Егер кейбір сарапшылардың болжамына сенетін болсақ, жақын арада Қазақстандағы партиялық өмір айтарлықтай жанданады: 2021 жылы өтетін парламенттік сайлау қарсаңында елдің саяси аренасында жаңа ойыншылар пайда болуы тиіс... Және олардың бірі жақындауда көрінеді. Жуырда әділет органдары «Қазақстан интернационалистер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігін тіркеді. Алдағы уақытта оны партия ретінде рәсімдеу жоспарланып отыр. Бұл іс жүзінде қалай көрініс табатыны туралы біз қозғалыс көшбасшысы Бақытжан Көпбаевтан білуді ұйғардық.
- Партия құру үшін мол ресурстар қажет. Олар сіздерде бар ма?
- Мен әзірге есімдерді атағым келмейді, сондықтан бірнеше ірі кәсіпорындардың қызметкерлері біздің қатарымызға кіруге және қажетті қолдау көрсетуге ниет білдіргені жөнінде ғана айтамын. Олар кәсіподақтардан келер көмек шамалы екенін баяғыдан түсінді...
Қаржы ресурстарына келетін болсақ, бұл мәселеде қиындық бола қоймас деп ойлаймын. Қанша дегенмен, біз шағын бизнес субъектілеріне қатысты либералды саясатты жақтаймыз, сондықтан бұл іс-әрекетіміз тыныш жұмыс істегісі келетін және тұрақты болашақты қажет ететін адамдар арасында түсінік табады. Тіпті шетелдік бизнесмендер өз ұжымдарымен бірге бізге қосылуға дайын болып отыр. Осының барлығы біз келіссөз жүргізушілер ретінде онша әлсіз емеспіз дегенді білдіреді.
- Бірақ Қазақстанда өз мәні бойынша интернационалистік болып табылатын коммунистік партия бар ғой. Сіздер олармен бәсекелессіздер ме әлде серіктессіздер ме?
- Жақында өткен президент сайлауында біз ҚКХП кандидатын қолдадық, өйткені біздің саяси көзқарастарымызда қандай да бір ұқсастық бар. Мен жеке өзім Шымкент қаласында 52 бақылаушы қойдым, біздің жақтаушылар Компартия мүшелерімен бірге барлық сайлау алдындағы іс-шараларға белсене қатысты. Біздің алдымызда ҚКХП тәжірибесінде оқып-үйрену және тұжырымдама жасау міндеті тұрды. Сайлау науқанының қорытындысы бойынша біз қателіктерді түзету бойынша жұмыс жүргіздік, сондай-ақ сенім артуға болмайтын адамдардан арылып отырып, күрделі ревизия жүргіздік. Менің ойымша, егер біздің партиямызды тіркесе өзіміз де, сондай-ақ ҚКХП-мен альянста да, парламенттік сайлауға дайынбыз.
- Яғни, сіз осы партиямен бірігу мүмкіндігін жоққа шығармайсыз ба?
- ҚКХП мәселесі – оның аса архаикалық, заманауи емес ұйым болғанында. Оның көшбасшысы Айқын Қоңыров, әрине, жас әрі жігерлі саясаткер, бірақ бір адам жалғыз өзі ешнәрсе жасай алмайды. Айтпақшы, егер сайлауға Жамбыл Ахметбеков емес, ол өзі қатысқан болса, ол міндетті түрде екінші орынды иеленер еді. Ал жалпы алғанда, егер кандидат Ахметбековке біздің (интернационалисттердің) берген дауыстарымызды есептен алып тастаса, ҚКХП мүшелерінің жартысы оған қарсы дауыс бергені анықталады. Шын мәнінде, президент сайлауы Компартия үшін нағыз соққыға айналды...
Бізсіз Халық коммунистері күштірек бола алмайды. Сондықтан алдағы парламенттік сайлау аясындағы жаңа одақ болуы сөзсіз, егер біз, әрине, сол уақытқа дейін өз партиямызды құрып үлгермесек. Бұл мәселе ҚКХП басшылығымен талқыланған болатын. Тіпті біз парламентке жеке-жеке кіретін болсақ та, әрине, одақтастар ретінде бірыңғай фронт болып әрекет етеміз.
- Сіздің қозғалысыңыздың негізгі ерекшеліктері неде?
- Біріншіден, ол төменнен бастау алды. Екіншіден, ол еліміздің түрлі ұлт өкілдерін біріктіреді. Үшіншіден, біз нақты, қарапайым және түсінікті саяси идеологияға иеміз – бұл әлеуметтік әділеттілік пен теңдік үшін күрес.
- Сегіз ай бұрын біздің басылымға берген сұхбатыңызда сіз өздеріңіздің қозғалысыңыздың базасында саяси партияны құру ниеті жөнінде мәлімдеген едіңіз. Ол кезде бұл орындалмайтын идея сияқты болып көрінді, өйткені саясатқа жаңадан келген адамдарды, әсіресе, егер олар төменнен бастаманың арқасында пайда болса, бізде онша жақтырмайды…
- Иә, ол сұхбат менің есімде өте жақсы сақталды. Сол кезде біз елде фашистік идеяларды насихаттауға және русофобияны қарқынды таратуға наразы азаматтар тобы болғанбыз. Ал енді біз кім болдық? Енді біз партияға айналуға күшті ниетіміз бар ресми тіркелген қозғалыспыз. Айта кетерлігі, біз қазақстандық өлшемдер бойынша өте тез ұйымдастырылдық. Оның үстіне бұл біздің идеологиялық қарсыласымыз – радикалды ұлтшылдықтың танымалдығының өсуі аясында орын алған нәрсе. Онымен ашық қарсы тұруға кірісе отырып, біз адамдарға оларды ұлттық белгісі бойынша кемсітушіліктен қорғай алатынымызға үміт бердік.
Біз жұмысты кезең-кезеңмен істедік. Алдымен қозғалысты құрып, жергілікті қоғамдық бірлестікті аштық,содан кейін бүкіл Қазақстан бойынша көптеген филиалдармен РҚБ-ны тіркедік. Тіркеуден өткізу бізге оңайлықпен берілмеді, көптеген кедергілер болды. Бірақ біз мұны жасадық және одан әрі жылжуға дайынбыз – өз партиямызды құрамыз, және егер бұл мүмкін болса, парламенттік сайлауға, ал болашақта президенттік сайлауға да қатысуға дайынбыз.
Партия құру туралы мәселені алдағы съездерде көтеру жоспарланып отыр. Бұл идея басында пайда болса да, біз паровоздың алдында жүгірмей, эволюциялық жолмен жүруге шешім қабылдадық. Және мәселе кворумда емес – біз сол кезде мыңнан астам «таза» адамдарды оңайлықпен жинай алар едік. Мәселе біздің қатарларымызды құрылымдық емес және деструктивті қоспалардан тазарту үшін уақыт қажет болғандығында. Біз, атап айтқанда, созылмалы интригандармен, мәңгілік және барлық нәрселерге көңілі толмайтын, диванда жатып, көп сөйлейтін адамдардан, сондай-ақ біздің арамызға еніп кеткен әртүрлі радикалдардан арылдық.
Ұлтшыл-радикалдар тарапынан болып жатқан қысымға қарамастан, біздің қатарлар белсенді түрде толықтырылуда. Бұл біздің пікірлестеріміз көп екенін білдіреді. Сонымен қатар, біз мақсаттарды, міндеттерді, ал ең бастысы, көшбасшыны тез анықтадық.
- Сол сұхбат, айтпақшы, көптеген пікірлер, соның ішінде теріс пікірлер алды. Көптеген оқырмандарға, олардың есептеуі бойынша елімізде фашистер жоқ болса да, сіздердің антифашизм идеяларын насихаттайтындарыңыз ұнамай қалды. Әлеуметтік желілерде де көптеген дұшпандық пікірлер айтылды. Сіздер осы көңіл-күйлерді ескердіңіздер ме?
- Айқын көрініп тұрған нәрсені жоқ деп айту ақымақтық болып табылады. Біріншіден, ақпарат іздеу кезінде «Қазақстанда фашизмді насихаттау» деген сөздерді жазу жеткілікті, сонда сізге тиісті бап бойынша қанша адам жауапқа тартылғандығы туралы ресми ақпараты бар көптеген сілтемелер ашылады. Екіншіден, біз өздерін фашистер деп атайтындардың скрин, фото, бейне айғақтарын бірнеше рет көрсеткен болатынбыз. Анықталғандай, елімізде фашистік топтар іс-әрекет етеді екен, олар өздеріне тіпті ұлттық ою-өрнегі бар униформаны ойлап таптқан. Әрине, бұл материалдардың барлығын біз құқық қорғау органдарына тапсырдық.
Қанша дегенмен, біздің қозғалыс фашизмге қарсы күресу қажеттілігін түсінудің базасында туындаған, сондықтан біз осы бағытымызды ұстанатын боламыз. Маргиналдардың қандай да бір қорқытулары және түкке тұрмайтын интригалар үшін біздің өз ұстанымдарымыздан бас тартатын ойымыз жоқ. Біздің блогерлер одағы және осылайша аталатын насихаттау тобы жедел және тиімді жұмыс істейді: біреулер қатаң ақпараттық күрес жүргізеді, ал біреулер желіде жақтастарды іздейді. Бізден тек арнайы қызметтер мен экстремистердің бот-бағдарламалары ғана мықтырақ шығар деп ойлаймын (күледі). Олар бір-бірін «қиратып» жатқан кезде, біз өз жұмысымызды жасаймыз.
Менің ойымшы, Қасым-Жомарт Тоқаев сияқты интернационалшы- президенттің келуі арқылы Қазақстандағы биліктің ауысуы әр түрлі деңгейдегі ұлтшылдардың жоспарларын шатастырып тастады. Көптеген өткен жылдар бойы жоғары билік құрылымдарының өкілдерімен қалыптасқан олардың байланыстары біртіндеп бұзыла бастады. Радикалдар айтарлықтай құлдырады. Мұнда, менің ойымша, біздің де еңбегіміз бар.
Ал дұшпандық пікірлерге келетін болсақ, бұл әлеуметтік желілердің шығындары. Көптеген блогерлердің өздері хейтерлерді олардың материалдарының астында «дүрліктіру» ұйымдастыруды өтінеді. Өкінішке орай, сөз бостандығында да өз кемшіліктері бар. Әлеуметтік әділетсіздіктің ауыртпалығын бастан кешіріп өтырған адамдар әлеуметтік желілерде көбінесе өте агрессивті болып келеді...
Познер өте дұрыс айтқан еді: сөздің абсолюттік еркіндігі сіздің арнаңызға жазылған адамдардың саны 5 мың адамнан аспайтын жерде ғана бар, ал одан кейін цензура басталады. Бұл туралы сіздерге, журналистерге, менің айтуым қажет пе?
- Сондай-ақ сізді РФ президенті әкімшілігімен байланысыңызда айыптаған еді...
- Арнайы қызметтердің күдігі, әрине, расталмады. Олар негізсіз. Әлбетте, біздің Ресейге де, басқа елге де қатысты ісіміз жоқ. Біздің Отанымыз – Қазақстан, ал біз оны еркін етіп, біздің халқымызды өз болашағына сенімді етіп жасағымыз келеді.
- Сіз өз аудиторияыңызбен байланысты негізінен «Фейсбук» арқылы жүргізесіз. Ал бұл бүгінгі күні аса саясиландырылған ресурс, және қоғамдық-саяси тақырыптарды талқылау, соның ішінде кейбір белсенді жақтастар мен олардың оппоненттерінің қатысуымен, жиі бір-біріне жала жабу арқылы барлық шектерден шығып кетеді. Бұл сіздің ұйымыңыздың имиджіне теріс әсер ететіні түсінікті. Сіз осымен қалайша күресесіз?
- Мен айтқандай, біздің қатарымыздағы радикалдардан біз арылдық. Қоғамдық пікірталастарда саяси әдептілікті сақтай білмейтіндерді біз еркін еңбек етуге жібердік. Шынында да, радикалды ұлтшылдардың энергиясын пайдаланатын және олардың посттарын оқып, оған өз пікірлерін білдірмесе отыра алмайтын адамдар бар. Мен бұл адамдарды шекаралардан өтпеуге және пікірталастарды конструктивті, дәлелді түрде жүргізуге талай рет шақырған болатынмын. Оның үстіне, өсу кезеңі бұрыннан өтіліп кеткн, ал енді біз саяси жетілудің жаңа деңгейіне көшуіміз керек.