Қазақстан қоғамының ең маңызды мәдени проблемаларының бірі болып табылатын мәселе - ол параллельды екі әлемнің, яғни қазақтілді азаматтар әлемімен орыстілді азаматтар әлемінің қатар өмір сүруі деп айтсақ, жаңалық ашпаспыз. Алайда олардың арасындағы шекара тек тілдің айырмашылығында болса, онда ол мәселе соншалықты қорқынышты болмас еді. Бірақ психикалық түсініспеушілікке байланысты мұндай өзаралық бөліну кейде одан әрі ауырлайды.
Ондай айырмашылық көп жағдайда көзге түседі. Суреттеме ретінде соңғы мысалдардың бірін келтіруге болады. Жақында 365Info порталында өмірден алынған өте қызықты әңгіме жарияланды. Оның мәні қарапайым болғанмен, көңілге өте жағымсыз.
Бір мұғалім орыс тілде дәріс беретін мектепке жұмысқа ауысыпты. Оның пікірінше, сол мектеп оқушыларының арасында Отансүйгіштік сезімі мұлдем жоқ. Осы тақырып бойынша жаңа оқушылармен сұхбат өткізген мұғалім тіпті естен таңдыратын нәтиже алыпты: сыныптағы 28 оқушының тек сегізі өздерін қазақстанның патриотымын деп есептейді екен. Біреулер менің Отаным көршілес Ресей, біреулері - Германия, ал басқа біреуі Израиль деп жауап берген. Және бұл көбінесе басқа этникалық топтарға жататын немесе аралас некеден туылған балалар.
Мұғалімнің көңіліне жаман әсер еткен тағы бір нәрсе (бұрын ол кісі қазақ мектебінде жұмыс істегенін еске түсірейік) - қалаларда туып, орыс тілінде сөйлеген балалардың туған өлкеге деген патриотизм мен сүйіспеншіліктің болмауы. Егер біз дұрыс түсінсек, бұл тас шала қазақтарға атылған.
Содан кейін шынайы патриотизмді арқалаған адамның қаһармандық идеясын нығайтуға бағытталған сөздер орын алды. «Бұрын қазақ мектебінде жұмыс істегеп, оқушылардың нағыз патриотизміне үйренген басым, енді мен қалайша орыс тіліндегі мектеп оқушыларының патриоттыққа жатпайтын сөздерін тыңдаймын?» - деген сөздерді келтіреміз. Бір сөзбен айтқанда: патриотизм тек қазақ мектептерінде ғана тәрбиеленуі мүмкін деген өте қатал және бір мәнді үкім шығарып отыр.
Бұл пікірге ақырғы аккорд есебінде осы оқиғаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған журналистканың мынадай сөзі болды: «Бұл сонда қалай болмақ? Біз Қазақстанда басқа елдердің патриоттарын тәрбиелеп отырмыз ба? Орыс тіліндегі мектептерде оқитын қазақстандық балалардың ақылынан отанына деген отансүйгіштік сезімін жоғалтып, ұлттық белгіден бас тартпаймыз ба?! Менің ойымша, біз бұл мәселеге ерекше назар аударуымыз керек».
Шынын айтсам, егер бейтаныс мұғалім және біздің виртуалды әріптесіміз мектептегі жағдайды субъективті түрде қабылдап, одан өте жаман әсер алған болса, біздерге жаман әсер қалдырып отырған осы кісілердін бір мәнді үкім шағарғаны. (Айтпақшы, біздің әріптестеріміз жоғарыда көрсетілген веб-сайтқа сілтеме жасайтын Facebook-тегі журналист Бахыт Жаншаеваның жеке парақшасын таба алмадық).
Соған қарамастан, біз осы күрделі және өте нәзік тақырыпқа қатысты бірнеше ойларымызды білдіруіміз қажет деп шештік. Оған екі себеп бар.
Біріншіден. Біздің қазақ тілінде сөйлейтін әріптестеріміз осы тақырыпты талқылауды ұнатады. Әрине, мұндай нәрселер өмірде кездедессе, біз де оны назар аударуға татымайтын оқиға деп санамаймыз. Мәселе онда емес. Көбінесе болымсыз нәрседен үлкен проблема жасалып кетеді деген пікіріміз бар. Неліктен олай болатынын түсіну қиын, бірақ, негізінен, оны болжауға болады. «Қуырылған» тақырыптарға шақыру әрқашан рейтингтің өсуіне ықпал етеді. Дегенмен, біздің ойымызша, бұл мақсатқа басқа да жолмен, яғни қазақстандық қоғам үшін маңызды және қызықты басылымдар арқылы қол жеткізуге болады. Бірақ қандай да бір себептермен, әдетте осындай тақырыптар жиі ортаға салынап талқыланады.
Екінші. Біз орыс мектептерінде патриоттық тәрбие беру мәселесі шешілмегенін толық мойындаймыз. Бірақ өз өзімізден ашық түрде сұрауымыз қажет: тұтастай алғанда біздің қоғамымызда бұл мәселе қай денгейге жеткізілген? Қазақстандық (немесе қазақтық) патриотизмді қалай сипаттай аламыз? Оның түп негізі мен терең философиясы қандай?
Енді стандартты қазақ мектебін елестетіп көрейік. Бұл ханым орыс мектебінің отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесінде қандай ерекшелік байқады? Таң қалдырары - ол туралы не бірде-бір сөз жоқ, не болмаса салыстырмалы факт жоқ. Есесіне жоғары мәндегі сөздер артығымен айтылған. Бірақ олар ешбір дәлел емес, тек қана эмоциялар. Отандық білім берудің жалпы төмендеуін ескерсек, қазақ мектептерінде де бәрі жайнап тұрған емес. Әсіресе ұлттық педагогикалық кадрларды даярлау деңгейінің күрт төмендеуі аясында осындай әнгіме мүлдем орынсыз (мына жерде қандай айқай басталатынын елестетуге болады).
Егер отансүйгіштік деген тек еліміздің әнұранының сөзін біліп, оны керемет орындау болса, онда қазақ тілінде дәріс беретін мектептер тәртіпке толығымен келтірілген. Бірақ бұның патриотизмге қандай қатысы бар? Әнұран айту кейде жүректен шықпай, тек көрнектілік үшін болуы да мүмкін.
Мұнда әртүрлі ойларға және спекуляцияларға үлкен кеңістік ашылады. Онсызда осы тақырып өте жиі пайдаланады. Жалпы алғанда патриоттықты арнайы тәрбиелеу қажет пе? Егер солай болса, мұны қалай істеуге болады?
Осыған байланысты мен ұзаққа созылған дәйексөзді келтіргім келеді: «Мектептерде мемлекеттік патриотизм жөнінде сабақтардың басталғаны осы мемлекетте бір нәрсе дұрыс емес екендігін білдіреді. Егер балаларды Отанын жақсы көруге үйрету керек болса, ол Отанның өз балаларын жақсы көрмейтінін білдіреді. Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, бұл жеке сезім, жеке тәжірибе. Отан - мемлекет немесе үкімет емес. Отан - адамның дүниеге келген өлкесі. Егер адамдар бала кезінен мемлекетке деген жақсы көзқарас пен билікке деген сүйіспеншілікке үйретуді бастаса, бұл патриотизм емес, бұл мойынсынушылықты тәрбиелеу... Патриотизм көбінесе әскери тарихпен, қан мен құрбандардың тарихымен уйлеседі. Тірі билікшілер айтуға сөз таппаған кезде қаза тапқан жауынгерлерді өздеріне қалқан ретінде қолданады
Балаларға азаматтық соғыс туралы айтылғанда, бұл ақ, жасыл немесе қызылдардың жеңісі емес, ол ұлттық трагедия екенін айтама? Ұлы Отан соғысының үлгісінде балаларға патриотизм туралы айтылатын болса, оларға Жеңіс туралы айтылады ма? Соғыс басталғанға дейін қаза болған командирлер мен әскери мамандар туралы айтама? Молотов-Риббентроп пакті туралы айтама? Сталиннің қатал қателіктері туралы, миллиондаған сарбаздар хабарсыз жоғалып кеткен және осы кезге дейін жерленбеген адамдар туралы айтама? Лагерьдегі жеңістен кейін жер аударылған жеңімпаздар туралы айтама? Айдалада жасырып тастаған мүгедектер туралы айтама? Соғыстағы балалар туралы айтама? Концлагерьдің мазарының үстінде көп қабатты үйлер турғызылғаны туралы айтама? Оларға миллиондаған жала жауып айыптаулар туралы, ГУЛАГ туралы не айтылады? «Үш тал бидай» заңы туралы не айтады? 12 жастан асқан балалар үшін өлім жазасы туралы айтама? Бұл патриотизмнің бір бөлігі бола ма? Осыған сондай-ақ мақтану керек пе? Немесе оны тек ешқашан қайталанбас үшін есте сақтау керекпе?».
Бұл жерде атақты орыс саясаткер, адам құқық қорғаушысы және журналист Лео Шлосбергтің сөзі келтірілді. Біздің оған кандай қатысымыз бар? – деп біреулер сұрақ қояды. Біз бәріміз қеңес заманынның өкіліміз деген жауап береміз. Иә, біз енді әр түрлі елдерде өмір сүреміз, бірақ біздегі проблемалардың тамыры бір. Сондықтан жоғарыда айтылған сөздер біздің қоғам үшін маңызды, барлық ілеспе мән-жайлар бар. Тек патриотизм мәселелері біз көпұлтты және көпконфессиялы қоғам болғандықтан, бұл шын мәнінде күрделене түседі.
Әрине, бұл жерде ешқашан өзімізге лайықты ерекше қазақстандық патриотизмге қолымыз жетпейді деген сөз жоқ. Ерекше деген ешкімге ұқсамауында емес, негізгі мәселе - оны біздің жағдайда ғана туындаған, тек өзімізге тән контентпен толтыру. Өйткені, біз кейбір бұрынғы кеңес «коммуналдық пәтердегі» көршілеріміз жасай алмаған жағдайды, яғни талай шиеленістерден сақтаған жағдайларды егемен тарихының 25 жылдан астам уақыт ішінде жасап келеміз. Ал сол мұғалімнің «ой-пікірлерін» тек қана этноэгоистикалық соқырлық нысандарының бірі ретінде қарастыруға болады.
Шамамен он жыл бұрын ұлттық идеяны дамыту қажеттілігі туралы көп әңгіме болды. Оның түрлі нұсқалары ұсынылды. Және бұл, біздің ойымызша, өте қарапайым және түсінуге де, әрі қарай іске асыруға да қол жетімді. Оның мәні - этникалық және діни көзқарастарына қарамастан елдің барлық азаматтары үшін біртұтас алаң бола алатын қазақстандық патриотизм философиясын дамыту. Біреулер қазір біздің тым жоғарғы мәтіндегі сөзге бет бұрғанымызды байқап қалса, қателеспейді. Өйткені осы таңда біздің мұндай хабарламамыз тек жақсы тілек болып қалуы да мүмкін.
Неліктен? Мұны дұрыс түсіну үшін әңгіменің басына оралу керек. Балалар тек өмірдің гүлдері ғана емес, сонымен қатар олар - өмір айнасы. Оның үстіне ең бейтарап айнасы. Оның бір себебі - олар өзінін санасына қондырылған, қаланған ой-пікірлерді игеріп алады. Оны олардың ақыл-сезіміне кімдер қалаған? Біз, ересектер. Сондықтан олар ересектердің патриотизмге қалай қарайтынын мұқият ескеріп, терең қабылдайды. Ал ересектерге қазақ патриотизмі болсын, азаматтық-қазақстандық патриотизмі болсын - ешбіреуі де өмірі қажет болған емес.
Бұған кім кінәлі? Мемлекетпе? Қоғамба? Немесе басқа біреуме? Меніңше, бұл мәселенің әрқайсысының өз нұсқасы бар. Бірақ бір нәрсе анық: егер ересектерде патриотизм болмаса, оны балалардан да талап ету мүмкін емес. Мектепте қандай тілде оқытылатыны бұл жерде маңызды емес.
Айнаны айыптауға болама, егер...