Сенбі, 31 қазан 2020 ЖЫЛЫ
7863 3-04-2020, 15:55

Егер Қазақстанда карантин мен экономикалық дағдарыс ұзаққа созылатын болса…

Адамзат коронавирустың қауіпті пандемиясымен ауырлана түскен өте қатты экономикалық дағдарысқа кіретініне күмән қалмады. Бүгін халықаралық күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің барлығы келесідей деуге болады. Әлемдік және отандық экономикадағы жағдай әрі қарай қалай дамиды? Қарапайым азаматтар не нәрсеге тап болуға мәжбүр? Осының нәтижесінде біздің өміріміз қалай өзгереді? Осы мәселелер жөнінде өз ойларымен бөлісуі үшін біз экономикалық шолушы Денис Кривошеевті шақырдық.

МІНСІЗ ДАУЫЛ

- Денис Геннадьевич, экономикалық дағдарыс пен пандемия бұл бір тізбектің түйіні ме әлде кездейсоқ бір мезгілде қатар келген нәрселер ме?

- Біз жаһандық экономикадағы тұңғыш рет орын алған шын мәнінде жаһандық дағдарысқа тап болдық. Келешекте осы кризис туралы талай кітаптар мен экономика, психология, қаржы, саясаттану саласында жүздеген докторлық жұмыстар жазуға болады. Бұл онсыз да тұрақсыз жүйеге ақпараттық тұрақсыздықты (мүмкін, әдейі) қосуымен күрделенетін жағдайлардың трагикомедиялық ауытқуы. Ал бүгін біз байқап отырған нәрсе – тек басы ғана.

Осы мәселедегі ең ауыры – орын алып жатқан оқиғаларды казіргі жағдайға әсер ету дәрежесі мен маңыздылығы бойынша жүйелеу және саралау. Бірақ бір нәрсе анық: эпидемия теріс процестердің шынайы себебі емес, ол жағымсыз үдерістерді жылдамдатқан катализатор болды. Узақ уақыт бойы айтылып келе жатқан және әлемдік экономиканы қайта іске қосу үшін соншалықты қажет деп саналатын нөлдену ыңғайлы кіру нүктесін тапқаны әбден мүмкін. Басқа төнген қиындықтарды өмір мен денсаулыққа қауіп-қатермен түсіндіруден қолайлы ештеңе жоқ емес пе. Мұндай сәттерде адамдар котировкаға қарамайды, үйлерінде құлыптанып отырады және өз құқықтарын шектеуге келісім берумен қатар ағартушылық диктатураны талап етеді.

- Сіздің ойыңызша, қазіргі дағдарыстың табиғаты қандай?

- Бүгінгі күні әлемде болып жатқан нәрсе «мінсіз дауыл» деп аталады, ал вирустің өзі, мен алдында айтқандай, – тек торт бетіндегі шие тәрізді. Жаһандық дағдарыс әлдеқашан пісіп жеткен болатын, бірақ оның көлеңкесі көкжиекте көріне бастаған сайын әлемдік державалар барлық ауыртпалықты әлсіздерге жүктей салатын. Алайда, осы жолы ол тәсіл жарамсыз болып қалды.

Әдетте мәселе энергия ресурстарының және өңделмеген пайдалы қазбалардың құнын төмендету арқылы шешілетін – олардың бағалары жасанды түрде төмендетілетін, бұл көбінесе эфемерлік қосылған құнды құрайтын экономикалардың өсуі үшін мүмкіндік беретін. Соңғы жылдары ол, негізінен, жоғары технологиялық компаниялардың виртуалды секторында қалыптасатын. Бұл стартап экономикасы деп аталатын нәрсе. Физикалық активтері жоқ бола тұра, іс жүзінде ештеңе өндірместен, GM, Ford, P&G сияқты технологиялық алыптарды ығыстырып, ең үлкен дивидендтерді жинап алатын.

Шын мәнінде, сол Google, Amazon, Microsoft және басқалары нарықтардың көлемін шектен тыс арттырып жіберді. Ал енді он жыл бойы орын алып келген тұрақтылықтан кейін инвесторларда: «Салынған триллиондардың ақшасы қайда?» - деген сұрақ туындай бастағанда, нарықты ресурстық котировкалардың тағы бір құлауымен қолдауға шешім қабылдады. Бірақ бұл жерде Қытайда коронавирус пайда болып, соның салдарынан тұтынудың баяулауы орын алды (ол туралы кейінірек). Нәтижесінде барлығы, негізгі нарықтарды қоса алғанда, ойын қарталарынан салынған үй сияқты құлап қалды. Қазір көрсеткіштер 2016 жылдың деңгейіне дейін төмендеді, ал инфляция мен өзге де құралдарды ескеретін болсақ, тіпті 2012 жылдың деңгейіне дейін төмендеді деуге болады. Және бұл жағдай біздің тек жол басында ғана тұрған кезіндегі жәйт деп қайталап айтамын...

Сондықтан мен мұнай тұтынуды қысқарту керектігі жөнінде үнемі айтып келемін. Ол кезең-кезеңмен жүреді және тиісінше лагпен нарыққа әсер етеді. Ағымдағы дағдарыстың нақты әсерін (бүкіл әлем бойынша карантиндік іс-шаралармен қоса) біз ОПЕК+ бойынша шарт өзінің қолданылуын тоқтатқанда, сондай-ақ әлемде көмірсутектер тұтынудың төменгі шегі анықталғанда сәуірдің соңына қарай ғана көре аламыз. Сол кезде өзге бағалы қағаздар бойынша түбі де көрінетін болады – өйткені мұндай сәттерде ақша ең құнды нәрсе болып табылады, ал қазір барлығы коронавирустық дағдарыс жалынында өртеніп кетпей тұрып тым болмағанда бірнеше нәрсені құтқарып қалуға тырысады.

МОНСТРДЫ ОЯТЫП ЖІБЕРУ

- Коронавирус қауіпті ауру шеңберінен шығып, одан әлдеқайда үлкен нәрсеге айналды деген ойыңыз бар ма? Біз жалпы не нәрсеге тап болдық?

- Қытайда коронавирус індеті – бұл шартты есептеу нүктесі. Аспан асты Үкіметі (шексіз билікті иелене отырып) ең алғаш рет ашық әрекет етті. Инфекцияның таралуы Қытай экономикасының тоқтауына алып келді, ал ол әлемдік ЖІӨ-нің бесінші бөлігін береді, негізгі өндіруші болып табылады. Егер біз дағдарыстың алдағы уақытта қандай траектория бойынша қозғалатынын түсінгіміз келсе, мұны ескеру маңызды.

Мұндай күрт тоқтату тұтынудың бәсеңдеуіне алып келді. Барлық нәрсенің – ресурстардың да, түпкі өнімдердің де тұтынуының құлдырауы! Және бұл түсінікті: егер Қытай сияқты алып тоқтап қалған болса, онда артық ресурстар пайда болады, және үзіліс неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым ауытқулар күрт сезіледі және соғұрлым сұраныстың қалпына келтірілуі күрделене түседіі. Өкінішке орай, вирус осымен тоқтап қалған жоқ, ол әлемге әрі қарай тарап кетіп, жаппай истерияға әкеліп соқты.

Адамдар әрдайым өз маңыздылығын әрқашан асыра бағалай отырып, зираттар орны толмас адамдарға толы екендігіне қатысты ғасырлық даналықты ұмытып кетеді. Надандық пен қорқақтық аралас қорқыныш (оның үстіне БАҚ-тар және әлеуметтік желілермен қыздырыла түскен) ауыруды алдымен пандемияға, ал содан кейін әлемдік қауіпке айналдырды. Өздерінің баға жетпес өмірлеріне алаңдайтын азаматтар қалыптастыратын қоғамдық пікірдің қысымымен, үкіметтер осы фобиялардың жетегінде жүруге, яғни вируспен күресуге одан әрі тереңірек үңілуге, жаңа шектеулерді ұсынуға мәжбүр болды. Ал, неғұрлым көп іздеген сайын, соғұрлым көп нәрсе табылатыны белгілі ғой. Қытайдың соңынан аурудың төмен көрсеткіштерімен бүкіл әлем карантинге бата бастады. Ұшақтар ұшуды қойды, жолаушылар пойыздары жүруді тоқтатты, туристік нысандар босап қалды, сауда-ойын-сауық орталықтары мен мейрамханалар жабылды.

Тіпті АҚШ сияқты пандемияға немқұрайлы бастиондар да ірі қалаларға әскерлерді енгізіп, карантин жариялап, вирусқа қарсы қару-жарақ жарысына қосылуға мәжбүр болды. Бірақ, мен алдында айтқандай, бұл тек басы ғана. Алда Пәкістан мен Үндістан, Африкадағы көптеген елдер бар... Бүкіл әлем тоқтаған кезде біз жаңа дәуірдің табалдырығына келіп жетеміз.

Қазір мен дағдарыстық жағдайда қандай елдер жақсы әрекет етіп, ал қандай елдер әлсіз әрекет еткенің талқылаудың ешқандай мәні жоқ деп есептеймінн. Вирустың өзін де талқылаудың мағынасы жоқ. Әлемнің және оның ішінде Қазақстан экономикасы қалай өзгеретіні туралы айтатын уақыт келді. Адамдар монстрды шығару арқылы (шын мәнінде болмаған жерде) өз таңдауын жасады, ал енді олар өз шешімінің экономикалық салдарларына дайын болуы тиіс. Тежелу нәтижелері айтарлықтай ауыр болуы мүмкін, сондықтан билік жалпы өміршеңдікті сақтау үшін әлеуетті шығындармен келісуі мүмкін. Бәлкім, Қытай солай істеген болар.

- Сіз «нәтиже» немесе «шығын» деп не жөнінде айтып отырсыз?

- Әлемдік карантин мамыр айында аяқталады деп болжап көрейік (ал көптеген елдер ТЖ режимін шілде айының соңына дейін ұзартып жатыр). Бір-екі ай ғана сияқты... Бірақ бұл жәйт адамзат ғаламын өзгерту үшін жеткілікті. Сарапшылардың болжамы бойынша, егер бәрі мамырға таман аяқталса, онда әлемдік экономиканың шығыны 15-20 триллион доллар деңгейінде болады, ал әлемдік ЖІӨ-нің құлдырауы 10%-ке жуық болуы мүмкін. Virstopтың ұзартылуының әрбір айы сайын бұл сандар тек өсе түсетіні түсінікті.

Кімдер және қалай зардап шегеді? Экономиканың барлық нақты секторы. Неліктен? Өйткені, ғаламшар халқының 90%-де жинақталған ақшалары жоқ. Адамдар бір төлемақыларын екіншісін алғанға дейін созып өмір сүреді, оның үстіне оны да әрдайым уақытында алмайды. Ал көптеген адамдар күнделікті табыспен күн көреді, және олардың ақшасы таусылып қалған болар, өйткені олар оны азық-түлік, дәрі-дәрмек және т. б. сатып алуға жұмсап қойды. Сонымен қатар, жұмыс орындарының тез қысқаруына байланысты нақты жұмыссыздықтың өсуі, оларды қалпына келтіру екі-үш жылға, ал, мүмкін, одан да ұзаққа созылуы мүмкін. Мемлекет тарапынан қолдау алатын халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтап қалған төлем ақысы төмен бюджетшілер қазір әлдеқайда ұтысты жағдайға тап болды, ал орта және креативті сыныптар өз ортасынсыз қалып қойды

Осының барлығы сұраныстың төмендеуіне және мүмкін болатын аштық бунттарға әкеледі. Соққыны жұмсарту үшін үкіметтер негізгі кірісті енгізуден бастап (мысалы, АҚШ-та әр адамға мың доллардан беруді жоспарлап отыр) жұмыстан айырылғандарға атаулы көмекке дейін әр түрлі шараларға барады. Ал Қазақстан сияқты елдер жергілікті экономиканы жойып, халықтың күрт кедейленуіне жағдай туындата отырып, алтын-валюта резервтерінде ақыр-аяғына дейін отырады деп сенімдімін.

КҮЙРЕУДЕН ҚҰТЫЛА АЛМАЙТЫНДАР

- Нақты салалар бойынша айта кетейік. Олардың қайсысы дағдарыстан неғұрлым қатты зардап шегеді?

- Авиациядан бастайық. Бұл саладағы күтілетін әлемдік шығындар шамамен триллион долларды құрайды. Әрине, аспанға бәрі оралмайды. Билік банкроттықпен келісе отырып, оларды қолдаудан айыруды жөн көреді, ал барлығы жанданғаннан кейін нарықты аман қалғандарынан құрастыра бастайды. Және бұл түсінікті: сұраныстың жылдам өсуін күтуге болмайды. Барлық индустрия күрделі қаржы моделінде құрылғанын түсіну керек, онда операциялық қызмет бір жыл бұрын жүзеге асырылған сатулармен кредиттеледі. Қазір бұл, шын мәнінде, несие қаражаты қайтару арқылы алынып жатыр.

Егер саланың жаңғыруы туралы айтар болсақ, алдымен іскерлік авиация қалпына келтіріледі. Ал туризм ұзақ мерзімге тоқтап қалды. Тиісінше, тек авиакомпаниялардың ғана емес, бүкіл әлем бойынша билеттер сататын агрегаторлардың да, оларды сату жөніндегі агенттіктердің де банкроттыққа ұшырауын күту керек. Бірақ бұл да ең қорқыныштысы емес. Әуе нарығында жұмыс істейтін лизингтік компаниялар да, жалпы авиақұрылыс та құлдырайды, себебі банкроттықтар қанатты машиналардың едәуір санының босатылуына алып келеді, яғни жаңа ұшақтарға деген сұраныс төмендейді. Дағдарысқа дейінгі «Боингпен» байланысты проблемалар аясында салдар аса ауыр болуы мүмкін, ал салада миллиондаған жоғары білікті қызметкерлер тартылған. Авиация тарапынан тұтынылатын жанармай көлемі айтарлықтай үлкен, яғни оның тоқтауы мұнай нарығындағы сұранысты автоматты түрде қысқартатынын атап өту маңызды.

Енді туристік бизнес және онымен өзара байланысты қонақ үй бизнесі туралы айтар болсақ. Көптеген мемлекеттер жеңілдік жасағанына қарамастан – мүлікке салынатын салықтар мен жылжымайтын мүлікке байланысты басқа да төлемдерді алып тастады, қызметкерлерді қысқартса да, – келесі 3-5 ай ішінде қонақ үйлерді күтіп-ұстау шығындарға әкеліп соғады. Егер бұл сегментті болса, яғни тек бір-екі елде ғана болса, мүмкін, индустрия төтеп бере алар еді. Бірақ клиенттер ешбір жерде жоқ. Коммуналдық қызметтерді төлеу және бос отельдерді күзету – карантинді алып тастағаннан кейін де қымбат тұратын нәрсе. Адамдардың әл-ауқатының айтарлықтай төмендеуі жағдайында туризмнің тез қайта жандануын күтуге болмайды. Агенттіктер мен операторларға келетін болсақ, олардың жедел қызметін сақтау туралы тіпті сөз де жоқ. Маусым өтіп кетті. Барлық ресурстар форс-мажор фонында қайтарылып алынған. Келешекте ақшасын қайтара алмағандармен байланысты сот ауыртпалықтары бар. Сала бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарды наурыз айының соңына дейін далаға жібереді, ал егер осындай жағдай мамыр айына дейін созылса, онда жұмысты уақытша мүлдем тоқтатады.

Сауда орталықтарын жабу. Олардың көпшілігі кредиттік ақшаға салынған, тіпті егер банктер реструктуризацияға барса да, қарыздарды төлеуді кейінге қалдыруға барса да, беріктік қоры оларға жетпей қалуы мүмкін. Жалға алушыларға да төлемдерді кейінге қалдыруға болады, бірақ бұл қадам жағдайды құтқармайды, себебі халықтың төлем қабілеттілігінің сұранысы қалпына өте баяу келтіріледі. Қазір адамдарда жаңа киім сатып алатын жағдайлары жоқ. Соның салдарынан көктемгі-жазғы ассортимент сұранысқа ие болмай қалады, ал күзгі-қысқы маусымға тапсырыс болатыны әзірге белгісіз.

Өз кезегінде бұл өнеркәсіп өндірісіне қатысатын барлық тізбекке әсер етеді. Ауыл шаруашылығы және химия өнеркәсібі өнімдерін тұтыну азаяды, бұл мұнайға деген сұранысты одан әрі қысқартады. Осы ретте жанармайды тұтынуға әсер ететін тағы бір фактор – көлік болады, тауарлардың әртүрлі түрлеріне сұраныстың елеулі қысқаруы жүк тасымалы саласындағы белсенділіктің бәсеңдеуіне алып келеді.

Мейрамхана бизнесі әзірге азық-түлік жеткізіп беру есебінен аман қалуға тырысуда, бірақ бұл ұзақ уақытқа созылатын нәрсе емес. Қымбат дайын тағамды тұтынуға жағдайы бар адамдар саны тез азая түседі. Олар ақшасын үнемдеуге кіріседі, өйткені ол қай кезде жұмыс істей бастайтынын білмейді. Кафелер мен мейрамханалар қызметкерлерін жұмыспен қамту бір айдан кейң мүмкін емес болады. Бұл жағдайда тұтыну түрі өзгереді. Қымбат өнімдер арзан, жергілікті және оңай қолжетімді өнімдерге жол береді. Жеке наубайханада шығарылатын нан үйде пісірілген нанмен немесе зауыттық «кірпішпен» алмастырылады. Кофе – шаймен алмастырылады (айтпақшы, кофе – әлеуметтік сусын, ол жиналып бірге ішуге арналған нәрсе, ал егер ол жоқ болса, онда шығынның мәні қандай?!). Тағамдарды үйде дайындау дәстүрі қайта оралып жатыр. Тіпті тұшпара, чебурек және мантыны да үйде жасау арзанға түседі, оның үстіне қол мен бас үшін де жұмыс табылады.

Кәсіпкерлік ортамен жұмыс істеуге бағытталған банк жүйесі жақын арада қиындықтарға тап болады. Іскерлік белсенділіктің және ең бастысы, төлемге қабілетті сұраныстың төмендеуі банкроттыққа ұшырайды. Мүмкін, каникул беріледі, міндеттемелерді қайта құрылымдау, яғни рефинансирование ұсынылады, бірақ жұмыс істеуге мүмкіндік болмайтындықтан, бұл тек қана уақытша шара. Ал егер карантин айтарлықтай ұзақ уақытқа созылатын болса, онда мүлде ешқандай мүмкіндік қалмайды.

Тұтынушылық несиелеуге бағытталған екінші деңгейдегі банктерде де қиын кезең болады. Иә, адамдар жан сақтау үшін қарызға ақша алуға, несиеге азық-түлік алуға дайын болады, бірақ бұл қашанға дейін созылуы мүмкін? Оның барлығы кейін қалай қайтарылады? ЕДБ белсенділігінің жалпы құлдырауы жағдайында, банктер мемлекет оларға қалай көмектесуге тырысса да, басқалары сияқты қызметкерлерді қысқартуға мәжбүр болады.

Сонымен қатар, адамдар депозиттерде келешекке сақтап қойған жинақтарын пайдаланатын болады. Көптеген адамдар еркін айырбасталатын валютаға ауыса отырып, қолма-қол ақшаның пайдасына осы құралдан мүлдем бас тартуды орынды деп есептейтін болады.

Енді сұлулық индустриясы туралы айтсақ. Қазір ол сала да жұмыс істеп жүрген бірнеше ондаған мың әйелдерді далаға шығарып тастады. Шаштараздар, «аяқтар мен қолдар», косметологиялық салондар, қызмет көрсетуші персонал мен жабдықтаушылар – бұл барлығы бүгін жасырын жұмыс істеп жүр. Ал егер коменданттық сағат еңгізілетін болса, олар да ақшаға мұқтаж адамдардың қатарын толықтырады.

Әр сала бойынша, әр бизнес бойынша дәл осындай жағдай. Расын айтсақ, ауыл шаруашылығы мен шағын қалалар бар, ал оларда қалыптасқан жағдайдың өсуі үшін үлкен әлеуеті бар. Оларды карантинге жіберу екіталай, себебі үлкен қалаларды тамақтандыру керек... Қазір әлемде көп нәрсе тауарлар ағыны есебінен шешілуде, бірақ Қазақстанның азық-түлік экспортына шекараны жапқан тәжірибесі көрсеткендей, қалған елдер де ішкі қажеттіліктерді тұрақты қамтамасыз етуді сақтап қалу үшін және сауданы шектеу үмітімен дәл сондай шаралар қолдануы мүмкін. Сол кезде ең қызықтысы басталады.

ШЫҒАР ЖОЛ БАР МА?

- Дағдарыс, сөзсіз, барлық елдерге соққы береді – біреулеріне көбірек, басқаларына азырақ. Қазақстан қаншалықты зардап шегеді?

- Қазақстанды осы координаттар жүйесіндегі дербес бірлік ретінде қарастыруға болмайды, өйткені біздің еліміздің экономикасы (тіпті оның аумағына, сонымен қатар пайдалы қазбалар қоры мен өзге де эконометриялық көрсеткіштеріне қарамастан) – бұл әлемдік ауқымдағы сәйкессіздік. Оның мәні қарапайым – тұтыну төмен, еңбек өнімділігі күлкілі. Оған қоса, тұтыну жүйесіндегі импортқа байлану және бюджетті толтырудағы ресурстардың экспортына іс жүзінде жүз процентті тәуелділік.

Ал дағдарыстың өсуіне ықпал ететін ішкі проблемалар да бар, атап айтқанда, экономиканы әртараптандыруға бағытталған барлық реформалардың абсолютті құлдырауы. Жаңа мыңжылдықтың жиырма жылында Қазақстан тек қас-бетті жақсартып қойғанмен, қандай да бір елеулі баға қосылған құн жасалмай, ресурстық ақшаның төңірегінде айналатын базар болып қалды. Мұнайдолларлар деп аталатын негізгі игіліктер барлығының негізі болып отыр. Жалпы алғанда, біз тек шартты құбырға қызмет көрсетумен айналыстық. Бизнес өзінің массасында өндіруші компанияларға, сондай-ақ осы компаниялар мен мемлекетке қызмет ететін адамдарға арналған сервис болып табылады, ол өз кезегінде ресурстарды сатудан алынған ақшаның бір бөлігін жұмсайды. Бұл үлес қандай екендігі, саланың жеткілікті түрде ашық болуы – қазір маңызды емес.

- Дағдарыс жағдайында біздің үкімет шараларының тиімділігін қалай бағалайсыз?

- Билік экономиканы жұмыс жағдайында қолдау бойынша шаралар топтамасын ұсынды. Олар маған өте даулы болып көрінеді, өйткені олар нарықтың басты принципін, атап айтқанда барлығын сұраныс шешеді деген қағиданы жоққа шығарады. АҚШ-тағы сияқты адамдардың барлығына ақша таратылмайды –шенеуніктер бұл шараны популисттік деп есептеді. Әзірге Алматыда және Нұр-Сұлтанда енгізілген карантиннен зардап шеккендердің барлығына бір ең төменгі жалақы (42 500 теңге) төлеу ұсынылды. Бірақ бұл төлемдерді алу құқығын алдымен дәлелдеу керек. Несие бойынша мерзімін кейінге қалдыру құқығын да дәлелдеу керек, алайда көптеген жағдайларда бұл кейінге қалдыру шарттары да өте күрделі. Бұл сондай-ақ коммуналдық қызметтерге де қатысты. Қозғалусыз қалған елді мекендерде оларды мүлдем алып тастап, осылайша олардың тұрғындарына көмектесудің орнына, сол шығындарды біршама кейінгі мерзімге ауыстыруды ұсына отырып, олар бойынша төлемді жыл соңына дейін жүргізуге рұқсат берді.

Дағдарыстан шығумен байланысты барлық проблемалар сұраныс өрісінде екенін түсініңіздер. Адамдар өз қорларын жұмсап тауысады, қарыз алады және өздерінің отбасылық бюджеттерінде оң теңгерімге қол жеткізгенге дейін тауарлар мен қызметтерді сатып ала алмайтын болады. Және бұл өте ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Өйткені шығу жолдары тек ішкі жағдайларға ғана емес, сыртқы факторларға да байланысты.

Бұл ретте бизнесті несиелендіру ұсынысы бұқаралық ойындар және қарқынды іс-әрекетті көрсетіп, көз бояушылық сияқты болып көрінеді. Егер өнім сатылатын орын да, сатып алушылар да болмаса, кәсіпкерлерге несиенің не қажеті бар? Жұмыс істемейтін қызметкерлеріне төлемақы төлеу үшін бе? Бизнесмендер ақымақ емес. Иә, біздің елімізде кәсіпкерлік ессіздікке тән, бірақ сол ЖШС мен ЖК-ларды өздеріне өлім тілейтін адамдар басқармайды ғой.

Мемлекет дағдарысты еңсеруге бөлінуге болжанған он миллиард доллардан жартысынан астамын экономикаға кредит беру жоспарлап отырған банктерге жібереді. Бірақ, қазіргі жағдайға қарағанда, бұл ақша, әдеттегідей, жай ғана ескі және проблемалық жобаларды төмен мөлшерлемелер арқылы секторды құтқару үшін қайта кредиттеуге жұмсалады. Ал одан қалатын ақшаны індетке қарсы іс-шараларға жібереді.

Сөзімді психологиямен аяқтағым келеді. Белгілі психотерапевт Вахтанг Джапаридзе карантиннің мінез-құлықтық аспектілері жөнінде өз көз-қарасымен бөлісткен болатын. Оның айтуынша, тиісті іс-шаралар аясында адам ең алдымен өз өмірінде болып жатқан жағдайды бақылау қабілетін жоғалтады, ең бірінші реакция мобилизация болып табылады. Бұл әрқашан өзінің жақын болашағын қорғауға бағытталған әрекеттен көрінеді. Сондықтан дүкендерде кезектер пайда болды, ал дәретхана қағазы мемге айналды. Біреулерде мобилизация тонусының жоғарылауымен және оң эмоциялардың өсуімен көрінді.

Егер карантин ұзаққа созылатын болса, онда тежеу мен уақыттың баяулау әсері пайда болады және адам өз әрекеттерінің салдарын барабар болжау қабілетін жоғалтады. Алдымен аздап қана, біртіндеп тіпті қисынсыз іске баруы мүмкін, мысалы, карантин орнына енуі ықтимал. Тиімділікті жоғалтумен дезадаптация орын алады. Бұдан әрі дезорганизация басталады. Болашақты да, өз іс-әрекетінің салдарларын да барабар болжау қабілетін жоғалтып, адам әлеуметтік жауапкершілік, қауіпсіздік, өзін-өзі сақтау, жақынға қамқорлық сезімінен айырылады. Және бұл жерде алкоголь, есірткі, уытты ақпарат арқылы өзін-өзі бүлдіру немесе сыртқы агрессия орын алады. ол қоршаған ортамен болатын жанжалдарды, заттар мен адамдарға қатысты агрессияны, әлеуметтік жауапкершілікті жоғалтумен іс-әрекеттердің прогрессивті барабар еместігін болжайды.  

Осының барлығын мен біздің мемлекетіміз өз азаматтарына ақшалай көмек көрсеткісі келмесе, олардың психологиялық мәселелерін шеше бастасын деп айтып отырмын.

Комментарии