Сурет: Vlast.kz
Қордай трагедиясы он адамның өмірін қиып, әрбір қазақстандықтың жүрегіне, ол қай тілде сөйлесе де, қандай құдайға табынса да, өте ауыр тиді. Бірақ біздің «біріккен ұлттар» еліміздің есігін қаққан қайғы-қасірет осы елді мекендеп, ұлтаралық достығын мақтан тұтқан халықтарды ортақ қайғымызда біріктірмеді. Тіпті, керісінше, төгілген қанның иісінен біздің арамызда нағыз ұлтшылдық қызбалылыққа ұшырағандар аз емес болып шыққандықтан осы қасірет бізді бөліп, баррикадалардың екі жағына қойды.
Шынайы патриоттар ма әлде әдеттегі «трольдер» ме?
Сонымен қатар, қаншама таңқаларлық болғанмен, өткен жылы президенттің бастамасы бойынша жалпыұлттық үнқатысуды дұрыс жолға қою үшін құрылған ҰҚСК мүшелерінің кейбіреулері әлеуметтік желілерде көтерілген толқындардың авангардына шықты. Қызбалылықты тыныштандыруға тырысып, туындаған жанжалды өркениетті түрде шешуге шақырудың орнына, олар жанып жатқан оттың үстіне жаңа отын ағаш лақтыра бастады. Ауыр тақырып бойынша айтылған пікірлерімен бұл адамдар жай ғана өздеріне назар аударып қоймай, сондай-ақ олар ҰҚСК сияқты құрылымның өмір сүруінің мағынасын жоққа шығарды. Кем дегенде олар кеңес қатарында қала бергенше ешқандай қоғамдық сенім туралы сөз болуы мүмкін емес. Мысалы, өзін блогер және құқыққорғаушы ретінде ұсынатын Айгүл Орынбекті алайық. Жанжалға қатысушы топ Масанчи селосын «тазалауға» ұмтылған кезде ол мессенджерлерде арандатушылық таратылымдардың ықпалына беріліп «қорқыту акциясына» қосылғандарды тоқтатуға тырысқан сияқты еді. «Жан-жақтан жиналудың қажеті жоқ!», - деп үндеу салды Орынбек өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында. Бірақ ол сол сөздерді басталған шайқасты тоқтату үшін айтпаған болып шықты, «құқыққорғаушы» алдында айтылған сөздерін осылайша түсіндірді: «Тараздың жігіттері жазасын беріп қойды деп ойлаймын!».
Біздің БАҚ-тарымыз жиі Айгүл Орынбек туралы: ол «білімі бойынша заңгер, сондықтан оның Facebook-тегі постылары әділдік пен заңның орындалуы үшін күреседі» - деп қуана жазады. Мұнымен келіспеу қиын. Ол осы постында да заңтану саласындағы білімін жарқыратып: «Балалардың жазығы жоқ! Артық кетпеу керек! Әйел мен балаларға қол көтеру бұл бұзақылық!» - деп, әйелдер мен балаларға іс жүзінде аналық қамқорлығын көрсете білді.
Әрине, қалғандарына қатысты зорлық-зомбылықты Орынбек әділдіктің шыңы ретінде есептейді деп ойлағымыз келмейді, бірақ, айталық, оның постынан сөздерді алып та тастамайсың, қоса да алмайсың.
Алайда, бұл нақты жағдайда мұндай риториканың уыттылығы таңдандырмайды, өйткені біздің қоғамды «өзіміздікілерге» және «бөтендерге» бөлу жолымен «ықпалды блогердің» (бұл ҰҚСК-ның осы мүшесінің қызметіне қатысты тағы бір мақтау дәйексөзі) үдемелі қозғалысының жалғасы болып табылады. Айгүл Орынбектің ауызынан бірнеше рет арандатушылық мәлімдемелер айтылған болатын. Ол қытайларға тұрмысқа шыққан қыздарды тек азаматтықтан ғана емес, сондай-ақ бала туатын органдарынан да айыруға шақырғанын, ал ер адамдарға қазақтарды жек көретін және оларды өздеріне бағындырып алатын орыс әйелдерін алмауға кеңес бергенін естеріңізге салудың қажеті жоқ болар.
Белгілі журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай да өз «үлесін» қосты. Ол халыққа көбінесе өзінің екі ажырасуымен танымал.
Ол Қазақстандағы «титулдық емес» этностардың өкілдеріне тек бір ғана «Шаңыраққа қара!» деген сөз тіркесін қатты дауысты жария ету арқылы: абай болыңыздар, сіздер өз үйлеріңізде емессіздер деп түсіндірді.
Ал мұсылмандардың пантеонында басқа дін өкілдерінің жанында жерленуіне қатысты өзінің қауіптерімен (оның айтуынша, ол ұлтаралық арандатушылыққа себеп болуы мүмкін) бұрыннан «танымал» болған белгілі дінтанушы, философия докторы Қайрат Жолдыбайұлы одан да асып түсті. Енді ол өзі үшін қос стандарттар – ешқандай бос сөз емес екенін білдірді: дінтанушының пікірінше «титулдық» халыққа басқаларына рұқсат етілмеген нәрселерге жол беріледі.
Оның әлем картинасында барлығы да анық: «Кешегі қазақ жігіттерінің әрекетін түсінуге болады. Іштегі қорланған намыс сыртқа шықты». Тергеудің де, арнайы құрылған комиссияның да қорытындысын күтпестен, ол кінәлілерді тағайындады. «Дүнген жастарының бұзақылығы барып тұрған басынушылық», - деп мәлімдеді Жолдыбайұлы «Фейсбукте», содан кейін былай деп жалғастырды: «Кінәлілер заң алында ең қатал жазаға кесілуі керек. Ақсақалдары кешірім сұрапты (шамасы, әнгіме дунген ақсақалдары жөнінде болар – ескерту ред.). Тек кешірім сұраумен шектелмей жастарын жас кезінен қазақ халқын сыйлауды, шаңыраққа қарауды әр отбасы, ошақ қасында кішкентайларынан үйретулері қажет. Кешегі жағдайдан барлық диаспоралар сабақ алып, осы бағытта тәрбиелік жұмыс жасаулары қажет. Биліктен кешегі жағдайға қатысқан қазақ жастарын жауапқа тартпауын талап етеміз».
Қайрат Жолдыбайұлы тұтастай бір диаспораға осыншама қатты айып таққанда қолданған мәліметтерді қандай деректерден тапқанын кім білсін. Ал егер біреулерді жазалап, басқаларды жауапкершіліктен босатса, онда барлық диаспоралар сол қанды қақтығыстан қандай сабақ алулары тиіс? Олар өз елінде заңнан тыс деген сабақ па? Мұндай мәлімдемелер қаншалықты алысқа апарып соғатынын философия докторы, теолог түсінуі қажет емес пе?
Жоғарыда аталған ҰҚСК мүшелері, әрине, төзімділікпен күресте «батырлық» көрсетті. Бірақ басты «батыр» Мұхтар Тайжанға олар жете алмас.
«Шындық үшін күрескер», немесе Айқын болғанмен сенімсіз нәрсе
8 ақпан күні таңертең, өртенген үйлер әлі де түтіндеп жатқанда, ал зардап шеккен ауылдарға кірген әскерлер сол жерде тәртіп орната бастағанда, бұл қоғам қайраткері өзінің жеке тергеулерін аяқтап, оның қорытындысын жария етті: «Жас дүнгендер қазақ ақсақалына қалайша қол көтерді?... Қазір ақсақалға ең бірінші қол көтергендерді және полиция қызметкерлерімен күндіз төбелескен адамдарды тауып, жазалау керек. Орын алған оқиға үшін жауапкершілік толығымен дәл соларға тиесілі». – деп жазды ол өзінің «Фейсбук» парақшасында.
Айтпақшы, сәл кейінірек сол қақтығыстың басқа жағы одан үлгі алып, болған оқиғаның өз нұсқасын айтқанына наразылық білдірді. «Тергеу аяқталмай тұрып қазақстандық дүнгендер қоғамның төрағасы Әбубәкір Воинце қандай құқықпен өз қорытындыларын жариялайды? Үкімет комиссиясының мүшесі ретінде ол осы комиссияның жұмыс нәтижелерін күтуі тиіс. Заңгер және ІІМ-нің бұрынғы тергеушісі ретінде ол мұны білуі тиіс», - деп ашуланды Тайжан. Ал сонымен қатар ол өз-өзіне осындай құқық беріп, сол оқиғаның өз нұсқаларын айта отырып, қоғамды одан әрі алаңдатуды жалғастырды.
Келесі күні ол тағы да өзінің жаңа сеансымен «эфирге шықты»: «Куәгерлердің айтуынша, кешке Масанчидің маңында басқа ауылдардан қазақтар жиналды. Олар өз көліктерін елді мекенге кірмей жол бойында қалдырып кеткен. Ол кезде қиратулар мен автомобильдерді өртеу болған жоқ». Сол күндері пайда болған көптеген бейнероликтердің бірінде айтылған ақпаратқа сүйеніп, ол әрі қарай «ізбен» жүрді: «...Масанчидің тұрғындары жиналған адамдар тобына карабиндермен атып, оларды ауылдан қуып жіберді. Атыс қаруы қолданғандықтан, қазақтардың өз машиналарына қайта отыруға мүмкіндігі болмады, сондықтан олар көліктерін бастапқыда қойған жерде қалдырды. Масанчи тұрғындары жиналғандарды ауыл аумағынан қуып жіберіп, қайтарында жол бойында тұрған машиналарды өртеді. Осыдан кейін қазақ жастары ашуланып, түнде оларға жауап ретінде соққы берді».
Осымен бітті, іс жабылды, тек айыпталынушыларға мінездемелер жинастырып, «сотқа» беру ғана қалды. Дегенмен, мінездемелер де табыла қалды. Кейбір журналистердің жарияланымдарына сілтеме жасай отырып, Мұхтар Тайжан «...қыздар кешке көшеде жүре алмайтын, себебі дүнгендер оларға сөйлейтін; бірнеше жыл бұрын дүнгендер Қазақстанның туын өртеді; дүнгендер тек өздерінікі және математика қажет, ал өзге пәндер керек емес деп жергілікті мұғалімдерді ұрады; дүнгендер үнемі «жер сендердікі, ал билік біздікі» деп мәлімдейді; олар «барлық билікті толығымен сатып алған, сондықтан оларға ештеңе де болмайды»; «онда олардың әр қайсысында психиатрдың анықтамасы бар, сондықтан оларды жауапкершілікке тарту мүмкін емес...» - деп мәлімдейді.
Мұндай мәлімдемелерді оқыған адамда да егер бұл араздықты тұтататын нәрсе болмаса, одан басқа не? – деген сұрақ туындайды. Егер бұл арандатушылық емес болса, онда бұл не нәрсе? Бұл фактілерді кім және қашан тексерді? Егер олардың барлығы шын мәнінде орын алған болса, неліктен жергілікті тұрғындар оларды жасырып жүрді, неліктен тиісті қылмыстық іс қозғалған жоқ? Алайда, қай кезде «ақиқат үшін күрескерлер» осындай сұрақтарға жауап іздеумен айналысқан еді? Және оларға оның қажеті не? Айыптау сөз дайын емес пе.
Айыптау нені талап етеді?
Мұхтар Тайжан өзінің кезекті постында: «Менің ойымша, бүгін үкімет дүнгендерді осы ауылға кері қайтару жөніндегі іске асыруға мүмкіндігі жоқ идеясынан бас тартуы керек», - деген қорытынды шығарады - «Әйтпесе келесі қақтығыстар мен жаңа құрбандар болады. Мұның қажеті не? Тіпті ерлі-зайыптылар да бір кезеңде күнәға жеткізгеннен гөрі ажырасқандары дұрыс. Негізге шынайы жағдайды алу керек: қан төгілгеннен кейін ол жерде қазақтар мен дүнгендердің бейбіт өмір сүруі енді болмас».
Ал ешкімде елес қалдырмау үшін ол аз ұлттардың өкілдерін қатаң түрде ескертеді: «Диаспораларға сөз арнаймын. Иә, ресми идеология осы жылдар бойы сіздерге қазақ халқының төзімділігі, мейірімділігі және жұмсақтығы туралы айтып келді. Бұл солай. Бірақ бұл достар мен қонақтарға ғана қатысты. Жауларға қатысты біз әрқашан қатал және жауынгерлі болғанбыз. Біздің ұлдарымыз бен қыздарымыз 3 жастан бастап атқа мінетін, 13 жастан бастап әрбір ер баланың өз қаруы болды. Егер біз жауынгер болмасақ, мыңдаған жылдар бойы осындай территорияны қалайша сақтап отырдық, бұл туралы ойланыңыздар. Біз әрқашан дос болуға дайынбыз. Ал бірақ біздің ошаққа, шаңырақ пен тілімізге қол сұғушылық болған жағдайда бәрі де өте қатаң және ымырасыз болады».
P.S. орнына
Мұхтар Тайжан Қордай ауданындағы жағдай бойынша ҰҚСК арнайы отырысын жинау туралы бастама көтерді. «Ресми болмаса да, камералық түрде болсын, бірақ біз президентке мемлекеттік ұлттық саясатты қайта қарау қажеттігін жеткізуіміз керек. Әйтпесе келесі қақтығыстар мен құрбандарға таңданбаңыздар», - деп мәлімдеді ол.
Мемлекет жүргізіп отырған этносаралық қатынастар саласындағы саясат баяғыда бүлінгені жөнінде кім де кімнің дауласуы екіталай. Бірақ ҰҚСК бұны жөнге келтіре ала ма? Тайжан мырзаны ренжіткіміз келмейді, бірақ оның және оның пікірлестерінің айтқан сөздерінен кейін бұл мағынасыз бастама болып көрінеді. Олардың еңбегінің арқасында ҰҚСК қоғамдық диалог жүргізуге мүлдем дайын емес ұйым атағына ие болды. Осы контексте қоғам ретінде Қазақстанда тұратын этностардың барлық алуан түрлілігін түсіну керек.
ҰҚСК қатарынан өзінің ұлттық «мен» деген ұғымнан әрі іс жүзінде ештеңе көрмейтін адамдар кеткен жағдайда ғана осы ұйым шеңберінде идеология және этносаралық қатынастар мәселелерін талқылаудың мәні болады. Ұлтшыл-патриотизм алаңында ойнайтын олар үшін ондай көзқарас та жеткілікті шығар. Бірақ тұтастай алғанда қазақстандық қоғам үшін ол мүлдем аз…