Болжамдар жасау – оңай нәрсе емес, ал саяси болжамдар жасау одан да қиын. Бірақ оған қарамастан, алдағы уақытта ел мен қоғамды не күтіп тұрғанын білгіміз келеді. Оның үстіне, кейбір жанама белгілеріне қарағанда, алдағы жылы Қазақстандағы саяси өмір айтарлықтай жанданады. Біз белгілі отандық сарапшылардан осы мәселе жөнінде өз ой-пікірлеріңізді айтуды өтініп, оларға келесі сұрақтарды жолдадық:
1. Сіздің пікіріңізше, 2019 жылы қандай саяси оқиға ең күтілетін болмақ?
2. Ол оқиға қоғам күтіп қалған саяси реформалар процесінің бастамасы болама, әлде барлығы билік транзиті деп аталатын шеңбермен ғана шектеліп қалама?
3. Отандық саяси истеблишмент өкілдерінің бірі келесі жылы бірінші қатарға шығады деп болжауға бола ма?
4. Алдағы уақытта парламент пен үкіметтің рөлі сізге қандай болып көрінеді? Олардың ішкі саяси процестерге әсері арта түсеме немесе бұрынғыдай болып қала береме?
Максим Казначеев, саясаттанушы: «Серпіліс болмайды»
1. 2019 жылдың ең күтілетін саяси оқиғасы жаңа сайлау циклінің басталуы болады. Ақорда әзірге қандай сайлау мерзімінен бұрын өткізілетін жөнінде (президенттік немесе парламенттік) жария еткен жоқ. Әзірге қоғамдық пікірді мерзімінен бұрын сайлау өткізу мүмкіндігіне дайындау ғана байқалуда.
Осы сценарийлік жобалардың екеуіндеде өзіндік артықшылықтары бар:
Бір жағынан, президент сайлауы 2015 жылы өткізілген болатын, сондықтан мемлекет басшысының «кезекті кезектен тыс» сайлауын хронологиялық түрде өткізу қажет. Бұдан басқа, олар неғұрлым маңызды жұмылдыру және қоғамды шоғырландыру әлеуетіне ие, бұл билік тұрғысынан ағымдағы экономикалық дағдарыс жағдайында маңызды болуы мүмкін.
Екінші жағынан, парламентке кезектен тыс сайлау 2017 жылғы конституциялық бастамаларды іс жүзінде іске асыруға мүмкіндік береді, оған үкімет қызметін қалыптастыру және бақылау, министрлердің өзі бақылайтын ведомстволардың даму стратегияларын іске асыру үшін парламент алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелерінде үлкен өкілеттіктер беруге байланысты. Бұл өз кезегінде шағын дәрежеде болса да, бірақ әлі де үкіметтің жұмысын қайта жүктеуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте сайлаудың сыртқы фоны (сыртқы саяси және экономикалық) қолайсыз болып қала береді. Геосаяси шиеленіс арта түседі, қазақстандық шикізат бағасының ауытқуы әлсіз болжанатын болады. Біз көмірсутектер бағасының өсуіне де, сонымен қатар күрт құлдырауына да тап болуымыз мүмкін: ал соңғысы үкіметтің әлеуметтік тұрақтылықты қолдау жөніндегі міндетін бірден күрделендіре түседі.
Субъективті көзқараспен мен дәл осы парламенттік сайлау науқанын өткізу перспективалы болып табылады деп есептеймін. Президенттік сайлау үлкен шиеленісті қамтымайды, олардың нәтижесін бүгін де болжауға болады. Ал парламенттік сайлау қазіргі элита ішіндегі теңгерім, саяси партияларға жататын ықпал ету топтарының мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі түсінік бере алады.
2. Жаңа сайлау циклы күтілетін саяси реформалар мағынасында серпінді болмайды, сол сияқты ол биліктің транзитіне де алып келмейді. Әсіресе, егер таңдау мерзімінен бұрын президенттік сайлау науқанының пайдасына жасалатын болса. Соңғы екі жыл ішінде билік ашық саясат кеңістігінде жұмыс істеу принциптерін түбегейлі өзгерткен көпмағыналы қадамдар жасады. Біз өкілді билік институттарын демократияландыру тұрғысынан саяси реформалауда елеулі ауытқушылықтың куәсі болдық. Атап айтқанда:
- мемлекеттік қызметтің міндетті 5 жылдық өтілі туралы талап енгізілді.
- ел президенті лауазымына кандидаттар үшін сайланылатын қызметінде болу;
- бастапқы буын (ауылдар, ауылдық округтер және т. б.) әкімдерінің тікелей сайлауын енгізуден бас тарту туралы шешім қабылданды;
- өзін-өзі ұсынушыларға өз кандидатураларын ұсыну мүмкіндігін бір мезгілде алынып тасталып отырып, тепе-тең жүйе бойынша мәслихат депутаттарын сайлауға көшу туралы шешім қабылданды.
Сондықтан жаңа сайлау циклынан саяси серпілістерді күтуге болмайды. Алдағы сайлау науқаны элитадағы күштердің жаңа конфигурациясын, жаңа тактикалық одақтарды және керісінше, саяси ауыр салмақтылардың арасындағы жаңа желілерін белгілейді. Бірақ саяси реформалау немесе билік транзиті тұрғысынан ол тағдырды шешуші болмайды.
3. Президент лауазымына кандидаттарды ұсынуға қойылатын жаңа талаптар мемлекет басшысының өткізілуге ықтимал сайлауына тек жоғары дәрежелі шенеуніктердің немесе парламент депутаттарының ғана қатысуын көздейді. Яғни, Нұрсұлтан Назарбаев ешкімге белгісіз қоғам қайраткерлерін емес, бюрократиялық элитадағы қарсыластарын жеңетін болады.
Кезектен тыс парламенттік сайлау өткізілген жағдайда біз ішкіэлиталық топтардың ықпалының жаңа конфигурациясын көре аламыз. Мүмкін, жаңа сайлауды депутаттық корпус «балғын» қан келеді. Жаңа парламенттің партиялық фракциялары ықпал етудің түрлі топтарын білдіретін министрлерді қолдау дәрежесін бағалау қызықты болады.
Ақорда 2019 жылы бағытты элитаның жасаруына қарай сақтап, көпшілікке бұрында танымал емес бюрократиялық функционерлерге ашық кеңістікте жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда бұл оң үрдіс, алайда ол биліктің базалық саяси және әлеуметтік-экономикалық стратегиясын өзгертпейді.
4. 2017 жылғы конституциялық өзгерістердің қисыны бойынша парламентке мерзімінен бұрын сайлау оның әлеуметтік-экономикалық процестерге ықпалының белгілі бір өсуіне алып келуі тиіс. Енді үкімет парламентке де, президентке де есеп беретін болады. Министрлердің әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларын іске асыру үшін парламент алдындағы жауапкершілігі Қазақстандық саяси практикаға дамудың салалық стратегияларын әзірлеу кезінде ашықтықтың кейбір элементтерін енгізеді. Осы уақытқа дейін үкімет заң жобаларын тек қана президент мақұлдағанын көрсете отырып бекітуге ұсынатын. Жаңа жағдайда үкімет өкілдері әлеуметтік және экономикалық салалардағы әрбір қадамын парламентте негіздеуі тиіс.
Бірақ парламенттің және үкіметтің ішкі саяси процестерге (мемлекеттік идеология, конфессияаралық және этносаралық салалардағы қатынастарды реттеу, сайлау заңнамасы, ақпараттық саясат және т.б.) жиынтық әсері айтарлықтай өспейді.
Мұнда біз Қауіпсіздік кеңесінің елдің ішкі саяси өміріне оған қосымша саяси функциялар беру арқылы ықпалының өсуі сияқты факторды ескеруге тиіспіз. Совбезді күшейту бюрократиялық элиттегі формальды және формальды емес мәртебелердің өте кең бөлінуіне алып келеді. Атап айтқанда, үкіметтің әлеуметтік-экономикалық блогын бақылау жоспарында парламенттің рөлін арттыру жөніндегі бастамалармен бірге осының бәрі болашақ екінші президенттің мәртебесін өкілеттіксіз етіп отыр.
Сондықтан мәжіліс пен үкіметтің кейбір функцияларын күшейту басқа мемлекеттік институттарды күшейтумен қатар өтелетін болады.
Толғанай Үмбетәлиева, саясаттанушы, демократияны дамытудың Орталық Азия қорының бас директоры: Билікпен қызықтыру
1. Бәлкім, ең күтілетін – алдағы президенттік және парламенттік сайлау. Конституцияда белгіленген мерзімдерге сәйкес, олар 2020-да болуға тиіс болғанмен, бірақ қазақстандық болмыстар мен саяси дәстүрлер бұл электоралды кампаниялар 2019 жылы өтуі мүмкін деп болжауға мүмкіндік береді.
2. Өкінішке орай, жоқ. Елде саяси реформалар өткізілетіні үшін алдын ала шарттар көрінбейді. Бәлкім, олардың өткізілуі болашақ саяси басшылықтың күн тәртібіне ауыстырылатын болар. Алайда, қазіргі уақытта өкілеттілікті бөлу болашақта билікке келушілерді де толығымен қанағаттандыра алады, сондықтан реформалар ұзақ уақыт бойы кейінге қалдырылуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.
Ең дұрысы, әрине, билік мемлекет ішіндегі барлық субъектілер арасында біркелкі бөлінуі тиіс, ал қоғам да өз үлесін алуы тиіс. Сонымен қатар, қоғам өзі де реформалардың бастамашысы бола алады. Өйткені, егер әлемдік тарихқа қарайтын болсақ, онда негізінен солай болатын. Бүгін, егер зерттеу нәтижелері, әлеуметтік желілердегі сөздер бойынша пікір айтатын болсақ, қазақстандық қоғам бұл үшін әбден пісіп-жетілді.
Билік транзитіне келетін болсақ, сараптамалық ортада да, қоғамда да оның ықтимал сценарийлері, ықтимал мұрагерлердің кандидатуралары көп рет талқыланған болатын. Сондықтан мен қайталанбаймын, тек менің ойымша аз назар аударылатын бір ғана аспектіні атап өтемін. Бұл транзиттің қандай жолдары мен тәсілдері қолайсыз деп танылып, бірден ажыратылуы тиіс. Мысалы, билікті өзінің мурагеріне беру нұсқасы. Егер Астана прогреске қарай қозғалатын болса және Қазақстанды әлемнің ең өркениетті 30 елінің қатарында көргісі келсе, онда ол осындай нұсқадан мәңгілікке бас тартуы тиіс. Қазіргі мемлекет басшысының отбасы мүшелері президент сайлауына ол кеткеннен кейін бірден қатыспауы тиіс – мұндай құқық оларға екі мерзімнен кейін (он жылдан кейін) берілуі мүмкін. Олар қандай данышпан болса да, биліктің династиялық тәсілмен ауысуына негізінде жол берілмеуге тиіс. Біз биліктің ауысуы орын алған Орталық Азия өңірінің басқа елдері осындай мәселені қалайша жеңе алғанына куә болдық.
3. Менің ойымша, алдыңғы қатарға шығып, көзге ешкімнің түскісі келмейді, өйткені біздің жағдайда бұл белгілі бір қауіптермен байланысты. Бәрімізге белгілі болғандай, қарым-қатынас өте тез және күтпеген жерде өзгеруі мүмкін. Сондықтан, биліктің қолдауын басқа мақсаттар үшін пайдаланған жөн: мысалы, өз бағдарламасын, өз бастамасын, өз адамын ілгерілету үшін, немесе қандай да бір лауазым алу үшін, қандай да бір ресурстарға қол жеткізу үшін. Қазақстан элитасының өкілдерінің іс-қимылдарына қарағанда олар дәл осылай істеп отыр.
4. Парламент пен үкіметтің рөлі туралы айтпас бұрын елде қалыптасқан сайлау жүйесіне назар аудару керек, өйткені ол арқылы депутаттық корпус та құрылады. Ол сайлау құқығын қамтамасыз етуден гөрі, азаматтарды сайлау құқығынан айырады. Саяси элита электоратты сайлауға қатысудан шеттетудің барынша айқын әдістерін пайдаланады, соның нәтижесінде көптеген азаматтар өз еркімен және айтарлықтай қыр көрсетіп одан бас тартады. Оның үстіне, дауыс беру нәтижелері алдын ала анықталған екенін олар жақсы түсінеді. «Қалай дауыс бергендері маңызды емес, қалай есептегені маңызды» – бұған біздің адамдар бұрыннан үйреніп кеткен.
Орталық сайлау комиссиясы сайлау барысындағы бұзушылықтар туралы көптеген сигналдарға, олар айқын дәлелдемелермен бекітілгеніне қарамастан, ешқандай назар аудармайды. Осы жәйт азаматтарды дауыс беруге қатысудан одан да көбірек алшақтатады. Бұл да әдейі жасалатыны да ықтимал.
Ал егер парламент осындай жағдайларда сайланатын болса, онда елдің саяси өміріндегі оның қандай дербес рөлі туралы әңгіме болуы мүмкін? Сондықтан бүгін бірінші кезекте елімізде азаматтардың арасында сенімге ие болатын, мөлдір әрі әділ сайлау жүйесін қалыптастыру қажет.
Эдуард Полетаев, саясаттанушы: «Сайлау тұрақтылық үшін»
Қазақстанда саяси өмір эволюциялық сипатқа ие және 2019 жылға арналған саяси күнтізбеде ауқымды оқиғалар көзделген емес. Мен Астанада ЕАЭО туралы шартқа қол қоюдың 5-жылдығына және Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция туралы идеясының 25-жылдығына арналған ЕАЭО мерейтойлық саммитінің өткізілуін атап өтер едім. Іс-шараның мәртебелілігін ескере отырып, онда қандай да бір маңызды мәлімдемелерді естуге болады.
Алайда, 2018-тің екінші жартысында көпшілік алаңында кезектен тыс сайлауға қатысты көптеген болжамдар пайда болды. Алдымен бұл мәжіліс пен мәслихаттарға мерзімінен бұрын сайлау болатынын айтты, содан кейін бұл туралы ұмытылып, президенттің мерзімінен бұрын сайлауы туралы пайымдай бастады. Күнтізбеге сәйкес, оларды жақын арада өткізу ықтимал болып табылады (мәжіліске кезекті сайлау тек 2021 жылы ғана өтуі тиіс).
Мұндай болжамдар бос жерде пайда болған жоқ – белгілер болды. Олардың арасында «ҚР Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Заңның қабылдануы, «ҚР-дағы сайлау туралы» Заңға өзгерістер енгізу (сондай-ақ өзін-өзі ұсынуға тыйым салу: кандидат тек партиялардан немесе қоғамдық бірлестіктерден бара алады), атқарушы билік жүйесіндегі өзгерістер, мемлекет басшысының Жолдауының әлеуметтік бағыты, бағалар мен тарифтерді төмендету және ұстап тұру шаралары, ең төменгі жалақыны және т. б. арттыру.
Осы тұрғыдан алғанда, бағыт түсінікті. Сайлау факторы билікті әрдайым мұқият етеді, оларды қандай да бір радикалды және көпшілікке жағымсыз қадамдардан бас тартуға мәжбүр етеді. Осы көзқарас бойынша әлеуметтік бастамалар электоралды арнаға жақсы келеді. Алайда, 2018 жылы салықтық әкімшілендірудің қатаңдауымен сипатталды, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялауды енгізу жоспарлануда – бұл қазақстандық азаматтардың қалталары үшін айтарлықтай маңызды оқиға. Яғни оған әр түрлі ауытқулар, түсініспеушілік пен заңдарды бұзуды болдырмау үшін ерекше назар аудару керек.
Электоралды мінез-құлыққа әсер ететін маңызды фактор сайлау кезіндегі экономиканың жағдайы әрдайым болды және болып қала береді. Сондай-ақ «тек соғыс болмасын» қағидаты бойынша дауыс беруші сайлаушының қалыптасқан табиғи оптимизмі. Сайлаушылардың күтілетін электоралды мінез-құлқына зертттеулер үнемі жүргізіліп отырады.
Жалпы, қазіргі саяси шындық пен Конституцияға (41-бап) сәйкес кезектен тыс президенттік сайлау мемлекет басшысының шешімімен ғана тағайындалатынын ұмытуға болмайды. Ал Нұрсұлтан Назарбаев – өте тәжірибелі саясаткер, сондықтан оның қадамдарын алдын ала есептеу оңай емес. 2017 жылдың наурыз айында БАҚ өкілдерімен кездесуде ол оны одан әрі сайлау перспективалары уақыт пен халықтың сенім деңгейіне байланысты екенін айтты.
Дегенмен, кез келген уақытқа қатысты тұтастай алғанда Қазақстанда электоралды науқандардың институционалдық құрылымының қажетті сапасы қалыптасқан деп айтуға болады. Оларды дайындау және өткізу – бұл үлкен жауапкершілік, айтарлықтай күрделі және көпжақты іс-шара, оның ішінде егер сайлау кезектен тыс болса және барлық процесті ұйымдастыру үшін уақыт қажет болса. Тәжірибе көрсеткендей (ал кезектен тыс сайлау өткізу дәстүрге айналды), ұйымдастыру тұрғысынан қандай да бір жүйелі қиындықтар туындамайды.
Мысалы, мемлекет басшысының 2015 жылғы кезектен тыс сайлауларына байланысты техникалық (президенттік пен мәжіліс депутаттарының сайлауы өткізілуі уақыты бойынша әр түрлі болуын қажет еткен) және идеологиялық (әлемдік экономикадағы күрделі процестер, геосаяси белгісіздік, ел азаматтарын осы жағдайларда топтастыру қажеттілігі) дәлелдерді еске түсіруге болады.
Ол кезде мерзімінен бұрын сайлау бастамасы ҚХА-нан келді. Енді қандай дәлелдер болуы мүмкін? Түсініксіз. Қалай болғанда да, олар анық көрінетін емес. 2018 жылы Еуразиялық кеңістікте мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізудің екі мысалы болды – Әзірбайжан мен Түркияда, бірақ онда сыртқы саяси конъюнктура Қазақстанға қарағанда мүлдем өзгеше болды.
Мен әзірге билік транзиті туралы айтуға асықпас едім. Мерзімінен бұрын өткізілуі ықтимал сайлауға қатысты жоспарлар әрқашан түзетілуі мүмкін. Бірақ ел үшін сыртқы жағдайлар өте күрделі болып отырғаны айқын көрінеді. Жаһандану дағдарысты бастан өткізуде. Мұнай бағасы қазір 2019-2021 жылдарға арналған ҚР үш жылдық бюджетіне салынғаннан төмен, бірақ бұрынғы мәндерге қайта оралуы мүмкін. Ақыр соңында, Қазақстанда электоралды динамиканы «сайлау» және «тұрақтылық» нақты үлгілерінің «одан әрі тұрақтылық үшін сайлау» жалғыз бірыңғай үлгісіне ауысуы ретінде анықтауға болады. Дәл осыны қамтамасыз ету елдің өзекті саяси өмірінің басты постулаты болып табылады, соған ұмтылу керек.