Сәрсенбі, 21 қазан 2020 ЖЫЛЫ
2479 30-03-2019, 11:51

Елдің болашағы – қазақ-орыс қос тілдігінде ме?

Ағымдағы жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа жолдаған соңғы жолдамасында болашақ қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді еркін адамдар екеніне сенім білдірді. Саясаткер және тарихшы Николай Осиповпен бірге біз осы болашаққа көз жүгіртуге және Қазақстанның нақты лингвистикалық перспективаларын бағалауды ұйғардық.  

Тілдік бәсекелестік

- Сіздің болжамдарыңыз бойынша, орыс тілі Қазақстанда өз позицияларын қаншалықты ұзақ сақтайды?

- Қазақстандағы орыс тілінің болашағы ықпал етуі әртүрлі қасиеттер мен белгілерге ие болып табылатын және әр түрлі бағыттағы факторлардың (геосаяси, өңірлік-экономикалық, геоэкономикалық, өркениетті-мәдени, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-коммуникативтік) кешенімен анықталады. Егер осы факторлардың қазіргі арақатынасын бағалайтын болсақ, онда ол, әрине, орыс тілінің басым рөлін сақтауға қолайлы болып отыр. Неге екенін түсіндіремін.

Кеңістіктік қарым-қатынас, тарихи қалыптасқан өркениеттік-мәдени жақындық және көпғасырлық Ресейлік әлеуметтік-мәдени ықпал, менің ойымша, таяу 10-20 жылда орыс тілінің ерекше маңыздылығын алдын ала белгілейді және әлі де алдын ала белгілейтін болады. Қазір Қазақстан халқының кемінде 75 проценті орыс тілінде еркін сөйлейді. Орыстардан басқа бұл украиндар, белорустар, татарлар, кәрістер, немістер, армяндар, еврейлер, орыс тілді қазақтар, екі тілді қазақтар...

Орыс және орыс тілді адамдардың, әсіресе жастардың, елден тұрақты және тіпті өсіп келе жатқан кетуі, сондай-ақ осы санаттағы азаматтардың арасында бала туудың неғұрлым төмен деңгейі Қазақстан халқының жалпы санындағы олардың үлесінің абсолюттік және салыстырмалы түрде қысқаруына алып келеді. Осы үрдістерді ескере отырып, орыс тілін қолдану аясы тарылуы керек сияқты емеспе деп ойлауға болады. Бірақ 2000 жылдан кейін дүниеге келген қазақ жастары өз басым бөлігінде екі тілді болып қалғанын, ал көптеген қазақтар орыс тілінде оқып, оқуын жалғастырып жатқанын ұмытуға болмайды.  

Ауылдардың көпшілігінде, әсіресе оңтүстік облыстарда, орыс халқының күрт қысқаруы орыс тілін ығыстыруға әкеледі. Мемлекеттік қызмет саласында, қазақстандық элитарлық білім беруде қазақ тілін басымдықпен пайдалану да беделді білім алу және жұмысқа орналастыру құралы ретінде орыс тілін қолдануды қысқартуға алып келеді.

Мектептерде, гимназияларда, лицейлерде және жоғары оқу орындарында орыс тілін оқытудың көлемі мен деңгейі төмендей түсуде. Белсенді және ауқымды түрде ағылшын тілінде оқыту енгізілуде. Баспа басылымдарының таралымы, қазақ тіліндегі телехабардың ұзақтығы ұлғаюда. Бірақ, сонымен қатар, баспа және интернет-материалдардың, ойын-сауық-мәдени өнімдердің негізгі ағыны орыс тілді болып қала береді. Бұл сондай-ақ оқу, ғылыми және кәсіби-арнайы әдебиетке де қатысты.

Алдағы онжылдықтарда Қазақстандағы тілдік жағдай кеңістіктік және мазмұнды түрде барған сайын неғурлым мозаикалық, бір қалыпсыз, белгісіз бола береді. Оған қатаң тілдік заңнамалық тыйым салулар мен шектеулер, сондай-ақ трилингвизм бойынша жобаларды ауқымды іске асыру шешуші түрде әсер етуі мүмкін. Осыған билік қаншалықты дайын және мұндай шараларды азаматтар қалай қабылдайды – бұл өте даулы мәселе. Алдағы 5-10 жылда билік ондайға баруға батпайтыны сөзсіз, ал азаматтар көпшілігінде мұндай шараларға келіспейтін болады деп ойлаймын.  

- Қазақстанның тіл саясатына Ресей қандай әсер етеді?

- Орыс тілінің ұстанымы, әрине, еуразиялық экономикалық интеграцияның іске асырылып жатқан жобасы мен оның стратегиялық қазақстан-ресей өзара іс-қимылы түріндегі геосаяси проекциясының арқасында күшеюде. Екі елдің одақтастығы Қазақстанның ресейлік мүдделерге, соның ішінде әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-гуманитарлық қатынастар саласындағы мүдделерге құрметпен қарауды көздейді. Әскери-саяси, әскери-техникалық, ғылыми-техникалық және білім беру ынтымақтастығы, қазақстандық шикізат экспорты үшін Ресей нарығының маңыздылығы, ресейлік трансконтинентальды көлік транзитіне тәуелділік – бұл факторлар Қазақстанның Ресеймен ерекше қарым-қатынасқа тартылуын тікелей айқындайды. Осы қарым-қатынастар орыс тілінің базисінде қолдау табады.  

Бірақ бұл факторлар бұрын да кедергі келтірмейтін және бүгінде қазақстандық биліктерге қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге және орыс тілін қолдану аясын тарылтуға әдейі бағытталған түрлі ауқымды және ұзақ мерзімді бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға кедергі келтірмейді. Өмірдің түрлі салаларындағы екі тілдің бәсекелестігі бұл қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның шынайылығы және мемлекеттік тіл саясатының басымдықтары қазақ тілінің үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Көп жағдайда Қазақстандағы орыс тілінің тағдыры билік ізделіп жатқан нәтижеге қаншалықты батыл және қандай мерзімде қол жеткізуге ниеттеніп отырғандығынан анықталатын болады.  

Опция ретінде – екі мемлекеттік тіл

- Қазақ тілі елімізде үстем бола ала ма? Және оны шын мәнінде бәсекеге қабілетті ету қаншалықты қол жетімді?

- Еліміздегі жалғыз мемлекеттік тіл ретінде ол саяси тұрғыдан қазірдің өзінде басым болып отыр. Алайда, оның қазақ халқының едәуір бөлігі де, билік те белсенді түрде ниет етіп отырған әлеуметтік-мәдени және мәдени-білім беру үстемдігіне жақын арадағы перспективада қол жеткізу екіталай. Қазақ тілінің өзі де, латын графикасының жаңартылған түрінде болғанына қарамастан, отандық білім беру жүйесі де, кадрлық әлеует те, БАҚ, полиграфия және бағдарламалық өнімдер салаларындағы Қазақстанның қолда бар материалдық-техникалық базасы да, ол жақын арада басты позицияны алады деп санауға әзірше негіздер беріп отырған жоқ.

Билік жағынан да, білім беру, ғылыми және сарапшылық қоғамдастық жағынан да түрлі ынталандыру және қолайлы шаралар арқылы елдің мәдени өміріндегі қазақ тілінің рөлін күшейтуге талпыныс жасалып, қолданылуда және барынша белсенді түрде қабылдаңған, қабылданып отыр және әрі қарай да қабылданатын болады. Бірақ бұл күш-жігердің әсері өте шектеулі болған қалпы әлі де шектеулі болып қалуда. Иә, олар үлкен этникалық ынтымақтастыққа, қазақтың ұлттық бірегейлігін сақтауға ықпал етеді, бірақ әлеуметтік-мәдени жағынан ерікті түрде жасалып отырған мәдени-тілдік сегрегацияны білдіреді.

Қазіргі Қазақстанның өңірлік, трансөңірлік және жаһандық әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-коммуникативтік және әлеуметтік-мәдени дамуының шынайылығы қазақ тілін ұлтаралық қарым-қатынас, білім алу, бизнес жүргізу, ғылым мен көркем мәдениетті дамыту құралы ретінде ету мәлімделген жоспарларды жүзеге асыруға қарсы жұмыс істейді. Ол бәсекеге қабілетті және кең сұранысқа ие болу үшін қазақстандық тіл саясатының бұрынғы басымдықтарын, бағыттарын, нысандары мен әдістерін толық қайта қарастыру қажет. Бұл процесс қазақ тілінің әлеуметтік-мәдени әлеуеті мен мүмкіндіктерін объективті, жан-жақты және ойластырылған зерделеуге, қазіргі қазақстандық қоғамның қазақ тілді мәдени мұраны ұстануына негізделуі тиіс. Әрине, бұл іс-әрекеттер филологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, психолингвистерді тарта отырып жасалуы қажет.

- Ал сіз үшін қазақ және орыс тілдерінің әрі қарай қатар өмір сүруі қалай болып көрінеді?

- Мен қазақ-орыс мемлекеттік екі тілді енгізуді осы тілдердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жалғыз мүмкін болатын қолайлы нұсқасы деп есептеймін. Онсыз Қазақстан әр түрлі формалар мен көріністердегі тілдік шайқас алаңына айналады, бұл кез келген нәтиже кезінде азаматтардың әл-ауқатына қызмет етпейді. Бұл тілдердің «қатар өмір сүруі» қазақстандық қоғамды бөледі, ажыратады, қарсы қояды, мәдени тұрғыда қазақ қоғамын сегрецияға ұшыратады. Менің ойымша интеграциялық екі тілді дамыту стратегиясы қазақстандық ұлттық бірегейліктің проблемасын бірден-бір конструктивті шешу болып табылады.

Балабақшалар мен бастауыш мектептен бастап екі тілді білім беруге көшудің жалпыұлттық бағдарламасын әзірлеу және іске асыру үшін филолог-ғалымдардың, қазақтанушылар мен русистердің, оқытушылардың, мұғалімдердің, қоғамдық ұйымдардың, жастар бірлестіктерінің, Қазақстанның тиісті мемлекеттік мекемелері мен ведомстволарының күш-жігерін біріктіру қажет. Екінші мемлекеттік тіл ретінде орыс тілін енгізу Қазақстан халқының орыс тілді бөлігінің барлық кедергілері мен қауіптерін алып тастайды, еуразиялық мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық шеңберінде Ресей тарапынан барлық мүмкін болатын көмек пен қолдау алуға мүмкіндік беретін болады.

Қазақстан – бұл ең азиялық еуропалық мемлекет және Азия елдері арасындағы ең еуразиялық мемлекет. Түркі халқы ретінде қазақтардың тарихи тағдыры осылайша қалыптасқан. Сондықтан, уақыт пен кеңістікке сүйене отырып, өзінің тарихи тағдырымен дауласпастан, қазақтарға қазақ-орыс тіл және өркениеттік-мәдени дуализм негізінде өз елін полиэтникалық түрік-славян еуразиялық ұлттық мемлекет ретінде құру үшін таңдау қабылдау қажет.

Үштілдік қандай болуы керек?

- Қазақстандағы трилингвизм туралы не ойлайсыз – бұл утопия ма әлде шынайылық па?

- Трилингвизм – қазіргі әлемдік дамудың жаһандық талаптары. Мәселе Қазақстан қоғамында оны қалай дұрыс жүзеге асыру қажеттілінде, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы басымдықтарды қалай тиімді белгілеуінде. Қазақ-орыс тілдік дуализмін жүзеге асыру арқылы ғана, егер халықтың көп бөлігі болмаса, кем дегенде, қазақстандықтардың елеулі және маңызды азшылығымен ағылшын тілінің меңгеретініне шындап сенуге болады деп ойлаймын.

- Үштілтік қазақ тілін дамытуды екінші орынға ығыстырып тастамайды ма?

- Ағылшын тілі қазақ тіліне мәдени тұрғыдан жат болғандықтан оның лингво-коммуникативтік дамуына ықпал ете алмайды. Орыс тілі мәдени тұрғыдан ағылшын тіліне әлдеқайда жақын болып табылады, және орыс тілді мәдениетте, қазақ мәдениетіне қарағанда, Еуропамен көпғасырлық қарым-қатынас тәжірибесі бар. Сондықтан қазақ-орыс билингвизмін дамыту барлық қазақстандықтардың игілігі мен берекесі үшін Қазақстанда трилингвизмді дамыту үшін неғурлым қолайлы әлеуметтік-мәдени, мәдени және коммуникативтік жағдайлар жасайды.

Атап айтқанда, орыс тілі ағылшын және қазақ тілдері үшін біріктіруші тіл болып табылады. Үш тілділік оны ағылшын тілін оқыту үдерісіне үшінші тіл ретінде енгізу кезінде мағыналық және сөздік өзара іс-қимыл орталығына орналастырады. Ол қазақ және ағылшын тілдерін біріктіретін мәдени «көпір» болып табылады. Орыс тілін оқу қазақтарға ағылшын тіліне үйретуді жеделдетуге ықпал етеді.

Қазақстандықтардың басым көпшілігі үшін ағылшын тілі табысты іскерлік, кәсіби және мансаптық тұрғыдан өзін-өзі іске асырудың құралы болуы тиіс, бірақ одан артық емес. Қазақ-орыс қос тілдігі – бұл қазақстандықтардың мәдени және рухани қатар өмір сүруі мен ұлттық өзін-өзі дамытуының құралы. Қазақ-орыс-ағылшын үштілділік – бұл қазіргі жаһандық әлемдегі елдің мәдени және ғылыми-білім беру прогресінің құралы.

- Сіз жалпы алғанда осы бағыттағы реформаларды (олардың әлі күнге дейін асырылған түрінде) қалай бағалайсыз?

- Қазір биліктің тәжірибесінде үштілділікті енгізу моделі, менің ойымша, Қазақстанда мәдениет пен білім беруді дамытуға орны толмас зиян келтіріп отыр. Бірінші кезекте орыс тілін оқыту мен үйрену де зардап шегеді. Екіншіден, ағылшын тілін үйренудің және ағылшын тілін оқытудың элитарлық бағыты күшейтіліліп бара жатыр. Ал үшіншіден, қазақ тілі бұрыннан да азырақ мөлшерде мәдени және коммуникативтік сұранысқа ие болып келеді.

Балалар мен ересектердің психикасы да үш тілді бір уақытта меңгере алмайтыны, тілдік оқыту деңгейі төмендейтіні, тілдік дайындықтың қазақша-ағылшынша және орысша-ағылшынша нұсқалары анағұрлым қолайлы болғанмен, бірақ оқушылар мен студенттердің көп бөлігі үшін қолжетімсіз болатындығы анық. Қазақстандық жастар ортасына әлеуметтік жанжалдар, мәдени жағынан оқшаулану мен бір-біріне қарама-қарсы қою еңгізілетін болады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан полилингвистикалық білім беру эксперименттері мектептегі білім беру жүйесінің толық беделін түсіруіне алып келеді. Барлықтары зардап шегеді: мұғалімдер де, оқушылар да, олардың ата-аналары да. Жалпы алғанда мемлекеттік білім беру жүйесіне сенім үзілетін болады, қоғамдық келісім мен ұлтаралық өзара түсіністік қатерлі жағдайға қойылатын болады.

Сурет: Zebra.today

Комментарии