Бүгінгі күні, жаһандану дәуірінде, күн астындағы орын тек бәсекеге қабілеттіліктің қажетті деңгейіне ие ұлттар мен қоғамдарға ғана кепілді түрде қамтамасыз етіледі. Біз, қазақтар, қазіргі заманның сын-қатерлеріне сәйкес келуге қаншалықты дайын екендігімізді белгілі отандастарымыздан анықтап алуды шешіп, оларға келесі сауалдарды қойдық:
- Біз, қазақтар, уақыт өте келе бәсекеге қабілеттілігі төмендеп жатқан ұлтпыз деген пікірмен келісесіз бе?
- Егер олай емес болса, нақты мысалдар келтіріңізші. Қандай салаларда және ненің арқасында біз бәсекеге қабілетті болдық?
- Егер сол пікірмен келіссеңіз, басты себепті неден көресіз? Барлық бастамаларға жол бермейтін биліктен бе, халқымыздың менталитетінен бе әлде басқа бір нәрселерден бе?
- Ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін не қажет? Бәлкім, менталитетімізде бірдеңені өзгерту керек болар (егер солай болса, атап айтқанда нені өзгерту керек), қазақ қоғамын архаикадан арылту үшін қандай да бір құндылықтарды өсіру керек шығар?
Жетілмегеншілік сезімі бар ұлт бәсекеге қабілетсіз…
Жанибек Сүлеев, веб-баспагер:
1. «Бір жағынан иә, екінші жағынан жоқ» деген айқын емес жауаптарға, кеңес кезіндегі алматылық жігіттер айтатындай, бұл жерде жол беріле қоймас. Бірақ сонда да, қалай да болмасын, мұндай сөздер айтуға тұра келіп отыр, онсыз болмайды.
Біздің қоғамда біршама жетілмегеншілік сезімі бар екендігін шын жүректен мойындағанымыз жөн болар. Ал бәсекеге қабілеттілікке қатысты айтатын болсақ, жетілмегеншілік сезімі – нашар жолсерік пен жаман көмекші болып табылатын нәрсе.
Соншама қатты қайғыру қайдан келген құбылыс? Менің ойымша, мұндай сезім біздің мемлекетіміз, жұмсақ айтқанда, басшыларымыз бізге уәде бергендей жақсы нәтижелер көрсетпейтіндігінен туындап отыр. Ал олардың барлық уәделері Парсы шығанағы елдерімен және Оңтүстік-Шығыс Азияның «жолбарыстарымен» байланысты насихатталған ұқсастықтарды қоса алғанда, құлағымызға жағып, қызықты болып естілді. Ал бүгін, назар аударыңыздаршы, мұндай әңгімелер атауымен жоқ. Мүмкін, бұның да жақсылықтары бар шығар.
Бірақ, өкінішке орай, қалай да болмасын, олар өздерінің жойқын жұмыстарын орындап үлгерді. Өйткені республиканың қандай да болмасын өлкесінде тұратын кез келген қазақстандық өзіне: егер біз (еліміз) осындай бай болсақ, неге мен соншалықты кедеймін? – деген сұрақ қояды. Яғни, күтілген және қол жеткізілген (ағымдағы) нәрселердің арасында нақты сәйкессіздік орын алып отыр. Өкініш бар екені сөзсіз, ал ол болса оң және сергек көңіл-күйді тудырмайды, дұрыс па? Оның үстіне бүгінде адамдар өз Отанының шекарасынын сыртына еркін шығып жүрген кезде көптеген нәрселерді көреді, сондықтан салыстыра алатын біршама нәрселер бар.
Біз шын мәнінде өте жақсы тұрамыз (түрікмендерге және кейбір басқа да халықтарға қараңыздар) деп дәлелдеуге бағытталған әлсіз әрекеттер жарамсыз болып қалды. Себебі күткеніміз, енді анықталғандай, шамадан тыс жоғарылатылған. Кезінде туындаған «біз егемендік алдық және өз тағдырымыздың қожайындары болдық» деген ынта-жігерімізді жоғалттық. Шындық әлдеқайда қарапайым болып шықты.
Егеменді дамудың басында бізде үлкен әлеует болды деп есептеймін. Бұрынғы Одақтың ірі республикалары туралы айтатын болсақ, ол барлық жерде дерлік болды. Бірақ объективті және субъективті себептерге байланысты біз оны жоғалтып алдық – енді, шамасы, түпкілікті жоғалтқан болармыз. Біз мұнда ұзақ уақыт бойы қайғылы ойға бөлене аламыз…
Біреулер: ал «жас ұрпақ» ше? Олар аға ұрпақтардың үлкен рефлексияларына тәуелді емес қой, олар «еліне көмек» бере алады!» – деп айтады. Алайда, мұнда барлық ақыл-ойлы адамдар (бірақ тек қана халықтың басшылары емес) бұрыннан назар аударатын бір сәт бар. Әңгіме білім беру саласы туралы болып отыр. Егер ол іс жүзінде бәсекеге қабілетсіз болса, онда сөз жоқ. Не болып жатқанын қараңызшы. Біздің жас отандастарымыз, бұрынғы тілмен айтайын, білім алу үшін баратын елдер арасында бірінші орынға Ресей шықты. Өткен жылы Ресейде 70 мыңнан астам қазақстандықтар білім алды. Алдағы уақытта бұл сан тек өсетін болады. «Фейсбукты» ашсаң, онда Ресей артта қалып жатыр, ол бүгін болмаса ертең санкциялардың салдарынан құлдырайды деген хабарларға толы. Егер солай болса, неге біздің балаларымыз оқуға Ресейге барады? Немесе Қытайға барады – ол да, Ресей сияқты, біздің қоғамдық пікіріміз, жұмсақ айтқанда, ең оң көрініске ие емес, рас қой? Бұл «үлгілердің үзілуі» болып табылады.
Түйіндеме: Қазақстан әлі де қуатты және өзін-өзі қамтамасыз ететін мемлекетке айналмады – бұл шын мәнінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігін бағалау болып табылады.
2. Біздегі бәсекеге қабілетті сала – спорт. Ал нақты айтатын болсақ – жекпе-жек. Бокс, ММА. Бұл ненің арқасында дейсіз бе? Біріншіден, бұрынғы кеңестік бокс мектебінің арқасында (әлі де дәстүрлер сақталып қалды). Екіншіден, кәсіби бокс пен ММА (қарапайым халықта «ережелері жоқ шайқастар») – бұл өзіндік әлеуметтік лифт болып табылады. Осы қысқа мерзімді «бизнеске» (онда көп болса 10-12 жыл белсенді жұмыс істеуге болады) аздаған ғана ерекшеліктермен, негізінен ауылдан шыққан халықтың арасынан келеді.
Бүгінгі таңда олар негізінен мемлекеттің имиджіне жан-жақты жұмыс істейтін болса да, бірақ Ұлтта тек боксшылар мен «жұдырықтасушы»-шеберлер ғана болуы мүмкін еместігін сіздер түсінесіздер ғой. Ең жарқын мысал – Геннадий Головкин. Сонымен қатар, спорттың көптеген түрлері, әсіресе командалық түрлері, тек үлкен қалаларда бола алатын ерекше нәрсе. Өйткені, алыс жерде орналасқан ауылдарда барлық олимпиадалық нормаларға сәйкес келетін бассейн салу мүмкін емес.
3. Әрине, менталитет үлкен рөл атқарады. Ал біздің менталитетіміз қандай? Мысалы, қазақтарда: «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» – деген постулат бар. Мұнда молдалардың барлығы бірдей дұрыс өмір сүрмейді, бірақ ол Құранды оқығанда, сен Құран бойынша өмір сүруге тиіссің, Алайда, нақты өмірде шартты халық оны тыңдап, дұрыс сөздерін ұстануды қаламай, дәл сол теріс молдаға еліктеп өмір сүргісі келетініні біздің менталитетімізде көрініс алады. «Молда» деп мен халықтың, Ұлттың элитасы болып табылатын билік туралы айтып отырғаным түсінікті шығар. Оның елеулі бөлігі бізге әділдік жөнінде сөздер айта отырып, мұрынды дұрыс шуқуды үйретіп, патриотизмге, төзімділікке және т. б. шақыра отырып, өздері мемлекеттілікке қарсы және қоғамға қарсы үлгілер көрсететіні жөнінде айтудың мағынасы бар ма.
4. Қандай да бір жаңа құндылықтарды көбейтудің қажеті жоқ. Біз бұрынғы жақсы құндылықтарымызды жөндесек те жақсы болар еді. Егер элита өзі тұжырымдалған ұрандарға сәйкес өмір сүрсе ғана осындай мүмкіндік пайда болуы ықтимал. Яғни сыбайлас жемқорлықпен күресу (және ең алдымен мемлекеттік бюджетті бөлісу бойынша қара схемаларға өзі қатыспау), патриотизмді сөзбен емес, іс жүзінде көрсету, атап айтқанда өзінің балаларын өз отанында оқыту, отандық дәрігерлерде емделу, өз жинақтарын отандық банкілерде сақтау және т. б.. Тек қана қоғамның элитасы, ең алдымен жоғары лаузымды басқарушылары, өзінің жеке үлгісімен қоғамның өзгеруіне жан-жақты серпін береді. Бұл фантастика сияқты болып естіледі, бірақ дәл осы кезеңде қазақтарды тек осылайша жөнге келтіруге болады. Немесе неоархаиканың ішкі көріністерінде «қазақ» болуды тоқтатып, ұжымдық нигилист болып қалуымыз керек. Қазақ болмысының контекстінен үзілген кезде қазақтар әдетте бәсекеге қабілетті және тез үйренетін болып шығады. Бірақ бізде барлық атрибуттарға ие бақандай мемлекет бар ғой.
Ал солай болса, ол неге тек табиғи қазбалар мен боксерлердің арқасында ғана жан сақтап отыр?..
Бәсекеге қабілеттілік туралы әңгімелер – бос сөз…
Мұрат Телібеков, мұсылман қоғам қайраткері:
1. Соңғы уақытта бәсекеге қабілеттілікке ұмтылу біздің басымыздан кетпейтін ойға айнала бастады. Біз маңызды экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешудің орнына, осы мәселе жөнінде пікір алмасуды жақсы көреміз.
Шындықты мойындайық: елдегі экономикалық жағдай көп өзгертулерді қажет етеді. Инвесторлар Қазақстанға келгілері келмейді, шағын және орта бизнес дамымайды, рейдерлік іс, сыбайлас жемқорлық пен бопсалаушылық өсіп келеді, сот жүйесі мен полицияға сенім жоқ. Бізге бірнеше монументальды кинофильмдер түсіріп, бірнеше саммиттер мен Халықаралық көрмелер өткізу жеткілікті – содан кейін елімізге ақша қардай жауатын сияқты болып көрінген. Өкінішке орай, олай болмады.
Шетелде біздің саясаткерлеріміз бен мемлекет қайраткерлерімізді мақтайды, бірақ соның өзінде капиталдарды басқа елдерге салуды қалайды. Біз оны түсінбей, ренжиміз. Барлық мәселенің себебін ұлттық менталитетте, мұнайдың әлемдік бағаларында, сыбайлас жемқорлық пен сыртқы жаудың көріністерінде іздестіруді бастаймыз. Дегенмен, барлық мәселе мемлекетті дұрыс басқара алмауда.
Қазақтар бәсекеге қабілеттілігі төмендеген ұлтқа айналған жоқ. Керісінше айту – нәсілшілдік философиясын қабылдауды білдіреді. Біздің әкімдер, министрлер мен депутаттар бәсекелестікке қабілетсіз болды. Бұл «жылыжай өсімдіктері» бұрыннан әрекетсіз. Сондықтан да жаңа президент ескі «тозған нәрселерден» тезірек құтылуға ұмтылуы мүмкін. Ол қазір үйде күрделі тазалау жүргізу үшін қолына үлкен сыпырғыш пен күшті шаңсорғыш алса жөн болар еді. Әзірге ол жай ғана жиһаздағы шаңды сүртумен шектелуде.
2. Жақында швейцариялық үкіметтік емес ұйым ағымдағы жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін ұсынған баяндаманы жариялады. Сонда сіз не ойлайсыз?! Біздің республика Колумбия, Грекия, Түркия, Үндістан, Аргентина сияқты елдерден озып шығыпты. Бірақ біз кімді алдауға тырысамыз?! Осындай рейтингтерді мен күн сайын кез-келген маңдайша жазумен және кез-келген ел үшін шығарып бере аламын – тек ақша болса жеткілікті. Тегін балмұздақ таратқанда біздің адамдар оған таласқанын көрген кезде, елдегі жағдай барлық рейтингтерден гөрі айқындау көрінеді.
Шынайы патриот ретінде еліме жаным ашиды, сондықтан оны бірдеңеде айыптаған кезде мен әрқашан оны қорғауға тырысамын. Және: «Иә, біздің мақтан тұтатын, көрсете алатын нәрселеріміз бар» – деп айта аламын. Біз кейде бәсекеге тіпті өте қабілеттіміз! Мысалы, біз ән өнеріндегі таптырмас үздік шеберлер екеніміз анықталды. Біздің әншіміз Қытайда жеңіске жетті, енді ол еліміз үшін «құтқару құралына» айналды. Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа сольфеджио сабақтарын бере алады! Димашты әр түрлі ресми іс-шараларға қатыстырады, оның жеке өмірінің егжей-тегжейін хабарлайды. Бұл ретте жігіт мәдениет саласындағы шенеуніктердің күш-жігерінің арқасында емес, керісінше, олардың тежеулеріне қарамастан табысқа жеткенін ұмытқан сияқты.
Біз бәсекеге қабілетті екінші сала – бокс. Геннадий Головкин бұрыннан АҚШ-та өмір сүріп, жаттығып келе жатқанында шаруа жоқ. Шамасы, өз отанында оған онша жайлы емес болар. Оның тапқан ақшасынан алынатын салықтар да Қазақстан бюджетіне түспейдін шығар. Соған қарамастан, біз оған қазақтың шапанын жамылдырып жатырмыз. Әдемі шапан! Сүйкімді жігіт – сөз жоқ…
Сондықтан, біздің ісіміз өте жаман емес. Кем дегенде, Сингапур, Оңтүстік Корея және өзге де елдерді біз жұдырықпен жұмыс істеуден, ал оншақты еуропалық елдерді – дауыстық байламдардың бірегейлігінен асып түстік. Мақтаныш үшін себеп бар. Біз де, қазақтар, осал емеспіз!
3. Жамандықсыз жақсылық та жоқ дейді ғой. Біз өткен жылдары алған ең құнды тәжірибеміз – көптеген иллюзиялардан құтылғанымызда. Олардың ішіндегі ең үлкені – нарықтық экономика өзін-өзі ұйымдастырылатынына, елді өркендетуге алып келетін үйлесімді жүйеге құрылатынына сенімділік. Мүмкін, бұл принцип бір жерде жұмыс істейтін де шығар. Бірақ Қазақстанда біз өз әл-ауқатын (оның үстіне кез-келген бағамен) қамтамасыз етуден басқа ешнәрсені ойламайтын жыртқыштардың тобын алдық.
Еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуінің себебі неде дейсіз бе? Менің ойымша, біз табиғи іріктеудің іргелі принципін бұздық, ал оған сәйкес көшбасшылық позицияларға табиғи тұрғыда дарынды, талантты адамдар келуі тиіс. Соның салдарынан, бүгінде биліктің барлық қабаттарында біз тек бауырымен жорғалаушылар мен жәндіктерді көреміз. Егер бұрын «джунглиде» кей кезде приматтар мен тік жүретін дарақтар кездесіп тұратын болса, ал енді оларды күндіз жарықпен іздесең таба алмайсың.
4. Мен табиғаттың барлық заңдарына қарамастан, басынан емес, құйрығынан шіріп жатқан біздің бірегей қазақ балығымызды есіме түсіргім келмейді. Біздің басымызбен бәрі де жақсы. Ал шляпа мен шашымыз – мүлдем тамаша! Бірақ тек қарғыс атқыр құйрығымыз өлердей сасып, үнемі бізді тежеп отырады. Менің амалсыз әзілім түсінікті шығар деп үміттенемін…
Мен күнделікті өмірде қандай проблемалармен жанасқан болсам да – әңгіме жаман жолдар жөнінде болсын, дарынсыз дәрігерлер жөнінде болсын, ұрлықшы әкімдер мен ақымақ министрлер туралы болсын, барлығы саясатқа келіп тіреледі. Өзгерістердің кезегі келгені сөзсіз, реформалардың қажеттілігі айқын… Бірақ біз қайта-қайта су сапырып, уақытты тектен-текке жіберіп отырмыз. Саяси өзгерістер жасамастан елді өзгерту мүмкін емес.
Менталитетімізді өзгертудің қажеті жоқ – онда бәрі жақсы. Ұлттық құндылықтарымыз – қалыпты. Бірақ мемлекеттік машина әлі күнге дейін тежеліп, артқа шегініп жатыр. Мысал келтіремін. Мінеки, екі жыл бойы мен сот және құқық қорғау жүйесін жетілдіруге арналған телевизиялық хабар жасауға тырысып жатырмын. Жобаны ҚР президенті әкімшілігі, Қауіпсіздік кеңесі, ІІМ, Ақпарат министрлігі мақұлдады. Ал сонда себеп неде? Анықталғандай, үлкен механизм жылдам және шусыз қозғалу үшін қосымша «майлауды» алғысы келетін шағын «қосалқы» бар екен. Оған қарсы тұруға ешкімнің шамасы келмейді! Біздің жүйеміздің феномені осыда. Ал сіз бәсекеге қабілеттілік туралы айтасыз.
Егер ел ішінде адал, ашық бәсекелестік болмаса, мұндай ел өз шекарасынан тыс жерлерде бәсекеге қабілетті ме? Мәселе осында…
Жүйені өзгерту керек…
Ұлан Шамшет, almakz.info ақпараттық-талдау порталының бас редакторы:
Әрине, Димаш Құдайберген пайда болғанға дейін қазақтар бәсекеге қабілетсіз болды ғой. Ал егер шындығын айтар болсақ, «қазақтар ештеңеге жарамайды» деген кең таралған пікірді КСРО тоталитарлық режимі қондырған болатын. Қазір біздің туған мемлекетіміз осы кең ауқымды кеңес кезіндегі насихаттауды жалғастырып қана қоймай, халқымыздың бәсекеге қабілеттілігін төмендетуге бағытталған кез келген іс-қимылды барынша жүзеге асырып жатыр.
Парадокс болғандай, біздің адамдар әлемдік қауымдастық жоғары бағалап, қабылдағананнан кейін ғана өз отанымызда мойындалады. Демек, өз Отанында жұлдыз болу үшін, қазақ алдымен өзінің дарындарын, шеберліктерін және кәсібилігін басқа елде жарқырап көрсету керек. Өйткені Димашты алатын болсақ, ол бүкіл әлемде мойындалған жалғыз талант емес қой. Біздің адамдармен және олардың түрлі саладағы жетістіктерімен Силикон алқабы, АҚШ, Еуропа және т. б. университеттері тіпті бұрынғы кезден таныс.
КСРО-да салауатты бәсекелестік болған жоқ, өйткені онда мүмкіндіктердің шегі мен армандаудың шектелуі болған. Сондай-ақ тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылы бойы бізде көптеген салаларда тоқырау болды. Бірақ соңғы онжылдықта жастар елеулі табыстарға қол жеткізді. Және де, бұл қанша таңқаларлық болып естілсе де, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың арқасында, және, әрине, саяси тоқыраудың болуына қарамастан орын алған нәрсе. Дәл осы дағдарыс ұлттың өзгеруіне елеулі себеп болды. Қанша дегенмен, экономика мен саясат – өзара байланысты нәрселер. Бұл 1990-шы жылдары сыбайлас жемқорлықтың өркендеуін көрген, бірақ өз тағдырын өз бетінше жасай алған адамдардың ұрпағы.
Өкінішке орай, олар аз, бірақ олар «қазақтардың бәсекеге қабілетсіздігі» туралы аңыздар мен стереотиптерді жоққа шығарады.
Біздің ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін менталитетті емес, мемлекеттік билік жүйесін өзгерту керек, азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастарды өзгерту қажет деп есептеймін. Сонымен қатар, әлеуметтік лифтілер шын мәнінде жұмыс істеуді бастағаны өте маңызды. Барлығы өте оңай: адамдарға таңдау жасау мүмкіндігі мен іс-қимыл еркіндігін беріңіз, сыбайлас жемқорлықты жойыңыз – сол кезде нәтижелер де көп ұзамай пайда болады.
Осыған қоса білім беру жүйесін түбегейлі реформалау қажет. Онсыз ұлттың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру мүмкін емес. Біз Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты көптеген дамыған елдер өткен жолды міндетті түрде өтуге тиіспіз. Біз ешкімнен де кем емеспіз, біздің адамдардың миы барлық адамдардың миы сияқты құралған.
Қазақстанда өзінің ерекше даму жолы жоқ, бірақ мәдениетте, тілде айырмашылықтар бар, бұл, дегенмен, ілгерілеу жолында ешбір жағдайда тежеуіш болып табылмайды.