Әр түрлі мемлекеттер шет елдердегі отандастарына қатысты әртүрлі позицияны ұстанып отыр. Біреулері оларды қайтадан отанына қайтаруға тырысады, ал басқалары оларға алыс қашықтықтан барынша қолдау көрсетеді. Кімнің саясаты көреген екенін айту қиынға түседі, бірақ елдік имиджі тұрғысынан алатын болсақ, екіншілері ақылдылау іс-әрекет жасап отырғаны сөзсіз. Эмигранттарды «жұмсақ күш» факторы деп те атайтыны бекер емес, өйткені олар тиісті ресурстарының жоқтығына қарамастан, өз елінің мәдениетін, дәстүрлері мен жетістіктерін алға жылжытумен айналысады және олар көбінесе қымбат тұратын үкіметтік пиар-кампанияларға қарағанда әлдеқайда тиімді болып табылады.
Ал Қазақстанда шетелдегі отандастармен қалай жұмыс істейтінін ең болмағанда «Отандастар» қорының веб-сайты арқылы айтуға болады. Бұл мүлдем қызықсыз, пайдасыз және оның үстіне мүлдем сауатсыз ресурс. Эмигранттар мен репатрианттар үшін шынымен пайдалы, соның ішінде заңды сипаттағы ақпаратты табуға бағытталған біздің әрекеттеріміздің барлығы нәтижесіз болып шықты. Контенттің 90 проценті – тұтастай ресми үкіметтік түрде рәсімделіп, оның үстіне «заңнама», «көші-қон», «отандастар» деп талатын айдарларда жасалған. Ал жарғылық капиталы 150 млн құрайтын бұл қор бір жарым жыл бұрын мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шетелдік және ҚР келген этникалық қазақтарға қолдау көрсету үшін құрылған болатын. Және дәл осы ұйымның сайты, идея бойынша, байланыстырушы буын болуы тиіс, сонымен қатар, тұтыстай алғанда, Қазақстан өз отандастарына қандай қарым-қатынас білдіретінінің көрсеткіші болуы тиіс еді.
Ал 27 жыл бұрын құрылған және «әлемнің 19 елінде өкілдігі бар» Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының коммуникациялары одан да нашар болып отыр. Оның міндеті – мәдени-рухани даму, білім беру және бизнес мәселелерінде шетелдік отандастармен байланыстарды үздіксіз қолдау. Алайда, біз осы ұйымның ашық қол жетімді түріндегі сайтын да, байланыс деректерін де таба алмадық. Біздің сұрау салуымызға Google-дың берген барлық телефон нөмірлері жұмыс істемейтін болып шықты... Ал осыдан кейін әңгіме қандай байланыстар туралы болуы мүмкін?
Сонымен қатар, біз Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) қазақ диаспорасының өкілдерімен тілдесуге қол жеткіздік. Жақында олар Наурызды кеңінен атап өтіп, оның үстіне оны тек өздерінің күштерімен ғана өткізді. Біздің басылымға берген сұхбатында мерекенің ұйымдастырушылары отандастарды қолдау үшін жауап беретін қазақстандық құрылымдар тарапынан осы жолы да, бұрын да ешқашан ешқандай қолдау көрсетілмегені жөнінде айтты.…
- БАӘ-де қазақтар көп, – дейді Әмірліктерде ұзақ уақыттан бері тұрып жатқан әңгімелесушілеріміздің бірі. – Біз өзара тығыз қарым-қатынас жасауға тырысамыз, бірлескен іс-шаралар ұйымдастырамыз. Әрине, мұның барлығы тек жеке бастамалар. Мысалы, Наурызды тойлау біздің жігіттеріміздің табандылығының арқасында ғана мүмкін болды, олар консулды муниципалитетке оны өткізуге рұқсат беру туралы хат жіберуді өтінген болатын. Қазақстандық бейінді құрылымдар тарапынан ешқандай көмек көрсетілген жоқ. Мен осында өмір сүріп жүрген уақыт бойы олардың қолдауы жөнінде тіпті сөз де болған емес. Мүмкін, бұл бағытта бірдеңе жасалып та жатқан болар, бірақ біз оны көрмейміз және жеке өзіміз сезінбейміз… Бұл тұрғыда маған Ресейлік кәсіпкерлер кеңесінің қызметін ұнайды, олар осында тұрақты түрде отандас-бизнесмендердің қатысуымен форумдар өткізіп тұрады, оларға қандай да бір мәселелер бойынша көмек көрсетеді. Жалпы, бұл жұмыс қалайша жүргізілуі керек дейтін болсақ, менің ойымша, кеңес уақытында орын алған жерлестердің кеңестіктері өте жақсы мысал бола алар еді. Мен Ленинградта оқыған едім және әлі күнге дейін студенттер үшін қандай маңызды іс-шараларды өткізіліп тұратыны есімде – қазақстандық «жұлдыздар» (Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева) келетін, ең жақсы залдар жалға алынатын... Қазіргі кезде оған ұқсас ештеңе жоқ. Алайда отандастармен, олар қай жерде болса да, байланыс жасап тұруға болады және қажет – бұл біз үшін де, жалпы алғанда ел үшін де пайдалы.
Осындай көңіл-күйлер басқа елдерде тұратын отандастарымыздың арасында өте кең тараған. Олардың бірі – Украина ҰҒА әлемдік тарих институтының бас ғылыми қызметкері Рүстем Жангужин. Біз оны шетелдегі диаспораларымызды елемей отырып, Қазақстан нені жоғалтатыны жөніндегі өзінің пікірімен бөлісуді өтіндік.
- Ең басында айтатыным, Украинаға көшіп келіп, тарихи отанына қайта оралғысы келетін бірде-бір этникалық қазақты мен осы кезге дейін әлі кездестірген жоқпын. Бұл көбінесе Украинада жоғары білім алған, өз мамандығына сәйкес жұмыс істейтін және украиндармен аралас некелерде тұратын адамдар. Бұл жерде қазақтар әлеуметтік жағынан да, кәсіби жағынан да жақсы бағалатыны туралы айтып кету жөн. Жергілікті тұрғындардың оларға деген қатынасы өте жақсы. Бұл шындық. Жалпы алғанда, украиндықтар Қазақстанды жақсы қабылдайды – бұл тіпті қандай да бір интуитивті деңгейде көрініс табады деп айтар едім.
Басқа мәселе – соңғы жылдары Қазақстанның ақпараттық алаңында, әрине, ресейлік насихаттаушылардың ықпалымен жалған сипаттағы түсініспеушіліктер туындайды. Батыстық масс-медиа үшін берген сұхбатымда маған бірнеше рет ақылға қонымсыз ойларды жоққа шығаруға тура келді. Бұл фейктердің мазмұны мен сипаты сіздерге белгілі. Мысалы, Ресейдің бірінші тұлғасы қазақтарда ешқашан өз мемлекеті болмағанын және олардың Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы шамалы болғанын мәлімдегенін еске түсіріңіздерші... Тіпті Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Сирия бойынша қаралар жобасы бойынша резолюцияға дауыс беру кезінде РФ жағына қолдау көрсетпегені үшін сатқындық жасады деп (ҚР оның сателлиті болып табылатындай) айыптағанға дейін барды. Владимир Жириновскийдің, Эдуард Лимоновтың және басқа да ресейлік ұлт-радикалдардың қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне байланысты айтқан сөздері де дәл осы сериядан. Менің ойымша, бұл орынсыз, тіпті мүлдем жол беруге болмайтын нәрсе. Мысалы, мен не моңғол тілін, не молдаван тілін білмеймін, сондықтан олар қолданатын әліпби жөніндегі мәселеге бейтарап қараймын.
Ресеймен және Қытаймен жақын көршілестіктің оң жақтарымен қатар оның қауіпті сәттері де бар екенін ұмытуға болмайды. Қазақстанның РФ-мен жалпы шекарасының жеті мың километрінен астамы қауіпсіздікке белгілі бір экономикалық, саяси, ақпараттық, әскери қауіп төндірмеуі мүмкін емес. Әлбетте, біздің ішкі және сыртқы саясатымызға ықпал ету әрекеттері және біздің істерімізге араласуы алдағы уақытта да болып тұратыны сөзсіз. Сондықтан да біз осындай арандатушылыққа, соның ішінде шетелдегі өз диаспораларының күш-жігерімен дәлелді етіп жауап беруді үйренуіміз керек. Мысалы, сол украиндықтарға да біздің республикамыз – сателлит емес және Мәскеумен бірлесіп Еуроодаққа және АҚШ-қа қарсы бөгет жасамайтынын, Қазақстанның саясатындағы бітімгершілік басымдықты болып табылатынын, ол бірнеше рет түрлі қақтығыстарды, соның ішінде ресейлік-украиндықты да реттеу бойынша келіссөздер алаңын ұйымдастыруды ұсынғанын түсіндіру қажет.
- Сіз бейінді ұйымдарға қандай ұсыныстар берер едіңіз? Біздің шетелде тұратын отандастарымыздың зияткерлік әлеуеті мен оң беделін қалай пайдалануға болады?
- Менің ойымша, Қазақстан елдің, оның тарихы мен мәдениетінің жағымды бейнесін жасау үшін, оның ішінде егемен және барған сайын халықаралық беделін арттырып отырған мемлекет ретінде шетелдегі өз диаспорасының мүмкіндіктерін өте нашар пайдаланады. Мұнда тек дауыстап айтылған шақырулар жеткіліксіз. Билік пен қоғамдық институттардың елеулі және әсерлі жұмысы қажет, тарихи отанының шет елдерде өмір сүріп жатқан және Қазақстанның оң имиджін ілгерілету мақсатымен үнемі жұмыс істеп келе жатқан отандастарды қолдау және көтермелеу жөніндегі нақты мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар қажет. Оның үстіне ол адамдар, мәселен, жүректерінің қалауы бойынша және өздерінің генетикалық және тарихи-мәдени жадына байланысты сол іс-әрекеттермен мүлдем тегін аналысады. Айта кету керек, олардың волонтерлік қызметінің әсері біздің үкімет жүзеге асырып отырған қымбат тұратын «имидждік» жобалардан гөрі әлдеқайда артық болып табылады.
Мен көптеген мысалдар келтіре аламын. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс майдандарында қаза тапқан белгісіз қазақ жауынгерлерінің есімдерін және жерлеу орындарын қалпына келтіру. Бұл Украин радиосының эфирінде алыс шетелдерге арналған сөз сөйлеулер. Және т. б. Ал жақын күндері мен Киевтегі Жамбыл атындағы кітапханаға жазушы Роллан Сейсенбаевтың бастамасымен және қатысуымен жарық көрген «Аманат» деп аталатын әдеби альманахының он нөмірін сыйладым. Акция оқушылармен кездесу аясында өткізілген болатын. Бірнеше күннен кейін маған кітапханадан қоңырау шалып, Қазақстан туралы дәріс оқуға шақырды. Көріп отырғаныңыздай, біздің елімізге деген айтарлықтай қызығушылық бар және оны оқырмандарда кішкентай жастан бастап дамыту қажет. Оның үстіне, Украина ресейлік медиа ықпалының көптеген арналарын кесіп тастаған, сондықтан нақты жобалармен толтыруға болатын үлкен ақпараттық кеңістік босатылды.
Көптеген елдер оларға отандастар қандай пайда әкелетінін әлдеқашан түсінген болатын, сондықтан оларды қолдауға және тиісті жобаларды іске асыруға лайықты қаржыландыруды бөліп отыр. Бұл туралы бізге де ойлану уақыт келген сияқты. Оның үстіне, шет елдердегі қазақтар – бұл өзінің көпшілігінде білімді, жоғары білікті және құрметті адамдар. сондықтан олар өздерінің алдына осындай міндет қоймағанына қарамастан, Қазақстан туралы оң ақпарат таратады.
- Шетелде тұратын дәл осындай талантты қазақтарды Елбасы әр жолы отанына оралуға және елдің дамуына өз үлесін қосуға шақырады. Сіздің ойыңызша, бұл шынымен де мүмкін бе? Көші-қон өзендері кері қарай бұрылуы үшін не өзгеруі керек?
- Менің ойымша, Орталық Азиядағы, ал ішінара алғанда, Қазақстандағы жағдайды түбегейлі өзгертуге қытайлық «Бір белдеу – бір жол» бастамасы қабілетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) экономикалық талдаушыларының пікірінше, осы жобаға қатысушы елдер өзінің ішкі жалпы өнімін (ЖІӨ) екі есе және тіпті үш есе арттыра алады. Бұл инфрақұрылым мен инвестициялық климат өзгере бастағанды ғана емес, сонымен қатар көші-қон ағындарының, бірінші кезекте, Ресейден Орталық Азияға бұрылуы да орын алатынын білдіреді. Және бұл өңірдегі революциялық өзгерістерге алып келеді деп күтілетін нәтиже оның барлық геостратегиялық архитектурасын сапалы өзгертеді. Әрине, экономикалық және демографиялық экспансия қаупі бар, әсіресе Қытай тарапынан. Бірақ қалыптасқан жағдайда сыртқы мемлекеттер тарапынан ықпал етудің пассивті объектісі болмай, өзінің этномәдени субъектілігін сақтау үшін Орталық Азия елдерінің ішкі аймақтық интеграциясы қажет екенін түсіну қажет.
Маған «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы бойынша түрлі пікірлерді, мысалы, ол бізді Қытай халық республикасының алдында тізерлетіп қояды деген сөздерді естуге тура келді. Мен бұл пікірмен таласпаймын, өйткені өзіміздің проблемаларымызды өз бетімізбен шешуге үйренбейінше, біз осындай тәуекелдерге әрдайым ұшырайтын боламыз. Бірақ екінші жағынан қарасақ, осы жағдайды жел диірменімен салыстыруға болады. Ол жел ағынын пайдалы іске бағыттайты, ал біздің күш-жігеріміз де конструктивті арнаға бағытталуы мүмкін. Бұл оның ішінде көші-қон ағындарына да қатысты. Бұл сәтті жіберіп алмауымыз қажет. Біз интеграция пойызына секіріп мініп үлгеруіміз керек. Әйтпесе жаһандану толқындары бізді толығымен жұтып, біздің өзегімізді, яғни этномәдени бірегейлігімізді жояды.