Сейсенбі, 29 қыркүйек 2020 ЖЫЛЫ
1604 27-02-2019, 13:13

Өмір сүру деңгейі аз қамтылған ҚР азаматтарына берілетін тұрғын үйлерге ақшаны қайдан алуға болады?

Халықтың әлеуметтік проблемаларын шешу пайдасына мемлекет қандай нәрселерден бас тарта алады? Осы мәселені қайта көтеруге бізді мәжбүр еткен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбектің жақындағы уәдесі: ол оның ведомствосы «көп балалы отбасылар үшін қосымша жалға берілетін тұрғын үй салумен мақсатты түрде айналысатынын және қазіргі уақытта осы мақсатта қаржыландыруды іздестіріп жатқанын» хабарлады.

Соңғы күндері көп балалы отбасыларға беріліп жатқан әр түрлі уәделер өте көп екендігін айта кету керек. Алайда, бұл жағдайды жақсартуға нақты ұмтылудан гөрі, жақында Астанада болған трагедия аясында қоғамдық наразылықтың «қызуын шығарып тастауға» бағыттылған талпыныстары болуы мүмкін. Азаматтардың назарына ілігетін айтылған іс-шаралардың біріеңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Абылкасымованың жәрдемақының көлемін қайта қарауға дайын болғандығы туралы айтылған сөздері. Себебі, бұл тақырыпты елеусіз қалдыру енді мүлдем мүмкін емес. Билік өзін «цугцвангқа» кіргізіп, өзі үшін тіпті тиімсіз болса да, халықтың талабына сай осылайша әрекет жасауға мәжбүр болып отыр. Әрі жеті жүз теңгемен (2019 жылы қантар айында көп балалы отбысыларға арналған жәрдемақы дәл осындай сомаға ұлғайтылған болатын) мұнда құтылып кету мүмкін емес – бүкіл еліміз бойынша ашуланған аналар жәрдемақының көлемін кем дегенде екі есеге көтеруді талап етіп отыр! Бұл ұсыныспен жақында сенат депутаттары да шыққан еді.

Ал көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй салуға «ұзаққа созылатын» уәде беру – ол мүлдем өзгеше нәрсе. Бүгінгі күні ондай уәделерді таратып жатқан шенеуніктер басшылыққа қандай таза ойды алса да, олардың орындалатынына ешқандай кепілдік жоқ. Өйткені мұндай жобаларды жүзеге асыру жолында процесті тежейтін көптеген кедергілер бар. Бірінші кезекте, бұл сыбайлас жемқорлық қауіп-тәуекелдері – тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру бізде ұрлық пен алаяқтықсыз өтуі өте сирек кездеседі. Екіншіден, мұқтаж азаматтар тарапынан сұраныстың өсуінің соңынан үлгермейтін құрылыстың өте төмен қарқыны. Үшіншіден, неше түрлі қайта ұйымдастырулар, пертурбациялар, яғни кенеттен өзгерістер, қалыпты жағдайдардың асқынып кетуі, оңтайландырулар және үкіметтегі ауыстырулар нәтижесінде көптеген мемлекеттік бағдарламалар ұмытылып жатыр. Сондай-ақ, қаражатты тиімсіз пайдалану немесе жеткіліксіз қаржыландыру, демографиялық фактор, урбанизация сияқты қатер-қауіптер бар – бұл тізімді ұзаққа жалғастыруға болады.

Бірақ ақшаны қайдан алуға болады деген басты сұраққа оралайық. «Liberty» қоғамдық қорының президенті Ғалым Ағелеуов айтқандай, мемлекет тиімсіз бюджет шығындарынан бас тартса, үлкен қаражатты босата алады. Ең алдымен, қымбат имидждік іс-шараларды өткізуге ең болмағанда уақытша мораторий (ал олар бізде қорқынышты жиілікпен ұйымдастырылып жатады), оларға қатысты «көп шудан басқа ештеңе жоқ» деп айтуға болады.

Екіншіден, мемлекеттік холдингтерді, әсіресе «Самұрық-Қазына» АҚ оңтайландыру, сарапшылардың пікірінше, мемлекеттік тендерлермен, бағдарламалармен және т.б. байланысты емес жеке бизнесті және тұтастай алғанда табиғи бәсекелестік ортаны жоя отырып, ел экономикасының мемлекеттілігіне ғана ықпал еткен.

Үшіншіден, МҰМЕҰ тарату (мемлекет ұйымдастырған мемлекеттік емес ұйымдар). Ғалым Ағелеуовтың ойынша, мөлдір емес және мемлекеттік қысым жағдайында мұндай жобалар тиімсіз және пайдасыз. «Азаматтық қоғам еркіндік, бәсекелестік және тәуелсіздік жағдайында құрылуы тиіс, – дейді ол. – Ал бізде тиімсіз жобаларды қаржыландыра отырып, мемлекет іс жүзінде жалғаназаматтық секторының адалдығын сатып алады».

Төртіншіден, шын мәнінде биліктің оң имиджін қалыптастыру жөніндегі пиар-компанияға айналған БАҚ үшін мемлекеттік тапсырыстың қысқаруы.

Бесіншіден, елден шығарылған оффшорлық ақшаларды қайтару.

Алтыншыдан, шенеуніктердің жалақысын, сыйақыларын және бонустарын оңтайландыру. Сарапшының пікірінше, оларды өлшенетін тиімділік пен кірістілікке байланыстыру керек, ол үшін басқа елдердің тәжірибесін зерделеп, нақты механизм жасау керек.  

Беймәлім болып қалуға ниет білдірген біздің басқа сарапшымыз бірінші кезекте бюджет қаражатын ең ірі алушылардың бірі – ішкі істер министрлігінің шығыстар баптарын қайта қарауға кеңес береді. Мысалы, Төтенше жағдай қызметкерлеріне, учаскелік инспекторларға және паспорт бөлімдеріне қатысты, яғни оларды қолдау және қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды арттыру мағынасы бар, деп есептейді ол. Бірақ мұндай мағынасыз, оның пікірінше тым көп «жейтін», ал сонымен қатар ешқандай пайда әкелмейтін, Республикалық гвардия сияқты құрылымды жою керек.

- Республикалық гвардия дегеніміз не? Шын мәнінде, бұл жандармдар халықтың қорғауында емес, әкімдіктердің күзетінде тұрған жазалау күші. Сіз жалпы олардың бірдеңе істегенін көрдіңіз бе? Олардың жасаған ешқандай ерліктері жоқ. Олар тек өздерінің гарнизондарында отырып, өздеріне «жұлдыздарды» қадаумен айналысады. Алайда, кейде «Жаңаөзендегі» сияқты акцияларға қабілетті... Егер олардың  күтуіне кеткен барлық қаражат аз қамтылған көп балалы отбасылардың мұқтаждарына жұмсалатын болса, онда әлеуметтік наразылықтың өзі төмендей түседі, – деп пайымдайды біздің сұхбаттасушымыз.

Оның пікірінше, тағы бір қуатты (бірақ мүлдем пайдасы жоқ) бюджеттік ақшаны жұтушы – үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИДБ). Бір кездері кеңінен анонсталған, алайда ол сегіз жылдан бері бар болғанымен, карлик кәсіпорындарының деңгейінен жоғары секіре алмады.  

- Іс жүзінде ҮИИДБ – бұл жалған нәрсе, – дейді сарапшы. – Жыл сайын 20 жұмыскерден тұратын микроскопиялық кқптеген кәсіпорындарды іске қосады (кеңес уақытында оларды «шеберхана» деп атаған). Бірақ олардың шығаратын өнімдері бәсекеге қабілетсіз болып, тауар бірлігіне жұмсалатын шығындар тым жоғары болғандықтан олар тек үш жылға ғана жетеді. Ал бізге өнеркәсіп құрылымын түбегейлі өзгертіп, елеулі кәсіпорындар құру қажет. Өзбекстанда қандай үлкен газ-химиялық кешендер салынатынын, Қырғызстанда тоқыма және тігін өндірісі үшін қандай технопарктер ашылып жатқанын қараңыз. Біз өзіміздегі жеңіл өнеркәсіпті де көтере аламыз. Ол үшін тек үш нәрсе қажет – Алматыда мақта-мата комбинаты (АММК), Қостанайда камвольды-шұға комбинатын және Шымкентте «Восход» фабрикасын қалпына келтіру. Егер бұл жасалмайтын болса, ҮИИДБ-ға ақша жұмсаудың  қажеті жоқ.

Үшіншіден, мемлекет, оның айтуынша, әлеуметтік тұрғын үй құрылысына қажетті триллион теңгені үнемдей алатын нәрсе, – бұл банк секторын «сауықтырудан» бас тарту: «Жай ғана икс сағатын орнату қажет – мысалы, 1 сәуір, содан кейін ЕДБ-ның кез келген қолдауын тоқтату керек. Егер сен осы уақытқа дейін ақша ағынын қамтамасыз ете алмасаң (20 теңге жұмсап, 19 алсаң), онда ол қызметті тоқтат... «Әлсіз» ЕДБ-ны кесіп тастаудың өзі ғана қазынаға өте көп ақша қайтарады. Үлкен есеп бойынша Қазақстанда минералдық ресурстар экспортынан түсетін қаражатты жинақтайтын және ұлттық бағдарламалар үшін инвестициялар көзі болып табылатын Даму банкі құрылуы тиіс. Қалған банктер бәсекелестік ортада жұмыс істеуі тиіс. Жалпы, егер мен атап өткен барлық үш жағдайды орындаса, онда босаған қаражат тек көп балалы отбасыларды ғана емес, сонымен қатар халықтың басқа да осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге жеткілікті болады».

Сарапшылардың қорытындыларымен келіспеу қиын. Толық көрініске жету үшін тек бірнеше нәрселер жөнінде айта кету керек. Біздің ойымызша, мемлекеттік шығындарды азайтудың тиімді тәсілі Қазақстанда бірнеше жыл бойы айтылып жатқан негізсіз өсіп кеткен мемлекеттік аппаратты қысқарту болуы мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың бірі – мемлекеттік сатып алу саласында тәртіп орнату. Мерекелік және түрлі әшекейлендірулерден бас тарту (ал – оларды кейінге қалдыруға болады) миллиардтаған теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, КТК хабарлағандай, Қызылордада бір ғана «Сыр ана» стеласының құрылысына 336 миллион теңге (жергілікті жылжымайтын мүлік нарығындағы 50 пәтердің құны) жұмсалды. Жақында Жастар жылының ашылу салтанатына 223 миллион теңге (Астанадағы 10 үш бөлмелі пәтер) жұмсалды. Ал Алматыдағы Назарбаев даңғылын қайта жаңартуға LSM ақпараты бойынша 5 млрд. теңге (оңтүстік астананың орталығында 200 пәтер) бөлінді!

Біз шенеуніктердің өзін қамтамасыз етуге кеткен шығындары туралы айтпаймыз айталық, сол әкімдер (жеке үйлер, автомобильдер, күзет, кез келген іс-шаралар, кеңселік іс-шаралар, іссапарлар). Президент әрбір ыңғайлы жағдайда оларды қарапайымдылыққа және үнемдеуге шақырады, бірақ оның барлығы елеусіз қалады. Ғалым Ағелеуов айтқандай, ешқандай талаптар, регламенттер мен заңдар бұл жерде көмектеспейді. Шенеуніктердің тәбетін ешқандай ымырасыз сол элитаны өз кланы үшін емес, кедейшілік шегінен тыс өмір сүретін азаматтарға жұмыс істеуге мәжбүр ететін саяси ерік болып табылады. Алайда, қазіргі жағдайда, бұл утопия тәрізді екеніне сенімдімін.

 

Комментарии