Сейсенбі, 27 қазан 2020 ЖЫЛЫ
1778 19-07-2019, 15:15

Егер билікке қазақ ұлтшылдары келсе, Қазақстан қандай болады?

Қазақ ұлтшылдары жиі өздеріне қарама-қайшы келеді: бір жағынан, олар белсенді түрде тоталитарлық өткеннің мұрасынан арылуды қолдайды, ал екінші жағынан, әлеуметтік игіліктерді бөлудің (көп балалы жанұяларға тегін пәтерлер беру, жәрдемақылар мен т.б. тарату) кеңестік принциптерін және ұлтшылдыққа байланысты проблемаларды, атап айтқанда, тілдік мәселерді шешудегі большевиктердің әдістерін қолдайды. Популистік ұрандар деңгейінде мұндай дуализм онша қауіпті емес, бірақ, егер бұл адамдар кенеттен билікке келсе, ол қандай көрініс алатын болады? Ал мұндай нұсқаны жоққа шығаруға болмайды – себебі қазақ халқының үлесі тез өсіп келе жатыр және кейбір болжамдар бойынша, бірнеше онжылдықтан кейін 80-85 процентке жетеді. 

Петр Своик, экономист, қоғам қайраткері: «Ұлтшылдық қаупі ме? Ондай қауіп жоқ!»

- 20 жылдан кейін қазақ халқының үлесі 80-85 процентке дейін өседі, сондықтан ерте ме, кеш пе билікке қазақ ұлтшылдары келеді дейсіз бе? Және мұндай жағдайда еліміз экономикада, әлеуметтік салада және қоғамдық өмірде қандай болады деген менің көзқарасымды баяндауды ұсынасыз ба? Бұл сұрақ ойдан құрастырылып алынған емес және тағдырды шешуші деп айтуға болады. Ал оған жауапты айқындаудан бастау керек: олар қазірдің өзінде келді және ел де қазіргі кезде сондай болып табылады.

Шын мәнінде, егер біз мемлекеттік және жергілікті билік органдарының бірінші тұлғаларының, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялар басшыларының, бүкіл күш-қуат және құқық қорғау блогының тізімдеріне қарайтын болсақ, онда біз қазіргі көп ұлтты ғана емес, 2050 жылға дейінгі қазақ халқының кез келген ақылға қонарлық өсімін артта қалдырған бірегей ұлттық мемлекеттілік бұрыннан қалыптасқанын көреміз.

25 жылдан бері қолданыстағы Конституция қазақ жерінде мемлекеттіліктің қалыптасуын бекітетін кіріспеден басталады, онда жалғыз мемлекеттік тіл  – қазақ тілі болып табылады, ал одан да бұрынғы мемлекеттілік туралы конституциялық заңда қазақ ұлты және Қазақстан азаматтары бөлектелген ұғымдар болып табылады. 

Біздің «Тіл туралы» Заңымыз Конституцияны түзетеді», ол үкіметтің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың барлық азаматтардың мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайларды қамтамасыз ету міндетін алмастыра отырып, мемлекеттік тілді меңгеру борышын азаматтардың өздеріне жүктейді. Бұл міндет Қазақстан халқын топтастырудың маңызды факторы ретінде көрсетіледі. Және Негізгі Заңның мұндай түсіндірмесі – заң шығарушылардың (Конституциялық кеңеспен бірге) кемшілігі емес, бұл ашық жарияланған позиция. Мысалы, сол «Тіл туралы» заң орыс тілін мемлекеттік тілмен тең дәрежеде қолдануды және іс қағаздарын қазақ тіліне кезең-кезеңімен көшуді көздейтін Конституцияны «түзетеді».

Ақырында, енді құқықтық емес, негізгі идеологиялық құжатта да – ұлттық бірлік Доктринасында – қазақ тілін меңгеру Қазақстанның әрбір азаматының міндеті мен борышы болуы тиіс, бұл басты басымдық, рухани және ұлттық бірліктің басты факторы делінген.

Ал қазақ мемлекеттілігінің барлық осы құқықтық және идеологиялық канондарын орындау үшін көп жылдан бері бюджеттен қаржыландырылатын, қазақ тілінің басымдылығы мен азаматтардың оны өз бетінше меңгеру борышына/міндеттеріне негізделген тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді.

Егер сіз менен заңнамалық, ақпараттық-идеологиялық, бюджеттік-қаржылық және ұйымдастырушылық-практикалық тұрғыда Қазақ ұлттық мемлекеттілігін біріктіруші ұлтқа сүйеніп құру үшін әлі не жасалмағаны жөнінде сұрайтын болсаңыз, «оның барлығы жасалды!» – деп жауап беремін.

Басқа мәселе – мұндай қазақ мемлекеттіліктің заңнамалық та, идеологиялық та конструкциясы іс жүзінде аяқталмағанында: қазақ тілі мемлекеттік ретінде орыс тілін әлі де алмастырмады, азаматтар оны игеру борышын орындауға асықпайды, тиісінше ұлттық шоғырландыру қамтамасыз етілмеді. Сонымен қатар, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін заңнамалық түрде бекіткен сәттен бастап өткен отыз жыл ішінде қол жеткізілмеген нәрсеге енді ешқашан қол жеткізілмейді деп айтуға барлық негіздер бар. Қазақ ұлттық мемлекеттілігі – орыс тілді, және бұл базалық константаны мемлекеттік аппаратта сақталып отырған қазақ емес адамдардың үлесіне қарамастан, қазақтардың өздері автоматты түрде жаңғыртады.

Сондықтан да қазақ мемлекеті орыс тілінен қазақ тіліне көшуге де дайын емес, сондай-ақ осы фактіні мойындауға да дайын емес болғандықтан, шындықты болашаққа ұмтылған демографиялық үрдістерге сілтемелермен алмастыруға, сондай-ақ қазіргі шындықты иллюзорлық есеп берумен тікелей ауыстыруға тура келеді. 

Сөз не жөнінде болып отыр дейсіз бе? Мысалы, «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жөнінде, оған сәйкес 2020 жылға қарай (яғни алты айдан кейін) мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың үлесі 95%-ке дейін өседі, орыс тілін меңгерген адамдардың үлесі 90% -тен кем болмайды, ағылшын тілінде – 20%-ке дейін жетеді. Бұл фантастикалық қондырғылар, сол баяғыдағы 2011 жылдан бастап ұзақ уақыт бойы әлі жүзеге асырылмаған деп тануға тура келеді деп ойлайсызба?  Олай емес, өйткені, орындау қатаң белгіленген жоспар бойынша жүріп жатыр. Мысалы, 2017 жылғы есептерге қарасақ, «Қазтест» бойынша мемлекеттік тілді меңгерген ересек адамдардың үлесі 80%-ты, ал қазақ тілін меңгерген мектеп түлектерінің үлесі 70%-ті құрады. Айтпақшы, 2017 жылғы жағдай бойынша, қазақстандықтардың 15%-ті ағылшын тілін меңгерген болатын, яғни президенттің үштілдікке бағытталған қондырғы қарқынды түрде орындалып жатыр! 

Және сіз өзіңіз көресіз: аталған мемлекеттік бағдарламаны орындалудың түпкілікті есеп беруден егер орыс тілін бізде қазақстандықтардың тек 90%-ті ғана меңгерген болса, қазақ тілін 95% меңгерді деген мәліметті білетін боламыз, осылайша мемлекеттік тілі жөніндегі мәселе шешілді деген сөз! Келесі бағдарламаның презентацияланған жобасында одан әрі екпін (бюджеттік қаржылаумен бірге) латын әліпбиін жетілдіруге және басқа да лингвистикалық ізденістерге ауыстырылғаны да кездейсоқ нәрсе емес.

Сіз қазіргі биліктің қалаған нәрсені бар сияқты етіп көрсеткені үшін нағыз қазақ ұлтшылдары орыс тілді қазақ шенеуніктерін алмастыра алады деп айтасыз. Бұл опция жоққа шығарылмайды, бірақ оның іске асырылуы екіталай, ал егер ол кенеттен орын алатын болса, онда тек қысқа уақытқа ғана деп жауап беремін.

Себебі, биліктегі қазақтар да дәл осындай ұлтшылдар  (бұл анықтаманы «жақсы-жаман» деген бағалаусыз, тек объективті констатация ретінде пайдаланайық), бірақ прагматик-ұлтшылдар. Ал сіздің сұрағыңызда аталған қазақ ұлтшылдары – популист-ұлтшылдар. Билік етуші және оппозициядағы қазақ ұлтшылдарының арасындағы айырмашылық – біріншілері қол жетімділікті және мүмкіндіктерді ескере отырып іс-әрекет жасайды, ал популист-ұлтшылдар жүзеге асырылмайтын немесе тіпті қауіпті нәрсені талап етеді, ал көбінесе мүмкін емес және қауіпті нәрселердің комбинациясын талап етеді-ұсынады-өтінеді.

Мысалы, мемлекеттік қазақ тіліне дереу көшуді талап ететін популист- ұлтшылдар билікке келіп, осы мәселеде ең қатаң заңдар қабылдайтын болса, олар мұндай көшуді іске асыра алмайды. Мұнда өте көп объективті себептер орын алуда, ал олардың арасында патриот-ұлтшылдардың өздерінің орыс тілділігі де бар. Осы мәртебені қазақ патриот-ұлтшылдық көзқарастарын орыс тілінде және орыс тілді ақпараттық кеңістікте баяндаған жағдайда алуға болады. Сондықтан Қазақстандағы барлық белгілі ұлтшыл-патриоттар орыс тілді. Сіз байқамадыңыз ба? 

Грузияда Гамсахурдиа және Әзірбайжанда Эльчибей болғаны есіңізде ме? Олар посткеңестік популистттік-ұлтшылдық толқынында билікке келіп, өз елдерінде қақтығыстар тудырып, өздерінің орындарынан айырылған. Бұл сабақтар меңгерілген, сондықтан қазақ билеуші класы ондайға ешқашан жол бермейді.

Иә, популист-ұлтшылдар билікке қажет – билеуші прагматик-ұлтшылдар оларға қарап қана қойып, бірақ өздерімен тікелей байланыстырмайтын фон бола алады. Мысалы, АЭС құрылысын үзілді-кесілді қабылдамау немесе тіпті Еуразиялық экономикалық одақтан шығу және «еуропалық интеграцияға бағыт» – бұл Ресеймен келіссөздер жүргізу үшін пайдалы, бірақ белгілі бір шектерге дейін.

Мұнда популист-ұлтшылдардың шексіз әлеуметтік жомарттығын да, яғни жақсы жалақы, зейнетақы, тегін пәтерлер мен кредиттерді кешіру уәделерін де жатқызамыз. Ол үшін тек табиғи ресурстарды экспорттауды мемлекет меншігіне алу жеткілікті. Бүл негізінде дұрыс және болашақта мүмкіндігі де бар, бірақ еуразиялық интеграцияны дамыту барысында ғана, ал патриот-ұлтшылдар оны жалпы керек қылмайды.

Нәтижесінде патриот- ұлтшылдар, олар қанша тырысса да және Ақорда оларға қандай аванстар берсе де, мемлекеттік билікті атқаруға нақты қатысушы партияға ресімделе алмайды, – олардың ықтимал бағдарламаларынан алынған барлық прагматикасы таусылып қалды, ал қалғаны оларға маргиналды жағдайға кепілдік береді.

Ал енді, егер біз сіздермен бірге қазақ популист-ұлтшылдардың билікке келу үміттерін жойған болсақ, қазірдің өзінде қалыптасқан қазақ басқармасын қалайша неғұрлым тиімді және пайдалы етіп (оның ішінде Қазақстанның барлық этностары үшін де) жасауға болады? 

Менің айтарым, бұл ең басты және өзекті міндет, ол бөлек және толық әңгімелесуді талап етеді. Мысалы, қазіргі «көпвекторлы» экспорттық-шикізаттық «әкету» моделінен ЕЭО форматындағы бірлескен инвестициялық дамуға тұжырымдамалық көшу пісіп-жетілді.

Қазақ мемлекеттілігіне келер болсақ, ол институционалдық ресімдеу мен бекітуді талап етеді. Жалпы алғанда, елде мемлекет құраушы ұлттық ядроның болуы – бұл жай ғана қалыпты нәрсе емес, ол әбден қажет. Ал Қазақстанда бұл рөлді тек қазақ ұлты ғана баламасыз орындауы мүмкін болғандықтан, біздің ортақ ұлтаралық мүдделеріміз оны ресімдеуді аяқтауға ықпал етеді.

Жалпы, мен сізге айта кетейін, біздің көптеген мәселелеріміз, парламенттік партиялар мен парламентаризмнің жасандығынан, саяси реформаның тежелуінен және т.б. бастап, қазақтар өз елінде билік алғанмен, оған соңына дейін сене алмағандығынан болып отыр. Ең бастысы – олар мұндай жағдайды қазір және мәңгілікке бекітудің жолын білмейді, сондықтан демографиялық өзгерістерді күтіп, оны кейінге қалдырып отыр. «Ресей агрессиясы», КСРО-ны қайта жанғыртуына, Ресей телевизиясының диктатына және «бесінші колоннаның» болуына қатысты қорқыныштар да осыдан туындайды.

Сондықтан қалайтын нәрсеге сүйенудің орнына, қолда бар шындыққа сүйенген жөн, және дәл сол негіздерді қазақ ұлттық мемлекеттілігін құру керек, ол дұрыс орындалған жағдайда жалпы қазақстандық азаматтық патриотизмнің өзегі болады.

Біздің елімізде кім нақты екі тілді және осындай сөзсіз бәсекелестік артықшылығына ие? Қазіргі заманауи білімі бар, әрине, ана тілін білетін, оны немерелеріне үйретуді ұмытпайтын қазақтар. Сондықтан Қазақстанда қазақ және орыс тілдерін мемдекеттік етіп жасау керек, бұл ретте екі тілді меңгеруді талап ететін сайланбалы және тағайындалатын лауазымдар тізімін кеңейту қажет. Плюс кәсіби талап ретінде, ағылшын тілін білу. Бұл биліктің базалық қазақ толықтырылуын қамтамасыз етеді, бұл ретте қазақ емес адамдар да қазақ мемлекетінде мансаптық өсудің айқын ережелеріне ие болады. Жалпы халық үшін эмиграциялық көңіл-күйді ынталандыратын орыс тілдегі іс-қағаздарды қазақша жүргізуге алмастыруды қоса алғанда, «қазақ ұлтшылдығының» мүмкіндігі алынып тасталады.

Және қазақтың өз тарихи ынтасы, әрине, қазіргі заманғы мемлекеттіліктің құрылыстарына қосылуы керек. Мысалы, сол жүздерді алайық – қазақтардың тарихын білетін кез-келген адам жүздер трайбалисттік бөлініс емес, ол көптеген тарихи дала халықтарының қазіргі қазақ ұлтына шоғырлануы орын алған қорғайтын және бекітетін құрылымдарды растайды.

Қазақтардың шоғырландырушысын қалай пайдаланған жөн?

Ең алдымен, белгіленіп жатқан Конституциялық соттың құрамында қазақ халқының барлық бөлігі мен оған қосымша төртінші жүз ұсынылуы тиіс.

Немесе Қазақстан халқы Ассамблеясы: онда көптеген халықтардың әндері мен билері ұсынылған, ал ондағы ең аз нәрсе – барлық объективті спектрдегі дәл сол қазақ өкілдігі. Одан мәжіліске делегаттар артықшылық, ал қаралуға міндетті қорытындылар мен ұсыныстар арқылы барлық маңызды қоғамдық-саяси және экономикалық процестерге қатысуы өте пайдалы болар еді.

Рүстем Қадыржанов, философия ғылымдарының докторы: «Оқшаулау артта қалуға әкеледі»

- Осыдан жиырма жыл бұрын, 1999 жылдың күзінде Қазақстанда парламенттік сайлау өткен кезде, мен оған қатысқан қазақ ұлтшылымен әңгімелескен едім. Мен алдын ала оның сайлауалды бағдарламасымен таныстым, онда белгілі ұрандар мен ұсыныстар жазылған. Біріншіден, мемлекет бірінші кезекте қазақтарға, олардың материалдық жағдайына, тіліне, мәдениетіне, білім алуына және т. б. қамқорлық жасауы тиіс деп айтылған. Екіншіден, «қазақтарға қамқорлық жасамайтын, басқа этностарға үлкен қолдау жасайтын, тілдер туралы заңды дәйекті түрде жүзеге асырмайтын, заң бұзушыларға қатаң, заңда жазылған шараларды қолданбайтын билік» сынға алынды. Және т.б.

Мен сол кезде менің әңгімелесушіме оның бағдарламасы ашық түрде этнократтық сипатқа ие екенін және оны іс жүзінде жүзеге асырған жағдайда (егер ол билікке келсе), Қазақстанда этносаралық шиеленіс күрт өседі, ал халықаралық аренада мемлекет оқшаулауға және тіпті санкцияларға ұшырайтын болады деп айттым. «Бірақ менің халқыма жақсы болады!», –  деп жауап берді өз сөздеріне өте риза болған ұлтшыл. Мен оның позициясы қаншалықты қауіпті жөнінде айтудың ешқандай пайдасы жоқ екенін түсіндім.

Бірақ енді 2019 жыл келді, сондықтан біреулер: «менің мемлекетіме санкциялар салына берсін, бірақ менің халқыма жақсы болады» деп мәлімдеуі екіталай. Барлығы оның қаншалықты жаман екенін (әсіресе қарапайым азаматтар үшін) түсінеді. Өйткені көз алдымызда бірнеше жылдан бері дипломатиялық оқшаулауда және халықаралық құқықтың бұзылуына байланысты санкцияларға ұшыраған Ресейдің үлгісі бар.

Ресей «патриоттары», әрине, бізге бәрібәр, өйткені «Қырым біздікі» деп баршамызды сендіруге тырысады. Алайда, егер объективті қарайтын болсақ, бірнеше жылдан бері санкциялар жалғасқан кезеңде, РФ-да экономикалық өсім жоқ, капитал елден қашып жатыр, халықтың материалдық әл-ауқатының деңгейі төмендеуде. Оқшаулау Ресейдің асқынып жатқан технологиялық артта қалуына әкеледі және әрі қарай не болары анық емес. Ал бұл табиғи ресурстардың орасан қоры, елеулі экономикалық, әскери және ғылыми-техникалық әлеуеті бар ұлы мемлекет. Алайда, тіпті оларға да жағдайды шешу қиын. Онда басқалар жөнінде не айтуға болады…

Қорытынды: мемлекеттің саяси және моральдық беделі халықтың ұлттық бірегейлігі, оның жеке «мендігі» үшін үлкен мәнге ие.

 

Комментарии