Қазақстанда өтетін қазіргі президенттік сайлаудың өзі өте тартымды емес, өйткені оның нәтижесі тым болжамды болып отыр, ал қатысушылардың құрамы қызықсыз. Дегенмен, сайлаушылар мен сарапшылар қоғамдастығы тарапынан биылғы президенттік сайлауға қызығушылық тудыратын бірнеше нюанстар бар. Саясаттанушы Уразғали Селтеевпен біз дәл сол ерекшеліктер жөнінде әңгімелестік.
- 9 маусымда қазақстандық дауыс беруге арналған бюллетеньдерде сайлаушылар жеті адамның (олардың басым бөлігі көпшілік қауымға бейтаныс) аты-жөнін көретін болады. Әрбір кандидат электораттың қандай сегментіне үміттеніп отыр?
- Мұнда тек екі адамды ғана бөліп көрсеткен жөн болады. Біріншіден, бұл Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның үгіттеу риторикасы барлық қазақстандық қоғамға арналатыны анық, яғни оның сөздері Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси бағытын жалғастыру үшін, дәлірек айтқанда, әр түрлі салаларда біртіндеп өзгерістер еңгізе отырып, тұрақтылық пен ағымдағы жағдайды сақтау үшін дауыс беретіндерге арналады.
Екіншіден, бұл – орталық және өңірлік биліктің әрекеттеріне наразы болып отырған адамдардың дауыстарын жинап алуға қабілетті Әміржан Қосанов. Оны, ең алдымен, соттарда, полицияда және әкімдіктерде үнемі ауытқулар мен әділетсіз шешімдермен бетпе-бет келетін адамдар қолдайды. Қоғам мен билік арасындағы адекватты, яғни лайықты және ашық диалогқа қол жеткізе алмайтын адамдар. Әңгіме наразылық дауыс беру жөнінде болып отыр. Жағдайдың қысылуы және жақтырмаушылық білдірудің нақты формаларының болмауы қоғамның белсенді бөлігін өзінің келіспейтіндігін осы арқылы көрсетуге мәжбүр етеді. Бұл әртүрлі әлеуметтік топтардың шекарасында тұрған маргиналдар емес, ол негізінен білімді жастар, шағын және орта бизнес өкілдері. Яғни, осы электоралды науқан барысында жасырын наразылық сайлаушылардың бір бөлігінің Қосановтың пайдасына дауыс беруі арқылы көрініс табуы әбден мүмкін.
Қалған үміткерлер жөнінде айтудың мағынасы жоқ. Олар зерттеулік және практикалық тұрғыда ешқандай қызығушылық тудырмайды. Бұл тек жалпы фон жасайтын статисттер.
- «Статисттер» сайлау науқанына жеңіс үшін емес, олар қандай да бір дивиденттер үшін қатысатыны түсінікті. Сіздің ойыңызша, олардың әрқайсысы осы жарыста қандай мақсаттарды көздейді? Және үміткерлердің қайсысы құрметті екінші орынға үміткер бола алады?
- Бәрі де айдан анық. Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрагері ретінде жеңіске жетіп, сайланған президент болады. Екінші орын алатын және 8-10 процент дауыс жинайтын адам автоматты түрде ұлттық ауқымдағы саясаткер мәртебесін алады. Бұл Әміржан Қосанов болуы керек. Наразылық танытатын ортада ол жалғыз балама кандидат ретінде қабылданады. Сонымен қатар, оның қатысуы оппозициялық қозғалысты ішінара қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қазір қоғамда наразылық топтарының атынан ашық түрде шығып, әлеуметтік шиеленістің өсуін сіңіріп алатын саяси субъектілер пайда болуы өте маңызды.
ҚКХП мен «Ақ жол» үшін олардың кандидаттарының қатысуы мерзімінен бұрын өтетін парламенттік сайлау қарсаңында қосымша саяси ұпай табу мүмкіндігін береді. Қалған үміткерлер де жүлде ретінде мәжілістің жаңа шақырылымындағы депутаттық мандаттарды немесе сенаттағы орындарға қол жеткізе алады.
- Бұл президенттік сайлау ерекше шиеленістерсіз өтетіні анық. Десе де, сайлаушылардың қызығушылығын не тудыруы мүмкін? Бізді қандай тосынсыйлар күтуі ықтимал?
- Тосынсыйлар болмайды. Кез-келген сайлау билік үшін күресті болжайды, бірақ біздің шынайы өмірде ол 20 жылдан бері іс жүзінде жоқ. Қазіргі президенттік «жарыс» нақты бәсекелестік пен саяси конфронтация элементтерінен айрылған.
Алайда бұл сайлау екі себеп бойынша қызықты. Біріншіден, Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрагері қоғамдық қолдаудың қандай процентін алатыны маңызды. Тұнғыш президент пен биліктен жаңа кандидаты арасындағы электоралды сандарда қандай айырмашылық болатынын түсіну мүмкіндігі пайда болады. Әрине, бұл салыстырмалы көрсеткіш. Бірақ белгілі бір дәрежеде ол мемлекеттік саясаттың ағымдағы бағытына сенім әлеуетінің қай жаққа қозғалатыны туралы жалпы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақстандықтар үшін саясаткердің жеке бейнесінің факторы қаншалықты маңызды екенін анықтауға болады.
Екіншіден, әлеуметтік наразылық деңгейінің қандай да бір анықтау бөлігі алынады. Бұл ретте президенттік сайлау өткізілгеннен кейін азаматтардың қалауын, мүдделерін және сұраныстарын егжей-тегжейлі зерделеуді бастау дұрыс болар еді. Бұл негізгі бағыттар бойынша мемлекеттік аппараттың жұмысын түзету үшін қажет.
- Өзіңіздің Telegram-арнаңызда (https://t.me/selteyev_view) сіз өте батыл болжамдар бересіз. Біздің оқырмандармен дауыстардың қалай бөлінетініне қатысты пікіріңізбен бөлісе аласыз ба?
- Иә, мен бұл туралы жазған болатынмын және тағы да қайталап айта аламын. Алдын ала жасалған болжамдар жүзеге асырылды. Мысалы, қарапайым электоралды математика сайлау бюллетеніне 6-8 кандидатты енгізуді талап ететіні жөнінде. Бұл негізгі бақылаудағы саяси партиялар мен бағынышты қоғамдық ұйымдардан ұсынылған адамдар.
Бұл есептеулерде қазіргі сайлау науқанына қойылған ең маңызды міндетті негізге алу керек. Әңгіме Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісі жөнінде болып отыр, бірақ ол өте үлкен айырмашылықпен болмауы тиіс. Яғни, алдыңғы сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев ие болған халықтың бірыңғай және сөзсіз қолдауына елдегі бірде-бір адамның үміткер бола алмайтынын көрсету өте маңызды. Егер олай болмаса, Елбасының бірегей, ерекше мәртебесі төмендеп қалуы мүмкін.
Демек, Тоқаевтың саяси әлеуеті мен дербес деректеріне қарамастан, дауыс беру қорытындысы бойынша оның нәтижелері басқарылып отырып шектеледі. Бастапқыда шекті диапазон 55-65 процент деңгейінде болады деп ойлағанмын (бірақ бұл биліктен үміткерге күшті және танымал спарринг-серіктестерді, оның ішінде басқарушы элитаның арасынан таңдап алған жағдайда). Алайда бейтаныс және жас емес адамдардың қатысуымен өтетін басқа сценарий таңдалды. Сондықтан Тоқаев дауыстардың 70-75 процентің жинап алуы ықтимал.
Осы себептерге байланысты жарқын сайлау науқанын күтудің қажеті жоқ. Ағымдағы әрекеттерге қарағанда, Тоқаевтың жеке басқару және көшбасшылық сипаттамаларын ұстанымдау бойынша елеулі күш-жігер жұмсалмайды. Электорат үшін нақты күрес болмаған жағдайда, жалпы саяси жарнаманың жоғары сапасы қажет емес.
Әміржан Қосанов шамамен 8-10 процент алуы керек. Жалпы алғанда, ел бойынша ол өте танымал емес болғанмен, республикалық маңызы бар қалалар есебінен, оңтүстік және батыс өңірлері есебінен Қосанов наразылық деңгейі жоғары дауыстардың лайықты санын жинап алуға қабілетті. Сонымен қатар, сайлаушылардың белгілі бір бөлігі оны эксперимент ретінде қолдауы ықтимал.
Президенттік жарысқа әйелдердің қатысуының жаңашылдық фактісінің өзі тартатын қазақстандықтардың 5-7 проценті Дания Еспаеваға дауыс беруі мүмкін. Қалған дауыстар әрбір кандидатқа 1-ден 6 процентке дейін электоратты бөлшектеу қағидаты бойынша үлестіріледі.
- Өз талдауларыңыздың бірінде сіз президент сайлауынан гөрі, одан кейін болатын парламенттік сайлау маңызды екенін атап өттіңіз. Неліктен екенін түсіндіре аласыз ба?
- Иә. Бұл билік транзитінің және саяси жүйенің өзгеруінің келесі кезеңі болады. Шын мәнінде, Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет басшысы қызметінен кетуі басқарудың суперпрезиденттік нысанының біртіндеп өзгеруін білдіреді. Кез келген келесі президент Елбасының өкілеттілігі мен ықпалының көлеміне ие болмайды.
Парламенттік сайлаудың стратегиялық маңыздылығына келетін болсақ, олар мәжіліс пен сенаттың рөлін қайта қарау тұрғысынан есептеудің бастамасына айналуы тиіс. Екі палата да нақты саяси субъектілер бола отырып, күшейтіледі. Олар ҚР президенті әкімшілігі мен үкіметпен өзара іс-қимылда тең серіктес мәртебесіне жақындайтын болады. Атқарушы билік атына сын градусы және жоғары өкілді органнан шығатын дербес заңнамалық бастамалар саны айтарлықтай артады.
Соңғы 20 жылда бізде парламент биліктің қосалқы бөлшегі деген түсінік қалытасып бекітілді. Алайда шын мәнінде бұл негізгі конституциялық орган, сондықтан егер ол өз өкілеттігін іс-жүзінде пайдаланатын болса, онда елдегі барлық процестерге толықтай әсер ете алады. Мысалы, президент пен үкіметтің қызметін қажет болған жағдайда саяси дағдарыс ахуалын жасай отырып және өзінің еркіне бағындырып алып, тоқтата алады.
Элитаішілік топтар парламенттің қуатты саяси тетік ретіндегі стратегиялық рөлін түсінеді. Сондықтан депутаттық корпустың дербес құрамы қандай болатыны өте маңызды. «Нұр Отанның» партиялық тізімінде орын алу үшін нақты ішкі күрес болады. Негізгі «ауыр салмақтылардың» саяси әлеуеті парламенттегі өздерінің адамдарының санымен айқындалатын болады.
Фото: Қазинформ