Жұма, 14 тамыз 2020 ЖЫЛЫ
3314 25-11-2019, 12:46

Қазақстан тарихы оқулықтары оқушыларды дұрыс оқыта ма екен?

Мектеп оқулықтарының сапасы үнемі өзгеріп отыратын және қоғамдық пікірді тітіркендіретін тақырыптардың бірі болып табылады. Тарих оқулықтары да бұл ретте ерекше емес. Олардың жағдайы қандай, олар қойылатын талаптарға қаншалықты сәйкес келеді? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін біз мектеп педагогтарына жүгіндік. Олар өз бағасын анонимдік жағдайда беруге келісті, сондықтан біз өзіміздің сұхбаттасушыларымызды 1 және 2 сандармен белгілеуді шештік.    

 

- Қазақстан тарихы бойынша заманауи оқулықтармен жұмыс істеу қолайлы ма? 

  1. «2017 жылдан бастап еліміздің барлық мектептерінде енгізіліп жатқан жаңартылған бағдарламаға сәйкес, оқулық бұрынғы кездері сияқты білім алудың негізгі көзі емес, бұл олардың ішіндегі бірі ғана болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ол өз функциясын орындайды. Оның үстіне Қазақстан тарихын оқытуына байланысты міндеттер де өзгерді. Қазіргі заманауи жаңартылған білім беру тек фактілерді білуді ғана емес, одан гөрі тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды сыни талдау және бағалау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту, сондай-ақ өткеннің қандай да бір кейіпкерлерінің отандық тарихқа әсер етуі контекстінде қызметін талдап, бағалау (бұл қалай да болмасын фактілерді білуді талап етеді). Осылайша, оқушыларда Қазақстан тарихы туралы білім емес, тарих туралы түсінік қалыптасады». 
  2. «Қазақстандық тарих оқулықтары барлық кезеңдерде бір маңызды кемшіліктен, атап айтқанда белгілі бір кезеңге қатысты нақты тарихи фактілердің жетіспеуінен зардап шекті. Бұл әсіресе ортағасырлық дәуірге қатысты. Әрине, негізгі оқиғалар көрініс алады, бірақ мектеп оқушыларының психологиясының жас ерекшеліктерін ескере отырып, көбірек фактажды келтіру жақсырақ болар еді. Қазақстан тарихының кеңестік кезеңі туралы да шамамен осылайша айтуға болады. Негізінде, кеңес заманының оқулықтарында да болған фактілер келтіріледі, бірақ олардың түсіндірілуі біршама өзгерді».

- Тарихты жиі ғылым емес, массаның санасын айла-шарғы жасаудың идеологиялық құралы деп атайды. Қазақстан тарихының оқулықтарында да сондай «күнә» бар ма? 

  1. «Кейбір дәрежеде идеология, әрине, бар, бірақ онсыз да болмайды деп ойлаймын. Әйтпесе, оқушыларда патриотизмді қалайша тәрбиелеуге болады? Біздің оқулықтарымызға лайықты баға бергеніміз жөн, өйткені олар кеңес дәуіріне қарағанда аз дәрежеде «күнәһар» болып табылады деуге болады».
  2. «Тарих сияқты пәнді идеологиялық аспектісіз оқытуды елестету мен үшін қиын нәрсе. Менің ойымша, идеологиялық аспект барлық елдерде бар. Бұл ретте қандай мақсаттар көзделетіні – бұл басқа мәселе. Егер өз тарихын көтермелей отырып, өзге халықтардың өткенін төмендету міндеті қойылса, онда бұл мүлдем дұрыс емес. Бірақ егер пайдаланылатын тарих түсінігі ұлттық өзін-өзі сәйкестендіру процесіне ықпал етсе, онда мұндай тәсілде ешқандай ұят нәрсе жоқ. Бұл тұрғыда, менің көзқарасым бойынша, қазақстандық оқулықтардағы материалдың берілуі әбден дұрыс болып көрінеді».

- Егер бұрынғы кезде шығарылған тарих оқулықтарын және қазіргі кездегі оқулықтарды салыстырсақ, онда қайсысы ұтады? 

  1. «Бұл сұраққа жауап беру қиын. «Бұрынғы кезде» дегеніміз не? Кеңес кезеңінде ме? 1990 жылдары ма? Ал мүмкін, әңгіме 2003 жылдан бастап шығарылған оқулықтар жөнінде болып отыр ма? Кеңес жылдары даталар мұқият тексеріліп, қателіктерге немесе дұрыс емес басылуға жол берілмейтін. Қазіргі кезде осыған қатысты жағдай әлдеқайда нашар. Бірақ, егер 2018-2019 жылдары 7-9 сыныптар үшін шығарылған қазақстандық оқулықтарды салыстырсақ, олар бұрынғы оқулықтардан, мысалы, 2012-ші немесе 2015-ші жылы шығарылған оқулықтардан әлдеқайда жақсы. Сонымен қатар, өткен жылы шығарылған 6-шы класс оқулығы (орта ғасырлар тарихы) Бакинаның 2017 жылғы оқулығынан әлдеқайда нашар. Ол неғұрлым азырақ ақпараттандырылған, сондықтан сол кезеңдегі оқиғалар туралы түсінік қалыптастыру үшін оқушыларға қажетті көптеген маңызды фактілерді қамтымайды. Ал 2017-ші басылып шығарылған 5-ші сынып оқулығында, керісінше, өте көп «бос сөздер» мен артық ақпараттар бар, олар оқушыларды басты мағынадан алшақтатып жібереді. Бұл принципті сәт – өйткені бесінші сынып оқушылары әзірге негізгі ақпаратты екінші дәрежелі ақпараттан ажырата алмайды».  
  2. «Әр түрлі дәуірде тарих оқулықтары әртүрлі міндеттерді шешуге арналғанын ескеру керек. Сондықтан салыстырмалы талдау жасау өте қиын. Бірақ егер дидактикалық тұрғыдан бағалайтын болсақ, онда кеңес дәуіріндегі оқулықтар тартымдырақ болып көрінеді. Олар әдістеме бойынша тереңірек, фактологиялық тұрғыдан және тұтастай алғанда тұжырымдамалық болып көрінеді. Дегенмен, бұл әбден түсінікті, өйткені олардың негізінде өте қуатты мемлекеттік идеология жатыр.

Бүгінгі күні идеология құрметтеуден тыс қалды, сондықтан мектеп оқулықтарында ол өте сирек кездеседі. Менің ойымша, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда ұлттық тарихты тұжырымдамалық қайта ойластыру сол қалпы орын алған жоқ. Мүмкін, оның себебі өсу ауруларына байланысты шығар. Сонымен қатар, мемлекеттіліктің нығаюына және азаматтық қоғам институттарының қалыптасуына қарай бұл мәселе өз шешімін табады деп ойлаймын».  

- Сіздің ойыңызша, тарих оқулықтары қалай жазылуға тиіс? 

  1. «Оларды оқушылар үшін неғұрлым түсінікті қарапайым тілмен жазу керек деп есептеймін. Бұл ретте көбінесе мәтіндерді емес, ал белгілі бір логикаға сәйкес фактілер мен оқиғаларды қысқаша және түсінікті болатын әр түрлі схемаларды, кестелерді көбірек пайдалануға болады. Қазіргі балалар барған сайын аз оқитынын ескеру жөн болады. Оларды үлкен және түсінуге күрделі болып табылатын мәтіндер қорқытады. Ал кестелерде сөз аз, бірақ сонымен қатар көптеген ақпарат бар».
  2. «Ең алдымен, оқулықтарды жазу мен шығару бәсекелестік негізде жүзеге асырылуы тиіс – бұл істі жеке «монополистерге» беріп қоюға болмайды. Сонымен қатар, тарихты қандай оқулықтар бойынша оқу керек екенін өздері шешуі үшін мектептерге таңдау құқығын беру керек. Тек осындай тәсілді қолданған жағдайда ғана біз нәтижесінде сапалы шын мәнінде оқулықтарды алатын боламыз».

- Бұл процеске кімдер міндетті түрде қатысуы керек? 

  1. «Әрине, оқулықтарды жазуға тәжірибелі мұғалімдер тартылуы керек».
  2. «Егер оқулықтарды дайындауға мектеп педагогтары (яғни оқулықтардың мазмұнын оқушыларға толық жеткізетіндер) тартылмаса, онда мұны сол идеяның профанациясы деп атауға болады».

- Қазақстан тарихы бойынша бүгінгі оқулықтарға қандай басты кемшіліктер тән?

  1. «Менің ойымша, негізгі кемшіліктердің бірі оқулықтар пән бойынша типтік оқу бағдарламасымен жиі үйлеспейді, қандай да бір параграфтың мазмұны тақырыпқа сәйкес келмейді. Басқа типтік кемшілік – мәтінді баяндаудың академиялық тілі. Ол оқушылардың қабылдауына өте күрделі, сондықтан сабақта оны неғұрлым түсінікті тілге аударуға тура келеді».
  2. «Кейде оқулықтардың авторларында оларды кімдер үшін жазып отырғаны туралы мүлдем түсінік жоқ деген сезім туындайды. Оқушылар психологиясының жас ерекшеліктерін толық түсінбеуі айқын көрінеді. Бұл әсіресе орта буын оқулықтарына қатысты. Баяндау тілі ауыр, оған бейнелеулер жетіспейді, сөйлемдер өз конструкциясы бойынша өте күрделі, сол себепті оқушыларға авторлардың ой-өрісін және негізгі мағынасын түсіну өте қиын».

- Жақында ҚР білім және ғылым министрі «оқулықтарға сараптама жүргізу үшін мұғалімдердің біліктілік деңгейі жеткіліксіз» деп мәлімдеді. Қалай да бір оғаш жағдай қалыптасып отыр. Біреулер мұғалімдерге жұмыс істеуге тура келетін оқулықтарды жазады, бірақ олардың біліктілігі жетіспейтін болса, олар қалайша ол жұмысты іске асырады?  

  1. «Мұғалімдерді оқулықтарды сараптауға тартады. Олар сол оқулықтарды адал зерделей отырып ескертулер мен ұсыныстар жазады, кемшіліктерді, тіпті грамматикалық және тіпті нақты қателіктерді көрсетеді. Бірақ менің қалыптасқан пікірім бойынша, педагогтарды ол іске тек қана оқулық сараптамадан өтті деп есеп беру үшін ғана қосады. Шын мәнінде олардың пікірлері ескерілмейді, және барлық кемшіліктер мен қателер сол қалпы өзгертусіз қалады».
  2. «Шындығына келсек, бұл сұрақтың қойылуы бірнеше оғаш болып көрінеді, мен тіпті ол қате сұрақ деп айтар едім. Ал министрдің өзі мектепте ең болмағанда бір сабақ берді ме екен? Сонда оқулықтар менің әріптестерімнің көпшілігі түсіне алмайтын деңгейде жазылатын болғаны ма? Бірақ ондай болса – бұл елдің бүкіл мектеп жүйесіне қатысты нәрсе...».

- Бір дәйексөз келтірейін: «Республикада тарих оқулықтарына қатысты таңқаларлық жағдай қалыптасты: бірнеше жыл бойы ол оқулықтарды мұғалімдер, ата-аналар, балалар және тіпті президенттің өзі де сынға алады, бірақ олар сол қалпы жақсы жаққа қарай өзгермеген көрінеді». Сіздің пікіріңізше, мұндай қайғылы жағдайдың басты себептері қандай?

  1. «Ал мен мұндай пікірмен келіспеймін. Шын мәнінде, олар бұрынғыдан әлдеқайда сапалы болып бара жатыр, материалды бергенде көбірек схемалар, кестелер қолданылады. Бірақ оқулықтарды негізінен жоғары оқу орындарының оқытушылары немесе академиялық қызметкерлер жазады, ал оларға ақпаратты қабылдаудың басқа деңгейіне есептелген өз стилін өзгерту қиын. Мүмкін, мәселенің түбірін осы жерден іздеу керек шығар?».
  2. «Барлық кемшіліктерді есепке ала отырып, жағдай соншалықты үмітсіз деп ойламаймын. Оқулықтардың тұрақты түрде қоғамдық мониторингке ұшырауының өзі олардың сапасына әсер етпей қоймайды. Менің ойымша, мұнда уақыт пен шыдамдылық қажет. Сонымен қатар, министрлік пен біздің, мұғалімдердің арасындағы өзара түсіністік болуы маңызды. Егер оқулықтарды жазу жұмыстарына мектеп педагогтарын белсенді түрде тартып, олардың ескертулері мен тілектерін барынша толық ескеретін болса, онда жағдай түзеле бастайтынына сенімдімін. Ақыр соңында, біздің барлығымызда бір ортақ мақсатымыз бар.

- Қазақстан тарихының оқулығы бірінші кезекте (сіздің таңдауыңыз бойынша) нені көрсету керек: қазақтар тарихын ба, ел тарихын ба немесе тағы бір нәрсені ме? 

  1. «Менің ойымша, ол бірінші кезекте нақты фактілер мен оқиғаларды хронологиялық ретпен көрсетуі тиіс, әйтпесе бұл тарих емес. Сондай-ақ, көп ұлтты республикамызда өмір сүріп жатқанымызды, мемлекетіміздің дамуында түрлі халықтардың өкілдері үлкен рөл атқарғанын міндетті түрде ескеру қажет. Яғни бұл қазақтардың да тарихы, жалпы елдің де тарихы болуы тиіс».
  2. «Менің көзқарасым бойынша, оқулық тарихи шындықты көрсетуі керек. Иә, әртүрлі кезеңдерде оларды түсіндіру әртүрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген жағдайда тарихи шындық деп аталатын нәрсе өз құндылығын жоғалтпауы керек. Сондықтан оқулық барынша әділ және адал болуы тиіс.

Қазақстан тарихы – бұл көп қырлы, көп сырлы және өте қарама-қайшы процесс. Онда мұқият зерттеуді, талдауды, дұрыс түсіндіруді қажет ететін «ақ дақтар» көп. Оларды мектеп оқулықтарында қалай баяндауға болады? Бүгінгі күннің жағдайын күрделендірмеу үшін қандай да бір қиын оқиғаларды, тарихи кейіпкерлердің іс-әрекеттерін қалай түсіндіруге болады? Мұндай сұрақтар көп, ал біз оларға жауап табуымыз керек». 

- Әртүрлі көзқарас, кез келген тарихи фактілерді, трендтерді әртүрлі түсіну, қандай да бір тарихи кейіпкердің рөлін бағалау көбінесе адамдарды бөледі және тіпті қоғамды бөле алады. Бұл тұрғыда сіз Қазақстан тарихы оқулықтары туралы не айта аласыз?  

  1. «Бақытымызға орай, негізінен олардың авторлары оқушыларға тарихи үдерістердің субъективті көзқарасын күштеп қондырмауға тырысады».
  2. «Менің ойымша, бұл сұраққа қазақстандық шындықтың өзі жауап беріп отыр. Біздің көпұлтты және көпконфессионалды қоғамымыз егеменді дамудың барлық жылдары бойы тарих мәселелерін (соның ішінде мектеп оқулықтарын) дұрыс және ұстамды түсіндірудің арқасында бүкіл дүниеге төзімділік пен өзара түсіністіктің үлгісін көрсетіп келеді».

 

Комментарии