Сенбі, 12 қазан 2019 ЖЫЛЫ
831 13-06-2019, 13:22

Неліктен Әміржан Қосанов маскасын сахна жабылғанға дейін шешті?

Әміржан Қосановқа дауыс берген электорат оны екі жақты ойыны мен сатқындығы үшін айыптап, өз ашуын барынша білдіруде, оның кандидатурасын қолдауға белсенді түрде шақырған «қоғамдық пікір көшбасшыларының» кейбіреулері өзінің саяси беймәлімділігі үшін және сайлаушыларды жаңылыстырғаны үшін кешірім сұрап әлек. Ал нәтижесінде барлығы немен аяқталатынын алдын ала білген «оппозициялық» қайраткердің серіктестері мүлдем үн шығарусыз қалды.

Сайлау нәтижелерін олар ресми жарияланбай тұрып мойындаған Қосановтың мәлімдемесі «Сайлау-2019» деп аталатын пьесада осы уақыт бойын оған берілген рөлді ойнағандығының соңғы және жоққа шығаруға келмейтін дәлелі болды. Жолы болмаған актердің өзі де, спектакльдің режиссерлері де, нәтижесінде сахнаның жабылғанын және көрермендердің кетуін күтпестен масканы шешуге тура келетін жағдай болып қалады деп күтпеген көрінеді.

Бәлкім, олардың есебі бойынша сайлауға оппозициядан деп жіберілген кандидат сайлауға біртүрлі легитимділік пен демократиялық флер, яғни құпиялылық сипат беріп, тіпті әкімшілік ресурс барлық күшпен пайдаланылмайтын жағдайдың өзінде 10-15 процент дауыс жинай отырып, екінші орынды сенімді түрде алады. Бұл әрекет етуші режимді де қанағаттандырады, сондай-ақ Қосановтың өзін де (мұндай нәтижемен ол үшін, тіпті өзге игіліктерді есептемегеннің өзінде, өз партиясын құруға және парламентке кіруге тікелей жол ашылады), ал сонымен қатар наразылық электоратты біршама тыныштандырады. Алайда, наразылық электорат бұл сценарийге билік те, «оппозициялық» кандидат та мүлдем күтпеген түзетулер енгізді.

Біріншіден, бұл наразылық электорат өз дауыстарын бөлшектемей, оларды бір адамға (ол ең лайықты емес болса да, бірақ елде болып жатқан нәрселерге ортақ наразылықты білдіретін адам ретінде) беруді шешті. Қосановтың өзі де, егер ол жағдайды дұрыс бағалаған болса, адамдар көбінесе оған емес, әрекет етуші билікке қарсы дауыс бергенін түсінген болар деп ойлаймын. Бұл ретте билік осы наразылықтың нақты көлемін сезінбеген көрінеді, және бұл әбден түсінікті, өйткені ол халықтан тым алыс болғандықтан, оның нақты көңіл-күйлерін білмейді. Тіпті Украинада жақында өткен сайлаудың сабақтарына да құлақ аспады.

Екіншіден, ал бұл ең бастысы, азаматтық қоғам бірінші рет өз дауыстарын белсенді қорғауды шешті. Билік көптеген сайлау учаскелерінде (әсіресе Алматыда, Оралда) өзінің принципті ұстанымымен сайлау қорытындыларын бұрмалауға мүмкіндік бермеген қоғамдық бақылаушылардың соншалықты көп санына дайын емес болған. Қоғамдық бақылаушылардың әлеуметтік желілерде орналастырған хаттамалардың көшірмелерінен наразылық білдіруші электорат қолдаған кандидат кейбір жерлерде президенттік жарыстың фаворитін женіп жатқанын бүкіл Қазақстан көріп қойған. Әрине, мұндай бақылаумен барлық учаскелерді қамту мүмкіндігі болмады.

Дәл осы сәтте режиссерлер пьесаның соңғы актісіне тез арада өзгерістер енгізу керектігін түсінді. Түннің бір кезінде «оппозициялық» кандидаттың , «идеялық» қатардағы ең жақын әріптестерінің бірі (сондай-ақ онда конъюнктуралық мәселелерді шешуге тырысып жүрген адамдар да болған) өзінің «Фейсбуктағы» парақшасында: «Маған штаб (сайлауалды штабы – авт.) Қосановтың келуін күтіп отыр деп жазды. Әзірге ол келіссөздерде. Егер ол сайлау қорытындысын мойындайтын болса, онда бүкіл Қазақстан халқы ұтылады».  

Одан әрі не болғанын енді барлығы біледі. Енді «идеялықтар» Қосановқа сенгеніне өз-өздерін айыптап, дауыс беруге шақырған үшін сайлаушылардың алдында өз кінәсін мойнындап, өкініш білдіруде, ал сайлаушылар «конъюнктурщиктерден»: «Сіздер мұның бәрі осымен аяқталатынын білдіңіздер ме? Сіздер неге бізді алдадыңыздар?» – деген сұраққа жауап алуға тырысып жатыр. Бірақ олар жасырынып қалған көрінеді.

Алайда Қосанов кандидат ретінде тіркелгеннен кейін, қазақстандық БАҚ-тарда және әлеуметтік желілерде көптеген жарияланымдар пайда болды, онда оған қандай рөл бөлінгені жөнінде айқын айтылған болатын. Ескі оппозицияның өкілдері де, оның комсомолдық өткенін білетін адамдар да, ол тәуелсіз Қазақстанның билік құрылымдарында жұмыс істеген кезеңде онымен бетпе-бет келген адамдар да ол сенетін және соңынан еруге болатын адам емес екендігін түсіндіруге тырысқан. Бірақ біздің халқымыз сенімшіл болуды жалғастыруда, өйткені «оны алдау қиын емес, ол өзі де алдануға қуанышты».   

Сонымен қатар, Қосанов демократиялық оппозицияның өкілі емес, ол ерекше жарияланбайтын, бірақ олардың көмегімен белгілі бір міндеттерді шеше отырып, билікті айқын қолдайтын осылай аталатын қазақ ұлтшылдарының өкілі екені айқын болған. Бұл туралы оның штабына кірген кейіпкерлер бойынша айтуға болады, оны қолдау үшін қол жинаумен айналысқан (олардың ішінде радикалды ұстанымдары бар ұлтшылдар да болды, олардың бірі «Фейсбукте» өте танымал, Алматыдағы Панфилов көшесіндегі саябаққа адамдарға қол қойғызып жүрген (біздің редакция терезелерінің маңайында). Бұл кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша да көрінеді, онда алты бөлімнің бірі «Ұлттық бірегейлік» деп аталады. Оның жекелеген тармақтарына қараңыздаршы.

Мысалы: «Мемлекеттік тілді білу міндетті мамандықтар тізімін бекіту». Бұл мәселе бойынша қызметі мемлекеттік органдар туралы емес екендігі (мұндай талап заңда бар), ал көпшілік мамандықтар болжайтын күнделікті адамдармен қарым-қатынас жасау, мысалы, дәрігер, сатушы, шаштараз, даяшы және т. б. Бірақ бұл, шын мәнінде, кемсіту нормасы, тілдік белгісі бойынша мамандығына өзіндік тыйым салу болып табылады. Және де бұл сөздердің артында демократты көру үшін өте тырысу керек, ал Косанов өзін осылай атайды.

Немесе мінеки тағы бір тармақ: «Азаматтарды, әсіресе, жас ұрпақты отаншылдық және рухани қайта өрлеудің негізі боп табылатын киелі Алашорда идеяларына баулу». Бұл зиянсыз фраза сияқты болып көрінгенмен, бірақ «баулу» деген сөз зорлық әрекетті және автор бұрынғы комсомолдардың жетекшісі екендігін білдіреді, олар да өзінің аға жолдастары – большевиктерге – өз идеяларына «баулуға» көмектескен. Ал декоммунизацияға шақыруына келсек, біздің газет осы тақырыпқа «Әміржан Қосанов өзін өзі жазалайын деп жүрген жоқ па?» деп аталатын мақала жазған.  

Жалпы ұлтшылдық (қандай болса да – қазақ, орыс, неміс, т.б.) либералдық құндылықтармен аз үйлеседі, өйткені қалғандарға қарағанда ең басты деген этнос үшін белгілі бір артықшылықтар мен преференциялар береді. Джордж Оруэлдің «Мал ауласында» деп аталатын әңгімесінде: «Бәрі тең, бірақ кейбіреулері басқалардан да тең» деген сөздер естеріңізде ме? Сондықтан, Қосанов өзінің келісуші рөлімен, сайлау барысында өзінің мінез-құлқымен демократиялық оппозицияға нұқсан келтіргені туралы айту үлкен артықшылық болар еді.

Ол кім де кімнің беделін түсірген болса – өзі мүше болған ұлтшыл-патриоттық лагерьдің абыройына зиян келтірді. Өйткені, жоғарыда аталған «Сіздер мұның бәрі осымен аяқталатынын білдіңіздер ме? Сіздер неге бізді алдадыңыздар?» – деген сұрақтарды ренішке бөленген сайлаушылар бүгінде өздерін қазақ ұлтшылдығының «зияткерлік ядросы» ретінде ұстанатындарға бағыттайды. Олардың көпшілігі – шетелдік турне мен «Жаңа Қазақстан» қозғалысының қамқорлығымен отырыстарға қатысушылар. Ал енді олар өзінің шынайы бет-бейнесін көрсетті. Бәлкім, олардың билік құрылымдарындағы тәлімгерлері Қосановтың 16-проценттік көрсеткішімен партияны құрып, осы «саясаткерлерді» парламентке өткізуге тырысады. Бірақ оларды наразылық электорат қолдайды ма? «Бір рет алдағанға кім сенеді?»

Елімізде демократиялық өзгерістерді шын мәнінде қалайтындар үміт үзбеулері қажет. Осы сайлау қоғамның бұл бөлігі нақты күш екенін және олармен санасу керек екендігін, сондай-ақ егер қазіргі билік неғұрлым өркениетті және барабар болып көрінгісі келсе, олармен диалог жүргізуге тура келетіндігін көрсетті. Ал бәрі осылай болып аяқталған нәтижеден белсенді және немқұрайлы емес қазақстандықтар дұрыс сабақ алады деп үміттенгіміз келеді.

 

Автор: Жандос Асылбеков

 

Комментарии