Сенбі, 24 қазан 2020 ЖЫЛЫ
3249 7-08-2019, 13:09

Қазақстан халқының діншілдігінің өсуі қайда апаруы мүмкін?

Елдегі нақты діни жағдай жөнінде бізде өте үстірт түсінік орын алуда. Осы тақырыпқа деген үлкен қызығушылыққа қарамастан, ислам қазақстандықтардың ақылына және өмірдің түрлі салаларына қаншалықты терең енуіне қатысты сапалы зерттеулер Қазақстанда әзірше жоқ. Демек, бізде осы салада не болып жатқанын және нәтижесінде қандай жағдайға келуіміз мүмкін екендігі онша анық емес. Осы күрделі мәселелерді талқылауға біз публицист Дастан Елдесовты шақырдық.

Аспаннан жерге түсу

- Жақында ғана Қазақстандағы діни тақырып ең көп талқыланатындардың бірі болған еді, ал бүгін осы салада тыныштық байқалуда. Сіздің ойыңызша, ол немен байланысты?

- Діни саладағы жағдай бірнеше ай ішінде түбегейлі өзгеруі мүмкін емес. Бұл мектеп пен жоғары оқу орындарында хиджабқа қатысты проблема қайтадан орын алатын оқу жылының басталуына дейін тек уақытша ғана пайда болған тыныштық. Дегенмен, қазіргі «тыныштықтың» басқа да объективті себептері бар. Ең алдымен, бұл 2014 жылы шариғат басқару нысаны бар бүкіләлемдік халифат ретінде жарияланған Ирак пен Леванттың Ислам мемлекетінің (ИГИЛ) жеңілуі және қазақстандықтардың Сириядан қайтарылуы.

Өз кезінде діннің «романтиктері» ИГИЛ-ді оларға өздерінің діни қозқарастарын және ұстанымдарын іске асыруға мүмкіндік беретін нағыз исламдық қоғам ретінде қарастыратын. Осы және басқа да себептер бойынша «джихад үшін», «сенім үшін», «Аллаһ үшін» соғысуға ниет білдірген содырлар және олардың жауынгерлік әйел-құрбылары тұрғысынан жетіспеушілік болған жоқ. Көптеген мұсылмандар, оның ішінде Қазақстаннан да, кейде отбасыларымен бірге түрлі жолдармен жауынгерлік іс-қимылдар болып жатқан аймақтарға аттанды. Тек ресми деректер бойынша «халифат» пайда болғаннан бастап Сирияға және Иракқа біздің 800-ге жуық азаматтарымыз кетті, ал олардың нақты саны қанша болғандығын, қаншасы қаза тапқандығын ешкім шын мәнінде білмейді. 

Бізде «халифатты» және оның идеологиясын қолдаған адамдар да аз емес болып шықты. Әлеуметтік желілерде және тіпті мешіттерде мұсылмандарды шетелде оқып, әскери дайындықтан өтуге шақыру жұмыстары жүргізілді. Шетелдік насихаттаушылар жаңадан келгендерге нағыз дін үшін күресушілерді киелі даңқ күтіп отыр, ал жауынгер-джихадшылар міндетті түрде жұмаққа түседі деп олардың болашағын барынша әдемі етіп сипаттаған. Әйелдерге де көп нәрсе уәде етілген...

Ислам мемлекеті, шын мәнінде, мұсылман қауымын қасиетті халифтер және Мұхаммед пайғамбардың дәуіріне қайта оралуға шақырудың салафиттік дәстүрін жалғастырды. Бірақ діни романтика (сонымен қатар біздің кейбір азаматтарымыз үшін де) өте қайғылы аяқталды. ИГИЛ-дың құлауы ес-ақылдарын жинатқан аспаннан жерге түсу болып, «ислам жұмағына» сенгендердің діни көзқарастары мен нанымдарының құлдырауына әкелген себепкерге айналды. 

Әскери іс-қимылдар аймағынан Қазақстанға 357 балалар мен 67 әйелдердің қайтып келуіне қол жеткізілді, бірнеше содырлар сотқа берілді. Қайта оралғаннан кейін бұл әйелдер «халифаттағы» өмір нағыз азаптау болғанын мойындап, осы естеліктерді мәңгіге жерлегісі келгенін айтты. Олардың айтуынша, олар көп рет тұрмысқа шыққан, лагерьлерде зорлық-зомбылық пен педофилия, сондай-ақ қашуға әрекет жасағаны үшін өлім жазасы және т.б. болыпты. Балалар соғыс жүріп жатқан елде тұрмауы тиіс, өйткені онда ештеңе (білім де, қалыпты тамақтану да, тұрғын үй де, медицина да) жоқ. Бірақ ата-аналар олардың нағыз халифатта өмір сүргенін қалаған болатын...

- Сіздің ойыңызша, елімізде ИГИЛ-дің радикалды жақтастарының пайда болуына не нәрсе ықпал етті?

- Бұл мәселеге біздің көршілеріміз де тап болғанын атап өткен жөн. «Ислам мемлекеті» содырларының ең көп санын Ресей «экспорттаған» (шамамен 3500), одан кейін – Өзбекстан (1500) және Тәжікстан (1300), Қырғызстан және Қазақстан (400-500). 

Бүгін, яғни салафизм әлемнің түрлі елдеріне қауіпті дестабилизиациялық факторы болып тұрған кезде, Сауд Арабиясының билігі (ол жерден «халифатқа» 3000-нан астам содырлар аттанған) статус-квоны қайта қарау туралы жиірек ойлана бастады. Өйткені, бұл елде салафиттік оппозиция бар, және бүкіл әлем бойынша лаңкестердің жағында соғысу үшін өз еркі мен қалауы бойынша аттанып жатқан адамдардың ағыны дәл сол жақтан шығып жатыр. 

Тарихи, идеологиялық және заңнамалық тұрғыда джихадшы- қазақстандықтардың пайда болуы – бұл көптеген секталар мен діни ұйымдарға біздің республикамыздың есігін ашқан 1992 жылғы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» аса либералды Заңның салдары.

Бір кездері Қазақстанда салафизмге тыйым салу қажеттігі туралы әңгіме жүргізілген болатын, бірақ: бұл Сауд Арабиясының ресми діні, біз оған қалайша тыйым сала аламыз? – дей отырып, істі одан әрі жылжытпай тастады. Мысалы, бізде шиизм кең тараған жоқ, бірақ бұл факт осы дінге тыйым салынған дегенді білдірмейді... Сондықтан да әңгіме тыйым салу туралы емес, бұл мәселенің өзін (бізде салафизм шетелде діни білім алған имамдар арқылы пайда болды) шешу жөнінде болуы керек деп есептеймін...

Араздатушы хиджабтар

- Салафизмге сәл кейінірек оралайық. Ал қазір сіз әңгіме басында айтқан хиджаб туралы сөйлесейік. Бұл мәселе қаншалықты терең болып отыр және ол қаншалықты нәтижелі шешілуде?

- Әзірше Білім және ғылым министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр, өйткені заңдар білім берудің зайырлы сипатын қорғауға мүмкіндік береді. Діни бірлестіктерді мемлекеттен бөлу қағидаты жұмыс істейтін елде басқа шешімді елестету қиын. Бірақ «араб» исламы біздің зайырлы мемлекеттің жоғары оқу орындары мен мектептеріне кірді. «Таза» исламды ұстанатын мұғалімдер мен оқытушылар және араб хиджабын, «салафиттерді» қорғаушыларының көп саны пайда болды. «Шариғат заңдары бойынша осылай болуы керек» деген сөздер барған сайын жиі естіліп жатыр... Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан берілген түсініктемелер (ислам дініне сәйкес, кішкентай қыздардың емес, жыныстық жетілуге жеткен қыздардың басына ғана орамал тағылады) ерекше әсерін тигізе алмады.

Жалпы, менің ойымша, дінге қатысты таңдауды мектепке дейінгі жастан емес, кәмелетке толған кезде шешу қажет. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға кішкентай балаларды діннен тыс тәрбиелеуге қатысты тиісті толықтыру енгізу қажет. Өйткені, бізде жекелеген ата-аналардың қазақ Даласына тән емес діни радикализмі білім берудің орнына өздерінің діни түсініктеріне үйретіп, заңдармен қақтығысқа баруға дейін апарып жеткізді. 

Зайырлы мектепке келген алты жасар балаға діни белгілері бойынша қандай кемсітушіліктер болуы мүмкін? Егер ата-аналар өз балаларына діни білім бергісі келсе, онда медресе, жексенбілік мектептер және т. б. бар. Адамдар діни білім беретін мемлекеттік мектептер болмайтынын түсінуі тиіс – бізде гендерлік тұрғыда бөлінбейтін зайырлы білім және бас киімсіз мектеп формасы заңмен бекітілген.   

Түркістан облысы Фирдоуси ауылындағы өткен жылғы жанжалды еске түсіріңіздерші (оның тұрғындарының басым бөлігін тәжіктер құрайды), онда оқушылар мектепке «зайырлы» киіммен барудан бас тартқан. Ол діни (этникалық) анклав қаншалықты қауіпті болуы мүмкін екенін айқын көрсетті. Елестетіп көріңізші, егер Ақтөбеде хиджабқа рұқсат етілсе... Мұндай қадам түрлі діни анклавтарды шабыттандырады, барлық конфессия өкілдеріне діни атрибутиканы киіп жүруге рұқсат беруге тура келеді. Сол кезде Қазақстандағы зайырлы білімнің ақыры келеді. Сондай-ақ, бұл халықаралық қақтығыстардың қауіп-қатерін тудырады – жекелеген елдер «өздерінікін» қорғауға ұмтыла бастайды. Тәжік ауылымен бізде барлығы сәтті болып шыққаны – Тәжікстанның өзінде хиджабқа ғана емес, «салафиттердің» сақалдарына да тыйым салынған. 

1950-1960 жж. зайырлы Ауғанстанды және қазіргі Ауғанстанды салыстырыңызшы, ондағы әйелдер қатты қысым жағдайына тап болып отыр. Ал барлығы тек жай ғана қарапайым хиджабтан басталған еді...

«Дала» исламын қорғауда

- Бізде шынайы діндар азаматтардың саны сыни деңгейге жеткенде және бұл масса өз ережелерін орнатуды бастайды деген сценарий орын алуы мүмкін бе? Өйткені сан тұрғысынан артықшылық болған жағдайда олар кем дегенде қоғамдық өмірге, білім беру жүйесіне және т. б. елеулі әсер етеді ғой.

- Мұндай сценарий мемлекет пен қоғам ешбір әрекет жасамай отырған жағдайда орын алу мүмкіндігі пайда болады. Әрине, мәселе орамал мен «салафиттердің» сақалдарында емес, олардың артында тұрған нәрселерде. Елімізде өркениеттік алшақтаулық жүріп жатыр, «араб» исламын ілгерілетуге әрекет жасалуда. Оның жақтастары: «ислам деген ислам, оның бөлінісі жоқ» дейді. Бірақ, белгілі болғандай, әр елдің өз ерекшеліктері бар. Мысалы, қазақтарда толерантты «дала» исламы тәңіршілікпен, дәстүрлі мәдениетпен, өмір салтымен қатар өмір сүрді: көшпенді жағдайда мешіттер аз болған – олар тек қалаларда ашылған. Көптеген ғасырларда сәтті симбиозға қол жеткізілді: соғыссыз және күйзеліссіз тәңіршіліктің көптеген элементтері, исламға дейінгі әдет-ғұрыптар, өмір салтының ерекшеліктері «дала» исламына кірді, соның ішінде аруақтарға сенім; ата-бабаларды, табиғатты қастерлеу; үйлену, жерлеу рәсімдері; әйелдердің ашық келбеті және т. б.

Ұлттық қазақ музыкасының, эпосының, халық ауыз әдебиетінің, бейнелеу өнерінің, сәулеті мен киімдерінің исламға дейінгі шығу тегі бар. Және олар біздің күнімізге дейін жетіп қана қоймай, даму мен тарату алды. Ал әдебиет пен өнерде ислам әсері өте әлсіз.

Немесе қазақтардың ерлер мен әйелдердің салыстырмалы теңдігін алыңыз. Айтысты (мысалы, Дина Нұрпейісова оларға ерлермен тең дәрежеде қатысқан), «қыз қуу» ойынын, батыр қыздарды айтпағанда, еске түсіру де жеткілікті. Ал қазір бізде, керісінше, өз әйелін қамшымен ұруды үйретеді, хиджаб киюді және ұлдар мен қыздарды бөлек оқытуды талап етеді. Қазақ киіз үйі ешқашан «ерлер» және «әйелдер» жағына бөлінбеген, ал тамақтанған кезде күйеуі, әйелі, балалары бір ортақ дастарханда отыратын. «Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексінде ерлі-зайыптылардың теңдігі заңмен бекітілгені де кездейсоқ нәрсе емес. Имамдар да, депутаттар да, мемлекеттік қызметшілер де, педагогтар да, идеологтар да – барлығы мұны естерінде сақтаулары қажет. 

ХХ ғасырдың басында қазақтар шайқасқа өз ата-бабаларының, аруақтардың есімдерін атап баратын. Исламистер қарсы шыққан сол мазарлардың тамыры ежелгі қорғандарда бар. Ал бүгінде араб елдеріндегідей қайтыс болған күні жерлеу (оларда ол ыстыққа байланысты), салтанаттарды музыкасыз және бисіз өткізулер жиіленуде. Неліктен көптеген өнер түрлері, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, мысалы, сол қонақасы, ас, беташар, жеті нан, қазақ музыкасы, ұлттық ойындар және т. б. «харам» санатына жатқызылатын болған? 

«Дала» исламының ерекшеліктері барлық мұсылман әлемінде қабылданып, ескерілетін. Бұл, атап айтқанда, ислам мен тәңіршілікті «татуластыруға» септігін тигізген атақты тұлғалардың бірі Қожа Ахмет Яссауидің оқуын мойындау арқылы білдірілген. Мысалы, біздің аймақта ислам діні тарихи түрде ханафи мазхабына негізделген, ол жергілікті дәстүрлерге өте икемді және либералды түрде еңген, ислам келгенге дейінгі ерекшеліктерді қабылдаған, яғни ортодоксалды емес болды. Бұл орайда «дала» исламы бірегей.

Мысалы, қазақ Даласында кішкентай қыздар мен бойжеткен қыздар (үйленгенге дейін) бас орамалсыз жүретін. Олар үшін әуенді дыбыстарды шығаратын арнайы әшекейлер: шолпылар (шашқа тағылады) және шашбаулар жасалатын. Салқын уақытта олар екі түрлі бас киімдерді, яғни тақия және жылы бөрік киетін. Саукелеге келер болсақ, оған ұқсас бас киім тіпті көне тарихи дереккөздерде тіркелген. 

Бұл тұрғыда мен дәстүрлі «дала» исламын, ұлттық мүдделерді, мәдениетті, киімдерді және т.б. мемлекеттік деңгейде қорғау қажет деп есептеймін. Мектептерде тек хиджабқа тыйым салумен ғана шектелмей, жергілікті дәстүрлерді дамыту қажет. «Араб» исламы, немесе «таза» ислам барлық этникалық, ұлттық, сондықтан оны қазақтың ғасырлық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, еркіндік, дала әйелінің ер адаммен тең құқылығын жоққа шығарады.

Салафизмның торында

- Қазақстандықтардың діни көңіл-күйі шынымен қандай? Оларды рұқсат етілген шектерде қалай сақтап қалуға болады?

- 1990 жылы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» аса либералды заң қабылданғаннан кейін жастардың Таяу Шығыс елдеріне рухани білім алу үшін еркін шығуы жүзеге асырылды. Негізгі білім берумен қатар, ол жерде оларға қазақтарға бөтен болып табылатын ислам құндылықтары, ал кейде радикалды, экстремистік идеялар, сондай-ақ қазақтарға тән емес өмір салты қондырылған. Біздің саясатшылар, идеологтар, заң шығарушылар, дінбасылар сол кезде жас республикаға діни және идеологиялық экспансиямен байланысты қауіптерді есепке алмағандары өте таңқалдырарлық. Бұл мен бұрын көтерген барлықтарына белгілі мәселе, бірақ ол әлі күнге дейін шешілмеген түрінде қалып отыр.

Мысалы, 2018 жылдың күзінде ҚР парламенті сенатының депутаттары діни қызмет мәселелері жөніндегі заң жобаларын қарастыра отырып, «Қазақстан азаматтарының шетел мемлекеттерінде рухани (діни) білім алуына тек республикада жоғары рухани (діни) білім алғаннан кейін ғана жол беріледі» деген норманы алып тастауды ұсынды. Олар біздің жастарымыз Египет, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Катар, Түркия, Ауғанстан және т. б. діни орындарына оқуға барған сәттен бастап Қазақстанда «салафиттер», «араб» исламы, хиджаб және т. б. пайда болғанын тіпті білмейтін сияқты. Сол елдерде оқығандар Құран оқып қана қоймай, сол елдің ислам ерекшеліктерін, басқа мазхабты, мәдениетін, өмір салтын, менталитетін, әйелге, киімге және т. б. қарым-қатынастарын игеріп алған.  

Әрбір мемлекетте біз үшін қауіпті болып табылатын исламның радикалды, экстремистік ағымдары бар екенін түсіну керек. Бірақ, әзірше бізде мұндай түсінік жоқ сияқты, өйткені Қазақстанда Сауд Арабиясының қолдауымен мешіттер салынып жатыр, бұл оларға еліміздің діни өміріне ықпал етуге мүмкіндік береді.

Салафиттік дәстүрлер дегеніміз не? Бұл, әдетте, исламға мың жылдан астам уақыт бұрынғы қасиетті халифтер мен Мұхаммедтің замандарында қайта оралуға шақыру. Осы себепті салафиттер «дала» исламын, қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін қабылдамайды, себебі бұл бастапқы ислам (араб) қоғамдығы емес. Және ХХІ ғасырда ислам (араб) қоғамдығын өзінен-өзін іске асыру мүмкін емес болуына қарамастан, біздің «салафиттер» белсенді түрде салафиттердің білімін, тіпті олардың сыртқы белгілері мен әдет-ғұрпына дейін көшіріп алуға тырысып жатыр.

Біздің имамдар оқу орындарында хиджаб киюге қолдау көрсету ретінде петициялар жазуға шақырғандарын, ерлерді өз әйелдерін қамшымен қалай ұру керектігін үйреткендерін, ресми неке тіркеместен «неке қию» рәсімін өткізгендерін және т. б. естеріңізге түсіріңіздерші. Айтпақшы, соңғы кездері ислам заңдары бойынша ажырасулар жиіленуде: ол үшін күйеуі тек бір «талақ» деген сөзді айту жеткілікті. Бұл ретте тасталған отбасы алименттерсіз қалады, себебі некенің ресми тіркелуі болған жоқ. Егер БАҚ жарияланымдарына сенсек, мұндай құқықты имамдардың өздері және тіпті кейбір шенеуніктер барған сайын жиі пайдаланып жатыр.

Егер мемлекет қатысуынсыз қала берсе, онда бұл үрдістер тек қана күшейе түседі, ал бір мезгілде білім, ғылым, мәдениет, әдебиет деңгейі төмендейді.

Атеизм жеңіп бара жатыр ма?

- Қазақстанда діннің (негізінен исламның) кең таралуы құлдырап кетті деп айтуға болады ма? Оның үстіне, бұл жалпы әлемдік үрдіс – көптеген елдерде, әсіресе Еуропада, қазір атеизм жеңіске жетіп жатыр...  

- Құлдырау туралы айтуға болатыны екіталай. Діни өмірдің «өздігінен» жүріп жатқанына байланысты, зайырлы мемлекеттің заңдары, «неке қию» рәсімімен болған жағдайдағы сияқты, жиі еленбеуі мүмкін. Теизм, атеизм, агностицизм және т.б. әркімнің жеке ісі болуы тиіс, бірақ бұл, әрине, егер қызметтік қажеттілікпен тікелей байланысты болмаса, көпшілік алдында көрінбеуі тиіс. Ал бізде Аллаһ екінші әйел алуға рұқсат берді деп тіпті шенеунік мәлімдеуі мүмкін...

Иә, сарапшылар әлемдегі діндарлық деңгейінің жалпы төмендегенін атап өтті. Шведтердің 85%, даниялықтардың 80%, норвегиялықтардың 72%, жапондықтардың 65%, финдердің 60% атеистер болып табылады, Қытайда өте көп атеистер бар. Көптеген елдерде атеизм негізіндегі білім мен ғылымның жоғары деңгейі дамыған экономика мен өндірістің іргетасы бола алады. Әрине, ғалымдар арасында сенушілер де кездеседі, алайда олардың діни көзқарастары зертханалары мен зерттеулерінің табалдырығынын арғы жағында қалады.

Сондай-ақ, бірқатар зерттеулер арқылы IQ мен діндарлардың арасында теріс корреляция анықталды. Оларда келесі ерекшеліктер белгіленеді: респонденттердің білім деңгейі неғурлым жоғары болған сайын, соғұрлым олардың арасында сенушілер азырақ. Дәл осы себептен атеизм көптеген дамыған елдерге тән. Мұнда тек АҚШ ерекшеленеді, өйткені онда діни ұйымдар саяси мақсаттар үшін идеологиялық және саяси қысым құралы ретінде, соның ішінде шетелде де, пайдаланылады. 

Жапония айқын мысал болып табылады – онда халықтың діншілдік деңгейі төмен және экономиканың, білімнің, ғылымның даму деңгейі жоғары. Әрине, бұл елде дәстүрлі синтоизм діні бар, оған жергілікті адамдар құрметпен қарайды (храмдарға барады, қызметкерлерді құрметтейді). Бірақ бұл діннен гөрі жапон мәдениеті болып табылады. Бұл елде өзін және өз отандастарын жарып жіберетін террористер жоқ, діни радикалдар жоқ, ал елдің заңдары – сенімнен артық.    

Және, керісінше, діншілдік дәрежесі жоғары елдердің көпшілігінде дамудың төмен деңгейі байқалады. Бұл тұрғыда Африка және Таяу Шығыс елдерінің тәжірибесі көрсеткіш бола алады.  

Әрине, барлығын «теизм» – «атеизм» деп қарсы қоюдың қажеті жоқ. Мысалы, агностицизм, әлемдік ақылға сенім, ата-бабалар әлемі, тіріжанды табиғат және т. б. бар. Соңғы уақытта ғылымның дамуы ғаламды, жерді және адамзатты бақылайтын, басқаратын, қадағалайтын белгілі бір жоғары күштерді, белгілі бір жаратушыны мойындауға дейін жетті. Алайда, ғылымның «жаратушысы» және көптеген діндердегі құдайдың түсіндірмесі – салыстыруға келмейтін заттар.

Бұл жерде Малайзия премьер-министрі Махатхир Мұхаммадтың 2003 жылғы 16 қазандағы ислам конференциясының 10-шы сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінен үзінді келтіру орынды. Ол мұсылман елдерінің ғылымда, білім беруде, технологияда, экономикада және т. б. артта қалу себептері жөнінде сөз қозғай отырып, былай деді: «Ислам өркениетінің даму жолының жартысында исламның жаңа түсіндірушілері пайда болды, олар мұсылмандардың білім алуы тек ислам теориясын зерттеу дегенді білдіреді. Жаратылыстану ғылымдары, медицина және т. б. зерттеу көтермеленбеген. Интеллектуалдық мағынада мұсылман қоғамында регресс басталды... Оның орнына мұсылмандар барған сайын: «тар шалбар мен күнқағары бар баскиім исламға лайық па», «баспа машинкаларды пайдалануға рұқсат беру керек пе» және «мешіттерді жарықтандыру үшін электр қуатын пайдалануға болады ма» - деген болымсыз мәселелер бойынша дауларға кірісіп кетті. Мұсылмандар өнеркәсіптік революцияны өткізіп алды»

Басқа сөздермен айтқанда, мұсылмандар тек теологияда ғана емес, ғылымда, білімде, медицинада, технологияда және т. б. дамыған болуы тиіс. Бізде бүгінде 3600 (!) мешіт бар, олардың 84 қаңырап бос тұр (ретсіз құрылыс нәтижесі). Сонымен қатар, соңғы жылдары бірде-бір үлкен кітапхана, ғылыми орталық, мәдениет үйі, концерт залы салынбаған, ғылым өте нашар қаржыландырылады, өз өндірісіміз және т. б. дамымаған. Кез келген кедей ауылды алыңыздаршы: мәдениет үйі де, спорт залы да, кітапхана да жоқ, жалғыз ғана ескі мектеп тұр, бірақ орталықта жаңа мешіт бар!

Және соңында біздің имамдарымыз туралы айтқым келеді. Олардың уағыздары түпнұсқалығымен және тереңдігімен ерекшеленбейді, сондықтан жастар жиі «салафиттерді», шетелдік лекторларды тыңдайды, шетелдік әдебиеттерді іздейді. Неліктен имамдарға ақпаратты Даланың бай мәдениетінен, әдебиеттен, эпостан алмасқа, неге жыраулар мен ақындардың бай тілдерімен сөйлемеске? Неліктен оларға, Махатхир Мұхаммад айтқандай, ғылымды, медицинаны жаңа технологияларды жақсы білу үшін оқуға әдеттегі зайырлы елдің жоғары оқу орындарында (және шетелде) білім алмасқа? Әйтпесе, біз үшінші өнеркәсіптік революцияны өткізіп алғандай, төртіншісін де өткізіп алуымыз ықтимал…

 

Комментарии