық елордалық қаңғыбастарды далаға апарып тастағансияқты болды.

Әлеуметтік шөл дала

Өз сөзінде экономист Қазақстанда әлеуметтік келісім-шарттың бұзылғанына және жалпы алғанда «әлеуметтік мемлекет» ұғымының жойылғанынатағы да онға жуық дәлел келтірді. Бұл қалалық және ауылдық халық арасындағы табыс деңгейі бойынша сегрегацияда,халықтың жалпы санына қарағандажұмыс күші санының бұлжытпай төмендеуіде, тікелей инвестициялар бойынша тұрақты теріс сальдо да,халықтың жинақтауға қабілеттілігінің төмен болуыда...

– Егер мемлекет өзінің бастапқы функциясын, яғни өз азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз ететін болса, тек сол жағдайда ғана ол өмір сүре алады. Біздің жағдайда мұндай істер жасалмай жатыр, – деді Айман Тұрсынқан. – Бізде қазір тек орасан зор әлеуметтік теңсіздік орын алуда, кедейліктің одан әрі өсуі, әлеуметтік лифтілердің абсолюттік түрде жоқтығы, олигопольды (жетілмеген бәсекелістегі) капитализм моделі консервациялануда. Бірақ бүгінде әлем өте ашық, яғни әкімшілік шекаралар жоқ екенін ұмытуға болмайды. Адам өзінің өмір сүруіне тепе-тең әлеуметтік келісім-шарт туралы өз ұсынымдарына сәйкес келетін елді таңдауға құқылы. Нәтижесінде біз білікті кадрлардың, оның үстіне бірінші кезекте жастардың көші-қон ағынының екінші толқынын байқап отырмыз. Бірақ салық төлейтін адам қалмаған кезде бұл мемлекеттің жағдайы не болмақ? Ал біз болсақ қазір биік жардың шетінде бір аяғымызда шайқалып тұрмыз...

Өз кезегінде, Ұлттық зерттеу университеті «Экономика жоғары мектебі» профессоры, «Левада-центр» (РФ) әлеуметтік-мәдени зерттеулер бөлімінің басшысы Алексей Левинсон посткеңестік елдердің проблемасы оларда әлеуметтік құрылымдар жүйесі ретінде азаматтық қоғам жоқтығында деп есептейді. Оның ойынша тек жеке ұйымдар мен азаматтық мәдениетті, пафосты және т.б. тасушы адамдар бар. Тіпті, қазір партиялар деп аталатын нәрсенің табиғаты, шын мәнінде, мүлдем өзгеше. Тиісінше, ешқандай азаматтық сәйкестік туралы айтуға болмайды...

Социологтың көзқарасы бойынша қалыптасқан жағдай тіпті квазиграждандық сипаттағы жасанды құрылымдар – кәсіподақтар, комсомол, партия болған кеңестік кездегіден де нашар. Бұл мағынада посткеңестік адам мемлекет, Ресей немесе Путин деп аталатын шектік шеңберлері бар әлеуметтік шөл далаға тап болды... Ұзақ уақыт бойы орын алған биліктің жоғары денгейдегі рейтингтерін социолог осымен түсіндіреді…

– Тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде де көпшілікте жағдай міндетті түрде күрт нашарлауының, басқаша айтқанда коллапс болуының сезімі бар, – дейді Алексей Левинсон. – Біздің сауалнамаларымыз көрсеткендей: Ресей мемлекеті біртұтас, өте берік, бәрі де мәнгілікке орнықты болуына сенімді азшылық бар, және ертең бәрі жоқ болады, міне қабырғалар да жарылып жатыр деп ойлайтын азшылық бар. Ал халықтың негізгі бөлігі немесе ешңәрсе ойламайды, немесе одан да қызықты нәрсе  – аналармен де, мыналармен де келіседі. Әрине, Эстонияда жағдай басқаша. Осындай экспериментті Қырғызстан мен Тәжікстанда қоюға болады...  Бірақ классикалық посткеңестік кеңістікте, менің ойымша, көптеген елдер жар шетінде бір аяғымен тұр. Бірақ, дегенмен, қалай да болмаса, біз әлі де осылай тұрамыз…

Комментарии