Қазіргі Қазақстан үшін ең маңызды және сонымен бірге проблемалы мәселелердің бірі – демографиялық жағдай. Бұл бағытта қалыптасатын трендтер біртүрлі парадоксалды сипатқа ие. Бір жағынан, жалпы алғанда халық саны жетерліктей тұрақты түрде өсіп барады. Бірақ, екінші жағынан, халықтың елден кетусаны да ұлғаюда. Оның үстіне ол айтарлықтай елеулі және сонымен қатар, негізінен халықтың қабілетті және білікті бөлігін қамтиды.
Жақын және алыс шетелдерден қазақтарды (оралмандарды) репатриациялау бағдарламасы, титулдық ұлт өкілдерінен бала туудың көзге түсерліктей өсу қарқыны халық санының айтарлықтай өсуін берді. Қалай да болмаса, әйтеуір ресми статистикаға сәйкес, бүгін біз, қазақстандықтар, 18 миллионнан астам болдық. Оның ішінде 12 миллионнан астамы – қазақтар. Бұл сандар кеңестік дәуірдің ең үздік көрсеткіштерінен асып түседі. Бірақ демографиялық үдерістерде ауытқымаса, тоқырау келетін сәт алыс емес деген астыртын сезім туындайды. Мұндай пессимистік болжам үшін барлық негіздер бар: соңғы жылдары елден көп адамдар кетіп жатыр. Алайда, қазіргі жағдай 90-шы жылдардың ішінде Қазақстанды төрт миллионнан астам адам тастап кеткен кезбен салыстыруға татымайды деген сөздерді естуге болады. Бірақ бұл өте әлсіз жұбаныш деуге болады.
Иә, бүгінгі күні көші-қон жалпы әлемдік үрдіске айналды. Жерорта теңізіндеорын алып жатқан оқиғаларға қарасақ та жеткілікті: африкандық елдердің азаматтары олардың соншалықты қатты қол жеткізгісі келетін Еуропаға ену мақсатымен онықалай да болмасын жүзіпөтуге тырысады. Әрине, біздегі жағдай өзгеше: кеңестік дәуірден шыққан барлық адамдар және олардың балалары – әлі де білімді және көбінесе зайырлы адамдар, сонымен қатар біздің республикамызда адамдарды өз Отанын тез арада тастап кетуге мәжбүр ететін әскери қақтығыстар жоқ. Дегенмен, бүгінде байқалып отырған үрдіс алаңдатпауы мүмкін емес.
Сол 1990-шы жылдары елден негізінен еуропалық тиістіліктегі адамдар кеткен еді. Немістерді Германия қабылдады, оның үстіне жүзеге асырылуы КСРО ыдырауына дейін басталған ерекше бағдарлама бойынша. ЕврейлерүшінИзраильге тікелей жол ашылды. Орыстар тек Ресейге ғана емес, олар сонымен қатар батыс елдеріне, оның ішінде мұхиттың арғы жағынада бағдаралған болатын…
Ал Қазақстанда нарықтық экономиканың қандай да бір негізі қаланғаннан кейін, КСРО заманынан бері аяққа нық тұрған білікті және мықты орналасқан адамдар ғана емес, дәл осы жаңа экономикалық шындыққа сай келетіндердің де кетуі басталды. Яғни шенеуніктер мен бизнесмендер (посткеңестік кеңістікте бұл бір негіздіұғымдар болып қалыптасқан). Қазақстанның саяси ареопагына (биліктің жоғары органына) кірген кейбір тұлғалардың аттарын да еске түсіруге болады: вице-премьер Олег Сосковец, әділет министрі Константин Колпаков және тағы басқалар…
Бұл ретте, ешкім және ешқашан кеткен өңірлік және орта буындағы басқарушылардың есебін жүргізген емес – егер бізде мұндай мәліметтер болса, онда суреттеме өте әсерлі болар еді деп ойлаймыз. Ал осы тізімдегі адамдардың кейбіреулері мемлекеттік маңызы бар құпияларға қол жеткізімділіктері жөніндегі фактілерді біз тіпті қозғамаймыз. Бұл басқа әңгіменің тақырыбы.
Бүгінгі күні біз үшін маңыздысы – көші-қонның басқа аспектісі, атап айтқанда, қазақ халқының кетуі. Яғни, титулды ұлт өкілі болып табылатын және жаңғыртылатын ұлттық мемлекеттіліктің негізі болуы тиіс адамдардың көшіп кетіп жатқаны жөнінде. Бақылаушылардың бағалауы бойынша кетіп бара жатқан қазақтардың ағыны өсуде, әсіресе бұл соңғы екі-үш жылда айтарлықтай көзге түседі. Кейбір деректер бойынша елден кетушілердің жалпы санындағы олардың үлесі 20 пайызға жетті.
Сұрақ: олар неліктен кетіп жатыр? Менің ойымша, жауап өте айқын – өздеріне жақсы өміріздеу үшін. Қайда кетіп жатыр? Алыс жақтарға. Иә, қазақтар мұхиттың арғы жағалауларын игере бастады. Бірақ көпшілігі көршілес Ресейде тұрақтап қалып жатыр. Біріншіден, жақынырақ. Екіншіден, ментальды тұрғыда әлдеқайда оңайырақ. Қанша дегенмен, біз орыстармен бірге өмір сүреміз: формальды түрде 300 жыл, іс жүзінде – 100 жыл. Орыс тілі – ана тілітәрізді, мамандықтарымыз – ұқсас, өмір салтымыз да ұқсас.
Бірақ бүгінгі Ресейде қазақтар немен көзге түсетінін қалайша түсінуге болады? Олар өздері қандай бос орынды толтыра алады?
Айталық, өзбектер, тәжіктер мен молдавандар – құрылысшылар болып табылады. Қырғыздар – негізінен аула және көше сыпырушылар болғанмен, бірақ бірте-бірте олар қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету жүйесіндегі орта буын менеджерлерінің позициясына ауысып жатыр. Соңғы жылдары Мәскеуге ұшқан адамдар біздің өңір бойынша көршілеріміз РФ астанасындағы барлық әуежайлардың техникалық және көмекші қызметкерлерінің көпшілігін құрайтынына назар аударған болар.
Білуші адамдардың айтуынша, тоқырау дәуірінде Мәскеуде шамамен он мыңға жуық қазақ тұратын (тұрғылықты жері бойынша ресми түрде тіркелгендер). Бұл – жоғары да, төмен де жылжымайтын тұрақты көрсеткіш болды. Ал басқа орта-азиялық этностарға қатысты статистика баяу болса, бірақ тұрақты түрде өсіп тұрған. Ал Одақ ыдырағаннан кейін ол өте қатты көтеріліп кетті. Көрші республикалардағы жастарға жұмыс табылмады, өмір сүруге ешқандай жағдай болмады. Бұған архаикалық дәстүрлерді қайта жаңғырту процесі қосылды (қалымға қаражат жинақтау қажеттілігі, көп шығындар талап ететін тойлар, үйлену тойлары және т.б.), Бұл да оларды Мәскеуге және Ресейдің басқа қалаларына табыс табуға итермелей бастады.
Ал біз, қазақтар не? Мұнайдың мол қоры мен оған жоғары бағаның арқасында қазақ Мәскеудің көшелереін сыпырған емес, сонымен қатар ол өзбек, тәжік, қырғыздың қасында біршама жақсы өмір сұреді деп саналатын. Бірақ, бір таңқалдарытыны, Ресей соңғы онжылдықта Қазақстанға басқа тұрғыдан қызығушылық таныта бастады. Енді бұл жұмысшы күші мен іскерлік қолдар ғана емес, ең алдымен жастарға деген қызығушылық болды. Және де болашағы мол, студенттік жасындағы жастарға. Біздің қалаларымыз бен өңірлерімізде ресейлік жоғары оқу орындарының рекруттары келе бастады, нәтижесінде санаулы жылдар ішінде жоғары білім берудің отандық жүйесін іс-жүзінде әбден әлсіретіліп тасталған. Әділдік үшін еске салып кетуіміз керек, қазақстандық жоғары оқу орындарының өздері де осыған себепкер болған, өйткені орыс бөлімдері мен факультеттерінде квоталарды күрт қысқартып жіберген болатын. Бүгінгі байқалып отырған трендтерге қарағанда, бұл ең дұрыс қадам емес болып шықты. Тек 2016 жылы Ресейге біздің 22 мың түлектерімізкетті. Ал сарапшылардың бағалауы бойынша, ресейлік ЖОО-да оқитын біздің жас отандастарымыздың саны 80 мыңнан асты. Көрнекілік үшін: бұл ҚР орта статистикалық облыс орталығы халқының жартысы. Және, ең алдымен, таяудағы жылдары бұл сан тек өсетін болады. Неліктен? Өйткені біздің көршілеріміз қазақстандық мектеп бітірушілерін өздеріне тарту үшін айтарлықтайикүш-жігерін жұмсауда. Мұнда стипендиялар да, жатақханалардағы орындар да бар. Ал енді РФ азаматтығын алу рәсімі жеңілдетілді. Сонымен қатар көрші елдерден ресейлік ЖОО-на оқуға келген қабілетті және болашағы зор студенттер үшін. Кім осыған қалай қарайтынын білмеймін, бірақ талантты отандастарыма тас лақтыруға менің дәтім бармайды. Әрбір адам жақсы нәтижелерге қол жеткізудеген үмітпен өз өмірін өзгертуге ұмтылатыны түсінікті...
Бұл мәселе туралы көп жазылған, ол жиі талқыланған болатын, бірақ әрқашан да Қазақстан үшін бұл жағымсыз тренд шын мәнінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі оған назар аудармағанынша және тиісті өкімдер бермегенінше аз адамды толғандырады деген сезім болған еді. Бірақ сөз тез айтылғанмен, іс тез арада істелмейді. Ал егер бұған перманентті және жұмсақ айтқанда, отандық білім беру жүйесін (мектептік, сондай-ақ жоғары оқу орындары) біртүрлі таңқаларлықтан және түсінбеушіліктен басқа ешнәрсе тудырмайтынын қоссақ, онда оптимизм үшін себеп өте аз болып қалады.
Балалар мен жастар дерексіз категориялар емес, бұл елдің болашағы екенін түсінетін кез келді. Бірақ, егер біз оны іс жүзінде басқаның қолына беретін болсақ, болашақ қандай болуы мүмкін? Неге сол Ресей біздің жастарды оқуға гранттармен, шәкіртақылармен, жатақханалардағы орындармен, кепілді жұмысқа орналастырумен қамтамасыз етеді, ал неліктен біз өзіміз мұны істеуге жарамаймыз? Бейнелеп айтқанда, Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі (ең алдымен, ҚР солтүстік облыстарының мемлекеттік университеттері мен елдің барлық жеке жоғары оқу орындары) айтарлықтай шығындарға тап болды. Егер жағдай өзгермесе, Ресей Қазақстандық жігіттер мен қыздар есебінен өз шығындарын өтеп алатын, немесе күшейтетін болады, ал Қазақстан неғұрлым ақылды жастар ұрпағынан айырылады.
Бұл апокалиптикалық сияқты болып көрінеді – болашағы жоқ ел. Және біздің национал-патриоттарымыз қайдағы бір ойдан шығарып алған жаулармен соғысып жатқанын көргенде, оларға: «Ау, ағайындар, осы сіздер дұрыс іспен айналысып жатырсыздар ма? Сіздер біздің РФ-нан тәуелділігімізге байланысты көп сөйлейсіздер, Ресей саясатының фарватерінде жүруден бас тартып, одақтастық міндеттемелерді мұқият белгілеуге шақырасыздар. Ал егер біздің жастарымыз жаппай жақын маңдағы Ресейді таңдай бастаған болса, мұны қалай іске асыруға болады?» – деп айтқымыз келеді.
Алайда, бұл жағдайда қазақ балаларының соңынан олардың ата-аналары өздерінің орнықты орындарын тастап кетулері мүмкін екендігін де ескеру керек. Сонымен қатар, біздің отандастарымыз Ресейге тек білім алу үшін ғана көшуде емес. Ең жақсы үлес іздегендер, өмірлік перспективалары неғұрлым тартымды деп есептейтін адамдардың саны да барған сайын өсуде. Өйткені РФ-да лайықты жұмыс табу, Қазақстандағымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары табыс табу мүмкіндігі әлдеқайда көп. Оның үстіне, Ресей өз президенті Владимир Путиннің сөзі арқылы Одақты ұмытпағандар және орыс тілін білетін адамдар – әлеуетті ресейліктер, сондықтан бізге келулеріңізді өтінеміз дейді…
Сол қызу қанды национал-патриоттарымыз батыстық санкциялармен салынған және Қырымның үлгісі бойынша өздерінің қолдарына алып алатын біздің солтүстік облыстарға қауіп туралы мәлімдейді. Иә, олар мұны бастады. Алайда, әскери әдістермен емес, бейбіт жолымен – өзі үшін сындарлы, бірақ бұл ретте Қазақстан үшін жойқын тәсілдермен.
Қазақтар Ресейді қалайша игереді? ЖОО-дан кейін жұмысқа орналасқандар РФ азаматтары болады, ал бұл ресейлік адамдар деуге болады. «Орыс болғың келсе, алдымен қазақ бол» – деген өзбектің атақты фразасы естеріңізде ме? Қатты ирония өмірдің ащы шындығына айналуы мүмкін.
Шеңбер түпкілікті жабылып қалмас па екен?..