Сенбі, 31 қазан 2020 ЖЫЛЫ
1163 21-01-2019, 11:56

Неліктен Қазақстандағы ұлттық бірлігіне ешкім назар аудармайды?

Қазақстанда тұратын халықтардың бірлігі мен бауырластығы туралы патриоттық ұрандар барған сайын құнсыздандырылуда. Әрине, олар бұрынғысынша тұрақты түрде естіліп жатыр, бірақ ол сөздер енді өзінің мақсатына жетуге жарамсыз болып қалған. Біздің қоғамда орын алып отырған өзгерістер өзара қарым-қатынастарын анықтау мен есептесуден көздері ашылмайтын көптеген қазақстандықтардың ақыл-ойы мен жүрегіне үндеу жеткізуге мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайда мемлекеттік институттар оның түпкілікті бұзылуына жол бермеу үшін қираған фундаментке шұғыл түрде тіреуіш қою керек деуге деболар еді. Алайда, анықталып отырғандай, мұны істейтін мүлдем ешкім жоқ. Елдегі этносаралық келісімді сақтауға жауапты мемлекеттік орган – Қоғамдық даму министрлігі (ҚДМ) – басқа бағыттарға шоғырлана отырып, осы міндеттен өзіндігімен бас тартқан көрінеді.

Салыстырмалы арифметика

Бүгінгі күні ақпараттық алаңда ол өзін діни саладағы мемлекеттік саясаттың жылжытушысы ретінде (қанша дегенмен, ол өзінің пайда болуына дәл осы діни салаға міндетті) және жастар саясатын іске асыруда (басталған жыл осы жастарға арналған), сондай-ақ азаматтық сектормен қарым-қатынаста делдал ретінде танытады. Министрліктің көзге түсетін, бірақ сонымен қатар бір мәнді деп есептеуге келмейтін бастамалары ретінде, қоғамдық кеңестер қызметінің жаңа тұжырымдамасын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ гранттық қаржыландырудың жаңа схемасын әзірлеуді, сондай-ақ отбасы институтын қолдауға бағытталған «жол картасын» әзірлеуді атауға болады.…

Сонымен қатар, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (ДІжАҚМ) базасында Қоғамдық даму министрлігі құрылған кезде, сарапшылар мемлекет ішкі саяси тұрақтылықты сақтау және діни ортада ғана емес, қоғамдық қатынастар саласында сындарлы диалогты жолға қою қаншалықты маңызды екенін түсінеді деген үміт білдірген еді. Алайда, олар тым оптимистік көзқарасты ұстанған сияқты. Бір өкініштісі, ұлтаралық түсінбеушіліктер барған сайын жиі кездесетін болып жүр, бірақ бүгінгі осы ең маңызды болып тұрған майданда ведомствосының жұмысы мүлдем көрінбейді. Дағдарыс кезеңін бастан кешіп отырған қоғам үшін біріктіруші идеяға айналуға қабілетті және менталитеттеріндегі барлық айырмашылықтарына қарамастан адамдарды біріктіре алатын рухани құндылықтар мен басымдықтарды анықтау үшін министрлік тіпті бір тиын да жұмсаған емес. Қалай да болмаған жағдайда, ондай жұмыс істеліп жатқан жөніндегі ақпаратты ешқайдан таба алмайсың… Ал, егер мемлекеттік сатып алу сайтына сенетін болсақ, өзінің «фронт-офисіне» арналған жиһаз гарнитурасына ведомстао шамамен алты миллион теңгеге жуық ақшаны аяусыз жұмсаған.

Ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету министрліктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. ҚР үкіметінің қаулысымен бекітілген оның қызметін реттейтін ережеде солай айтылған. Бірақ күтілген нәрсенің орнына іс жүзінде мүлдем басқаша болып жатыр. Министрліктің құрамына кіретін осы бағыт үшін жауапкершілік жүктелген қоғамдық келісім комитеті өз жұмысын атқарудан бас тартады және (әлеуметтік желілерде айтылған пікірлерге қарағанда) оған халықтың сенімі жоқ көрінеді. Расын айтқанда, оның қызметі шын мәнінде ешбір қозғалусыз қалған. Оның үстіне бұл жағдай комитетті басқарған Қайсар Жанахановтың пара алу күдігі бойынша ұсталуынан туындаған қайғылы оқиғаларға дейін орын алған болатын.

Өзіңіз ойланып көріңіз. Комитеттің қызметіне қатысты жаңалықтардың соңғы жаңартылуы өткен жылдың желтоқсан айының ортасымен белгіленген. Оның парақшасындағы «Өтініштерді талдау» деп аталатын бөлімі одан да көп уақыт бойы жаңартылмаған. Бұл бөлімде орналастырылған жалғыз құжат «Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің 2018 жылдың І жартыжылдығындағы қарауына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат» деп аталады (яғни, ол өздерінің ізашарларынан мұраға қалған). Осыдан басқа ешнәрсе жоқ. Егер министрліктің ресми сайтын аралап шықсаңыз, мұндай мысалдардың бірталайын келтіруге болады.

Айқын ауытқушылық байқалады

Бірақ бұл жерде біз комитет қызметкерлері мағынасыз істермен айналысқаны туралы айтып отырмыз деп ойлап қалмаңыздар. Бұл олай емес. Өйткені, олардың жауапкершілік аймағына этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етумен қатар, діни саламен, қайырымдылықпен байланысты мәселелер де кіреді. Мысалы, дінге қатысты өткізіліп тұратын әртүрлі іс-шаралар да жеткілікті. Мәселен, өткен жылдың қыркүйек айында комитет қызметкерлері журналистерге арналған оқыту тренингін, қараша айында кезекті, сегізінші рет Қазақстан дінтанушыларының форумын ұйымдастырды. Комитет өңірлерде жұмыс істейтін теологтардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар арқылы ондаған миллион теңгені игеруде. Алдағы жылы мектеп бағдарламасына «Қоғам және дін» атты жаңа оқулықты енгізу жоспарланған…

Екінші жағынан, мұның бәрі комитет қызметіндегі айқын ауытқушылықты көрсетеді – ол тек діни салаға ғана шоғырланады. Әрине, бұл жұмыстың өте маңызды бағыты, әсіресе Қазақстандағы дінге берілгендердің артуы, исламның радикалды ағымдарының таралуы, жастардың тоталитарлық секталарға кетуі жағдайында өте орынды іс-шаралар болып табылады. Бірақ қоғам алдында тұрған басқа да, тіпті оның бөлінуіне әкеліп соғатын проблемалар да баршылық. Алайда, министрлікте немесе оларды тиісінше бағаламайды, немесе оларға қалайша кірісетінін білмейді деген сезім туындайды. Тіпті кейбір резонанстық төтенше жағдайлар болған кезде де оның басшылығы оларға ешқандай реакция білдірмейді. Атап айтқанда, Қарағандыда жақында орын алған оқиғалар кезінде де дәл осылай болды.

Айтпақшы, аталған комитеттің өкілдері келіп түскен сигналға жауап берген бір ғана жағдайды еске түсіруге болады. Әңгіме Қазақстандағы жалпы білім беретін мекемелерге жақын орналасқан мешіттер бұзылатын болды деп таратылып кеткен қауесет туралы болып отыр. Келесі күні бұл әңгімелер шындыққа сәйкес келмейді деген ресми түсініктемелер жарияланған. Бірақ, қайталаймыз, бұл бір ғана оқиға болды, және ол да діни салаға қатысты. Бұл комитеттің шенеуніктері будан басқа ешқашан сондай белсенділік көрсетпеді. Бірақ олардың әртүрлі конференцияларға, семинарларға және «дөңгелек үстелдерге» қатысуға деген сүйіспеншілігі өте анық байқалды.

Басқа бағыттарға нұқсан келтірумен қатар дінге баса назар аудару – комитет тек осы алаңда жұмыс істейтін талдау құрылымдарына мұрагер ретінде иелік еткені болуы мүмкін. Әңгіме «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» және «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемелері туралы болып отыр. Бірақ жеке құрылымдар арасында зерттеулер жүргізуге мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде де комитет «сүйікті» проблематикаға қарай айқын және шамадан тыс ауытқу жасайды. Өткен жылы ақша бөлінген кейбір тақырыптарды ғана атап өтейік: «Қазақстан халқының діни саласындағы мемлекеттік саясатты бағалау», «Қоғамдық санада діни экстремизм мен терроризм қатерінің көрінісі», «Мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың жай-күйі: сарапшылар мен халықты бағалау», «Қазақстан үшін дәстүрлі емес діни ағымдарға қатысты халықтың пікірлері мен бағалаулары», «Қазақстан үшін дәстүрлі емес діни ағымдарға қатысты халықтың пікірлері мен бағалаулары»…

Комитеттің қолдауымен ұлтаралық қатынастарға, осы саладағы теріс үрдістерге қарсы іс-қимылға, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қатысты қандай да бір зерттеулер ұйымдастырылатыны да болуы мүмкін. Бірақ егер солай болса, онда олардың нәтижелері қайда, сарапшылар мен аналитиктердің шығарған қорытындылар қандай, олар тәжірибеде қалайша қолданылып жатыр? Қалай болғанда да, мұндай зерттеулер туралы іс-жүзінде ештеңе естілмейді.

P.S. орнына

Бір сөзбен айтқанда, комитеттің қызметінде тұжырымдамалық тәсіл жоқ, әсіресе бұл ішкі саяси тұрақтылықты нығайту және ұлтаралық қақтығыстарға қарсы тұру сияқты бағытқа қатысты. Сонымен қатар, комитет тіпті оны іздеп табуға ешқандай ниет танытпайды, яғни кезінде басқаша аталатын министрліктің бұрынғы командасы салған рельстермен сырғанауды ұнатады деген сезім орын алады.

Мысалы, ағымдағы жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарында біз тағы да діни сала жағына қарай ауытқуларды көріп отырмыз. Мұнда Қазақстандық БАҚ және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен радикалды діни идеяларды таратудың алдын алу бойынша республикалық семинар-тренинг; діни бірлестіктер өкілдерінің жиналысы; діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция; және осыған ұқсас т.б.

Дархан Қалетаевтың командасы өзінің тікелей айналысуға тиесілі ең маңызды бағдарларының біріне мән бермей, не нәрсеге үміттенеді? – деген сурақ туындайды. Бәрі де орынды болады деп ойлай ма? Қоғамдық келісім «қайта оралмас нүктесінен» өтіп кетіп, ал төзімділіктің жұқа қырлары жыртылған жағдайда  Құран мен Библияға жасырынуға болады деп ойлай ма? Немесе, мүмкін, өзінің ерекше қасиеттерінің арқасында (ал министр, түсініктемелер бойынша, тіпті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің көздеуіне түсіп қалған өзінің «көмекшілері» туралы да жоғары пікірге ие) ол «өрт сөндіру командасы» тәрізді өнер көрсете алады ма? Бұл өте күмәнді…

Комментарии