Сейсенбі, 27 қазан 2020 ЖЫЛЫ
3293 2-07-2019, 12:40

Қазақстандағы наразылық қозғалысының тағдыры не болмақ және билік оған қандай жауап береді?

Сайлау-2019 бұрын-соңды болмаған азаматтық белсенділікпен сүйемелденіп өтті. Оның қорытындыларына көптеген қазақстандықтардың көңілі толмай қалса да, бірақ тұтастай алғанда қоғам әйтеуір «оянып», билікті өзімен санасуға мәжбүрлегендіктен кейбір эйфория сезінуде. Биліктің өзі де айтарлықтай жұмсақтанып, ынтымақтастыққа дайын екендігін көрсете бастады және тіпті ұлттық қоғамдық сенім кеңесін (ҰҚСК) құруды шешті. Мұның бәрінен, әрине, біз бірнеше рет өткенбіз, бірақ оның барлығы ұзаққа созылмады... Бұл үрдісті өзгерту мүмкін бе? Қазіргі наразылық қозғалысы күшейіп, тұрақты құбылыс бола ала ма? Елдегі тұрақтылықты сақтау үшін билік қандай қадамдарға баруы тиіс? Осы сұрақтармен біз сарапшыларымызға жүгіндік.

Талғат Исмағамбетов, саясаттанушы: «Қоғамдық заңдылықтардың табиғатын алдау мүмкін емес»

- Наразылық қозғалысы өзінің мәлімдеген талаптарына (сайлау, партиялар, жиналыстар және митингілер туралы заңнаманы өзгерту жөнінде) қол жеткізгеннен кейін, өзге күн тәртібіне ауысып, саяси сахнадан кетуі мүмкін.

Жалпы алғанда, елдегі сайлау алдындағы және сайлаудан кейінгі оқиғалардың өздері айтарлықтай көріністі болды. Оппозиционер-сымақ Әміржан Қосанов наразылық дауыстарын жинақтап алуы тиіс деген «жоғарыдағы» политехнология күтпеген салдарларға алып келді.

Біріншіден, Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын жариялағанға дейін Қосановтың өз жеңілісін мойындауы оның Аккордамен аффилирленуінің ашық көрінісі болып, оған қолдау көрсеткен көптеген сайлаушылардың өкінішін тұдырды.

Екіншіден, партиялық оппозиция оның нақты қатысушысы ретінде сайлауға дейін жоғалып кетті. Оның орнына тәуелсіз бақылаушының фигурасы ұсынылды, оның арқасында, мысалы, Қосанов Алматы мен Орал қалаларында тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ресми түрде хабарланғанынан әлдеқайда көбірек дауыс алғандығын анықтауға мүмкіндік туды. Және бұл наразылық көңіл-күйді тек күшейте түсті. 

Үшіншіден, сол Қосанов, Расул Жұмалы, Айдос Сарымның тұлғаларындағы осылай аталатын ұлтшыл-патриоттар өз абыройын жоққа шығарды, өйткені олар сайлаушылардың дауыстарын санау нәтижелеріне ешқандай қызығушылық танытпады. Қоғамшылдар орынды сұрақ қойды: егер ұлтшыл-патриоттар нәтижесінде Акордамен «біріккен болса», неге олармен бірге болуға шақырды?

Енді ҰҚСК форматына қатысты айтар болсақ. 2002 жылдан бастап бір жағынан диалог алаңдарын құру жөніндегі бастамалар, ал екінші жағынан мерзімінен бұрын өткен сайлаулар (президенттік немесе парламенттік) неғұрлым синхронды түрде жүріп келеді. Дегенмен, қоғамдық заңдылықтардың табиғатын, табиғаттың кез келген заңын сияқты (мысалы, энергияны сақтау заңын), алдау немесе елемеу мүмкін емес. Қолданыстағы саяси жүйе сайлаушының мүддесін ескермейтіндіктен, әрбір сайлаудан кейін саяси тәртіпке тұрақтылық беру үшін диалог алаңын ұйымдастыруға тура келеді. Бірақ бұл енді жеткіліксіз. 2002 жылдан кейін үкіметке парламент тарапынан сенімсіздік білдіруге бірде-бір талпыныс болмаса да, дағдарыс өсуде. Нәтижесінде, мерзіміне дейінгі сайлау өткізу арқылы саяси жүйені дәміл-дәміл қайта жүктеуге тұра келіп отыр.

Билік ұсынған формат ретінде ҰҚСК – бұл жаңа болса да, бірақ соңғы 20 жылда қоғамдық сенімінен қуаттануға ұмтылуда оның ең алғашқы әрекеті емес. Сонымен қатар, бұл қазір өте өзекті, өйткені сайлау барысында мұндай қуаттау мүмкіндігі әкімшілік араласумен алынып тасталды. Сондықтан, әңгіме биліктен босаңсытулар жөнінде емес, сөз енді оның өзін-өзі сақтауына мүдделілігі жөнінде болып отыр.

Ресми түрде мәлімделген барлық алдыңғы диалог алаңдары, олардың ең соңғысы демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссия (2006-2007 жж.), мақсаттар тұрғысынан нәтижесіз болғаны кездейсоқ емес. Бірақ, өзінің толық сәтсіздігіне қарамастан, олар режимге тұрақтылық беру тұрғысынан өзін ақтады.

Серік Бейсембаев, ҚР Тұңғыш президенті қорының Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы: «Билік өзгерген шындықтарға икемденуге тырысып жатыр»

- Соңғы бірнеше жылда қазақстандық қоғам өзгерістерінің айқын векторларының бірі – көлденең байланыстардың өсуі, қоғамдық құрылымдардың өзара іс-қимылы мен белсенділігінің күшеюі. Бұл тренд көбінесе ірі қалаларға тән, мұнда өзін-өзі ұйымдастырудың жаңа нысандары мен волонтерлік қозғалыстардың өсуін көруге болады. Адамдар өздерінің ортақ мүдделерін түсініп, мәселелерді шешу үшін бірігуді үйренді. Жыл сайын мұндай белсенділік тек арта түсетін болады.

Бұл ретте, біздің зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай, мемлекетке деген басты шағымдарының бірі – шенеуніктерге ықпал ету мүмкіндігінің жоқтығы, шешім қабылдау кезінде азаматтардың пікірін елемеу. «Жоғарыда шешіледі» немесе «басшы біледі» деген бұрынғы қондырғылар өз өзектілігін жоғалтады. Керісінше, саяси процестің бір бөлігі болу ниеті күшейе түседі. Мысалы, жаппай сауалнама қазақстандықтардың көпшілігі әкімдерді жоғары тұрған лауазымды адам тағайындамай, ол жалпы дауыс беру арқылы сайланғанын қалайтынын көрсетеді. Бұл пікір соңғы бірнеше жылда тек нығайып келеді.

Осылайша, президенттік сайлауда өзін көрсеткен наразылық белсенділігі – бұл бір жағынан, азаматтық өзара әрекеттестіктің жинақталған тәжірибесінің, ал екінші жағынан, биліктің мінез-құлқына әлеуметтік наразылықтың өсуінің нәтижесі. Басқару аппараты ойланбаған шешімдерді неғурлым жиі қабылдаған сайын, соғұрлым осы сыни толқын көп болады, ал күштік әдістерді қолдану осындай белсенділіктің тек радикалдануына алып келеді. 

Менің ойымша, билік өзгерген шындықтарға икемденуге тырысып жатыр. Онда бұрынғы әдістердің жұмыс істемейтінін, өзара іс-қимылдың ашық және адал форматтары қажет екенін түсінуі пайда болған көрінеді. Алайда, басты міндет – «диалог орнату» емес, қоғамның саяси қатысуға деген сұранысын қанағаттандыру. Сондықтан Ұлттық кеңес құру – жақсы қадам болуы ықтимал, бірақ құрылымдық реформаларсыз оны іске асыру мүмкін емес.

Ислам Қораев, саясаттанушы: «Биліктің кез келген қателігі өз салдарын әкеледі»

- Азаматтық белсенділік қоғамның саяси мәдениетін қалыптастыруда әрдайым оң рөл атқарады. Халық оянды, бұл факт. Өйткені қазіргі белсенділер – тәуелсіз Қазақстанның балалары, олар өсіп, нығайып, енді өз құқықтарын қорғауға дайын болып отыр. Бұл адамдар бүкіл елді оятуға қабілетті және уақыт та олардың жағында.

Менің ойымша, халықтың дауысын наразылық дауыс ретінде сипаттауға болмайды – бұл жан дауысының айқайы. Мұнда себептер көп: мысалы, соңғы жылдары елде экономикалық жағдай мен әлеуметтік өмір сүру жағдайы айтарлықтай нашарлаған, алайда мемлекет имидждік іс-шараларға орасан зор қаражат жұмсауды жалғастыруда. Адамдардың көшелерге шығуын «мемлекет – тек шенеуніктер емес, бұл халық, ал мемлекет халықтың арқасында ғана өмір сүре алады» дегенді билікке жеткізу әрекеті ретінде қарастыруға болады.

9 маусымда болған оқиғалардан кейін шоғырлану процесі күшейе түсті: жас белсенділер тек қана достық мүдде бойынша ғана емес, саяси мүдделер жағынан да топтастырылып жатыр. Барлығы парламентке сайлауға дайындалуда. Сондықтан, менің ойымша, саяси белсенділік өседі. Бұл жақсы.

Билік пен қоғам арасындағы диалог жалғаса береді, бірақ ол тек визуалды, яғни тек қана көзбен қабылдауға бағытталатын болады. Біздің жүйе осылай құрылған – сен немесе соның ішіндесің немесе онда болып жатқан оқиғалардың сыртындасың. Сондықтан көптеген белсенділер, көшбасшылар өздері үшін жақсы жағдай жасауға тырысады. Олардың аз бөлігі ғана халықтың мүддесін қорғауға ұмтылады. Алайда, билікпен диалог болмаса, сен өз мәнің мен әсерінді жоғалтасың.

Менің ойымша, саяси тұғырнаманы қалыптастыру үдерісі 5-7 жылға созылады. Нәтижесінде біз күшті биліксіз елді аламыз. Яғни, бір-бірімен келісімге баратын клан жүйесі орын алады.

Фото: Regnum

 

Комментарии