Кеше ғана дін саласындағы проблемаларды шешуге Қазақстандағы барлық күш жұмылдырылған сияқты еді, ал бүгін бұл қарқынды әрекет айтарлықтай азайып қалды. Сонда мемлекет осы діни салаға қатысты өзінің көзқарасын қайта қарауды ұйғарды мекен? Әлде оған деген қызығушылықты мүлдем жоғалтқаны ма? Немесе, мүмкін өз-өзін зайырлы мемлекет деп жариялаған елде солай болуы керек болар?
2011-12 жылдары болған бірнеше теракттардан кейін Қазақстан билігі жедел түрде діни саласын қатаң түрде реттеуге кіріскенін естеріңізге сала кетейік. Діни бірлестіктердің қызметін қатаң регламенттеуге баса назар аударылған және бұл көптеген шу мен бұрыс түсінулер тудырды. Бірақ,профильді құрылымдардың, атап айтқанда, Дін істері агенттігінің ынтасы ұзаққа жетпеді...
Белсенділіктің екінші толқыны екі жылдан астам уақыт бұрын көтерілді(ол әрекеттер де теракттардан кейін басталған, бірақ олар 2016 жылы болды). Тіпті арнайы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды, ол алдымен осы саладағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын жасап, онда бірқатар тыйым салу шараларын ұсынды, ал кейіннен оларды заңды түрде бекіту мақсатында заң жобасын дайындады. Резонанстық заңның қабылдануы биылғы жылдың көктемінде, содан кейін жазда, күзде күтілуде, бірақ ол әр жолы қандай да бір түсініксіз себептермен кейінге қалдырылды. Және бұл жерде мәселе халықтың кейбір бөлігі тарапынан, көбінесе дінге берілгенадамдардың сынауында емес екендігі анық…
Мемлекеттің діни саладағы белсенділік дәрежесі бейінді ведомствоны басқаратын адамдарға тікелей байланысты деген сезім қалыптасып отыр. Оның басшыларының арасындағы ең іскер қайраткері – Дін істері агенттігінің басшысы Қайрат Лама Шарифті және бұрынғы министр Нұрлан Ермекбаевты еске алсақ та жеткілікті. Олардың бастамалары (көбінесе тыйым салу-репрессивті сипаттағы іс-шаралар) дін жолын таңдаған адамдарға айтарлықтай қатты әсер еткен еді. Ал көптеген сарапшылардың пікірінше, дін саласындағы шектеулер мемлекеттік саясаттың ең тиімді құралы емес. Тіпті керісінше деуге де болады.
Осы ведомство құрылған сәттен бастап бес айдан астам уақыт өтсе де, дін мәселелері бойынша тәлімгерлік берілген жаңа қоғамдық даму министрлігі және оның басшысы Дархан Қалетаев қандай стратегияны таңдайтыны, әзірше түсініксіз. Алғашқы қадамдарға қарағанда, ол азаматтық қоғам мен жастар саясатына қатысты мәселелерге баса назар аударады. Оның үстіне, алдыңғы министрдің кезінде бұл екі сала, жұмсақтауайтқанда, қараусыз қалған еді. Енді діни саланы да осындай жағдай күтіп тұр ма? Егер солай болса, ол қанша уақытқасозыладыекен?
Дегенмен, Қазақстандағы министрлер бастамашылардан гөрі орындаушылар болып табылады. Өз жұмысында олар негізінен бас желіні ұстанады және, шын мәнінде, оған лайықты адамдар таңдап алынады. Ал, бұл министрліктің басшысының ауысуы (біздің жағдайда ведомствоның қайта құрылуы да) мемлекеттің діни саясатында өзгерістер болғанын ғана білдіруі мүмкін. Бірақ ол қандай өзгерістер? Және біз қай бағытта қозғалудамыз?
Арман Құдабай, оқытушы, блогер, журналист: «Бұл жерде жеңімпаздар жоқ, әзірше тек ұтылып қалғандар бар»
– Біз енді кері әсерге тап болып отырмыз. Қоғамнан бастайық. Менің ойымша, барлық сұрақтар оларсыз шешіліп қойған деген оймен, яғни олардың пікірлері ешкімге керек емесдеп есептей отырып, азаматтар осы пікірталастан алыстай бастады. Жанама түрде адамдардың осылай ойлауынабиліктердің өздерікінәлі,өйткені олар ешқандай түсіндіру жұмыстарын жүргізбестен, мектептердегі хиджабтарға қатысты эксцесстердіәкімшілік әдістермен тоқтатуға тырысқан.
Сонымен қатар, халық жаңа діни ағымдардың өкілдерін қолдайды деп те айтуға болмайды. Қайта керісінше. Өйткені басына орамал таққан қыздардың ата-аналарының наразылықтары да, оқу орындарында діни киімдерді киюге байланысты шектеулерді «діни себептер бойынша құдалау» деп жариялау талпыныстары да жұртшылық арасында бірде-бір қолдау, тіпті бірде-бір түсінушілік таппады. Керісінше, осы жағдай ата-аналардың басым бөлігі арасында өздерінің балалары үшін қауіптенуді тудырды.
Дегенмен, екі жақтың да пікірін ешкім сұраған емес. Сонымен қатар, хиджаб мәселесі осы күнге дейін шешілмеген. Мектептер мен жоғары оқу орындарында орамал таққан оқушылардың саны өсуде – бүгінде бұл әрбір отызыншы, ал кейбір өңірлерде – әрбір жиырмасыншы қыз. Бір қуантатыны, бізде никабтағы (паранджадағы) оқушылар мен студенттер әзірше жоқ …
Бірақ, ең қызығы, бұл саладағы тыныштық мемлекет хиджабқа және басқа да тыйым салынған атрибуттарға назар аударуды қойған, немесе (одан да қауіптісі), оларды қолдай бастады деген жалған түсінік қалыптастырады. Әрине, соның әсерінен азаматтар біртіндеп тыйым салуларды елемейтін болады. Оның үстіне, сол мәселелерді талқылауды да тоқтатады. Менің ойымша, қоғамның діни тақырыпқа қатысты қазіргі пассивтілігі осымен түсіндіріледі.
Енді басқа бір сұрақ: биліктің өзі неге үндемей қалды? Өкінішке орай, оны билік тыйым салу әдісінен өзгеше жолдармен проблемаларды шеше алмайтынымен түсіндіруге болады.
Шын мәнінде, біз мұнда да кері әсерге тап болып отырмыз. Ал билік болса қоғам тынышталды, ренжудің қызуы артта қалды, демек енді заң жобасын әзірше шетке сырып қоюға болады деп ойлаған сияқты. Оның үстіне, ол айтарлықтай жаңаша болып табылады, арасында тіпті шенеуніктердің мүддесіне де тиіп кетеді («қызмет бабын діни мақсатта пайдалануға тыйым салуды» еске түсіру жеткілікті болар). Қайталаймын, бұл тек жалған көрініс. Алайда, кейін ол өзіміз үшін қатер төндіруі мүмкін.
Менің пікірімше, қоғам да, билік те, ақыр соңында ауруды емдеуге кірісіп (кейбір жерлерде хирургиялық әдістермен), өз батылдығынан және алдында тұрған міндеттердің ауқымдылығынан қорқып кеткен. Бұл мәселе тек діни саланы ғана емес, сонымен қатар басқа да салаларды да қамтиды – мысалы, білім, мәдениет, халықаралық қатынастар және т. б.
Бұл жағдайда жеңімпаздар жоқ, тек ұтылып қалғандар бар. Оның үстіне ата-аналар мен олардың балалары барған сайын күшейіп жатқан діни ықпалға қарсы тұра алмай, соның кесірінен зардап шегеді. Әсіресе, жастар өте әсерлі болып табылады. Жақында мен мектеп пен ауданымыздың мақтанышы болған бір қыздың анасының әңгімесін естідім. Ата-аналар оның білім алуына барлық ақшаларын жұмсаған екен, бірақ ол каникулға діни киіммен келген кезде, олар қызын тіпті танымай қалған…
Мүмкін, діни бірлестіктерін (олардың көпшілігін «дәстүрлі» деп атауға қиынға түседі) бақылауды қатаңдату проблемасы жөнінде емес, біздің балаларымыздың болашағы туралы көбірек ойлану керек шығар.…
Еркін Байдаров, Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты: «Заң жобасы мінсіз емес, бірақ ол қажет»
– Діни саладағы мәселелерді шешу жалғасуда. Егер олар туралы бұрынғыдай көп жазылмаса және айтылмаса, бұл жәйт сол мәселердің шешілгенін білдірмейді. Мемлекет оған деген қызығушылықты жоғалтпады және жоғалтуы да мүмкін емес. Діни қызмет туралы заң жобасына келер болсақ, оны жақын арада қабылдайды деп ойлаймын, себебі оның қажеттілігі әлі де жоғары. Бұл жалған діни және радикалды бағытталған ұйымдардың адептері қатысқан белгілі оқиғалармен де байланысты.
ҚР Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында мемлекеттің зайырлы сипаты мен «деструктивті» білімдердің алдын алудың басымдылығы атап өтілген. Жаңа стратегия «діни насихатты» бақылауды күшейтуге және діни ұйымдардың қызметін қадағалау бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Яғни, ол мемлекеттің «діни экстремизм» проблемасына алаңдаушылықтың арқасында туындады.
Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу көп жағдайда осыған байланысты. Заң жобасы, әрине, мінсіз емес, бірақ тағы да қайталаймын, ол қажет және мұны бәрі де жақсы түсінеді. Атап айтқанда, түзетулер діни білімді, діни әдебиетті, діни риториканы және құдайға табынуды бақылаудың жаңа бақылау құралдарын енгізуді көздейді.
Азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшы-дінтанушылар діни қызметті бақылауды күшейтуге бағытталған мемлекеттің күш-жігері діни сенім бостандығын одан әрі шектеуге, соның ішінде діни нышандар мен киімдерге тыйым салуға, діни әдебиетке қатысты репрессивті шараларға әкеп соғуы ықтимал деген қауіптерін атап өтті. Демек, бұл жерде пәрменді жүргізуге мүмкіндік беретін ұсыныстарды әзірлеу қажет және бұл ретте халықтың сенім білдіруші бөлігінің құқығына нұқсан келтірмейтін мемлекеттік саясат өте маңызды. Бұл бағыттағы жұмыс тиісті түрде жүргізілмейінше, діни салада да, азаматтық қоғамды қалыптастыру мәселелерінде де проблемалар бұрынғысынша теріс әсер ететін болады.
Осы тақырып бойынша өткен кездегі пікірлердің бірінде мен Қазақстандағы діннің ғылыми контексті соңына дейін айқындалмаған жағдайда, біз артық идеализмсіз және саясиландырусыз оның әлеуметтік әділдікке бағытталған жоғары рухани-адамгершілік идеалдарын және т. б. көрсетуге тиіспіздеген едім.Қазақстан жастарының дін туралы білімін арттырып және діни құндылықтардың мағынасын насихаттай отырып, біз сондай-ақ олардың зайырлы атеистік дүниетанымы мен идеологиясымен қатар өмір сүру қажеттігін естен шығармауымыз керек. Дінді зайырлы дүниетанымға, батыс өркениетіне және модернизацияға қарсы қою болмауы тиіс.
Міне, менің ойымша, зайырлы мемлекетте діни саясаты осындай болуы керек. Діни саясатты өз ыңғайымызға баптауға болмайды – керісінше, мемлекет пен социум діни және зайырлы құндылықтарды құрметтеуге тиіс. Бұл қоғамдық сананы жаңғырту міндетті түрде өз жемісін әкеледі.
Есте сақтаңыз: зайырлы мемлекет дінге қатысты нәрсенің барлығын қабылдамауды білдірмейді, ондай болған жағдайда ол зайырлы деп атала алмайды…