Сейсенбі, 19 қаңтар 2021 ЖЫЛЫ
7939 29-10-2019, 12:10

Көшіп кету дұрыс па, әлде қалған жөн бе: Қазақстанды урбанизация қақпанынан қалайша сақтап қалуға болады?

Қазақстанда бұдан әрі күшейіп келе жатқан урбанизация процесінің дұрыс жағы болғанымен, сонымен қатар оның теріс салдары да бар. Бірақ ол туралы ең жоғары деңгейде алаңдаушылықпен айтуды бастағанына қарағанда, үлкен қалаларға «жаңа қан» құйылуынан келген пайдадан гөрі соншама ауқымды ішкі көші-қонның теріс салдары әлде қайта көп сияқты көрінеді.  

 

Үлкен қалалар, шын мәнінде, өзіндік бір «көші-қон шұңқырына» айналды. Олардың тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымына түсетін жүктеме барлық ақылға қонымды шектерден асып түсті. Мегаполистердің шеткі аумақтары әлеуметтік-экономикалық маргинализация аймағына айналды, ал мемлекет енді осының салдарынан пайда болған сәйкессіздікті қалай да болмасын тәртіпке келтіру үшін миллиардтаған теңге жұмсауға мәжбүр. Қалалардағы өндірістің және тиісінше жаңа жұмыс орындарының жеткілікті саны құрылып жатпағандықтан, көптеген ауылдардан шыққан адамдар өздеріне жұмыс таба алмай және өзге де өмір жағдайларына бейімделе алмай, криминалдың қатарын толықтырады – бұл жәйт оларды жергілікті тұрғындар тарапынан қабылдамауға алып келеді – ал осыдан елеулі әлеуметтік қақтығыстар орын алуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, зерттеушілер атап өткендей, экономикалық және адами әлеуеттің бір-екі мегаполисте жаппай шоғырлануы басқа аймақтардағы істердің жағдайына және жалпы елдің дамуына кері әсерін тигізеді. 

Осы жағдайдан шығу жолдары барма деген мәселе жөнінде біз ҚР тұңғыш президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Айман Жүсіповамен әңгімелесеміз. 

Табиғи процесс

- Жақында мемлекет басшысы қалалардың аса көп халық саны енді мақтан тұтатын нәрсе емес, бұл өз шешімін талап ететін мәселе болып табылады дей отырып, ішкі көші-қон үдерістерін бақылауды күшейтуді тапсырды. Оның айтқан сөздерімен келіспеу қиын. Сонымен қатар, қазақстандық билік соңғы жылдары «жұмсақ түрде» болса да, бірақ халықтың ауылдардан қалаларға ағуын мақсат еткен мемлекеттік бағдарламаларды ұсына отырып, урбанизациялауды жақтап шыққан болатын. Еліміздің картасында тағы бір «миллиондық»-қаланың пайда болуын, болашағы жоқ жүздеген ауылдарды жоюды еске түсіру де жеткілікті. Бір сөзбен айтқанда, мұндағы қарама-қайшылық айқын көрінеді. Біз өз-өзімізді бір бұрышқа тығып жіберіп, енді сол жасанды қапқаннан шығу жолдарын іздейміз бе? 

- Ішкі көші-қон соңғы жылдары шын мәнінде ауқымды сипатқа ие болды, бірақ бұл жерде ешқандай қарама-қайшылықтар жоқ. Алдымен сандарға қарайық. Халықтың өңір ішінде және өңірден өңірге ағу процесін шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде, 1991 жылдан 2014 жылға дейін, ішкі көші-қон жыл сайын 81600-ден 177298 адамға дейін өзгеріп отырды. Екінші кезеңде, 2015 жылдан бастап, бұл көрсеткіштің «шекті» мәнінен (200 мың) асып түсуі байқалған болатын, ал 2018 жылы ол 386484 адамға жетті. Яғни, тек қана төрт жыл ішінде ішкі көші-қон деңгейі 2,1 есе өсті. Осындай елеулі өсудің себептері көп, оларды ұзақ уақыт бойы есептеп отырып, талдауға болады, бірақ Нұрсұлтан Назарбаевтың 11 қазанда өз сұхбатында ішкі көші-қон объективті және табиғи процеске ие екенін атап өткен болатын, ал осы сөздермен келіспеу қиын.

Біріншіден, аграрлық сектор бүгінде қазақстандықтардың 40 проценттен астамы тұратын ауылдарда халық санына пропорционалды болатын жұмыс күшіне деген сұраныстың жоғары деңгейін құра алмайды. 

Екіншіден, ел ішіндегі көші-қон ағынын күшейтуде өңірлердің экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан саралануы елеулі рөл атқарады, бұл халықтың табысы мен жұмыспен қамтылуы деңгейіне тікелей әсер етеді. Осы өмір сүру деңгейі төмен орындардың тұрғындары тұрақты және лайықты ақы төленетін жұмысты, сондай-ақ «үздік үлес» ұғымына кіретін барлық нәрселерді басқа өңірлерде іздеумен айналысуға мәжбүр. 

Үшіншіден, маңызды фактор (көптеген қоныс аударушылар үшін ол басты қозғаушы күш) – қалаларда өмір сүру ниеті болып табылады. Олар өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға құштар, ал бұл тұрғыда мегаполистер мен ірі қалалар аса артықшылықтарға ие: онда өмір адамға өзінің әлеуетін барынша толық ашуға мүмкіндік береді, қарым-қатынас жасауға, мәдени тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.  

Екі ортада баланс іздеуде

- Ауылдан қоныс аударушылар үшін бұл өмір сүру сапасын арттыру мен жағдайды жақсарту мүмкіндігі екені түсінікті. Бірақ көшіп-қонушылардың жаппай ағыны қалаларға не береді? Әлуетті әлеуметтік қақтығыстарға, өмір сүрудің жайлылық деңгейінің төмендеуіне, үлкен ауылға айналып кету қаупіне байланысты тәуекелдер мен қауіптер береді ме? 

- Әрине, ішкі көші-қон әрдайым оң сипатқа ие бола бермейді. Бірақ, тұтастай алғанда, адамдар топтастырылған қалаларда өмір сүре бастағаны, экономиканың дамуына, оның әртараптандырылуына тікелей әсер етеді. Осы әсердің плюс белгісі бар. Бүгінгі таңда болашақ – қызмет көрсету индустриясына тиесілі деген көзқарас жиі естіледі. Бұл тұрғыда қалалар дәстүрлі түрде сатып алушыларға жақындық, тығыздық есебінен ұтады. Жалпы алғанда, әртүрлі елдердегі зерттеушілер болашақта мемлекеттер дәуірі саяси және экономикалық өмірдің негізгі хабына айналатын қалалар дәуірімен ауыстырылатынын жиі болжайды. 

- Шынында да, өңір неғұрлым урбанизацияланған сайын, ол жерде өмір сүру деңгейі соғұрлым жоғары екенін әлемдік тәжірибе дәлелдейді. Бірақ біздің мегаполистеріміз барлық қалаушылар үшін айлақ болуға әзірге дайын емес. Екінші жағынан, адамдар үлкен қалаларға амалсыздан ұмтылатыны түсінікті. Нәтижесінде тағы да қарама-қайшылық. Осы қарама-қайшылықты таяу перспективада жоюға болады ма? Оны азырақ шығындармен іске асыру мүмкін бе? Сол бір балансты қайдан іздеу керек? Халықтың үлкен қалаларға көшуін қатаң реттейтін кеңес өкіметінің жақсы ұмытылған тәжірибесінен бе? Немесе, мүмкін, мәселенің өткірлігін жоюға ауылдарды дамытудың және қолдаудың жаңа бағдарламалары мүмкіндік береді ме? 

- Азырақ шығындар және баланс табуға келетін болсақ, айтарым мынау: азаматтарда мемлекеттік органдар тарапынан қандай да бір шектеулерсіз тұрғылықты жерін таңдауға мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл кез келген адамның ажырамас құқығы болып табылады. Бұл ретте, халық жасайтын таңдау объективті сипатқа ие болуы үшін ауылдарды дамыту қажет. Яғни, адам әлеуетін дамыту үшін бірдей жағдай жасау керек, адамдардың қалаларда да, ауылдық жерлерде де өмір сүруінің бірдей жайлылығы мен перспективаларын қамтамасыз ету қажет. Осы тұрғыдан, менің ойымша, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы өте маңызды және уақтылы болып табылады. Оның шеңберінде өмір сүру сапасының қазіргі заманғы стандарттарына сәйкес Қазақстанның ауыл халқының кемінде 80 проценті тұратын ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын жаңғыртуды жүзеге асыру көзделіп отыр. Әңгіме нақты нәтижелерді көздеп отырып есептелген нақты инфрақұрылымдық жобалар туралы болып отыр. 

Бәрақ мәселе көптеген тұрғындар, осы нәрселердің барлығы дәл солар үшін ұйымдастаралып жатқанына қарамастан, қандай нақты жобаларды жүзеге асыру жоспарланғаны туралы хабардар еместігінде. Тиісінше олар алдағы перспективаларды бағалау үшін барлық «оң» және «теріс» нәрселерін объективті түрде өлшей алмайды, сондықтан туған ауылда қалу жөнінде немесе қалаға көшу жөнінде өздері шешім қабылдай алмайды. Сондықтан оларды қандай объектілер және қашан пайда болатынын, олардың құрылысына кім жауапты екенін барынша толық хабардар ету қажет. Бұл ретте, егер біз азаматтарды мемлекетті басқару процесіне тарту қажеттілігі жөнінде, халық пен билік арасындағы диалогты жолға қоюдың маңыздылығы туралы жоғары деңгейде айтқан болсақ, жергілікті тұрғындардың өздері не қалайтынын, не нәрсе бірінші кезекте, ал не нәрсе екінші кезекте қажет екенін, бөлінетін бюджет қаражатын барынша тиімді нәтиже алу үшін қалай пайдалану керектігін білуіміз керек еді. Өйткені олар өз елді мекендеріне не қажет екенін біледі, не нәрсе басымдық болуы тиіс екенін басқа басқалардан гөрі әлде қайда жақсы біледі. Сонымен қатар, мұндай тәсіл жергілікті жастарды (негізінде дәл солардың көпшілігі жұмыс іздеумен қалаға кетіп жатыр) объектілердің құрылысына тартуға мүмкіндік береді, бұл да жастардың ауылдан кетуін қысқартуға ықпал етеді. 

Ішкі көші-қонмен байланысты үдерістерді зерттейтін зерттеушілер үлкен ауылдардағы маңызды мәселе – жер мәселесі болып табылатынына бұрыннан назар аударады. Онда, елді мекендерге қарағанда, ауыл шаруашылығына арналған жерлердің де, тұрғын үй құрылысына арналған учаскелердің де жетіспеуі байқалады. Бұл жәйт жиі күрделі әлеуметтік шиеленістерге әкеледі. Ал мұндай ауылдарда көп қабатты пәтерлік үйлер салу арқылы осындай мәселені алып тастауға болады. 

Ауылдық аумақтарды дамыту және әсіресе тірек ауылдарды құру жоспарында жолдар үлкен маңызға ие, өйткені онда халықтың кеңістік бойынша қозғалуының биік дәрежесі немесе маятникті көші-қон байқалады. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасында осы аспект те ескерілген және, үміттендіретіні, осы мәселе өз шешілуін талап ететін жеке міндет болып бөлінген. Енді оның орындалуын бақылауды қамтамасыз ету қажет. 

Әрине, көп нәрсе халықтың жұмыспен қамтылуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға қатысты мәселелер қаншалықты тиімді шешілетініне байланысты, – олар да бағдарламада көрініс тапты. Жалпы оны іске асыруына барынша көңіл аудару маңызды. Ірі ауылдар жеке көзқарасты қажет етеді – бұл жерде әңгіме тек әлеуметтік инфрақұрылым туралы ғана емес, сондай-ақ осындай елді мекендердің неғұрлым күрделі құрылымын ескеруге және олардың халқының санына сәйкес келуге тиіс басқару жүйесі туралы да болып отыр. 

Сурет: https://kstnews.kz 

 

Комментарии