Қазақ тілінің проблемасы ұзақ жылдар бойы қазақстандық қоғамдық пікірдің, атап айтқанда, қазақтардың пікірінің ең басты қоздырғышы болып табылады. Біз мәселе ойдағыдай шешіліп, қазақ тілі елде тұратын барлық этностар үшін өзінің тұған тілі болды деген гипотетикалық жағдайды қарастыруды ұйғардық. Бұл нені өзгертеді? Осы мәселе бойынша біздің танымал отандастарымызды өз пікірлерімен бөлісуді ұсына отырып, оларға келесі сұрақтарға жауап беруді өтіндік:
- Қазақ тілі шынымен сұранысқа ие болмағандықтан туындаған ішкі шиеленісті баса алама?
- Бұл этносаралық қатынастарға қалай әсер етеді? Олар жақсарады ма, әлде сол деңгейде қалады ма?
- Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардағы лауазымдарға орналасуға үміткерлердің мемлекеттік тілді білуге міндеттенуінің арқасында қазақтар кейбір салаларда, әсіресе басқару саласында бәсекелестікке тап болмайды. Егер елдің барлық тұрғындары қазақ тілін үйреніп, нақты бәсекелестік туындайтын болса, онда қазақтар оны төтеп бере ала ма?
- Бұл көші-қон процестеріне қалай әсер етеді? Қазақстаннан шығу немесе керісінше, оған кіру үрдісі басым бола ма?
- Біздің қоғамның мәдени және білім деңгейі қандай болады? Ол өзгереді ме? Егер өзгерсе, қай жаққа қарай өзгереді?
Идеал – ағылшын-қазақ қос тілдігі
Марат Толыбаев, блогер:
1.Иә, кернеуді тудыратын себептердің біреуі жоғалады. Алайда, егер кеңірек ойланатын болсақ, онда адамдар әрдайым қақтығыстарға себеп табатынын түсіну керек. Қақтығыстардың шынайы себептері – бұл әр түрлі ресурстардың жетіспеушілігі. Бірақ себептер әрқашан да өзгеріп тұратын болады. Егер қоғамда ресурстар жетіспесе, онда адамдар олар үшін күресіп, бір-бірімен бәсекелеседі және басқа ұлт, басқа жүз, басқа ру, басқа көзқарастар, басқа жыныстар мен т. б. өкілдерін жек көретін болады.
Бірақ егер біз қазір қақтығыстардың терең себептері туралы айтып отырған болмасақ, онда олардың пайда болу себептерінің әрқайсысын жою ешқашан да артық болмайды.
2. Этносаралық қатынастар, әрине, жақсарады. Этносаралық қайшылықтар үш элементке негізделеді: сыртқы айырмашылық, менталдық айырмашылық, тілдік айырмашылық. Егер осы үш элементтің біреуі жойылатын болса, онда, әрине, үйкеліс үшін себептер үштен бір бөлігіне азаятын болады.
3. Менің ойымша мына сұрақ дұрыс емес. Неліктен қазақтар бәсекелестікке төтеп берулері керек? Неліктен жалпы алғанда бұл мәселеде қазақтар жеке топқа бөлінген? Мемлекеттік қызметте ұлттық белгі бойынша айырмашылық болмауы тиіс. Иә, қазіргі кезде қазақтарға қарай кейбір ауытқұлар байқалады, бірақ қазақ еместер мемлекеттік тілді үйренгісі келмегендіктен, мемлекеттік қызметке кіре алмайды. Егер қазақ тілін барлығы бірдей дәрежеде иеленсе, онда мемлекеттік қызметте ұлттық белгі бойынша айырмашылықтар мүлдем жоғалып кетеді.
4. Көші-қон процестеріне әсер етуші тек тілдік фактор ғана емес. экономикалық және саяси жағдай едәуір көп әсер етеді. Қазір экономикалық жағдайдың нашарлауына және өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты елден шығып кетіп жатыр. Екінші себеп, менің ойымша, қолайсыз саяси жағдай болып табылады: бостандықтың қысқаруы, өзгеше ойлаушылармен күрес және т. б.. Бірақ эмиграцияның орыстілді қазақ еместердің ыңғайсыз жағдайларынан туындаған бөлігі, әрине, қысқарады.
5. Бірінші кезде мәдени және білім беру деңгейі төмендейді – қазақ тілінде қазір орыс тіліндегідей көп мөлшердегі ақпарат жоқ. Бұл анық көрінеді. Жағдайды өзгертуге бірталай уақыт кетеді. Алайда, бұл мәселенің шешуі қазіргі уақытта өз жағдайымызды тек әлемдік ақпарат ағынының көрінісі болып табылатын орыс тілінен енді таяу болашақта әлемдік білімнің алғашқы көзі болуы ықтимал ағылшын тіліне ауысуға болады. Мұндай жағдайда Қазақстан екі тілді үлгіге келе алады: ағылшын тілі – әлемдік білімді қабылдау үшін, қазақ тілі –ұлттық тұрғыда өзін-өзі сәйкестендіру үшін. Әрбір қазақстандық осы екі тілді жетік меңгеретін болады.
Барлығының тек сөйлегені ғана жеткіліксіз болады
Жанибек Сүлеев, веб-баспагер:
1. Бұл жолдаманың негізінде жағдайды құрастыруда кейбір нюанстар бар. Мән-жайлар мен пайдакүнемдік мүдделерден бос құндылықтардың шынайы жүйесіне келетін болсақ, бұл ең көп талқыланатын мәселе деп ойлаймын. Мен қазір не жөнінде айтып отырмын? Егер «Фейсбук» пен БАҚ-ты оқысақ, онда қазақтардың қоғамдық пікірі қазақ тілі проблемасының шешімін бүкіл еліміздің халқының қазақ тілінде сөйлеуіне алып келеді. Егер кенеттен, бір сағатта, қазақ тілі баршаға «туған» тілі болып қалса, онда мұндай жағдай қазақ қоғамының белгілі бір бөлігін (атап айтқанда мемлекеттік деп саналатын тілдің проблемаларына алаңдаушылық белсенділерді) қанағаттандырады.
Бірақ қазақ тілі коммуникация құралы ретінде, айталық, ғылым сияқты жоғары теориялық материяларға «туған» тілге айналғаны үшін не жасауға болады? Өйткені ғылым дегеніміз – бұл кез келген мемлекеттің ортақ дамуының қуатты белгілерінің бірі. Егер мемлекет қандай да бір себептермен әлемнің ең алдыңғы қатарлы елдерінің бірінші ондығы туралы айтпай-ақ, тіпті бірінші елу елдің тізімінен тыс болса, онда сіз бұның себептері (өзге де себептерге қосымша) осы мемлекетте ғылымның жағдайы онша жақсы еместігін міндетті түрде байқайтын боласыз. Ал ғылым – бұл ең алдымен не? Тіл... Технологиялық, бейімделген және бірден тіпті ең күтпеген уақыт сын-қатерлеріне де жауап бере алатын тіл.
Бүгінде бүкіл әлемдік ғылым ағылшын тілінде құрылуда. Әлемнің кез келген ғалымы, ол швед, неміс, эфиоп немесе, ақыр соңында, қазақ болса да, ағылшын тілін толық білмесе де, өз еңбектерін белгілі бір ғылыми басылымдарда ағылшын тілінде жариялауға мәжбүр. Сонда ғана ол ғалым деп аталуы мүмкін, сонда ғана оны бүкіл ғылыми әлем, барлық мамандандырылған сегменттер (физика, математика... лириктер болек) білетін болады.
Бізде осы уақытқа дейін ғылым тілі ретінде орыс тілі пайдаланым отырғаны барлықтарыңызға мәлім. КСРО жойылғаннан кейін және классикалық, кеңестік түсінікте, Ғылым Академиясында осы ғылымның қалдықтары әлі де орыс тілінде орын алуда. Ал заманауи ғылымның ең озық тілі – ағылшын тілімен үйлескен орыс тілінде барлығы да жақсы. Орыс (бұл тұрғыда ресейлік) ғылымы өзі әлі де Ғылым болып табылады. Біз, шын мәнінде, орыс ғылымының өте әлсіреп қалған өсінділеріміз. Алайда бұл басқа және жеке тақырып…
Сонымен, орыс тілінің өзі дереу ағылшындырылып жатыр, және біз қоғамдық-саяси стильде көріп отырғанымыздай, бұл өте табысты құбылыс. Ал орыс тілінің өшуі мен сұранысқа ие болмағандығы туралы барлық айтылып жатқан әңгімелер, әсіресе ғылыми толықтыру бөлігінде – бос сөз. Ол жерде мүлдем басқаша проблемалар бар.
Ал біздің мемлекеттік тіліміздің жағдайы қалай болып жатыр? Егер осы сәтті мұқият талдайтын болсақ, біздің тіліміз өте әлсіз екендігі анықталады, өйткені ол іс-жүзінде ағылшын тілінің жанында жоқ.
Ағылшын тілінің гегемониясына байланысты ол тілді білмейтін кез келген ғалым не істейді (ал әлемде мұндай адамдар әлі көп)? Дұрыс: мүмкіндігінше академиялық деңгейдегі сөздіктерді пайдаланады. Буындап оқыңыз – а-ка-де-ми-я-лық. Біздің қазақ филологиясы айталық, тіларалық байланыстардың толымдылығымен, мысалы, Түркия немесе Шығыс Еуропадағы кішкентай ғана Чехия сияқты мақтана ала ма (орыс тілі жөнінде айтпаймыз, оның үстіне біз одан барынша бас тартып отырмыз!)? Және кез келген ғылым, ағылшын тіліне, тіпті сол орыс тіліне дейін жетпес бұрын, ана тілінде қандай да бір іргетас құруы керек. Солай емес пе? Алайда егемендік пен кеңес заманынан қалған әлеует бұған өте лайықты болып тұрғанына ғанына қарамастан, өкінішке орай, біздің ғылым жөнінде мұны айта алмаймыз.
Айтпақшы, бұл мағынада орыс тілінің еңбегін дұрыс бағалау қажет. Алайда, тұжырымдалмаған ұлттық идеямыз да Маңгілік Ел тәрізді симулякрлармен (енді бізде басқа атаулар қолданылады), олар ғылыми әлеуеттің жоғалуы сияқты проблеманы іс жүзінде жоққа шығарды. Қазақстанда ол, бәлкім, өңірдегі ең салмақты болды және оны жоғалту Ұлтқа қарсы қылмыс ретінде бағалануы мүмкін. Ал оны сақтау, одан да жақсысы – көбейту, барлық нәрсеге, оның ішінде қазақ тілін жаңғырту үшін де тиімді драйвері болар еді. Бұл нағыз Ұлттық Идея болар еді.
Әрине, тұрмыстық өмірде қазақ тілін қолдану жүріп жатыр, дәлірек айтқанда, оны қолдану өсуде. Және бір кездері сіз ұсынған ақыл-ойдағы суреттеме бойынша барлығының қазақ тілінде сөйлейтін деңгейіне дейін өсетіні де әбден мұмкін.
Бірақ, мен айтып кеткендей, «сұранысқа ие» деген анықтама әлі де толық және дәл сипаттауды талап етеді. Басқаша айтқанда, бір жағынан айналадағылардың барлығы қазақ тілінде сөйлеген деген ғажайып нәрсе, екінші жағынан біздің шынайы өміріміздегі қазақ тілінің толыққанды даму үдерісі, меніңше, әр түрлі нәрселер және бұл мағынада ешқандай синергия байқалмайды. Тілдің экстенсивті дамуы – объективті процесс деп бірнеше рет айтқанмын және жазғанмын. Бірақ, сапалы даму артық болмас, ол тіпті қажет нәрсе. Басқаша айтқанда, қазақ және орыс тілдерінің элементтерін қамтитын сөйлесу тілімен байланысты проблемалар барлық адамдар үшін шешілгенде, қазақ тілінде жоғары технологиялар мен т. б. саласында да қолданатын болуы тиіс деген ұғымдағы проблема орын алатын болады. Яғни, біз барлығының қазақ тілінде сөйлеу шеңберінде қалып, осыған қанағаттанамыз, сондықтан бізге бүгін өз еліміздегі, өзіміздің өмір сүру жүйеміздегі жағымсыз нәрселер ешқашан жойылмайтын болады.
Алдағы зияткерлер мен басқарушылар мұны әлде де түсініп, соңғы орыстың кетуін немесе қарттықтан қайтыс болуын және айналадағының барлығының (көшеде, ал ең алдымен, шенеунік мекемелерінде) қазақи болып кетуін кұтпестен іске кірісе бастайды деп үміттенемін.
2. Этносаралық қарым-қатынастардың өзгеруінің арқасында біз әлемдегі ең жарқын құанышқа бөленген, тыныш Азия бола аламыз деп ойламаймын. Киелі орын бос қаламайды. Бұл жерде басқа қауіп пайда болады. Дәлірек айтқанда, ол қазірдің өзінде бар, ал мұнда ол барлық жерді толтыруға үлкен мүмкіндік алады. Өйткені, бәрінің қазақ тілінде сөйлеуі орыс тілді азаматтардың мүмкіндіктерінің ең төменгі шегіне дейін тарылуы екендігін, олардың қоғамдық өмірді құрастыруға ешқандай әсер ете алмайтынын (олар қазір де ерекше әсер етпейді) түсінуіміз қажет. Өйткені, қазіргі кезде барлық орын алып жатқан нәрселер қазақтілді (яғни көпшілік) адамдар арасындағы ынтымақтастығының шоғырлануы әлі де сақталып отырғандығын көрсетеді. Сонымен қатар этникааралық шиеленіс этнос ішіндегі шиеленісте еріп кететін болады, ал оның кернеуі одан да көп және күшті болады. Бәсекелестік барған сайын трайбалистік форматтарға өзгереді. Сол кезде демократия туралы ойлауға мұрша болмас.
3. Бәсекелесе алуы мүмкін. Бірақ тіл адамды өзгертетінін ұмытпау керек. Бізде барлық дерлік ұлттық диаспоралардың өкілдері қазақ тілін бұрыннан үйренді. Түрік-месхетиндер, ұйғырлар, өзбектер үшін ешқашан ешқандай проблема болған жоқ. Бірақ олар содан аз мысалы, ұйғыр болудан қалмайды. Бірақ орыс тілді ұйғырлар (орыс тілінде тұрмыстық деңгейде ғана емес, сондай-ақ сол мәдениетті нақты сіңіргендер) – бұл басқа әңгіме. Олар туралы да орыс тілді қазақтар сияқты – шала-ұйғырлар деп айтуға болады. Бірақ әңгіме олар туралы болып отырған жоқ. Егер орыс адам қазақ тілін меңгергенін және мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасу кезінде қажетті тесттерді сабырлы тапсыратынын елестетсек, – онда бұл шала-орыс деуге болады. Өйткені, менің ойымша, ол жартылай қазақ болып, қазақ шенеунігі ретінде әрекет етеді, ол сонда, жасырудың қажеті не, белгілі бір сипаттамалардың синониміне айналды. Онда демократиялық құндылықтарға сәйкес санаттар мүлдем жоқ, ал егер бар болса да, онда мизерлік шамаларда. Және бұл жаңа ғана қазаққа айналған орыс қазақтардың түбегі шайқастарына оңайлықпен кіріп кетеді.
Бірақ мұндай шала-орыстардың қазақ билігіне жаппай келуін күтудің де қажеті жоқ. Мұнда қалыптасқан үрдістер бұзылмайды.
Міне, сіз мүлдем виртуалды жағдайды ұсынып, осы тақырыпты талқылауға мүмкіндік бердіңіз. Мәселен, егер немістер, славяндар және басқалары, қазақтарды қоса алғанда, тоқсаныншы, «нөлдік» жылдары елден кеткен болмаса, онын үстіне олардың кейбір бөлігі билікке, әр түрлі деңгейдегі депутаттыққа (әрине тілді меңгере отырып) ұмтылса, онда біз басқа ел болар едік. Бұл сөзсіз. Маятник қай жаққа бұрылатынын айту қиын, бірақ қазіргіден жаман болмас еді. Алайда бәсекелестік әлдеқайда айқын болар еді.
4. Ал бізде көші-қон тоқтаған жоқ, халықтың көбеюі де тоқтаған емес. Бірақ кез келген жағдайда бұл үрдіс те өшеді. Яғни, барлығы кенеттен мемлекеттік тілде жақсы сөйлеуге болатындықтан, күшті ағынын немесе қуатты ағынын болжау дұрыс емес деп ойлаймын. Мұндай жағдай осы ағындарды тұрақтандырады және белгілі бір жаққа күрт қозғалыстар болмайды. Егер Қазақстандағы климат өзгермесе, ал одан да қатал болса, онда бізде бір шаршы километрге халықтың тығыздық деңгейі әлемдегі ең төмендердің бірі болады деп ойлаймын. Бірақ бірнеше қалалардың айналасында агломерациялар үлкен болады.
5. Осылайша жауап беремін: мен қазақ тілін меңгергендердің ғылымды, прогресті, мәдениетті еуропалық түсінікте жылжыта алатынына сенбеймін.
Жаңа архаикаға түсу одан да күрт қарқынмен жалғасуы мүмкін, ал біздің шала-орыстар ма, орыс-қазақтар ма неофиттер ретінде, мүмкін, біздікілерден де асып түседі. Бірақ олар көп болмайды. Түсінесіз бе? Орыс тілінің жоғалуымен (билік органдарында және онда ғана емес) олар ешқандай түрде қажет болмай қалады. Егер олар түбегейлі қайта жанданған орыстар болса, онда қартайғанда классикалық қазақ ағалары болуға мүмкіндік алады. Сондықтан мәдени және білім беру деңгейі қазақтардың өздерінің басымдығына айналатын болады. Онда не нәрселер және қалай қозғалып жатқанын біз білеміз және көріп отырмыз. Егер фольклор мен дәстүрлі музыканы есептемесек, онда классикада (балет, опера, симфониялық оркестрлер, театр) және т. б., барлығы да тамаша болмағанмен, қазақтар негізінен әлемдік (батыстық) үрдістерде қозғалып келеді. Бұл ретте олар жалпы трендтерге іс жүзінде ешқандай әсер етпейді. Бір сөзбен айтқанда – провинция, ал дәлірек айтқанда әлемдік мәдениеттің артқы шектері. Бірақ, мүмкін, бұл майдандағы серпіліс – ол келешектің ісі болар.