Сенбі, 24 қазан 2020 ЖЫЛЫ
3439 30-09-2019, 17:56

Қазақстандағы мемлекеттік БАҚ: жабу керек пе, әлде қалдырған жөн бе

Жақында «Exclusive» журналында «Казахстанская правда» газетінің бұрынғы бас редакторы Григорий Дильдяев мемлекеттік БАҚ-тарды қалай құтқаруға болатыны туралы өз ойларымен бөлісті. Тәжірибелі журналистің ұсыныстарымен, әрине, келіспеу қиын, бірақ олар қазіргі жағдайда жүзеге асырылуы қаншалықты ықтимал? Осы жарияланымның тұдырған қызығушылығын ескере отырып, біз тақырыпты жалғастыруды шештік, бірақ оған басқа ракурстан қарауды ұйғардық – ал бізге жалпы алғанда мемлекеттік БАҚ қажет пе?

Айгүл Омарова, журналист, саясаттанушы: «Олардың жұмысына ешкім араласпауы тиіс»

- Шынымды айтсам, мен осы мақаланың авторының позициясына таң қалдым, өйткені ол өзі өмір бойы мемлекеттік БАҚ-та жұмыс істеген болатын... Менің жеке пікірім: олар бар болғандықтан, оларға қолдау көрсету керек және дамыту қажет. Ең алдымен, кез келген мемлекет өзінің жүргізіп отырған саясатын сауатты түсіндіруі және қорғауы тиіс, ал бұл үшін тиісті бұқаралық ақпарат құралдары қажет.

Бүгінгі күні соншалықты үлкен ынтамен мемлекеттік БАҚ-қа қарсы шыққандар өздеріне олар немен жақпай қалғандығын айқын түсіндіре алмайды. Ең бастысы – оларға мемлекеттік тапсырыстың қомақты үлесі соларға беріледі дейді. Бірақ олар мемлекеттік болғандықтан мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырады.  

Яғни, мәселе БАҚ-тардың өзінде емес, мәселе мемлекеттік тапсырысты бөлу тетігінде сияқты. Демек, оны неғұрлым мөлдір етіп жасау керек. Неліктен тендерлерді ұйымдастыруға журналистердің өздерін де қатыстырмасқа? Олар өздері қатысып, тендерлер қалай өткізілетіндігін тексеріп, ол жөнінде жариялымдар жасасын. Сондай-ақ Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін де осы жұмысқа тартуға болады…

Жалпы, мен пікірлердің плюрализмін қолдаймын. Ал бұл үшін мемлекеттік те, жеке БАҚ та болуы керек. Бірақ ең басты шарт – ешкім олардың жұмысына араласпауы керек және қандай нәрсені қалай жарықтандыру жөнінде нұсқаулар берілмеуі тиіс. 

Сергей Дуванов, журналист, құқыққорғаушы: «Мемлекеттік БАҚ қауіпті»

- Мемлекеттік БАҚ мүлдем қажет емес. Оның үстіне, олар қауіпті. Олар қоғамдық пікірге әсер етудің маңызды құралы болып табылғандықтан, оларды биліктегі теріс пиғылды адамдар қоғамға зиян келтіре отырып, пайдалануы мүмкін. Сондықтан мен мемлекетке өз БАҚ-тарын иеленуге конституциялық тыйым салуды ұсынар едім. БАҚ кез келген адамдарға тиесілі болуы мүмкін, бірақ биліктегі адамдарда болмауы тиіс. 

Қазбек Бейсебаев, Kazbei.org интернет-басылымның бас редакторы:  «Мақұлдау» уақыт өтіп кетті»

- «Егер өз армияңды тамақтандырғың келмесе – бөтен елдің армиясың тамақтандыратын боласың» деген белгілі сөз бар. Біздің тақырыпқа қатысты мен оны басқаша етіп өзгертер едім: егер өз БАҚ-тарыңды өзің тамақтандырғың келмесе – демек, оларды басқалар асырайтын болады. Тиісінше дәл осы басқалар елдегі ақпараттық саясатты айқындайтын болады.

Мемлекеттің көзқарасын білдіретін масс-медиа, әрине, қажет және оларды қолдау керек. Бірақ мен 30 жыл бойы бір мақтау сөдерін тоқтаусыз қайталап айта беретін БАҚ-тарда мағынаны көрмеймін. Мұны енді тіпті көру де, есту де мүмкін емес. Айтпақшы, мемлекет қоғамдық теле-, радио хабарларын тарату арқылы ақпараттық саясатты бақылауда ұстайтын көптеген басқа елдерде дәл осындай көрініс байқалады.

Ең қызығы, мұндай БАҚ-тардан биліктің өзі зардап шегеді. Өйткені олар елдегі болып жатқан нақты жағдай туралы шынайы ақпарат алмайды. Менің ойымша, біздің көптеген мәселелеріміз мемлекеттік БАҚ-тардың әрдайым және барлығын жарқын бояулармен суреттегендерінің салдарынан (ал шын мәнінде барлығы олай емес) орын алып отыр.

Сондықтан, бірінші кезекте ақпараттық саясатты өзгерту қажет – ол мемлекеттік БАҚ-тардың әдеміленіп берілген ақиқатты емес, шынайы ақиқатты көрсетуге бағытталуы тиіс. Оның үстіне, ақпараттық технологияларды дамыту ғасырында ештеңені жасыру мүмкін емес, өйткені өтірік әрдайым сыртқа шығады. «Мақұлдау» уақыты өтіп кетті. Қоғамдық теледидарды дамыту керек, баламалы көзқарастарды білдіру үшін алаң беру қажет.

Диана Окремова, «Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорының жетекшісі: «БАҚ бизнес субъектілері болуы тиіс»

- Мемлекеттік медианы қолдаудың мәні бар, бірақ ол қазір орын алып отырған күйінде емес. Менің ойымша, мемлекеттік бастамалар мен табыстар туралы айтатын бір телеарна, бір сайт және бір газет жеткілікті.

Ең бастысы – барынша ашық қаржыландыру болуы тиіс. Іс жүзінде керісінше болып отыр: жақында Есеп комитеті бұл ақпараттың шектеулі қол жетімділігі бар екенін айта отырып, мемлекеттік БАҚ-тарды аудиторлық тексерулердің нәтижелерін бізге беруден бас тартты. Сондықтан салық төлеушілерде БАҚ-тарға бөлетін қаражаттың қалай жұмсалатыны туралы ешқандай түсінік жоқ. Еске сала кетейін, мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың жыл сайынғы сомасы 50 млрд теңгеден астамды құрайды, бұл ретте 40 млрд теңгеден астамын мемлекеттік БАҚ-тар алады.

Оған қоса жарнама арқылы ақша табу қиын болатын басылымдарға: балаларға, мәдениетке, тарихқа арналған басылымдарға қаржылық көмек көрсетудің мәні бар...  Балама деп дәл осыны есептеуге болады.

Анатолий Иванов, журналист: «Бұл орынды тәуелсіз басылымдар оңайлықпен толтыра алады»

- Менің ойымша, мемлекеттік БАҚ-тың болуы ақталмаған. Бұл орынды үкіметтік құрылымдардан тәуелсіз басылымдар толтыра алады, олар ресми хабарламаларды жариялаудан да бас тартпайды. Айтпақшы, бұны қазақстандық медиа-нарықтағы жағдайды бақылауға болады. Қалай болғанда да, өз тәжірибемде мен мемлекет ашық қаржыландыратын басылымдардан келген ақпаратты сирек қолданамын.

Серік Малеев, журналист: «Болашақ – интернет-журналистикада»

- Мемлекеттік ақпараттық ресурстар өз қызметін орындауды бұрыннан тоқтатты. Менің ойымша, олардың ғасыры аяқталуға жақын. Оған бірнеше себептер бар.

Мен билікті мақтап жазуды ұнататын бір журналисті білемін. Ол үнемі оның материалдарын жарияламағаным үшін маған ренжитін. Мен оған мынадай жауап беретінмін: сенің мақалаң бір шенеунікке ұнауы мүмкін, бірақ ол менің басылымымды бірнеше мың оқырманнан айыруы мүмкін! Шынын айтар болсақ, билікке ыңғайлы БАҚ-тар бар, оқырмандарға ыңғайлы БАҚ-тар бар. Осылайша, Қазақстандағы мемлекеттік медиа-ресурстардың көпшілігі бірінші санатқа жатады. Сондықтан  олар басқаша жұмыс істей алуы екіталай. Бұл бірінші себеп.

Екіншісі – интернетке жаппай кету. Бұл ақпарат тұтынушыларына да, журналистердің өздеріне де қатысты. Біз бүгін байқап отырғанымыз – бұл оның басы ғана. Жақында елімізде барлық тақырыптарға тыйым салынған баспа БАҚ-та жұмыс істегісі келетіндер тіпті қалмай қалады. Болашақ – интернет-журналистикада, онда еркіндік көп және бақылау да азырақ.

Үшінші себеп – әлеуметтік желілердің танымалдығы. Ресми БАҚ-тарда жарияланған ақпараттарға қарағанда, бүгінгі күні азаматтар Facebook, YouTube, Instagram және т.б. сияқты ресурстарда орналастырылған хабарламаларға көбірек сенеді. Бірақ мұнда көптеген тәуекелдер бар. Сол Facebook, мысалы, қоғамдық пікірге әсер ету құралы ретінде түрлі күштермен пайдаланылады. Күн сайын онда төңкеріске және т. б. шақырулар мен радикалды пікірлер көбейіп келеді.Әрине, бұл ешбір жақсы нәрсеге әкеліп соқпайды – Египет, Ливия, Сирия сияқты елдердің қайғылы тәжірибесін көру де жеткілікті...

Бүгінгі таңда қоғамның халық мүддесін қорғайтын БАҚ-қа деген қажеттілігі бар деп санаймын. Олар биліктік ақпараттық ресурстарға да, оппозициялыққа да жақсы балама болар еді.

 

Сурет: zakon.kz

 

 

Комментарии