Сәрсенбі, 21 қазан 2020 ЖЫЛЫ
1674 25-10-2018, 11:34

Тіл мәселесінің күзгі шиеленісуі

Оғыз Доганның үлгісі жұқпалы болып шықты. Әлеуметтік желілерде азаматтардың тілдік белгісі бойынша кемсітушілік тақырыбына арналған көптеген бейнероликтер шыға бастады. Осы сюжеттердің авторлары және олардың шығармаларын белсенді түрде көбейтіп, таратындар әр түрлі мақсаттарды (өз құқықтарын қорғау немесе әдеттегіпиар) көздегеніне қарамастан, олардың қазақ-орыс мәселесінің шиеленісуіне және қоғамның екіге бөлінуіне әсері бірдей.

Жақын арада бірден екі бейнеролик атаққа иеболды. Біріншісінде – сөмке сататын бутикте болған оқиға. Онда павлодарлық танымал белсенді Руза Бейсенбай славян ұлтының сатушысынан қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етеді. Екінші роликте Арқалық қаласының клиникаларының бірінде балалар дәрігері анасымен орыс тілінде сөйлесуге ниеттенбегендіктен, жедел отитпен ауруханаға жеткізілген баланы қабылдаудан бас тартады. Бұл жерде барлық кейіпкерлер заңдарға сілтеме жасап, әрқайсысы шындық өз жағында деп санайды. Осындай принцип бойынша ФБ-қоғамдастық та бөлінді, бірақ мұнда құмарлықты неғұрлым қыздыруға тырысады – адамдар қазірдің өзінде жағымсыз сөздер айтуға ұялмай, ақырында бір-бірін ұлттық белгі бойынша қорлауға кіріседі.

Бүгінгі таңда тіл төңірегіндегі дау-дамайларда ақылдан гөрі көңіл-күйдің басым екенін ескере отырып, сарапшылардан біздің оқырмандарымызға бұл жағдайда заңды және моральдық тұрғыда кімнің іс-әрекеті дұрыс, ал кім кінәлі екенін түсіндіруді өтіндік. Қазақ тілінің дамуына осындай жанжалды жолмен түрткі беруге бола ма?

Оразғали Селтеев, саясаттанушы: «Билингвизм мәдениетін алға жылжыту маңызды»

 

 – Әрине, мұндай әрекеттерге жол беруге болмайды. Қазақ тілін дамытуда, оны барынша алға жылжытуда және насихаттауда мұндай әдістер ешқашан көзделген емес. Шын мәнінде, ақпараттық кеңістіктегі осыған ұқсас жағдайлар салыстырмалы түрде сирек тіркеледі. Мұндай кең көлемдегі резонанс әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдаланудың арқасында болады. Алайда біз тұрмыстық деңгейде нақты жағдайдың қандай екенін білмейміз. Қалай да болмаса, бұл оқиғалар кем дегенде үш аспектіге назар аудару себебі болып табылады.

Біріншіден, мемлекеттік тілді ресми деңгейде қолдану қарқыны баяу екені адамдарды қатты алаңдата бастады. Қоғамдық сұраныс осы бағытта өсуде. Іс жүзінде қазақ тілі объективті демографиялық факторларға байланысты сұранысқа ие болып отыр.

Екіншіден, бұл мәселе бойынша шиеленіскен жағдайлар жиі болып тұратынын түсіну керек. Белгілі бір қауіптер ішкі еңбек көші-қоны контексінде, оның ішінде еңбек күші мол Оңтүстік облыстардан азаматтарды еңбек күші тапшы Солтүстік өңірлерге көшірудің мемлекеттік саясаты шеңберінде қаланады. 

Үшіншіден, тіл және ұлтаралық саясатта қолданатын тәсілдерді түзету қажеттілігі туындады. Қазір тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген теңгерімді асырмалы түрде мақтан көрушілік басым болып отыр. Билік қазақ тілді және орыс тілді аудиториямен параллельді режимдерде жұмыс істеуді жалғастыруда. Ал қазір жаңа біріктіру негіздерін әзірлеу қажет. Идеология прагматизм мен объективті шындыққа қайшы болмауы керек.

Өкінішке орай, біз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары тарапынан осындай жағдайларға ақпараттық ден қоюды мүлдем көрмейміз. Тіпті ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері осындай мәселелер бойынша көпшілік позициясын білдірсе де, бұл саясатқа айналмайды. Керісінше, бұл жазықтықта мінез-құлықтың агрессивті үлгісін доғару керек.

Ұлттық-патриоттық ортада қоғамдық пікір көшбасшылары да осындай кезде өздерін ешбір танытпайды. Қазақ тілді шығармашылық интеллигенция де шетте қалады. Мұндай үдерістерді асықтыруға болмайтыны бәріне де түсінікті. Олар әр түрлі мемлекеттік бастамалардың орасан зор екендігіне түсініктеме берумен шектенбей, осы мәселелерде өзінің барлық сындарлы әлеуетін жеткізулеріне болар еді. Үш онжылдықта құрылған барлық жұмысты жоққа шығаруға болмайды, өйткені оған көп уақыт пен күш-жігер жұмсалған.

Салыстырмалы турде көпшілігіміз екітілдік екенін ескере отырып, күнделікті коммуникацияларда билингвизм мәдениетін ілгерілету және бекіту маңызды. Ең болмағанда, бұл екі тілде өте шағын, қарапайым көлемдегі қажетті сөздер жинағын пайдалану деңгейінде болуы мүмкін. Барлығының және әрқайсысының азаматтық пен моральдық құқықтарын өзара құрметтеуге негізделген қарым-қатынастың әмбебап қағидаттары арнасында қоғамдық өзара іс-қимылдың осындай моделін позициялау қажет.

Арман Құдабай, журналист және блогер:«Біздің адамдарымызды қорқытумен тіл үйренуге мәжбүрлеу мүмкін емес»

– Осы жағдайда мені таң қалдыратыны – заңгерлердің позициясы, олар тіпті үн-түнсіз қала береді. Ал кез-келген, тіпті барлық заңнамалықтарды аса толық игермеген адвокат немесе орта дәрежелі нотариус Доган мен оның «ізбасарларын» дәлелдемелеріндегі қисынсыздызқтарын айқын көрсете алады. Осыдан келесі қорытындыға келуге болады: немесе біздің заңгерлеріміз интернеттегі жанжалдарға араласқылары келмейді, немесе олардың істегенін жөн көреді.

Ондай болса, өзіміз барлығын анықтап, шындыққа көз жеткізүге тырысамыз. Ең алдымен барлық мекемелерде қазақ тілінің «міндеттілігінен» бастауды ұсынамын. ҚР Конституциясының 7-бабы шынында да «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі болып табылады» дегенді білдіреді. Бірақ одан кейін осындай түсініктеме бар «Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде тең қолданылады». Сондай-ақ «Тіл туралы» Заңның 8-бабында: «ҚР мемлекеттік органдарының, ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс жүргізу тілі мемлекеттік тіл болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік және қажет болған жағдайда басқа да тілдер қолданылады».

Қазкоммерцбанктің қызметкері Доган мырзамен болған «дау» кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұздыма? Шын мәнінде, бұзған жоқ. Ол жағдайда оның жалғыз қателігі – осындай реакцияның болдырмай, клиентке толық қызмет көрсете алатын басқа қызметкерді шақыруы керек еді. Әдетте осылай жасалады. Бірақ ол қыз жай ғана сасқалақтап қалуы да мүмкін. Бұл жерде кінә клиенттерге тиісті қызмет көрсету үшін жағдай жасамаған қызметкерде ғана емес, сондай-ақ осындай дағдарыстық жағдайларға өз менеджерлерін даярламаған банктің басшылығына да тағылады. Ал егер шындыққа келетін болсақ, онда банк Доган мырзадан кешірім сұрай отырып, іс жүзінде өзінің қызметкерін отқа қойды…

Бутиктегі оқиғаға қатысты айтатын болсақ. Бұл жерде клиентке мемлекеттік тілде қызмет көрсетуден бас тартқан сатушы да заңдарды бұзбаған. Дүкен  – мемлекеттік орган немесе жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру органы емес, бұл жеке кәсіпкерлік субъектісінің аумағы, яғни жеке меншік. Оларға қойылатын белгілі бір талаптар бар: құжаттаманы ресімдеу, атаулары мен жарнаманы мемлекеттік тілде жазу. Бірақ жұмысқа тек мемлекеттік тілді білетін қызметкерлерді қабылдау қажет деген талап бірде-бір заңда жоқ. Мүмкін, бұл бутик – тек екі-үш адам ғана жұмыс істейтін шағын отбасылық бизнес шығар. Сонда не болады? Егер «қан тазалығы» жанашырларының ойларына еретін болсақ (қазақ тіліндегі қызмет барлық жерде ұсынылу қажеттігі жөнінде), онда біздің елде кез-келген адамның өз ісін ашуына жол берілмейді деген сөзбе?!

Іс жүзінде барлық осы эксцесстер бір үлкен проблеманы – Қазақстанның (тұтастай алғанда да, сондай-ақ оның жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілерінің) ішкі және сырттан арандатушы акцияларға толық дайын еместігін айқындады. Бұл ретте, қоғамның құқық қорғау органдарына Доганның өткен «жарқын» өмірін түсінуге шақыруы да, жалпы біздің еліміздің аумағындағы оның пиар-акцияларының шынайы уәжінде де назардан тыс қалып отыр. Жаңа «тіл қорғаушы» өз танымалдығының қызығын көруді жалғастыруда, оған журналистер кезекке қаз-қатар тізіліп жатыр, негізінен қазақтілді БАҚ…

Менің ойымша, көптеген адамдар осындай әдістермен (ал олар шынымен жұқпалы) бір нәрсеге қол жеткізу мүмкін емес. Біздің адамдарымызды қорқытумен тіл үйренуге мәжбүрлеу мүмкін емес. Бірақ ол әдістер жағдайды одан әрі қыздыруы өте мүмкін. Біз қазірдің өзінде қоғамның екі лагерьге бөлінгенін көріп отырмыз, олар тіпті мекемелердің фойесінде бір-бірін ұрып-соғуға дайын. Мүмкін, бұл «догандардың» көздеген негізгі мақсаты болар…

Жақында бір табысты компанияның тренингтеріне қатыстым. Жеке бизнес-орталық, әртүрлі жұртшылық (түрлі ұлт пен азаматтығы бар жаттықтырушылар), қызықты және ақпараттық сабақтар, барлығы риза... Тренинг аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар қатысушылардың өздеріне сөз берді. Сонда залдан қандай сұрақ естілді деп ойлайсыз? Дұрыс: «Тренинг неге қазақ тілінде жүргізілмеді?»…

Бақытжан Көпбаев, қоғам қайраткері: «Бәріміз бірге осы резонанстарды доғара аламыз»

– Мен өмір бойы қазақ тілінде (мектепте, университетте, магистратурада) оқып келдім, оны жетік меңгергеніме және оның дамуына шын жүректен қуаныштымын. Бірақ бұл даму революциялық түрде емес, эволюциялық жолмен жасалуы тиіс екеніне терең сенімдімін. Тіл ешқашан радикалды әдістермен өз ұстанымын көтермейді. Ондай әдістер адамдар одан бас тартуына әкелуі мүмкін.

Қазақ тілі бірінші кезекте тұтыну нарығында өз орнын алуы тиіс деп есептеймін. Бизнесте қазақ тіліне деген сұраныс болмағанша, ол ары қарай жылжымайды. Тәуелсіздіктің 27 жылы ішінде ол іскерлік тіл бола алмағанын мойындау керек. Мен өзім бизнесменмін, қазақ тілінің осы саладан жасанды турде емес, табиғи жолмен ығысатынын көріп жүрмін.

Сонымен қатар, білім беру саласында қазақ тілінің позициялары өте әлсіз. Мен Шымкент қаласында тұрамын, бір де орыс оқушысы жоқ сыныптары бар (барлық оқушылар – қазақ, өзбектер және т. б.) жергілікті орыс мектептерін білемін! Бұл нені білдіреді? Ол немесе қазақ мектептерінде білім сапасының төмендігі жөнінде немесе ата-аналардың өз балаларын одан әрі Ресейде оқыту ниеті туралы айтады... Яғни, қанша тырысқанмен, біздің өмірімізден орыс тілін ығыстыру мүмкін емес. Абай орыс тілі біздің көз ашуымызға көмектесетінін, ол арқылы әлемдік ақпараттық кеңістікке қол жеткіземіз деп айтқан болатын.

Дегенмен, бұл іс тек орыс тілінде емес, кейбір ұлтшылдар тарапынан басқа этностардың өкілдеріне қатысты құбылыс. Ал бұл өте қауіпті, оның ішінде ең басты ұлт үшін. «Қазақстан қазақтар үшін» деп айтатындар елден тыс жерде тұратын және ана тілін білмейтін немесе нашар білетін қазақтарды автоматты түрде ажырататынын түсінбейді.

Қарапайым мысал – Қазкоммерцбанктегі оқиға, Огыз Доған жақында өзінің тарихи отанына көшкен қызды айыптай жөнелді. Менің білуімше, ол қайтадан Ресейге кетіп қалды... Енді мұндай қарым-қатынасты көріп, көптеген қазақтар Қазақстанға келгісі келмейді. Түркия азаматына біздің қандас ағамыз бен апа-қарындастарымызды тарихи Отанынан итеруге кім құқық берді?! Неге біз бұндай қиянатқа көз жұмамыз?

Мұндай жағдайларда мен әрқашан армяндарды, гректерді, еврейлерді мысалға келтіремін. Жер бетіндегі еврейлер 14 миллионнан астам, бірақ олардың жартысы Израильде өмір сүрмейді және ивритте сөйлемейді. Дегенмен, олар өздерін еврейлерміз деп сезінеді, және бұл бүгінгі күні әлемдегі ең ұйымшыл халықтардың бірі. Армяндар мен гректерде де ұқсас жағдай қалыптасқан.

Бүкіл ел Қытайдың азаматы болып табылатын және осы елдің заңдарын бұзған Сайрагүл Сауытбайдың қорғауына қалай кіріскенін еске түсіріңіздерші. Біз оны қамаудан босатқан кезде қуанғанбыз. Сондай-ақ, кез-келген басқа қазақпен қайғы-қасірет болса, біз дәл сондай әрекет жасаймыз. Және бұл айтарлықтай қалыпты реакция. Сондықтан неге біреулер Ресей Қазақстанда тұратын орыстардың қорғануына көмек жасамайды деп ойлайды? Егер біздің провокаторларымыз арандатуларын қоймаса, ерте ме, кеш пе, ондай көмек болатынына сенімдімін. Бұл үрдіс жақсылыққа апармайды. Және Ресей рәсімді сақтап жүрмес – жауап өте қатаң болады. Украина – жарқын мысал.

Ал бізде жоғалтатынымыз бар. Біздің «Қырым» – Шығыс Қазақстан облысы, біздің «Донбасс» – Павлодар және Петропавл (бұл менің жеке пікірім). Бес мың шақырымдағы мұндай үлкен шекараны біз қорғай алмаймыз. Жалғыз жол – тату-тәтті өмір сүру! Отандастардың көпшілігі менімен келісетініне сенімдімін. Бәріьіз бірге осы резонанстарды доғара аламыз. Өйткені, шын мәнінде ұлтшыл-провокаторлар аз, тек әлеуметтік желілердің арқасында олар қоғамдық пікірге әсерін тигізеді…

Бұл ретте олардың көпшілігі «адасып жүр», яғни не істеп жатқанын және бұл неге әкелуі мүмкін екенін түсінбейтінін ескеру қажет. Олар да біреудің ықпалына түсті... Мектепте оқығанда біз өзбектер мен әзірбайжандарды қорладық. Бұл қаншалықты жаман екенін бала болғандықтан түсінбедік. Ол кезде бізге ешкім түсіндірмегені өкінішті. Мен әлі күнге дейін іс-әрекеттерім үшін ұяламын, сыныптастарымнан үнемі кешірім сұраймын. Менің ойымша, көптеген аралас мектептерде мұндай жағдай қазір де орын алып отыр.

Сондықтан біз жастарды интернационализмде тәрбиелеуіміз керек деп санаймын, өйткені балалар ересектерден үлгі алады. Ал ұлтшылдық тұрмыстық деңгейде қолданылады. Егер надан адамның дәлелдері қалмаса, ол қарсыластарының ұлттық сезімдерін қорлай бастайды. Бұл елде болып жатқан ұлтаралық қақтығыстардың басты себептерінің бірі.

Қазір жағдайды қыздырып отырғандар ауыр жанжал жағдай болса соғысуға бармайды. Мемлекет соғысқа біздің жастарды аттандырады, оның үстіне міндетті түрде. Ал мен балаларымның соғысқанын қаламаймын! Ата-ананың ешқайсысы да мұны қаламайды!

 

Комментарии