Соңғы кезде сарапшылар ортасында социализм – ертеңгі күннің идеологиясы деген болжам жиі-жиі естілетін болып жүр. Біз де осы пікірталасқа қатысуға бел бұдық, атап айтқанда, сұхбаттасушылармен бірге келесі сұрақтарға жауап іздеуді шештік. Қазақстанның электоралды және саяси кеңістігіндегі солжақты идеялардың реанимациясы қаншалықты мүмкін? Неліктен біздің отандастарымыздың біршама бөлігі, өте жағымды емес кеңестік дәуірінің тәжірибесіне қарамастан, оны әлі де сағынып жүр? Және Қазақстан жағдайында социализмнің шведтік моделін құру мүмкін бе?
Марат Шибутов, саясаттанушы, «Трансперенси Қазақстан» қамқоршылық кеңесінің төрағасы: «Бізде капитализм құру қолымыздан келмегенін мойындауымыз керек!»
- Мәселен, Нұр-Сұлтанда әлі күнге дейін тынышталмай жатқан көп балалы аналардың акцияларын алайық, – бұл типтік әлеуметтік солжақты наразылық емес пе. Ал егер осындай нәрселер орын алып тұратын болса, демек, сол идеялар әбден сұранысқа ие және әсерлі. Мен, мысалы, Қазақстанның Коммунистік Халық партиясының (ҚКХП) қызметін үнемі бақылап отырамын – оның бастамалары жақсы қабылданады. Бірақ оны негізінен «Фейсбукте» отырмайтын адамдар қабылдайды, тиісінше БАҚ-тар оларды елемейді. Менің ойымша, солжақты идеялардың кеңімен таралуы үш факторлардың әсерінен өсетін болады:
- Халықтың табыстарының төмендеуі, нақты жалақының төмендеуі, кредиттеудің санынын өсуі, жаңа кредиттердің қол жетімсіздігі, тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі және т. б.
- Өсіп бара жатқан жұмыссыздық, әсіресе жастар арасында, оның ішінде орташа және жоғары деңгейдегі «ақ» жалақы төлейтін жұмыс орындарын қысқарту.
- Әртүрлі себептерге байланысты, ең алдымен сапалы білім мен қажетті дағдылардың болмауына байланысты, әлеуметтік лифтілерге өте аз қолжетімділік.
Демократиялық партияның өкілдері палатасына Александрия Окасио-Кортес және Рашид Тлаиб (Берни Сандерс туралы да ұмытпау керек) сияқты саясаткерлер өткен АҚШ-қа қараңыздаршы. Яғни, онда демократиялық социалистердің жандануы жүріп жатыр, және жалпы алғанда, социалистік идеялар американдық жастар арасында неғұрлым кеңінен таралып жатыр. Ал егер тіпті АҚШ сияқты оңжақты либерализм мен оңжақты консерватизмнің қорғаушылары солжақты идеялардың ренессансын бастан кешіп отырған болса, бұл толқын, әрине, бізге де келіп жетеді. Менің ойымша, бұл тренд екі жылдан кейін байқалады, ал әзірге ол жасырын түрде қалыптаса беретін болады.
Кеңес социализмі бойынша ностальгияға қатысты айтар болсақ... осыған байланысты менің есіме бір шал туралы ескі әдепсіз анекдот түседі, ол бұрын жақсырақ болды деп санайды, өйткені ол кезде оның жыныстық функциясы белсенді болған және қыздар оны жақсы көретін... Ал егер шындап айтатын болсақ, мәселе әлдеқайда тереңірек.
Себебі, нарыққа көшуге байланысты бізде кімдер неден айырылып, кімдер қандай нәрсеге ие болғандығы нақты тіркелген жоқ. Ұтылып қалғандардың қатарына кіргендер ауыл тұрғындарының көпшілігі, мектеп мұғалімдері, дәрігерлер, белгілі бір дәрежеде әскери, ғалымдар (гуманитарийлерден басқа), жоғары оқу орындарының оқытушылары. Олардың материалдық жеткіліктілігі ғана емес, сондай-ақ біздің әлеуметтік топтар жүйесіндегі мәртебесі де төмендегенін атап өту маңызды.
Адамдар социализмнің қандай жетістіктерін көбірек сағынады? Менің жеке пікірімше, олардың ішіндегі жүрекке жақыны – жалдамалы тұрғын үй, жұмысшылар үшін берілетін жатақханалар, тегін білім беру және медицина (әсіресе қаладан алшақ жерлерде орналасқан ауылдарда), ауылдық мәдениет мекемелері (кітапханалар, клубтар, кинотеатрлар), спорт секциялары, жалпы жұмыспен қамту, санаториялық емдеу және балалар лагерьлеріне берілетін жолдамалар. Ал, оған қоса өмірдің болжамдылығы, өйткені сен тіпті бес жылдан кейін немен айналысатыныңды білетінсің.
1930-50 жылдары КСРО-ның қандай болғанын білетін адамдар жақын арада қалмайтындығын, ал Одақта 1970-80 жылдары өмір сүргендер айтарлықтай көп болатынын түсіну қажет. Яғни, барлығы репрессия мен кедейшілік туралы ұмытып кетеді, бірақ олар Брежнев пен Қонаевтың заманын, әсіресе сол кездегі әлеуметтік жеңілдіктердің гүлденуін, естерінде сақтайтын болады. Дінмұхамед Қонаевтың туған күнін бүкіл ел бойынша қалай кеңінен атап өтетінін қараңыздаршы...
Біздің ұлтшыл-популистерімізге, әсіресе экономикалық мәселелерде олардың позициясына қараңыздар – тіпті онда да либерализм жоқ. Мүлдем жоқ! Яғни ешқандай еркін нарық, бәсекелестік, жауапкершілік жоқ... Оның орнына тұтастай мемлекеттік социализм, шектеулер, дотациялар, жеңілдіктер және т.б. Тек антисоветтік, русофобтық және ұлтшылдық риториканы алып тастаңыз болғаны – сіз онда социалистерді көресіз!
Бізде мемлекет экономикада өте үлкен рөл атқарады, ҚР Конституциясында «әлеуметтік мемлекет» туралы жазылған, бюджеттің 45 проценті әлеуметтік шығындарға жұмсалады, әлеуметтік маңызы бар тауарларға дотациялар бар, енді дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді енгіземіз... Демек, социализм бізде орын алуда! Ол мемлекеттік қолдауына ие болып отырған олигопольдік капитализммен көбірек үйлесе берсін, бірақ социализм осында бар. Ол ақсақ, қисық болса да, бірақ бұл енді біздің жергілікті ерекшелігіміз. Бізде капитализм құру қолымыздан келмегенін мойындауымыз керек.
Еркін Ерғалиев, «Аспандау» Ғылыми-білім беру қорының Батыс аймақтық филиалының атқарушы директоры: «Таза гипотетикалық тұрғыда бұл Ресейде болуы мүмкін»
- Алдымен «шведтік социализмнің» дефинициясын түсініп алайық. Біз тек шығыс параметрлерін ғана қарастырамыз, ал шведтік социализмде ақша қайдан пайда болады? Бұл, ең алдымен, жоғары салықтар, сыртқы нарықтағы үлкен инвестициялар, жоғары тиімді және қуатты банк секторы. Ал мұның барлығы бізде жоқ екендігі анық.
Сонымен қатар біз өте провинциялықпыз. Біздің тек өзімізді ғана ойлайтындығымыздың белгісі – ол өз мәселелерімізде тұйықталып қалу, «ішкі-өзара қатынаста ғана болу»... Бірақ біз оны қалайтын болсақ та, қаламайтын болсақ та, шын мәнінде біз үлкен және ашық әлемнің ажырамас бөлігі болып табыламыз. Сондықтан бізді қоршаған әлемде не болып жатқанына назар аудармайынша, Қазақстандағы «солжақты дискурстың» келешегін түсіну өте қиын.
Алыс шетелде бүгін мүлдем басқа процестер байқалып жатыр. Бұрынғы жаһанданудың орнына көптеген елдерде оң бағдардағы жергілікті идеялық жобаларға саяси сән келді. Егер өткен ғасырдың соңында бұл жай ғана кеңестік, коммунистік форматтағы идеологиялық айну болса, ал бүгін мұндай бас тарту біршама тереңдеу тамырларға ие.
Біріншіден, ол коммуникация құралдарындағы технологиялық революциямен байланысты: Интернетке, жылдам байланысқа, әлеуметтік желілерге және мессенджерлерге жаппай қол жеткізу. Мұны бастап берген АҚШ және басқа да дамыған капиталистік Батыс елдері. Ал белгілі болғандай, сән мен ережелерді кім еңгізген болса, сол жаппай санада да, жеке санада да басым болады.
Екіншіден, социалистік идеялардан қазіргі шегінуге қосымша ықпал еткен діншілдіктің рухани ренессансы. Ал рухани ренессанс атеистік талпыныстарға ие болған және «аспанға ұмтылуы» мен солжақты әлеуметтік эксперименттер шеңберінде бұрын болмаған кең ауқымды «адамзатқа қарсы қылмыстары» орын алған XX ғасырдың орнына өкіну түрінде келген болатын.
Енді ҚХР мен РФ түріндегі Қазақстанның жақын айналасындағы ортасы туралы айтар болсақ. Аспан астындағыны билеуші Қытай коммунистік партиясы (ҚКП) көпшілікке Мао өсиеттерін қайта таратып жатыр (билеушілердің шыңын долларлық миллиардерлер қүрап отырғанның өзінде). Ал Ресейде КСРО-ның бұрынғы шекараларда қалпына келтірілуі ұлттық идеяға айнала бастады, оған қоса Сталиннің іс-әрекетін мақұлдау деңгейі соңғы жарты ғасыр ішінде рекордты 70 процентке жетті (және бұл Ресей Федерациясындағы ең кедей және ең бай арасындағы алшақтық әлемдегі ең елеулілердің бірі болғанының өзінде).
Сондықтан, менің ойымша, біздің елімізде солжақты идеяларды жүйелі түрде, тіпті «мемлекетке» деген сенімін жоғалтпаған және өз болашағына алаңдап отырған халық массаларының ұжымдық санасында да «қалпына келтіру» іс жүзінде мүмкін емес. Солжақты жоба саяси спектрді уақытша жылжыту үшін манипуляциялық стратегия түрінде пайда болуы ықтималдығын жоққа шығармаймын (мысалы, меншікті мүлікті қайта бөлу шеңберінде). Бірақ, біз барлығымыз жақсы түсініп отырғандай, нақты «солжақты дискурсына» оның ешқандай қатысы жоқ.
Иә, әрине, кеңестік «жарқын өткен» жөніндегі ностальгия орын алуда. Бірақ бұл ностальгияда бұрынғы «халық бірлігі» жоқ, ол қазақтарда және басқа да этностардың өкілдерінде, аға буынында және оның орынына келе жатқан адамдарда мүлдем өзгеше.
Осының барлығы қоса алғанда біздің саяси және экономикалық шындық жағдайында «социализмнің шведтік моделін» құру мүмкіндігі туралы сіздің сұрағыңызға теріс жауап беруге мәжбүрлейді. Таза гипотетикалық тұрғыда бұл бір кезде көрші Ресейде (дәлірек айтқанда, оның жекелеген бөліктерінде) болуы мүмкін. Бірақ кезінде солжақты эксперимент үшін Ашаршылық түрінде тым үлкен баға төлеген қазақ ортасында ол орын алуы мүмкін емес.
Иә, бізде қауымдық менталитет бар және әлеуметтік әділеттілікке мұқтаждық бар, бірақ біз көрші экспансионистік Қытай мен Ресейге қарағанда, өзге де ұжымдық (және соншалықты «этатистік» емес) даму форматтарын міндетті түрде табамыз. Бұл ұлттық бірегейлік пен өзін-өзі сақтаудың негізін құрайтын болады.