Жұма, 14 тамыз 2020 ЖЫЛЫ
3055 19-08-2019, 11:44

Туннельдің соңындағы жарық

Жаз аяқталып келе жатыр, сондықтан бұрыннан бері қалыптасқан дәстүр бойынша елімізде мектеп педагогтарының «тамыз айы конференциялары» өтуде. Олардың ең бастысына, яғни астаналық Тәуелсіздік Сарайында өткен конференцияға, президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Оның ұстаздық конференцияда сөйлеген сөзі тарихқа теңдессіз мысал ретінде енуі мүмкін деп болжауымыз асырып айту емес болар. Өйткені көтерілген мәселелер тереңдігі бойынша ол барынша нақты болып, барлық параметрлер бойынша мектеп мұғалімдерінің көңілінен шықты.

Әрине, жалақы мәселесі кез келген мектеп педагогы үшін өте маңызды болғанмен, әңгіме тіпті үкіметке таяу төрт жыл ішінде жалақыны екі есе арттыруға тапсырма беру жөнінде болып отырған жоқ..

Біздің ойымызша, президент сөзінің мәні сәл басқаша нәрседе. Ең жоғары саяси деңгейде мектеп мұғалімдерінің еңбегін бағалауда ерекше және кешенді тәсіл көрсетілді және отандық мектептегі істің шынайы жағдайына жеткілікті ашық талдау жасалды. Сонымен қатар, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасы жауапты органдарға «өсиет» беруден гөрі, алдағы уақытта білім беру саласындағы мемлекет стратегиясының базалық векторларын анықтауға көбірек мән берді.

Баяндамашы өзіне тән дипломатиялығымен жасалған қателіктерге және бұрынғы жылдардағы асығыс қабылданған шешімдерге назар аудармай, тыңдаушылардың назарын отандық мектептің түйінді проблемаларына шоғырландырған. Басты мақсатты президент  Қасым-Жомарт Тоқаев: «...біздің міндетіміз – жаңа ұрпақты алдағы қиындықтарға және сын-қатерлерге дайындау» – деп белгіледі.

Мемлекет басшысының мәлімдемесінің негізгі сәттері мұғалімдер ортасында кең көрініс табатыны жалғыз ғана қарапайым себеппен күмән тудырмайды, атап айтқанда олар кез келген мұғалімнің күнделікті өмірі мен кәсіби тәжірибесінің барлық аспектілерін қамтиды.

Біздің басылым отандық педагогтардың көптеген мәселелерін бірнеше рет қозғаған болатын, сондықтан тек осы себепті біз президент баяндамасының әрбір тезисінің астына қол қоюға дайынбыз. 

Олардың кейбіреулеріне жүгінеміз.

Бірінші тезис: «... жаһандық білім берудегі әлемдік жаңалықтар мен өзгерістердің алдыңғы қатарларында болу маңызды ... сондықтан білім беру жүйесі жаңа шындыққа тез бейімделуді қажет етеді».

Адамзат өмір жағдайының түбегейлі өзгеруі, демек, дәуірдің тиісті сын-қатерлері жылдар бойы емес, іс жүзінде санаулы айлар мен күндер ішінде болатын өз дамуының осындай кезеңіне кіріп отырғанын бүкіл әлемде мойындайды. Және бұған қазірдің өзінде дайындалу керек.

Екінші тезис: мұғалім жұмысының сапасына кері әсер ететін субъективті факторлардың санын бірнеше есеге азайту және мұғалім мамандығының беделін төмендететін квазиреформалардан бас тарту сәті келді.

Көп жылдар бойы көптеген бақылаушы құрылымдар үшін есеп беруді тұрақты арттыру түрінде мұғалімдерге әкімшілік қысымды төмендету қажеттігі туралы сөз қозғалуда. Мұғалімдердің де, оқушылардың да ауыр психологиялық жүгі болып отырған білімді бағалау жүйесі де күрделі реформалауды қажет етеді. Президент Тоқаев педагогтарға қатысты кез келген қысымдарды болдырмау үшін салмақты және объективті тәсілдер қолдануға шақырды. Бұл өте дұрыс және ең бастысы, өте уақтылы месседж деп ойлаймыз. Егер ол естіліп, барлық деңгейдегі және ведомстволардың бақылаушы инстанциялары үшін үйреншікті болса, тамаша болар еді.

Жергілікті билік органдары мұғалімдерді әр түрлі іс-шараларға тіпті күн ара және ешбір аяусыз пайдаланатыны барлығына да белгілі. Мұнда шексіз сенбіліктер де, қалалық, аудандық және басқа да деңгейлердегі түрлі бұқаралық іс-шаралар да бар. Ал мұғалімдерге ауыр жүк болып тиелетін электоралды процесті қалайша атап өтпеуге болады? Бірақ мұғалімдердің тікелей жұмысына осының барлығының қандай қатысы бар? – деген сұрақ мені әрдайым мазасыздандыратын. Ал жауап мүлдем қарапайым – ЕШҚАНДАЙ. Сондықтан, президент К.-Ж. Тоқаев үкіметке көрсетілген проблемаларды шешу жөнінде шұғыл, түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырғаны өте қуанышты. Әсіресе «түбегейлі» деген сөзі қатты әсер береді. Ал егер дыбысталған қондырғы іс жүзінде іске асырылса, онда ол одан да көбірек әсер ететін болады.

Жеке менің өзімді қуантқан тағы бір сәт бар. Білім беру жүйесінің перманенттік реформалары өткізілген жылдары бойы бұрынғы басымдық міндеттерден алшақтау керек, сондықтан мектеп біртіндеп білім беру қызметтерін ұсыну жөніндегі мекемеге айналуы тиіс деген бір оғаш қондырғы өте таң қалдыратын. Мен бұл тезистің авторларынан әрдайым: «Ал енді мектеп тәрбиелемеуі керек пе?» – деп сұрағым келетін. Егер мұнымен мектепте айналыспаса, онда қайда, қашан және ең бастысы, кім мұны істейді?  

Президент Қ.-Ж. Тоқаев бұл аспектіні де қозғады. Шынын айтсақ, мемлекеттік емес мектепке дейінгі мекемелерге қатысты. «Үкіметке мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін заңнамалық шараларды қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын. Бұл басым міндет деп есептеңіздер» – деп жалғастырды ол.

Осыған байланысты, мен: «Оқыту мен ТӘРБИЕЛЕУДІҢ жоғары сапасы сондай-ақ мектеп үшін де басымдық болуы тиіс» – деген ойды айтар едім. Өйткені, мемлекет басшысы айтқандай: «Қатты өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру тәрбиелік процесс сапасының негізгі өлшемі болып табылады». Ақыр соңында, тәрбие дегеніміз – бұл  адамды тек жақсы және жаман деген не екенін түсіну және ажырата білуге үйрету ғана емес. Бұл жауапты шешім қабылдай алатын және оған жауап бере алатын, тавтология үшін кешірім сұраймын, АЗАМАТТЫ тәрбиелеу. 

Өз баяндамасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім беру жүйесіндегі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру сегментіндегі істердің жағдайына жан-жақты талдау жасады. Оның айтқанын қайталаудың қажеті жоқ. Ең бастысы, оны іске асыруға жауапты адамдар осындағы ең басты тапсырманы түсінгені маңызды – ескі тәсілдерді қайта қарау қажет, ал жаңалары жан-жақты ойластырылған болуы тиіс. Бұл білім және ғылым министрлігінің де, сондай-ақ аймақ басшыларының да жұмыс принциптеріне қатысты.

Сондай-ақ, маған президенттің мектеп, басқалармен қатар, қала құраушы фактор ретінде қызмет ете алатындығы туралы тезисі ұнады: «Көптеген шалғай елді мекендер тек мектептің арқасында ғана сақталып отыр». «Сондықтан мұндай оқу орындарын ессіз жабуға болмайды, болашағы бар елді мекендерді дамытуға баса назар аудара отырып, теңдестірілген, ойластырылған тәсіл қажет». Бұл жерде маған шіркін-ай, егер мұндай тәсіл 15-20 жыл бұрын басымдыққа ие болса ғой деген ой келді... Бірақ, ештен кеш жақсы дегендей.

Бірнеше жыл бұрын қазақстандық қоғамдық пікірді отандық мектептердің үш тілділікке бағытталғаны айтарлықтай дүрліктіріп жіберді. Әрине, біздің қоғамымыздың даму перспективасы тұрғысынан бұл өте керемет мақсат. Қазақтарда тіпті «Керек тастын ауырлығы жоқ» – деген мақал бар. Бірақ барлығы да тура ойдағыдай жақсы бола бермейді. Және бүгінгі күннің жағдайынан қарағанда, үш тілділікке бағытталған қондырғыны іске асыру қажеттілігі уақыт та, құралдар да, тиісті дайындық та талап ететіні айқын көрінеді. Сондықтан президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселе бойынша барлығын мұқият есептей отырып, салмақты шешімге келуге шақырды.

Әрине, бұл үш тілді базалық орнатудан бас тартуды білдірмейді. Президент тек бұл мәселеге барынша ұтымды қарауды ұсынады. Ол оның келесі тезисінен түсінікті болады: «Елбасы қазақ тілі үш тілдің бірі болып қала бермейтінін айтты – ол бірінші, негізгі, басты тіл, ол осылай қалады. Бұл өте дұрыс ой. Сондықтан ағылшын тілін оқытуды 2-3 кластардан немесе ата-аналардың келісімімен бесінші кластан бастауға болады. Мұны орынды және ұтымды деп есептеймін». 

Президент Қ.-Ж. Тоқаев ең принципті және бұрыннан талқыланған мәселені, яғни мұғалімнің мәртебесі жөнінде сөз қозғады. Өйткені білім беру жүйесіндегі барлық реформалардың жетістігі тек мұғалімнен ғана байланысты. Сонымен қатар, президент айтқандай, ұлттың бәсекеге қабілеттілік деңгейі осыған тікелей байланысты болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін мұғалімнің еңбегін материалдық қамтамасыз ету, жүктемені төмендету, олардың қызметіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салу, шамадан тыс есеп беру мен негізсіз тексерулер жүргізу мәселелеріне қатысты іс-шаралар кешенін ұсынды. Бір сөзбен айтқанда, мектеп педагогының тікелей жұмысына кедергі келтіретін барлық нәрселерді жою ұсынылады, ол өз кезегінде мұғалімдердің өмір сүру және еңбек жағдайын жақсартуға ықпал ететін болады.

Мен алдында айтып кеткендей, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз айында өткен кеңесінде айтылған сөздері отандық білім беру жүйесінің тарихына енудің барлық мүмкіндігі бар. Бұл тұрғыда ешбір асырып айту жоқ деп сендіремін. Бағалау критерийлері өте қарапайым. Мемлекет басшысының баяндамасын жариялағаннан кейін алғашқы сағаттарда мен Алматы және республиканың басқа да аймақтарындағы мектеп педагогтерінен тұратын өзіндік фокус-топ қатысушыларынан қоңырау шалу мен электрондық поштаға пікір-хаттар ала бастадым. Бұл көп жылдан бері халық ағарту саласында еңбек етіп келе жатқан және көп жылдар бойы менімен отандық мектептің проблемаларын талқылап жүрген адамдар. Олардың әрқайсысын дерлік өз мамандығына шынымен адал адам деп атауға болады.

Олар эйфорияға түсті деп айта алмаймын, бірақ бір нәрсе сөзсіз – олар президент Қ.-Ж. Тоқаевтың айтқан сөздерінен кейін рухтары біршама көтерілгенін сезінеді. Ал өз ісіне шабыттанған және берілген адам үшін не нәрсе одан артық болуы мүмкін? Менің әңгімелесушілерімнің бірі айтқандай, олар үшін бұл тоннельдің соңында көрінген жарық сияқты болып табылады.

Ал енді ең бастысы – олардың сенімін ақтау…

Комментарии