Сенбі, 5 желтоқсан 2020 ЖЫЛЫ
1874 24-06-2019, 14:56

Сайлаудан кейін: Қазақстан оппозициясы өз мүмкіндігінен айырылып қалмай ма?

Жақсы ма, жаман ба, әйтеуір қалай да болмасын Қазақстан кезекті электоралды науқанды өткізіп тынды. Белгілі ресейлік жазушы Сергей Минаевтың сөзімен айтсақ «барлығы да ойын барысында нені көздеген болса, соған қол жеткізді». Билік – қажетті дауыстар алды, ал оппозиция деп аталатындар – нақты саясатқа оралу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ ертең не болады? Егер биліктің қозғалатын сценарийі секундалап жазылып қойған болса, оппозицияның келешегі (жақын болашақта күтіліп отырған жаңа сайлау арқылы парламентке өту перспективасына қарамастан) әлі де белгісіз. Біз сарапшылардан осы мәселе бойынша толық түсінік беруді өтіне отырып, келесі сұрақтарды жолдадық: өткен сайлаудан және оның барысында орын алған жағдайлардан оппозиция қандай сабақ алуы тиіс; енді оппозиция не істеу керек?

Андрей Чеботарев, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры: «Оппозицияның күші бірлікте»

- Біздің оппозициямыз әлі күнге дейін меңгермеген ең басты сабақ: «Күш – бірлікте» принципін ұстаудың қажеттілігі. Өткен президенттік сайлау барысында қазақстандықтардың кем дегенде бес оппозициялық көңілде бапталған тобы өздерін көрсеткен болатын. Олардың бірі Әміржан Қосанов пен оны қолдаған команда. Ал қалған топтар әртүрлі форматта сайлауды бойкоттауды жөн көрді.

Тіпті осыдан бір жыл бұрын құрылған «Жаңа Қазақстан» форумы аясында әуел бастан сайлауға қатысушыларға және оны бойкоттаушыларға бөліне басталғаны көрінген. Сондықтан енді бұл бірлестік ыдырап жатқанында таңқаларлық ештеңе жоқ. Оппозициялық ортада бірліктің болмауы, бұрынғы кезде сияқты, қандай да бір идеологиялық немесе тактикалық келіспеушіліктерге емес, оның әртүрлі өкілдері арасындағы күрделі тұлғааралық өзара қарым-қатынастарға байланысты. Бұл жағдай өз кезінде өте қуатты және үлкен үміт берген оппозициялық ұйымдар мен коалицияларды жоққа шығарған. Және, бұл мағынада ешнәрсе өзгермеген көрінеді.  

Екінші сабақ «шанаңды жазда дайында, ал арбаңды қыста жөнде» деген белгілі мақалда шоғырланған. Оппозициялық бірлестіктер мен саясаткерлер қандай да бір сайлауда жеңіліске ұшырағанда (немесе оны бойкоттағанда), әдетте сайлау науқанына толық қатысу үшін дайындалуға мүмкіндік берілмегені жөнінде мәлімдейді. Өз позициясын олар біздің елімізде барлық парламенттік және президенттік сайлау мерзімінен бұрын өтетінімен түсіндіріп, сайлау күтпеген кезде болғандықтан, уақыт тапшылығы факторы оларға қарсы жұмыс істейді деп ақталады. Бірақ көптеген басқа елдердегі саяси партиялар мен қозғалыстар қалайша әрекет ететіндерін қараңыздаршы. Бір сайлау науқанының қорытындылары шығарыла салысымен олар бірден, алдағы сайлау (ұлттық, жергілікті) деңгейіне және оларды өткізу уақытына қарамастан, сол сайлауға дайындалуды бастайды. Бізде көптеген партия сайлауаралық кезеңде өздерін мүлде көрсетпейді. Ал саясатта кез келген уақытта барлығына, соның ішінде мерзімінен бұрынғы сайлауға, үнемі дайын болу керек.

Үшінші сабақ – бұл бұрынғы тәсілдер мен көзқарастар, саяси мінез-құлықтың және сайлауға қатысудың бұрынғы үлгілері бүгінде жұмыс істемейтіні. Егер партиялар мен жекелеген саясаткерлер қандай да бір сайлау жарысына қатысуға ниет білдірсе, онда олар кандидаттардың сыртқы бейнесі мен риторикасын, сайлау алдындағы бағдарламалардың мазмұнын, үгіт материалдарының сапасын, сайлаушылармен және т. б. кездесу үшін күн тәртібін қоса алғанда, өз науқанының негізгі сәттерін нақты пысықтауы керек. Атап айтқанда, менің ойымша, оппозицияның көп бөлігі сайлау кезінде де, өзінің күнделікті қызметінде интернеттің әлеуметтік желілері мен бейнересурстарын жеткілікті дәрежеде пайдаланбайды. Мысалы, сайлау алдындағы пікірталастарды барлығымен болмаса да, жекелеген оппоненттермен кез келген алаңдарда түсіріп (кейін YouTube-те трансляциялай отырып) ұйымдастыруға болады. Егер оппозиция қандай да бір сайлауды бойкоттауға шақырса, онда ол бойкотты әдеттегі қатыспаумен шатастырмауы тиіс. Бұл жағдайда бойкот өзінің ұстанымын түсіндіру және әлеуетті жақтастарды осы негізде жұмылдыру бойынша халықпен белсенді жұмыс жүргізуді көздейді.

Әйтпесе оны ешкім байқамай да қалады, демек, оның бастамашылары өзіне ешқандай саяси пайда алмайды.

Алдағы парламенттік сайлауға қатысты айтатын болсақ, олар тағы да барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауымен бір мезгілде өтетін сияқты көрінеді. Ал енді маслихат депутаттары да, мәжілісмендер сияқты, партиялық тізімдер бойынша сайланатын болады. Олар ресми мерзімде, яғни 2021 жылы өтетіні немесе тағы да мерзімінен бұрын болатыны әзірге аңық емес. Бірақ оппозицияға, елдің барлық басқа да саяси күштерімен бірдей, қазірдің өзінде сайлауға дайындалуды бастау керек.

Сайлау жариялануына таман елдің партиялық-саяси алаңында орналасу өзгеруі ықтимал. Бүгінде басқару элита жұртшылығы арасындағы түрлі ықпал ету топтарында және қоғамда өз партияларына үлкен сұраныс бар. Билік оппоненттерінің белгілі бір бөлігі «Ақиқат» Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға (ЖСДП) ставка жасайды. Алайда, жаңа партиялар да, соның ішінде Әміржан Қосановтың басшылығымен, пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда парламенттік және жергілікті сайлауда оппозицияның

және оның әлеуетті жақтастарының кезекті «ыдырауы» орын алатын болады. Бұл жағдайда Ақорданың оппоненттері ең болмағанда біржақты немесе өзара айыптаулардан аулақ болу керек. Егер «бөліп, иелік ет» деген белгілі қағидатты ескерсек, билік үшін мұндай жағдай тиімді болады. Ал оңтайлы нұсқа ретінде – сайлау кезінде іс-қимылдарды үйлестіру және бір-біріне белгілі бір қолдау көрсету туралы уағдаласу жөн болады.

Оразғали Селтеев, саясаттанушы: «Саяси бәсекелестікті дамыту үшін шамалы болса да жағдай жасау керек»

- Президенттік сайлаудан және оның барысында орын алған жағдайлардан оппозиция қандай сабақ алуы тиіс? Сұрақтың осылайша қойылуымен келіспеймін. Оны былай тұжырымдау дұрыс болады: билік қандай сабақтар алуы керек және одан әрі не істеу керек?

Ең алдымен, елде нақты саяси оппозиция жоқ екендігін айту керек. Сондықтан саяси бәсекелестік туралы кез келген пікір бос және мағынасыз болып табылады.

Қазір тек негізгі тренд көрінуде – наразылық қозғалысы неғурлым айқын формаларға ие бола бастады. Яғни, наразылық массаның құрылымдануы белгіленіп, енді латенттік күйден өз ниетін ашық мәлімдеуге ауысады. Ал барынша белсенділік көрсете бастаған саяси эмигранттарға келер болсақ, олар ішкі саяси жағдайға айтарлықтай әсер ете алмайды.

Мен бірнеше рет айтқан едім, жабық саяси жүйе және басқарудың суперпрезиденттік нысанының белгіленген трансформациясы жағдайында нақты саяси оппозицияның пайда болуының бір жолы ғана ықтимал. Әңгіме постназарбаев дәуіріндегі билік ортасының сөзсіз бөлінуі туралы болып отыр. Яғни, болашақта контрэлита мемлекеттік аппараттың саяси ауыр салмақтылардан және ірі олигархтадан тұратын қазіргі элита қатарынан шығатын болады.

Қазір шартты түрде «оппозициялық лагерь» деп аталатын лагерьде болып жатқаны – бұл төмен дәрежедегі имитация элементтері бар жасырын ойындар. Алайда, бұның оң сәттері де бар. Билік, ішкіэлиталық топтар, наразылық қозғалыстары, азаматтық белсенділер, жалпы қоғамға ортақ болатын ойын ережелерін қалыптастырып, өзара саяси іс-қимыл дәстүрлерін еңгізе бастайтын конструкция құру маңызды. Сөз, ең алдымен, имитациялық болса да, бірақ жария саясат негіздерін қалыптастыру туралы болып отыр.

Тиісінше, өткен президенттік сайлауда ешқандай оппозиция болған жоқ.

Барлық кандидаттар биліктен кандидаттың спарринг-серіктестері рөлінде ғана қатысты. Әміржан Қосановтың легитимизациясы арқылы жеке оппозициялық субъектілерді жасанды түрде қалпына келтіруге жаман емес

әрекет болды. Бірақ бұл жобаны оның тәлімгерлері мен мемлекеттік «политехнологтары», бүкіл президенттік сайлау науқанын сияқты, сәтсіздікке ұшыратты. Ішкі саяси үдерісті елде біртіндеп өтіп жатқан өзгерістермен өрістету үшін барлығын әдемі жасауға болар еді. Алайда қағазға жазылған сценарий іс жүзінде мүлдем жұмыс істемейтін болып шықты.

Басты қателік – билік өзіне жұмыс істеуге тұра келетін қоғамды да, оның құрылымдығы мен ішкі мазмұны өзгергенін де білмегендігінде. Көптеген жылдар бойы әлеуметтік наразылықтың өсіп келе жатқан деңгейі және азаматтардың наразылық белсенділігіне дайын болғандығының артуы ешбір бағалаусыз қалған. Аса маңызды мемлекеттік шешімдерді іске асыру кезінде негізгі әлеуметтік топтардың мүдделері мен қамқорлығы ескерілмеген. Жалпы қоғамдық-саяси саланы алдын ала реформалауды болжаған өзгерістер жөніндегі сұраныс қанағаттандырылмады. Нәтижесінде наразылық көңіл-күй қоғамның қамтамасыз етілген топтарына көшкен қауіпті үрдіс пайда болды.

Сондықтан қазір саяси жүйенің нақты реформаларынсыз шиеленісті жою мүмкін емес. Орындалмаған уәде түріндегі кез келген әрекет күтпеген және басқарылмайтын салдарға әкелуі мүмкін. Бұған әлемнің көптеген елдерінің саяси көшу тәжірибесі куәлік етеді. Уақытында өзгере алмайтын билік әлсіз және осал болады.

Қазір біз қоғам мен билік арасындағы бейресми қарама-қайшылық белгіленген жағдайға келдік. Яғни, шартты оппозиция мүдделері саяси деңгейде көрсетілмеген қоғамның едәуір және тірек бөлігі болып табылады.

Сондықтан мерзімінен бұрын парламенттік сайлау мүлдем жаңаша өткізілуі тиіс. Саяси бәсекелестікті дамыту үшін шамалы болса да жағдай туғызған жөн. Жаңа саяси партияларды қалыптастыруға кедергі келтірмеу маңызды, кез келген адамның партиялық қатарға енбестен саясатқа тікелей қатысуға мүмкіндігі болуы үшін сайлаудың аралас жүйесін қайтару қажет. Жұмыс істеп тұрған саяси және қоғамдық институттар өз өкілеттіктерін іске асыруды бастауы тиіс.

Егер нақты саяси реформалар болмаса және барлығы қазіргі түрде қалатын болса, онда парламенттік сайлау барысында және одан кейін дағдарыстық жағдайдың ушығуы сөзсіз. «Нұр Отан» билік партиясы ретінде үлкен қысымға ұшырап, өз позицияларын жоғалтатын болады. Наразылық дауыс беру факторы бейімделді, енді ол одан әрі күшейе түседі. Тіпті болмай жатса, адамдар кез келген басқа партияға, соның ішінде парламенттік партияға – «Ақ жол» немесе ҚКХП-ға дауыс беретін болады.

Тек сөзбен ғана өзін саяси оппозиция ретінде ұстанғысы келетін «Ақиқат» ЖСДП-сы өзін әлдеқашан сенімділіктен тыс қалдырды. Жаңа саяси партиялар пайда болғанда «Ақиқат» ЖСДП түпкілікті жойылу шегіне түседі. Егер қазіргі партиялық орналасу сақталса және егер бұл партия

парламенттік сайлауға қатысса, ол наразылық дауыстарды жинаушы бола алады.

Газиз Әбішев, саяси талдаушы: «Оппозиция коммуникация арналарын тазартуы қажет»

- Оппозицияның жаттауға тиіс басты сабағы – бұл Қазақстан халқының басым бөлігінің өзгерістерге деген сұранысының қалыптасқанын түсіну. Оппозиция агрессивті-диссиденттік болуы міндетті емес. Оған басқарушы партияның баламасы болып, саяси ырықтандыру туралы тезистерді ұқыпты, тыныш декларациялау да жеткілікті – сол кезде оның жағында жүздеген мың дауыс пен бақылаушылар мен үгіт-насихаттық тегін жұмыс істеуге дайын азаматтық белсенділердің үлкен саны болады.

Осылайша, оппозицияға тек коммуникация арналарын тазарту, жақсы спикерлерді табу, оларға қарапайым және барлық түсінікті месседждер жиынтығын беру қажет, сонда ол өте жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады.

Алдағы парламенттік сайлау алдында оппозициялық партиялар сапалы әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, сайлаушылардың нақты әлеуметтік-демографиялық топтарын анықтап, олардың әрқайсысының нақты нені қалайтынын түсінуі қажет. Және осыдан кейін қандай топтарға ставка жасау керек екенін шешу керек. Содан кейін осы таңдалған топтарға икемдеп, түсінікті адекватты бағдарламаны тұжырымдап, оны ыңғайлы сөздерге дейін жеңілдетіп, коммуникациялардың тиісті арналары бойынша өз өкілдері арқылы жіберуге болады.

Бірігу міндетті емес – басқарушы партияға электоралды қорғаныс міндетін қиындатуы үшін, оппозиция тұғырдың бірнеше жағынан шабуыл жасауы тиіс.

 

Комментарии