Сәрсенбі, 5 тамыз 2020 ЖЫЛЫ
2281 27-08-2019, 16:39

Қазақ қоғамы: жалған құндылықтар, жоғалтыған бағдарлар. 2-ші бөлім.

Шығыстанушы-тарихшы, жазушы және публицист Дастан Қадыржановпен өткенде болған әңгіменің екінші, қорытынды бөлімінде сөз қазақ тілінің жағдайы мен болашағы жөнінде, трайбализм туралы және не нәрсе басымдыққа ие болуы тиіс – ұлттық өзін-өзі сәйкестендіру ме әлде қабілетті мемлекет құру әрекетіме деген мәселе жөнінде болады...

Тіл мәселесі туралы

- Түбірлік мәдениеттанулық мәселелердің бірі болып бұрынғысынша тілдік мәселе қалып отыр. Оған кейбіреулер уақыт өте келе саяси мән беруге тырысады. Ал енді осыған байланысты барлық проблемалардың негізгі себебі оның тасушыларында, яғни қазақтарда және біздің тілімізді шын мәнінде реформалауға қабілетіміз жоқтығында екенін батыл түрде мойындау уақыты келді деген ой пайда болмай ма? Әнгіме қазақ тілі әлі күнге дейін архаикалық мәдениеттің тілі болып қалатынында және сол себепті оның беймәлім болып, уақыт шақыруларына бейімделе алмайтынында.

- Әрине, қазақ тілінің мәселесі дәл бізде, қазақтарда, болып отыр. Өзімізден басқа кім оны табиғи түрде қорғауға, дамытуға және ең бастысы, оны басқаларға жүктемей, нәтижелер үшін жауапты болуға міндетті? 

Қазақ тілінің жағдайы туралы мәселеге келер болсақ, оған жанжақты жауап беру өте қиын. Бұл шынымен де өте маңызды және көпжақты мәселе. Мен оның тек кейбір аспектілерін ғана айта кетейін.

Біріншіден, егер кеңес кезеңімен салыстырсақ, қазақ тілі алға қарай айтарлықтай қадам басты. Бұл, негізінен, табиғи себептерге байланысты, және көп жағдайда, ана тілінің позициясы үшін өз күресін бір сәтке де әлсіретпеген энтузиастардың арқасында болғаны қуантады. Қарым-қатынас ортасы айтарлықтай кеңейіп, тілдің әлеуметтік тірегі нығая түсті. Бүгінде ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырған мектеп түлектері басым көпшілікті құрайды. Елдегі этностардың проценттік арақатынасы да өзгерді. Қазақ тілісіз іс-әрекет ету мүлдем мүмкін емес салалар пайда болды. Бұған дейін билік органдарын орыс тілінде сөйлегені үшін кінәлайтын еді, бірақ бүгінгі жағдай басқаша: егер орталықтағы билік әлі сондай болып қала берсе, ал қазақ тілін меңгермеген облыс әкімін іс жүзінде елестету мүмкін емес.

Қазақ тілінің жаңа салаларды меңгеруі жүріп жатыр. Егер 1990-шы жылдардағы теледидарды және қазіргі заманғы теледидарды салыстыратын болсақ, бұл аспан мен жердей. 1990-гы жылдары қазақ контенті ашық түрде шеткілікті және өте төмен сапалы болған. Бүгінгі таңда біз көптеген қазақ тіліндегі заманауи бағдарламалар мен музыканы, бұқаралық мәдениет жанрларының алуан түрлілігін көріп отырмыз. Тілдің жаңа форматтарға бейімделуі де бар. 1990 жылы мен қазақ теледидарының бас директоры болған кезде «барлық байсалдылықпен» қазақ тілі үшін 30 секундтан артық емес жаңалықтар сюжетінің қатаң форматы мүмкін еместігін (өйткені ол міндетті түрде кеңейтілген түсіністікті талап етеді деген оймен) талқылаушы едік, ал бүгін бұл абсурд сияқты естіледі. Сол жылдары қазақ тілі – тек «ақылды» телебағдарламалар үшін лайық, ал диджейлік жастар форматы үшін ол мүлдем сәйкес келмейді деп есептелетін болатын. Енді сіз жастар арналарында қазақша сөйлесуді естіп қана қоймай, қазақ тілінде рэп және R' n 'B тыңдай аласыз. Және қазіргі жастарға бір кездері басқаша болғанын тіпті елестету де қиын.

2009 жылдан бастап Ақорда ресми түрде қазақ тілінде іс жүргізуге көшті. Бұл елдегі құжат айналымы мемлекеттік тілге қатысты күрт серпіліс жасады деген сөз. Сол уақыттан бастап, менің ойымша, іс жүргізудегі қазақ тілінің үлесі айтарлықтай кеңейді.

Жарнама, маңдайшалардағы жазу, тауарларды таңбалау, барлық ақпараттық контент – осылайша сегменттер массасында қазақ тілі айтарлықтай серпіліс жасады.

Уақыт өте келе, әрине, тілдік негіздегі тұрмыстық қақтығыстар өршіп кетеді. Бірақ олар әлеуметтік желілер арқылы өте тиімді жоққа шығарылады. Ол жерде кім ақымақ екенін, кім өз пайдасы үшін әрекет ететінін, ал кімнің өз мәдениеті үшін жаны ашитынын тез арада анықтап алады. Қоғамдық пікір баяғыдан бері қазақ тілі жөнінде теріс пікір айтуға немесе, құдай сақтасын, оны қорлауға тек жай ғана тыйым салу емес, бұл шын мәнісінде бүкіл халыққа соғыс жариялау сияқты болып қабылданатын атмосфераны жасады. Бірде-бір қазақ ешқашан ол үшін кешірмейді. Ал бұрын біздің елімізде көптеген жерлерде «осында өз тілдеріңде шүлдірлеп сөйлеуді тоқтатыңдар» деген сөзді естуге болатын еді. Мен жеке адамдардың өмірінде, тұрмыста, адамдардың қарым-қатынасында қазақ тілінің қаншалықты көбейіп жатқанын байқап жүрмін.

Тіл әлеуеті және адами әлеуеті

- Демек, енді қазақ тілі үшін алаңдаудың қажеті жоқ па?

- Жоғарыда айтылған сөздер барлығы да керемет дегенді білдірмейді. Проблемалар әлі де көп. БАҚ-та екі ақпараттық кеңістіктің феномені бар – қазақ  тілді және орыс тілді медиа параллельді кеңістіктерде өмір сүріп жүрген сияқты. Мемлекеттік тілді үйрене алмайтын немесе меңгергісі келмейтіндердің мәселесі бар. Халықаралық салада проблема бар – онда қазақ тілінен көптеген шет тілдерге аударатын аудармашылар жоқ, бұл протоколға әсер етеді (жастар, бұл сіздерге Сыртқы істер министрлігіне кіру үшін лайықты лайфхак). 

Одан да күрделі мәселелер бар, мысалы тілдің ғылымға немесе технологиялық салаларға интеграциялануы. Дәл осы мәселе қазақ тілінің шеткілікті және архаикалық деген әсер тудырады. Бірақ бұл жерде әдеттегі байланыстылық бар: тіл тасымалдаушы ғылымда қандай да бір биіктікке жеткен кезде, тіл де ғылымға табысты түрде енуді бастайды. Басқаша болуы мүмкін емес. Мысалы, бизнесте осылай болды. Қазақ тілде сөйлейтін табысты бизнесмендердің бір бөлігі пайда болып еді, бірден осы салада қазақ тілінде коммуникация мүмкіндігі орын алды. Және олардың бизнесті жүргізу деңгейі жоғары болған сайын, тілдің таралу деңгейі де жоғары болуда.

Яғни, білім беру, ғылым мен технологияларды дамыту мәселелері тікелей ана тілінің жағдайында көрініс табады. Менің түсінігімде тіл дегеніміз – бұл адамдар, және дәл осы адамдардың жеке жетістіктері тілді жаңа кеңістікке жылжытады. Амхар тілінен қазақ тіліне аудара бастаған алғашқы адам болыңыз, – сонда қазақ тілі Эфиопияға кіретін болады. Егер сізге қазақ тілінде түсіндіру оңайырақ болса, онда бағдарламалау саласындағы өз өнертабысыңыз туралы қазақ тілінде дәріс оқыңыз, сонда ол ай-ти технологияларында тағы бір қадам жасайды. 

Бір тілде сөйлесуді бұйрық арқылы тағайындау мүмкін емес. Тілді білуді артықшылыққа айналдыруға ұмтыла отырып, азаматтарды ңағыздарға және шалаларға сегрегациялауды жүзеге асыруға болмайды. Адам әлеуетін дамытсаң – тілдің әлеуеті де өседі. Қандай да бір қызмет саласында биік шыңдарға жететін болсаң – сенімен бірге сенің тілің де биік шыңдарға көтеріледі. Тілді терістеу мен сегрегация арқылы емес, тек позитивті түрде ғана қарқынды дамитын етіп жасауға болады. Және одан басқаша істеу мүмкін емес.

Ал тілді филология тұрғысынан реформалауға , оны жаңғыртуға қатысты айтар болсақ, мен бұрынғы кезде осы идеяның жақтаушысы болғанмын, бірақ бүгінде ол пікірді қолдауым екіталай. Менің ойымша, мұнда тауып алудан гөрі әлдеқайда көбірек жоғалтуымыз мүмкіндігі бар. Мысалы, Ататүрік өз уақытында қатарынан жеті күн бойы парламентте «Нутуг» деп аталатын өзінің ұлт дамуының барлық мәселелеріне іргелі көзқарастарының жиынтығын оқыды. Ол мәлімет османлы тілінде (бүгінгі түріктердің ұрпақтары онша жақсы түсінбейтін реформа алдындағы түрік тілінде) айтылған болатын. Кім біледі, бәлкім, Ататүріктің мұрасына қатысты проблемалар бүгін дәл сол «тілдік сәйкессіздігі» салдарынан пайда болған шығар? Сондықтан бұл әрдайым тек таза филология мен лингвистика мәселесі емес.

Оның үстіне, тіл – бұл әдеттегі адамдардың қарым-қатынасында, табиғи жолмен, қазіргі шындыққа бейімделетін тірі құрылым. Тіпті жаңа медициналық препараттың немесе жетілдірілген гаджеттің қазақ нұсқаулығына қарапайым аударманың өзі де алға жасалған қадам болып табылады.

Бүгінгі Қазақстанның қазақ тілі тіпті өзінің кеңестік ізашарынан да ерекшеленетінін барлығы жақсы түсінеді. Мен жаңа тілдегі күмәнді жетістіктеріміз жөнінде айтып отырғаным жоқ, олар уақыт өте келе өздігінен тазаланатын болады. Мен біздің отандастарымыз барлық жерде, соның ішінде БАҚ сияқты коммуникациялық алаңдарда пайдаланатын тілдің тірі материясы жөнінде айтып отырмын.

Тағы бір рет атап өтейін, біздің әңгімеміздің шеңберін ескере отырып, мен мәселенің кейбір аспектілері туралы ғана айтып, басқаларын қозғамаймын. Мысалы, қалалық прозаның немесе мектептегі білім беру тілінің болмауы жөнінде – бұл  әлдеқайда кең сұхбатты талап етеді, сондықтан әзірге осы мәселерде ғана тоқталайық.

Жақсы деген немене және жаман деген немене…

- Қазақ социумын қатерлі ісік тәрізді трайбализм жеп жатыр, мұның бәрі барған сайын көбірек байқалады. Оның түпкі себебі неде? Оны жеңү мүмкін бе және сол нәтижеге қалай қол жеткізуге болады?

- Мен осыған қатысты соңғы ғылыми зерттеулермен танысқаныма қарамастан, бұл туралы айтуым қиын. Қиын болғанның себебі – мен өзім трайбалист емеспін, өйткені адамның қандай да бір руға жататындығы мен үшін шешім қабылдауға немесе оған деген қандай да бір ерекше қарым-қатынасты қалыптастыруға себеп болмайды.

Сонымен қатар мен өзімнің жеті атамды, тіпті одан әрі де, өз нағашыларым мен үлкен нағашылар руының тарихын, біздің отбасылық аңыздары мен дастандарын өте жақсы білемін. Мен өз шежіремді мақтан тұтамын және тарихты зерттеуде наймандарға аса мұқият көңіл бөлемін, бірақ бұл тек менің осы тарихымызда кейбір ерекшелікті табудан гөрі, тамырымды жақсы білгім келгендіктен ғана. Менің нағашыларым Кіші жүзден, ал үлкен нағашыларым – Ұлы жүзден болады. Бұл өзімді қазақ халқының ұлы деп санаудың тағы бір себебі.

Сонымен қатар, мен трайбализм біздің дамуымыздың өте маңызды мәселесі деп есептеуге бейімді емеспін. Оның үстіне, ол бізде классикалық болып табылмайды. Қазақ тілінде диалектілер жоқ, барлығы шын мәнінде бір діннен шыққан, барлық ұлт criss-cross ұрпақаралық некелермен қиылысқан. Сондықтан бізде трайбалистік топтық санаға үміт артудың қажеті жоқ. Ал кімде-кім мұны жасайтын болса, оны үлкен өкініш күтетіні сөзсіз.

Әрине, бір топ, бір ру үшін көзқарастар мен мақсаттардың бір ортақтығын құруға болады, бірақ мұқият қарайтын болсақ, оларды біріктіріп отырған рулық қызығушылық емес болып шығады. Бұл жерлестердің қылмыс мафиясы, қандай да бір эпизодтық альянс, ортақ ақша болуы мүмкін. Алайда бұл ұзақ мерзімді альянсты құруға қабілетті емес, тек қана өз руының адамдардың адалдығына сенетіндер бар. Бірақ, менің ойымша қарапайым адами ынтымақтастық пен ортақ ойлылыққа сенім артқан дұрыс.

Тұқым аясындағы альянстар бізде бар, бірақ мен олар көп жағдайда тек алдамшы сезім екеніне сенімдімін. Иә, кейбір жағдайларда адамның шығу тегін білмегеннен гөрі білген жөн. Алайда, қазақтарда рулық ынтымақтастық басқа халықтардағы жерлестік мәдениетіндегі мөлшерінде ғана бар. Менің ойымша, қазақтар мұнда мүлдем ерекше емес. Әлемнің көптеген халықтарында жерлестер өз жерлесіне қуаныш білдіріпі, болашаққа есік ашып, қызмет бабында қолдау көрсетіп, ерекше жағдай жасап, протекционизм ұйымдастырады. Бірақ қазақтарда бұл қандай да бір ерекше тәсілмен жасалатынына мен онша сенбеймін. Бәлкім, бір кездері бұл негізгі фактор болған да шығар, бірақ енді тез арада қалыпты, табиғи деңгейге дейін түсірілуде.

Әрине, егер Шығыстың жігіті елдің Батысында дауысқа түсуге баратын болса, онда ол біршама оғаштау қабылданады. Біріншіден, неліктен ол өз туыстарының қолдауына сенім артпайды? Екіншіден, әлеуетке тең болған жағдайда шығу тегі оның пайдасына болмайды. Бірақ, айтыңыздаршы, басқа елдерде олай емес пе? Оңтүстік штаттардың менталитетімен АҚШ-тың шығысында дауысқа түсуге тырысып көріңізші. Баварияда сайлаушылармен кездесуге «Мерседесте» емес, БМВ-мен келуге тырысып көріңізші. Бомбейде бенгали тілінде сайлау сөзін оқып көріңізші. Мен тіпті Израильдегі сефардтар, ашкеназилер және сабрлар туралы айтпаймын.

Менің ойымша, «өзіміздікілерді жақсы көру» – жақсы нәрсе. Бірақ «өзіміздікі еместерді жақсы көрмеу» – бұл өте жаман, инфантильді және мәденилікке жатпайды. Және ол қызықты емес.

Постколониалды синдром мен жарақат әсері

- Біздің бір сауапты замандасымыздың дәйексөзің келтіремін: «Қазіргі заманғы қазақтар алып келе жатқан өз елін және өз өмірін құрметтемеу,– өздігінен шыққан нәрселер емес, олар ұлттық егемендіктің жоғалуынан пайда болады, осы жағдай жылдар өткен сайын халықтың санасында кез келген билікке жағымпазданушылыққа алып келді». Бұл жөнінде не айтасыз? 

- Барлық отыршылдықтан кейінгі ұлттардың ішінен қазақтарды дәл осылай етіп ерекшелендіруге болмайды. Еркінсіздік, өзін-өзі бағалауға қабілетсіздік және өзінің қадір-қасиетін шын мәнінде қорғай алмау барлық бұрынғы колонияларға тән. Кез-келген империяда метрополия бағынышты аумағын сатқын ақсүйектер арқылы, компрадорлық буржуазия арқылы, жергілікті «патшалар» арқылы басқарады, олар өз халықтарында билікке деген түрлі деңгейдегі жағымпазданушылық тәрбиелейді. 

Бірақ біз бір империяның республикалары болған елдерде өзіндік сана-сезімдер әртүрлі екендігін жақсы көріп отырмыз. Бір республикалардың халқы өзінің егемендік бастықтарының алдында құлшылық етуді жалғастыруда, ал басқалардың тұрғындары тиран мен компрадорларға мүлдем төзбеушілік танытып отыр.

Егеменді билік тәуелсіздік алғаннан бастап теңдесі жоқ сенім несиесін алады. Және көп нәрсе оның елді басқару мәнерлеріне байланысты. Егер ол осы екінші орындамыз деген ұғымды тәрбиелеуді жалғастырса, онда, ақыр соңында, екінші орындамыз деген ұғым ұлттық сана-сезімінде үстем болады. Өз халқын кез-келген отарлықтан да артық тонаған «элиталар» тарапынан осындай сенімді ақтамаушылық ешбір нәтижесіз өте алмайды. Отаршылдар  ең болмағанда бөтен ғой, ал мұнда өзіміздікілер, тіпті халық сенімінің жоғары дәрежесіне ие болса да. Бұл қан мен сананы бүлдіреді, бұл ұлттық мінезді бұзады.

Бізді басқа халықтардан тек ұлтты тонау көлемі ғана ерекше етуі мүмкін, өйткені біздің «элита» өз қолына Қырғызстаннан немесе Тәжікстаннан гөрі әлдеқайда бай елді алды. Қазіргі замандағы түсіністікте шынайы тарихи ұлылығы елін құруда дәл осы жоғалтылған мүмкіндіктердің ауқымын ұғыну, бізді, бәлкім, басқалардың арасында ерекше етіп көрсетеді. Бастан кешкен сенімді алдау деңгейі – бұл әрдайым қорқынышты психологиялық жарақат болып табылады.

Әсіресе, сіздің көп жылғы еңбегіңіздің нәтижесі, сіздің ынтаңыз бен отаншылдығыңызды жоққа шығарудың жарақат әсері өте күшті. Олар тар шеңберлер өздерінің биліктегі жағдайын пайдаланып, аса көрнекті патриоттық немесе кәсіби қасиеттер көрсетпестен, өзіне барлық игіліктерді жинап, саған созылмалы қарыздарды, әлеуметтік тұйықтар мен салықтық ауыртпалықтарды қалдыра отырып, барлық профиттерді өзі меншіктігіне алу фонында құнсыздандырылады. 

Басқа ерекшелік те бар. Ол ұлттық мінезде емес, бірақ ол ақыр соңында оның бір бөлігі болды. Әңгіме баяғы «мұнай қарғысы» жөнінде болып отыр. Бәлкім, оның әсері елдің барлық халқының еркін бе әлде білместен бе біздің шикізаттық секторымыздың жеке мақсаттарында шексіз пайдаланудың қатысушысы болғандығында шығар. Бұл қарғыс өзін-өзі тануға қалай әсер ететіні – жеке және күрделі мәселе. Механизмдер біз үшін әлі күнге дейін түсінікті емес, бірақ оның өзін-өзі тануға әсері зор екендігі ешқандай күмән тудырмайды. Алайда, біз мұнда да бірегей емеспіз, «шикізат экспортының» инесінде отырған басқа посткеңестік елдерге қарасаныз да жеткілікті.

Бөлінбейтін ұғымдар

- Сіздің көзқарасыңызша, қазіргі кезеңде қазақтар үшін не бастапқы болып табылады – ұлттық өзін-өзі сәйкестендіру ме әлде іс-әрекетке қабілетті мемлекеттілікті құру ма?

- Біреуі екіншісінен ажыратылмайды. Өзін-өзі анықтау процесін аяқтамай, халықаралық кеңістікте өзін халық ретінде, ұлт ретінде сәйкестендірмей, әрекетке қабілетті мемлекетті қалыптастыру мүмкін емес. Ол үшін қазіргі заманғы ұлтшылдықтың шынайы мазмұнын түсіну қажет, оны ескірген өлшем дәрежесінен шығарып, біздің халқымыз бұл не екенін жалпы түсінуіне қол жеткізу қажет.

Алғашқы құндылықтарға, тәуелсіздік идеяларының, яғни біздің еліміз – қазақ халқы мен осында өмір сүріп, бізбен бірге біртұтас ұлт пен еркін адамдар қауымдастығын қалыптастыру қажет деп есептейтін басқа да халықтардың өзін-өзі билеуін білдіретін бастапқы әдемілігіне оралу керек. Бұл сөздер олигархтардың тар шеңбері үшін камуфляж болудан босатылып, біздің қасиетті мақсаттарымыздың қатарына қайта оралуына қол жеткізу қажет. Біз халықты жоғары адамгершілік құндылықтар негізінде мемлекет пен оның байлықтарын басқаруға қайтаруымыз керек.

Қағидатты жаңа қоғамдық шарт қажет, бұл ретте «келісім» сөзінің мағынасы уағдаласушы жақтар бір-бірін алдауға және қорлауға ұмтылмай, құндылықтардың бірыңғай шкаласында тұрғанын білдіреді. Және көптеген жылдар бойы өзінің сенімсіздігі мен келісуге деген қабілетсіздігін көрсеткен топтардан арылу керек.

Адамгершілік интернационализм мен азаматтық ұлтшылдық бір-біріне қарсы қойылған нәрселер емес, олар мүлдем әртүрлі жазықтықтарда жататынын түсіну қажет. Ал ұқсастығына келер болсақ, олар бірдей адамгершілік және құқықтық құндылықтарда, барлық адамдардың Құдай алдындағы және азаматтардың мемлекет алдындағы теңдігі жөніндегі ұғымдарда тұр. Дәл осы адамгершілік интернационализм, басқалардың арасында өзінің сәйкестігі туралы айта отырып, «мен қазақпын» деп мақтан тұтуға мүмкіндік береді. Бірақ дәл сол ұлтшылдық сенің мемлекетің қазақты да қазақ еместі де (ол осы ұлттың азаматы болғандықтан, сенің ұлы тарихи жобаға қатысушы болғанын негізге ала отырып) бірдей қорғайтыны жөнінде ойлап отырып, «мен азаматпын» деп мақтан тұтуға мүмкіндік береді.

Ұлтшылдық біреулердің пікірінше артықшылықтарға ие болуы тиіс этносты білдірмейді, ол оның жерінде болып жатқан барлық нәрселерге тарихи жауапкершілікті өзіне алатын этносты білдіреді. Ең алдымен, ұлтшылдықтың міндеті біртұтас ұлт құру болып табылады, бұл Республиканы, республикалық құрылысты қалпына келтірмей жасау мүмкін емес. Ал бұл құрылыс бүгінде қадірсіздендірілген, бірыңғай азаматтық ұлт басымды қабаттарға бөлінген, ал өкілдік демократияның барлық институттары ашық декоративтік сипатқа ие.

Билікті адамдардың қолына қайтару керек және мүлдем жаңа қоғамдық қатынастар құру қажет. Бұл біз ұлттық сәйкестендіруді дұрыс рельстерге, оң кеңістікке салатынымызды білдіреді, біздің арамыздағы айырмашылықтар туралы ойлаудан гөрі, бізді не біріктіретіні жөнінде көбірек ойлайтын боламыз. Яғни, біз ұлттық бірлік идеясын ағартылмаған надантықтың қолынан жұлып алып, Ағарту рельстеріне оралуымыз керек.

Келісіңізші, батырлар емес, өзін-өзі атаған көшбасшылар емес, ал халық қабілетті мемлекет құру үшін шынайы әлеуетке ие. Оны қандай жағдайға құлатып тастаса да, ол бүкіл нәрселердің мөлдір көзі болып табылады. Бізді тарихи әлеуеттен айыру мүмкін емес. Республиканың жойылуымен жабылған осы шлюздерді тек қана ашу керек, ал біз әлі де ата-бабаларымыз берген өз адамгершілік өзегімізді түбегейлі жоғалтпағандықтан және жақсы, лайықты адамды ұрлықшы мен алдамшыдан ажырата алатындықтан, халық мұны жақсы іске асырады.

Комментарии