Сейсенбі, 27 қазан 2020 ЖЫЛЫ
1306 21-05-2019, 13:27

Қымбат тұратын имидждік жобалардан Қазақстанға пайда жоқ. Ал біреулер үшін олар сөзсіз тиімді

Біздің шенеуніктерімізді дағдарыстар да, халықтың әл-ауқатының нашарлауы да, тіпті мемлекет басшысының тапсырмалары да ақша үнемдеуге мәжбүрлемейтін көрінеді. Бұл әбден түсінікті, өйткені ең жақсы істей алатын нәрселерден (мысалы, әртүрлі «имидждік» іс-шараларды ұйымдастырудан) бас тарту қиын. Басқа бір нәрселерге салыстырғанда, бұл істе Қазақстан өте қысқа мерзімде біршама жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымында жасаған алғашқы мәлімдемелердің бірі мемлекеттік аппараттың артықша ақша жұмсауына қатысты болды. Egemen Qazaqstan және Aiqyn газеттеріне берген сұхбатында ол бюджет қаражатын артықша қымбат іс-шараларға жұмсауды тоқтатуға шақырды. Расын айтсақ, бұл тапсырма (оның басқа сөздеріне қарағанда) мүлдем елеусіз қалдырылды. Егер естеріңізде болса, Нұрсұлтан Назарбаев та өзінің қарамағындағыларынан мемлекетке материалдық пайда әкелмейтін тиімсіз шығын мен қымбат имидждік жобалардан бас тартуды бірнеше рет талап етіп, тіпті жазалаумен қорқытқан болатын. Бірақ шенеуніктер бұдан үнемшіл бола қалмады, тіпті керісінше...

Жыл сайын біздің елімізде ондаған ірі халықаралық форумдар мен конференциялар өткізіліп тұрады, олар тек қазынаны қатты шығындарға ұшыратып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлерді негізгі жұмыстарымен айналысуға кедергі жасайды. Мысалы, таяуда «Нұр-Сұлтан экономикалық форумы» (бұрынғы атауы – «Астана экономикалық форумы») жетінші рет басталады, оған жүзден астам елден 5 мыңға жуық адам қатысады. Ал оның бюджеті 1,4 млрд теңгені құрайтын болады! Бұл, ұйымдастырушылардың пікірінше, егер оны 3,1 млрд.теңге жұмсалған өткен жылғы форуммен салыстырса, әбден лайықты сома,...  

Енді қалыптасқан дәстүр бойынша, осы іс-шараны қорытындылай келе, шенеуніктер «өте үлкен табысқа» қол жеткізілді, осыншама меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды деп мәлімдейтін болады... Ал бірақ нақты инвестиция түріндегі шынайы қайтарым туралы ешкім қазір де, жеті жылдан кейін де тіпті үн қатпайтын болады. Және сол форумның өзі туралы да көп ұзамай бәрі ұмытып кетеді. Бұл зауыттар салу емес қой... Біз тіпті ЭКСПО туралы да мүлдем ұмыттық – ол тек мемлекет жұмсаған үлкен шығындарға байланысты ғана еске алынады. Оңай ма: 565 миллиард теңге шығын жасалғанмен, әлі бірде-бір бейінді ведомство Қазақстан үшін осы «орасан зор іс-шарадан» алынған практикалық пайдасы туралы есеп берген емес.

Сонымен қатар, еліміздің әр облысында жыл сайын, әрине, мемлекеттің есебінен өткізіліп тұратын инновациялық, инвестициялық, бизнес және т.б. форумдар бар. Мүмкін, олар жеке-жеке алғанда салық төлеушілердің қалталарына соншалықты үлкен ауыртпалық әкелмейтін де болар, бірақ егер барлық осы шығындарды қосатын болсақ, онда біз шын мәнінде бюджеттегі «қара шұңқырға» көз жеткіземіз. Бұл іс-шаралардың бастамашылары кейінге қалдырылған әсері туралы (ерте ме, кеш пе, оның әсері міндетті түрде болады, деп) қаншама көп айта бергенмен, оларға салынған қаражаттың кем дегенде бір бөлігін өтей алуымыз екіталай.

Ал егер нәтиже жоқ болса, барлық форумдардан бас тартып, отандық экономика үшін пайдалы жобаларға ақша жұмсау дұрыс емес пе?

Александр Юрин, экономист: «Бұл белгілі бір тұлғалар тобы үшін өте тиімді»

- Іс жүзінде имидждік іс-шараларды ұйымдастыру, оның ішінде барлық мүмкін болатын форумдар, халықаралық спорттық іс-шаралар, көрмелер мен т. б., белгілі бір тұлғалар тобы үшін өте тиімді болып табылады. Оларды өткізу кезінде мердігерлер ретінде қатысқан, яғни тапсырыс беруші компанияның бірқатар ішкі қызметтерін алған Бизнес-құрылымдар кең ауқымды мемлекеттік тапсырыстарға қол жеткізеді. Шенеуніктер мен квазимемлекеттік секторы компанияларының топ-менеджерлері – олар да бірдеңе істеп жатқанын көрсету үшін, ал кейбір жағдайларда «откат», яғни алғыс айтудың ақшалай баламасы және «ақшаны бөлу» есебінен байлыққа қол жеткізу мүмкіндігі (ЭКСПО-2017 дайындығына байланысты дау-дамайларды еске түсірейік). Оның үстіне имидждік іс-шараларды ұйымдастыруға арналған шығыстарға есеп беру, нақты экономикалық маңызы бар жобалармен салыстырғанда, әлдеқайда жеңілдеу. Мысалы, зауытты салып қана қою жеткіліксіз – бұл зауыт сондай-ақ жұмыс істеп, бірдеңе өндіре бастауы керек. Ал кезекті имидждік іс-шаралар туралы барлығы бірнеше айдан кейін ұмытып кетеді.

Сонымен қатар, шығыстарды елдің имиджі мен беделін ілгерілету тұрғысынан әртүрлі форумдарды өткізумен ақтау өте даулы болып табылады. Мысалы, өткен форумдар қатысушыларының аттарын және олардың айтқан идеяларын бірден еске түсіре алуыңыз екіталай. Осындай іс-шараларды өткізу нәтижесінде елімізге қанша инвестиция тартылды, оларды өткізу  барысында қандай да бір нақты халықаралық келісімдер жасалды ма? Бұл сұраққа сіз де нақты және бір жақты жауап бере алмайсыз.

Дегенмен, алдағы Нұр-Сұлтандағы форум аясында ерекше бір нәрсе орын алатын болады. 10 мамырда Ұлттық банк өзінің «Фейсбуктегі» парағында күтпеген жерден АЭФ-ға Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард келуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл іс-шара оны немен қызықтырғанын біз әзірге тек қана болжай аламыз. Бәлкім, Лагардтың форумға қатысуы ресми болмас.

Шолпан Айтенова, Zerteu Recearch Institute қоғамдық қорының жетекшісі: «Олардың беретін әсері әзірге анық емес»

- Қазақстанбұл үлкен организм, ал бюджетоны тамақтандыратын ресурстар. Елдің денсаулығы, өнімділігі мен тиімділігі осы ресурстардың сапасына және олармен нақты қандай «органдарды» бірінші кезекте толтыратынымызға байланысты екені түсінікті. Менің ойымша, табиғи ресурстарға емес, адам капиталына негізделген экономикалық өсімге қол жеткізу үшін ресурстарды әлеуметтік саясатқа, білімге салу керек және денсаулық сақтау шығындарының тиімділігін арттыру қажет, өйткені олар ел ағзасының басы мен жүрегі.

Мемлекет шынымен де ақпараттық-насихаттық акциялар, форумдар, конференциялар, әртүрлі зерттеулер жүргізуге арналған елеулі және сонымен қатар орындылығы тұрғысынан өте күмәнді болып табылатын шығындар жасайды. Олар өз кезегінде фастфуд ретінде әрекет етедіағзаны тез толтырып тойытады, бірақ толыққанды және дұрыс тамақтануды қамтамасыз етпейді. Бұл ретте, осындай іс-шараларға жұмсалған әрбір теңгенің қаншалықты өтеліп жатқанын, яғни бізге келісім-шарт және инвестиция түрінде қайтарылғанын, ешкім бақыламайды.  

Әрине, бұл форумдар мүлдем өткізілмеуге тиіс дегенді білдірмейді, бірақ ережелі түрде әрбір іс-шара бойынша мұқият есептер мен болжамдар жасау қажет. Мысалы, кәсіби спортты бюджеттен қаржыландыруды айтарлықтай қысқарта отырып, ондаған миллиард теңгені үнемдеуге болады. Егер босаған қаражаттың кем дегенде үштен бір бөлігі балалар мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталса, он жылдан кейін біз көбірек Олимпиада чемпиондарын алып, сол арқылы ағзаны нығайтатын боламыз. Ол бізге мұнайсыз экономикалық өсуге әкелетін бәсекеге қабілетті, білімді, дені сау адамдардан тұруы тиіс.

 

Комментарии