Сенбі, 5 желтоқсан 2020 ЖЫЛЫ
1187 5-02-2019, 13:09

Интернационалистер партиясы Қазақстанда құрылама әлде жоқ па?

Біздің сайтта жарияланымға шыққан Антифашисттік қозғалыстың басшысы Бақытжан Көпбаевтің Қазақстанда интернационалдық партия құру перспективалары туралы берген сұхбатына қатысты  оқырмандардың көптеген пікірлері әр түрлі болып шықты – құптаудан бастап, ашық түрдегі наразылыққа дейін. Бірақ мұндай реакция фактісінің өзі қоғамның осындай бастамаларға немқұрайлы қарамайтынын көрсетеді. Сондықтан да біз осы жолы әр түрлі салалардағы сарапшылардың қатысуымен тақырыпты жалғастыруды шештік. Олар жаңа қозғалыстың мүмкіндіктерін қалай бағалайды екен?

Максим Казначеев, саясаттанушы:  

«Мұндай партия электораттың 8-10 процентті құрайтын өз үлесін алуы ықтимал»

- Болжанған партияның қатардағы белсенділерінің шынайы ниеттеріне күмәндануға негіз жоқ. Өйткені олар қазірдің өзінде, ешқандай жеке мүдделерді көздеместен, іс жүзінде ұлтшылдықтың өсуіне қарсы тұруға тырысады. Дегенмен, жаңа партиялық құрылымның кристалдану процесін бастауға ұмтылу тек мәлімделген тұрде ғана орын алуда. Бастамашы топ осындай күрделі жобаны іске асыру үшін қаржыландыру тауып, құрылтай съезін өткізіп, партияны тіркеуге қатысты мәселелермен айналысатын ұйымдастыру комитетін құруы керек.

Ұйымдастыру комитеті форматында бұл құрылым ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп және сонымен қатар сайлаушылармен ұйымдастырушылық және ақпараттық жұмыс жүргізе алар еді. Бірақ алдағы парламенттік сайлауға қатысу үшін партияны тіркеуге үлгермейтіні анық, сондықтан бастамашыл топ 2024-2026 жылдардағы сайлау цикліне дайындыққа баса назар аударғаны жөн болар.

Интернационализм тақырыбы билік партиясымен «жекешелендірілгені» туралы да айта кету керек. Осыған сәйкес, ұқсас риторикасы бар жаңа партияның пайда болуы «Нұр Отанның» жақтастарының шеңберін бұзатын болады. Осы бір себеппен ғана осындай партиялық құрылым құрастыруды билік бұғаттауы ықтимал. Сонымен қатар, дәл осы идеологиялық алаңда Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы да жұмыс істеуге тырысады. Яғни, қалыптасқан бір жарым партиялық жүйе аясында жаңа партия үшін «бос» электорат жоқ.

Оны тіркеуге және сайлауға табысты қатысуға белгілі бір мүмкіндіктер алдағы биліктің транзитіне және тиісті трансформацияға немесе «Нұр Отан» партиясының ыдырауына байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда интернационалдық электоралды тауаша ішінара босатылуы мүмкін.

Қоғамның бірнеше фракцияға бөлінгенін ескере отырып, осы партиялық құрылым халықтың бір бөлігінен қолдау алуы мүмкін болатын еді. Бұдан басқа, тек интернационализмге ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы мәселелердің кең спектріне назар аударуы оның жақтастарының шеңберін әлеуетті кеңейте түседі. Басқа жағынан, жаңа құрылым партиялық алаңның онсыз да толып кеткен сол жақ қапталында жұмыс істейтін болады. Ол жерде олардан басқа Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы (ҚКХП) және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) орын алып отыр.

 

Кез келген жағдайда бастамашыл топтан партияны тіркеуге дейін – өте үлкен қашықтық бар. Тіпті бұл жолда оларда проблемалар туындамай және оны тіркейтініне жол берілген жағдайда да, мұндай партия биліктің өкілді органдарында басым болмайды. Бірақ қалай да болмағанда мұндай партия 8-10 процентті құрайтын өз үлесін алуы ықтимал. Ал мәжіліс пен мәслихаттарда фракцияларды қалыптастыру үшін осы сан жеткілікті.

Серік Малеев, журналист:

«Бұл ешқандай интернационалдық қозғалыс емес»

- Бастауларға оралайық. Интернационализмнің пайда болуының өзі басында оң тренд болған еді, бірақ кейінірек оны мүлдем басқа мақсаттарға пайдалана бастады. Осылайша, кезінде ұлыдержавалық шовинизм де интернационализмді сылтау еткен еді. Нәтижесінде ұлттық мектептер жабылып, КСРО-ның орыс емес халықтарының тілдері ығыстырылып, олардың тарихи және мәдени құндылықтары ұмытылдырылып, репрессиялар өткізілген болатын. Мұндай нәрсені интернационализм деп атау – осы ұғымға нұқсан келтіру деген сөз.

Қазақтардың өз тамырына қайта оралуға бағытталған талпынысында ешқандай да фашизм жоқ. Фашизм дегеніміз – Татарстанда татар тілінде білім беретін мектептерді жабуға тырысу... Біз орыс тілінде емес, ана тілімізде сөйлегіміз келеді, Ресей империясының тарихын емес, Қазақ даласының тарихын оқып, зерттегіміз келеді. Бұны ұлтшылдық деп атау дұрыс па, әсіресе онымен күресуге бола ма?

Жеке өзім елімізде ұлтшылдық қаупі бар деп есептемеймін. Бізде қазақилықты орнатудың табиғи процестері орын алып отыр және енді оларды тоқтату мүмкін емес. Қазақ халқының 91 проценті қазақ мектептерінде оқитындығын және бұл сан жыл сайын тек өсе беретінің алсақ та болады. Қазақтардың өзін-өзі тануы қарқынды дамып келеді, ал ұсынылып отырған түріндегі интернационализм өте зиянды екенінң және біздің мемлекетіміз үшін қауіпті екенін олар жақсы түсінеді. Сондай-ақ, халықтың көпшілігі бұл қозғалысты қолдамайтын болғандықтан, қандай да бір перспективалар туралы ешқандай әңгіме бола алмайды.

Антифашистік қозғалыстың бастамасын билік қолдайды ма? Бұл екіталай. Ол, әрине, оны өзінің қандай да бір конъюнктуралық мүддесінде пайдаланып алуы ықтимал, бірақ бұл ол үшін кешірілмес қателік болады. Әрине, қозғалыстың партия болып ұйымдасуына ол тыйым сала алмайды. Бірақ орын алып жатқан іс-әрекеттерге тек сыртынан ғана қарап отыру да оның тарапынан дұрыс болмайды. Ал қазір бізде ватник (Көпбаевтың антифашистері) атаулылардың және басқа қазақстандық қоғамдастықтың арасында идеологиялық күрес жүріп жатыр...

Ядикар Ганиев, азаматтық активист:

«Қоғам әрі қарай тек екі жол қалған қызыл шегіне жақындады»

- Антифашистік қозғалыстың миссиясы неде шоғырланады? Әлбетте, барлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын олардың қай ұлтқа жататындығы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қамтамасыз етуінде болар...

Нұрсұлтан Назарбаев ішкі саясаттың басында бастапқыда ұлтаралық келісім мен конфессияаралық төзімділікті алға тартқанын естеріңізге алыңыздаршы. Бұл интернационализмнің постулаттары болмағанда не? Алайда, барлық жерде трайбализм орын алудың салдарынан осы жылдар бойы басқа ұлттардың өкілдері экономикалық және саяси институттардан алшақтандырылды. Осындай тәсілдермен қалыптасқан құрылымдар (мемлекеттің барлық деңгейлерінде) өз мүдделерін қорғап, «бөтендерді» маңына да жолатпай және олардың әл-ауқатына қауіп төндіруі ықтимал деп есептегендерің барлығын түбірімен жояды. Осындай шеттеудің негізі  – басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді білмеуі болып табылады. Оны саяси құралға және түрлі ресурстарға қол жеткізу құралына айналдырып жіберген.

Сонымен қатар, әлемдік тілдердің бірі мәртебесіне ие ұлтаралық қарым-қатынас тілінен бас тарту әр-түрлі салдарларға толы екені анық (біздің қоғам оны енді ғана түсініп келе жатыр). Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, өзін-өзі оқшаулау саясаты жиі мемлекеттің құлдырауына, провинциализмге, яғни ой-өрісінің тар болуына және әлемдік экономиканың шетінде қалуына әкеліп соғады. Тек қана қазақ тілін білетін адам сапалы білім алудан, еңбек және білім алу көші-қоны тұрғысынан шектеулі екенін түсіну керек.

Иә, оппоненттер орыс тілі – бүкіл әлем емес деп айтады. Бірақ мен оны зерттеудің қолымызда бар базасын не үшін жою керек екенін түсінбеймін. Оның үстіне, елімізде халықтың ағылшын немесе қытай тілдерін меңгеруге кең тұрғыда қол жеткізуін қамтамасыз ететін ұқсас база құрылуы екіталай. Назар аударуға тұрарлық жәйт: Өзбекстанның жаңа басшылығы оқшаулау саясатының зияндылығын сезіне отырып, бүгінде қоғамдық өмір мен білім беру орбитасына орыс тілін белсенді түрде қайтарып жатыр.

Қазақ тілінің деңгейін арттыру үшін әр түрлі және бүкіл әлемде қажеттілікке ие болған әдебиеттерді, оқулықтарды және т.б. шығару қажет. Бірақ бұл ұзақ процесс. Мысалы, «Жаңа гуманитарлық білім. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» коммерциялық емес, мемлекеттік емес «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық ұйымы құрылды. Өткен жылы ол 18 кітап басып шығаруға қол жеткізді (тағы 40 кітап аудару жоспарланған болатын).

Ал енді сұрақтардың мәні бойынша айтатын болсақ. Бүгінгі ақиқаттарда, әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің аса күрделі қажеттілігі аясында Антифашистік қозғалыс неғұрлым сұранысқа ие болады деп есептеймін. Біз қазіргі кездегі кландар өздерін өздері жоюдан бас тартатынын жақсы түсінеміз. Бұл үшін бөгде күш қажет.

Билік қоғамның әрі қарай тек екі ғана жол қалған қызыл шегіне жақындағанын түсінетін кез келді: немесе фашизм идеологиясы (қазақтілді емес халықтың эмиграциялық ағыны және әлемдік қоғамдастық тарапынан мақулдамауы сияқты салдарлармен), немесе ұлтына қарамастан Қазақстанның барлық азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету.

 

Өзін интернационалисттік ретінде танытатын партияны құруға келетін болсақ, біздің жағдайда оның мүмкіндігі екіталай. Интернационализм бүкіл мемлекеттің доктринасы болуы тиіс, оның идеялары электораттың қолдауына ұмтылатын кез келген партияның арсеналында болуы тиіс. Бұл ретте жеке интернационалдық партияның пайда болуы азаматтардың ұлттық белгісі бойынша құқықтарына қысым жасау фактілерін мойындауды білдіретін болады. Ал билік бұған жол бермейді. Мысал ретінде Қазақстанның «Әділдік» атты біріккен көп ұлтты партиясын құрудың сәтсіз талпынысын еске алуға болады. Егер билік бұған руқсат беретін болса, онда ол мемлекеттің саясатында әділеттілікті сақтау саласындағы проблемалардың бар екенін жанама мойындайтын болар еді. Айтпақшы, мен Олеся Халабузарьмен бірге сол партияны құруға тырысқан адамдардың бірі болғанмын.

Менің ойымша, қазір осындай қозғалыстың пайда болуын қазақ интеллигенциясы қалай қабылдайтынының маңызы зор. Жалпы алғанда, біздегі көп нәрселер оның ұстанымына байланысты. Ол немесе жарық беретін немесе сәуле бағытын өзгертетін қоғамның кристалы тәрізді. Еліміздің фашизм идеологиясына төмендеп кетуі мүмкін екендігі жөнінде олардың түсінігі бар ма? Тоқ етерін айтқанда, қазір барлығы – қазақтарда, қазақ еместерде: «Қалай да болған жағдайда, Қазақстан біздің ортақ жеріміз, бізде тек бірге жеңе алатын ортақ қиындықтарымыз бар. Сіздер өз еліңізге қажетсіздер және бізге көп нәрсе жасау керек. Біздің ортақ тарихи өткеніміз бар, біз бір «қазақстандық» қандымыз» – деген сөздер айтылғанын күтіп отыр…

Қазбек Бейсебаев, блогер:

«Біздің қоғамда әрі қарай елеусіз қалдыруға болмайтын күрделі мәселелер бар»

- Менің ойымша, түсініктердің қандай да бір шатасуы бар. Кеңес Одағында «фашизм» деген сөз гитлерлік Германияға қатысты қолданылған, ал басқа елдерде әдетте «нацизм» сөзін қолданады. Логика бойынша, Антифашистік қозғалысты құру үшін фашистер болуы керек. Ал бізде олар жоқ!

 

Интернационалдық партия құру идеясына келетін болсақ, мұнда да бәрі оңай емес. «Ұлт» ұғымы посткеңестік кеңістіктің басым бөлігінде этникалық тиістілік ретінде қабылданады. Қалған әлемде бұл сөз саяси-құқықтық санат немесе, басқаша айтқанда, азаматтылық болып табылады. Ал антифашистер интернационалдық партия атауымен нені білдіріп отыр?

Екінші жағынан, интернационализм платформасында тұрған партияларды құру жөніндегі бастамалардың пайда болуы біздің қоғамда елеусіз қалдыруға болмайтын күрделі проблемалар бар екенін дәлелдейді. Қарағандыда орын алған оқиғалар осыны тек растаған болды. Әлеуметтік желілерде «интернационалистер» мен өздерін «ұлтшыл-патриоттар» деп есептейтіндердің арасында нағыз соғыс басталып кетті. Әзірге, әрине, ол виртуалды кеңістікте орын алады, бірақ әлемдік тәжірибеден жергілікті қақтығыстар мен этникалық принцип бойынша азаматтық соғыс арасында бір-ақ қадам бар екенін білеміз... Елімізде болып жатқанына қарағанда, қоғамдық сана саласында біз көп нәрсені жіберіп алдық.

 

Комментарии