Білім беру мекемелеріне арналған «Алдымен қазақ және орыс тілдері, ал тек содан кейін ағылшын тілі!» – деген жаңа қондырғы соңғы күндері ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдермен өткен кеңесінде және оның Aiqyn мен Egemen Qazaqstan газеттеріне берген сұхбатында естілді. Ал бұл үш тілділіктің дау-жанжалды реформасы тоқтатылуы тиіс екенін ғана білдіруі мүмкін. Бұл жаман ба әлде жақсы ма? Мемлекеттік бағдарлама аясында іске қосылып үлгерген жобалармен не болмақ? Енді біз қай бағытта қозғалатын боламыз?
Үш тілділікке көшу (кем дегенде, оның бастапқыда ойланылған түрінде) белгісіз мерзімге кейінге қалдырылып отырғаны жөнінде Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова да анық түсінік берген болатын. Мемлекет басшысының 27 наурызда әкімдермен өткен кеңесте ол мынаны мәлімдеді: «Бастапқыда оқушылар барлық пәндерді барлық үш тілде – қазақ тілінде, сондай-ақ ағылшын және орыс тілдерінде оқып-үйренуі тиіс деп жоспарланған болатын. ҚР Білім және ғылым министрлігі 11 мың химия, биология, физика және информатика оқытушыларын оқытуға қаржы бөлді. Бірақ келесі жылдан бастап біз осы бағдарламаны қаржыландыруды тоқтатуды жоспарлап отырмыз. Енді үштілділікке көшу білім беру мекемесі мен мұғалімдердің дайындығына байланысты іске асырылатын болады. Бүгінгі таңда 153 мектепте төрт пән үш тілде оқытылады».
Артқа шегіну жөніндегі шешімді көптеген адамдар өте дұрыс деп қабылдаған, өйткені бағдарлама бастапқыдан «өлі туылған» болатын. Мәселе басқада: егер үкіметте осы бастаманың барлық ақылсыздығын түсінген болса, онда неге оны қаржыландыруды дереу тоқтатпасқа? Тағы бір жыл бойы созудың мәні қандай? Оның үстіне далаға шашылған бюджет қаражатына кім жауап беретіні де түсініксіз. Кейбір мәліметтер бойынша, 2017-2020 жылдар аралығында үш тілді оқытуды енгізуге шамамен 30 миллиард теңге (!) жұмсау жоспарланған болатын. Бірақ шенеуніктердің өздері де оң нәтижелердің жоқтығын мойындайды. Біз тіпті мұғалімдердің, оқушылардың, олардың ата-аналарының бастан кешкен қатты мазасыздықтары пен қобалжулары туралы айтпаймыз. Алайда, біздің азаматтарымыз сәтсіз реформаларға әбден үйреніп кеткен…
Дариға Берденова, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі: «Мектеп реформалардың кепіліне айналды»
- Бұл мәлімдемені мен позитивті деп бағалаймын, өйткені үш тілде оқытуға көшу, жұмсақтау айтқанда, дайындалмаған және соңында сәтсіздікке ұшырады. Әрине, егер билік өз уақытында педагогтармен ақылдасқан болса, осындай нәрсе орын алмас еді. Бірақ ақылдасу немесе кеңес алу деген нәрсе өте сирек кездеседі.
Соңғы жылдары мектеп әртүрлі реформалардың кепіліне айналып кетті, ал осы реформалардың авторлары қандай да бір оң нәтижелерге қол жеткізген емес. Барлық енгізілген жаңалықтардың салдарын біз, мұғалімдер, ішкі жағынан көріп отырмыз. Мысалы, қазақ мектептерінің оқушылары бүгінде орыс тілін, ал орыс мектептерінің оқушылары қазақ тілін меңгеруде үлкен қиындықтарға тап болады. Біз ағылшын тілін енгізуде де елеулі қиындықтарды бастан өткеріп отырмыз... Алайда бұл ешкімге де құпия емес.
Мысал келтіремін. Алматы қаласындағы пилоттық орыс тілді мектептердің бірінде Қазақстан тарихын қазақ тілінде оқытуды еңгізген болатын. Менің танысымның қызы сол эксперименталды сыныпқа түскен, енді олар әр жолы мәтіндерді қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне аударуға мәжбүр екендігі туралы айтады. Ал бұл әрекетке жарты күн кететін болғандықтан, басқа сабақтарды оқуға уақыт қалмайды. Оның пікірінше, бұл балалар мен ата-аналарды ашық түрде қорлау.
Орыс сыныптарында өткізілетін қазақ әдебиеті туралы да дәл осылай айтуға болады. Оны қазақ тілінде оқытқаннан бастап, балалар бұл пәнді мүлдем түсінуден қалды. Бір қызығы, қазақ сыныптарында да оқушылардың басым көпшілігі туған әдебиетті білмейді. Себебі базаның және тиісті дайындықтың жоқтығында. Ал, бізде алдымен түбегейлі шешім қабылдап, содан кейін «себеп ұстаздардың кәсіпсіздігі мен дарынсыздығында» деп оларды айыптауға үйреніп кеткен.
Жалпы алғанда, мен білімді үш тілде беруге қарсы емеспін. Бірақ, менің ойымша, оны лингвистикалық гимназиялар мен лицейлерде енгізу керек, өйткені онда оқушылардың бірнеше тілді меңгеруіне баса назар аударылады. Егер мұны барлық мектептерде бірден істейтін болса, онда біз тұтастай білімсіз адамдардың ұрпағын алуға тәуекел етеміз…
Біз тілдік пәндерді оқытуды қайта қарастыруымыз керек. Себебі, тіл дегеніміз – тұтастай бір жүйе емеспе. Балалар оның құрылысын, стилистикасын, дыбысталуын, грамматикасын білулері тиіс. Бірақ, өкінішке орай, көптеген шенеуніктер осылай санамайды. Олар тілді үйрену үшін грамматика қажет емес екеніне сенімді. Мұндайды естігенде, амалсыздан: олар өздері қаншалықты сауатты екен? – деп ойлана бастайсың. Мен осындай ұстанымдармен келісе алмаймын, өйткені тіпті күшті оқушылар да артта қала бастағанын көріп отырмын… Тілді ғылыми, абстрактілі сипаттағы мәтіндерде емес, классикалық әдебиеттің мысалдарында оқып үйрену қажет.
Үш тілділік оқытуға көшуден бас тарту шешімі қабылданудың алдында көптеген пікірталастар мен сындар орын алған болатын. Кезінде біздің барлық дәлелдеріміз бұрынғы министр Ерлан Сағадиев орнатып қойған түсініспеушілік жартасына ұрынып, жоққа шығарылатын. Күләш Шамшидинованың одан айырмашылығы – ол нағыз мектеп адамы және орта білім туралы бәрін біледі, сондықтан түсіністік пен диалогқа үміттенуге болады.
Бағдарламаларға, оқулықтарға, мұғалімдердің қайта оқытуыңа жұмсалып, ысырап болған қаржылық ресурстарға келетін болсақ... «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» дейді емес пе. Біздің жағдайда керісінше болып шықты. Бұл сәтсіздік жақсы сабақ болады деп үміттенемін. Ең бастысы – біз дер кезінде тоқтадық, әйтпесе бірнеше жылдан кейін надан адамдардың армиясын алатын болар еді...
Арман Құдабай, оқытушы, журналист: «Реформалар нәтиже бере алмады, және бере алмас та еді»
– Бұл біздің тілдік даму стратегияларымыздың барлығына қандай да бір айқындық пен тәртіп енгізуге бағытталған талпыныс деп ойлаймын. Соңғы жылдары олар ақылсыз экспериментаторлықтан бастап әртүрлі жалған патриотизм және патриотизм маңыңдағы наразылықтарға дейін ешбір мағынансыз шектен шекке ауытқұға ұқсап кетті. Ал қоғам, жұртшылық, мамандар және мұғалімдер тарапынан мұндай «мәдени серпіліске» қарсы айтылған кез-келген дәлелдер, керісінше, қабылданбады. Оларды жаһандық сын-қатерлердің алдында әлсіздік көрсету немесе «халықтық ерік-жігерді» елемеу деп бағалаған болатын…
Күтуге болғандай, трилингвизм бағдарламасы тіпті басталып үлгерместен, қозғалуға шамасы келмеді. Білім беру мекемелері екі оттың арасына түсіп қалды: артынан шыдамсыз реформаторлар итермелей бастады, ал алдарында коллапстың көрінісі пайда болды. Не мұғалімдерді ағылшын тіліне оқыту бойынша жеделдетілген курстары да, не пәндердің бір бөлігін мектеп және университеттік бағдарламалардан бір мезгілде үш тілге «мерзімінен бұрын» аудару да нәтиже бере алмады, және бере алмас та еді. Нәтижесінде, көптеген ақша ысырап болды, ал жарқын болашақ көкжиектен алыс қалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев – кәсіби дипломат, Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтын бітірген, КСРО СІМ Дипломатиялық Академиясының түлегі, бірнеше шетел тілдерін жақсы меңгерген. Менің ойымша, ол тілдік реформа жүйелілікті, зор күш-жігерді, уақытты және елеулі қаржылық шығындарды талап ететінін өте жақсы түсінеді. Әрине, асығыс дайындалған мұғалімдер ағылшын тілінде еркін сабақ бере алмайды және барлығы ұлт пен мемлекет үшін ең қайғылы нәтижелер әкелетін қарапайым формализммен аяқталушы еді. Менің ойымша, президенттің мәлімдемесін дәл осы бағытта қарастыру керек. Оның үстіне, мұндай реформалар үлкен капитал салуды талап етеді, ал бізде бұрыннан бері дағдарыс орын алуда...
Әділдік үшін айта кету керек, ол бұл мәселе туралы сөзді ең бірінші қозғаған жоқ. Біріншілік жаңа білім министрі Күләш Шәмшидиноваға тиесілі, ол өмір бойы осы салада жұмыс істеді және оның барлық ауруларын өзі сезінді. Өкінішке орай, «трилингвизм» идеясын белсенді қолдайтын бұрынғы министр-«реформатор» Сағадиев туралы осылай айтуға болмайды...
Әрине, үштілділік бағдарламасын бейтарап жіберіп қоюға да болмайды, сондай-ақ тіл саласын саяси ойындар мен арсыз манипуляцияларға арналған алаңға айналдыруға да болмайды... Айталық, мен осы бағыттағы табысты төмендететіндермен келіспеймін. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елімізде елеулі өзгерістер болды: мемлекеттік тіл нығайып, оның қолданылу аясы үнемі кеңеюде, қазақ жастары оны еркін меңгерген, басқа ұлт өкілдері оны белсенді түрде үйрене бастады. Бірақ бұл популист-политикандардың еңбегі емес. Тіл, ең алдымен, сүйікті ісіне күн сайын өз күшін беретін жергілікті жерде кәсіби мамандардың арқасында дамиды.
Ағылшын тілін меңгеру тұрғысынан да белгілі бір табыстар бар: әсіресе, шетелге оқуға/жұмыс істеуге/өмір сүруге белсенді баратын жастар жақсы жетістікке жетті. Бұл, айталық, білім берудегі сәтсіз реформалар салдарының бірі... Дегенмен, Қазақстанның медиа- және білім беру кеңістігіндегі ағылшын тілінің орыс тілімен бәсекелестігі туралы айту әлі ерте. Орыс тілі үстем позицияға ие болуды жалғастырып жатыр. Кез-келген кітапханада, кез-келген интернет-іздеушілерде сіздің кез-келген сұранысыңызға бірінші кезекте орыс тілінде ақпарат пен материалдар табылады. Мұнда іс «патриотизмнің жоқтығында» емес.
Қазақ аудиториясы Абай заманынан бастап әлемдік, соның ішінде ағылшын тілді ғылыммен және әдебиетпен, ең алдымен, орыс тіліне аударудың арқасында танысады. Оны жасырудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, Ресей ғылымы әлемдегі ең беделді және танылатын ғылым болып қала береді. Сонымен қатар, орыс тілінің қазақ сыншыларының кітап сөрелерінде Пушкиннің тіліндегі кітаптар Шекспирдің тіліндегі кітаптарға қарағанда көбірек екеніне сенімдімін... Жаңа «ағылшын тілді ұрпақ» өскенін күту – бүгінгі алтындай қымбат уақытты жоғалтып, мүмкіндіктерді жіберіп алуды білдіреді. Ал кез келген тілді пайдалануды шектеу әрекеттері ақпаратқа қол жеткізуге тыйым салумен бірдей…
Жақсылық Сәбитов, саясаттанушы: «Жаңа бұрылыс дұрыс деп санаймын»
- Қазақстан президенті жасаған тілге қатысты мәлімдемелер осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың өзгеруін көрнекі түрде көрсетеді. Мен мұндай бұрылыс өте дұрыс және уақтылы деп есептеймін. Әйтпесе, елімізде үш тілді енгізу процесін тек имитациялау деп атауға болады. Іс-тәжірибеден өтуші мұғалімдердің көпшілігі негізінен ағылшын тілін білудің қажетті деңгейін өте қысқа мерзімде меңгере алмайды және ағылшын тілінде білікті оқыта алмайды. Бұл процесс ерікті түрде, біртіндеп өтуі тиіс.
Қаласаңыз, шет тілін жарты жыл ішінде үйренуге болады, ал немесе оны бірнеше жыл бойы оқып, тіпті базалық білім ала алмауыңыз да мүмкін. Барлығы адамның қабілетіне және ынталандырулардың бар болуына байланысты. Әрине, өте төмен жалақы алатын мұғалімдеріміздің көпшілігі үшін бұл өте ауыр міндет. Елдің жаңа саяси басшылығы осы жағдайды ескере отырып, үштілділікке көшу бағдарламасын қосымша және елеулі қаржыландырусыз тиісті деңгейде іске асыру мүмкін емес екенін жақсы түсінеді деп ойлаймын.
Мектептегі жалақы барабар болғанға дейін, оқыту сапасын арттыруды күтудің қажеті жоқ. Мұғалімдердің жалақысы «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» қызметкерлері алатын деңгейде болуы тиіс. Онсыз кез келген реформа сәтсіздікке ұшырайтыны сөзсіз. Шын мәнінде, осылайша білім беру процесіне үштілділікті іс жүзінде күшпен енгізуге әрекет сәтсіздікке ұшырады.
Фото: Otbasym