Бейсенбі, 13 тамыз 2020 ЖЫЛЫ
2834 30-09-2019, 12:54

Қазақстан азаматтарының Ресей Федерацияциясына қоныс аударуы келешекте тек өсе түседі ме?

«Отандастарды жинау» бойынша РФ бастамасы жергілікті жерлердегі Ресей шенеуніктерінің қоныс аударушыларға деген жақтырмаушылық қатынасы үшін және тиісті мемлекеттік бағдарламаның жетілмегендігі үшін жиі сынға ұшырайды. Оған қарамастан, Қазақстанның орыс тілді тұрғындары тарихи отанының шақыруына белсенді үн қосуда. Оларды жүктерін бұып-туюге мәжбүр ететін себептер жөнінде дауласуға болады, оларды шектен тыс азғындықтан немесе «империялық» снобизмнен туындаған себептерін дәрменсіз деп санауға болады… Бірақ кез-келген жағдайда, Қазақстаннан орыс тілді адамдардың осындай жаппай кетуін тек таза экономикалық факторлардың салдары ретінде орын алып отырған «табиғи процесс» деп айту қиын. 

Мен Отаныма ораламын немесе Қиыншылықтар шеңбері

Ресейді отандастарын өзіне қарай тартуға итермелеген қызығушылықтары белгілі – ол халықтың табиғи азаюына, бала туудың төмендігіне, жұмысшы қолдарының жетіспеушілігіне байланысты мәселелерді шешуге тырысады.  Ал неліктен дәл Қазақстан көрші ел үшін адам капиталының негізгі «донорына» айналғаны – бұл бір мағыналы жауабы мәселе емес. Әр түрлі сарапшылар орыс тілді адамдар Қазақстаннан көп ақша табу үшін, неғұрлым тартымды әлеуметтік кепілдіктер алу үшін, өздерінің «империялық амбицияларын» қанағаттандыру үшін және Путин жолдасқа деген сүйіспеншілігі үшін қашып кетіп жатқаны туралы үнемі айтып отырады. Бірақ бұл шынымен де солай ма? Қоныс аударушылардың пікірлеріне қарағанда, олар әрі қарай да қолдарындағы бар нәрсеге риза болып, отыра берер еді, ал Путин туралы мүлдем естеріне де алмас еді, егер... Бірақ барлығын кезек бойынша айтқанымыз жөн болар. 

Статистика мынадай: 2016 жылы Ресейге ТТЖ-ға (тұрақты тұратын жері) тек ресми түрде 23,5 мың орыс, 2017 жылы – 26 мың, 2018 жылы – 30 мыңға жуық орыс кеткен болатын. Ал биылғы жыл тіпті «рекордты» болуы ықтимал – бірінші жартыжылдықта шамамен 19 мың адам қазақстандық төлқұжаттан ресейлік паспорттың пайдасына бас тартты. Біздің БАҚ-тарымызда РФ-да қабылданған ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдесуге арналған  «Отандастар» бағдарламасы фикция және нағыз популизм болып табылатындығы жөнінде, Ресейдегі өмірдің ақиқатына төтеп бере алмай Қазақстанға қайта оралғандардың тарихы жөнінде жазуды жақсы көрсе де, – жоғарыда көрсетілген үрдіс көп нәрсені білдіреді. Иә, қоныс аударушылардың отбасыларының Қазақстанға қайта оралу фактілері шынымен де орын алып отыр, бірақ бұл мысалдарды (бұрынғы Одақ елдерінен шыққан азаматтар үшін РФ азаматтығын алу, жаңа жерде түбегейлі орналасу оңай еместігіне қарамастан) көрсеткіш деп, ал құбылысты жүйелі деп айтуға болмайды.

Эмиграцияға бел бұғандарды көтпеген қиыншылықтар күтіп тұр. Бұл туралы әлеуметтік желілердегі және әр түрлі форумдардағы арнайы топтарда көптеген пікірлері бойынша айтуға болады. Олардың кейбіреулерін ғана келтірейік:

«Біздің есебімізден тек ақша тауып отыр. Біз құжаттарды ресімдеумен бетпе-бет келе салымымен, бізге бірден қандай сомаларды қайда беру керек екендігі жөнінде айта бастады, біз күйеуім екеуіміз бірге инженер болып жұмыс істей отырып, мұның барлығын төлей алмаймыз. Тұрғын үйімізді сатып, барлығына ақшаларын төлеп, уәделерімен қалған бомж болуымыз қалды».

«Сіздердің бағдарламаларыңыз – көптеген қиыншылықтар мен қыруар ақша алу! Ал бір паспортқа екі мың жәрдемақыға тұрғын үй де, жұмыс да жоқ. Жалақы 15-20 мың, тұрғын үйді жалға алу 16-25 мың…»

«Барлық бағдарламалар – фикция. Саған мемлекеттің өзі беріп отырған мемлекеттік қаражатты иелену жүріп жатыр... Мемлекет көмектеседі. Қайдағы!»

«Шын мәнінде, құжаттарды алу үшін барлық жолды өту өте қиын! Біз барлығынан да айырылып қалдық. Иә, жұмыс бар, бірақ соншалықты аз жалақы болғандықтан азық сатып алған жөн бе әлде құжаттар үшін ақша төлеу дұрыс па деп, не істеуді білмейсің! Ал «көтермелік қаржы» алу өте қиын... Біз ешкімге керек емеспіз».

«Ресейде тұрғанымызға үш жыл болды, осы уақыт ішінде ол туралы айтуға және қорытынды жасауға болады. Біріншіден, менің ойымшы бұл ең бастысы – РФ-да болудың қандай да бір жақсы материалдық жағы болса да, сен әрқашан сырттан келген жат адам болып қаласың... Екінші қиындық – барлық байланыстар, таныстар бұрынғы тұрған жеріңде қалады, ал сен барлығын мүлдем таза парақтан бастайсың... Ал, үшіншіден, бұл негізгісі - сіздерді мұнда ешкім күтіп отырған жоқ, сіздер бұл жерде аса қажет емессіздер,сіздердің қандай да бір мамандық бойынша сұранысқа ие болуыңыз сіздерде бәрі де жақсы болатынына кепілдік бермейді... Мен шекара маңы аймағында тұрамын, менталитет іс жүзінде өте ұқсас, байырғы қазақтар өте көп... Бірақ қанша дегенмен, бұл басқа әлем, басқа ел…»

«Отандас» және «гастарбайтер» деген ұғымдарды жиі шатастыратын ресейлік шенеуніктердің әрдайым дұрыс бола бермейтін реакциясына байланысты қоныс аударушылар ілігуге мәжбүр болатын бюрократиялық соғыстар он өртпен және екі тасқынмен теңеседі, бірақ артқа қайтып оралуды шешетін адамдар аз:

«Осы азаптарға толы жолды өтіп болғанша, паспорт алғанша талай қиыншылықтардан өтесің. Жалпы, Ресей туралы басқа пікірде болған едім. Надан адамдар көп. Бірақ жақсы адамдар бар, онсыз, әрине, болмайды... Тиын санап қаласың. Жарты жылда біз сатқан машинаның ақшасын мұнда жұмсап бітірік... Паспортсыз жұмысқа тұру өте қиын. Паспортпен де орналасу қиындау. Бірақ мұнда көп алдаулар бар – қайда барсаң да, әрбір екінші сені * * *  қалайды. 2018-ші жылдың қыркүйек айында біз кеттік. 2019 жылдың сәуір айында Ресей төлқұжаттарын алдық. Барлық осы квесттен өткеннен кейін біз алдында күткен дей қуанышты аса сезінбедік. Ал алдық, болды. Мүмкін, бір жыл бойы жүгіріс те, шығындар да, мекемелердегі қарым-қатынас та әбден шаршатқан шығар. Сен басқа мемлекеттің азаматы болған кезде олар үшін ешкім емессің. Бірақ тіпті осының барлығына қарамастан... Менің кері оралғым келмейді. Және бұл ниет бір рет те болмады».

«Менің балаларым 2018 жылы Ресейге көшті. Айтпақшы, Ресей билігіне қоныс аудару бағдарламасы үшін үлкен рахмет. Ертең олар Тулада өмір сүріп жүргендеріне тура бір жыл болады. Иә, қиын – олар толық нөлге тісті. Өмірді нөлден басталды. Бес ай ішінде, барлық рәсімдермен қоса санағанда, азаматтық алды. Жұмыс істейді. Ұжымдарда оларды жақсы қабылдады... Балаларға әдеттегі мектеп білім беру деңгейі бойынша біздің гимназиялардан біршама жоғары. Алғашқы уақытта репетиторларды алуға тура келді... Үйірмелер тегін. Ұзартылған күн топтары бар. Тулада өмір сүрген бір жылдан кейін қайта оралу туралы тіпті естігілері де келмейді».

«Жат адамдар» немесе Сонау алыс жерде не бар екен?

Ал ТМД елдерінің және бірінші кезекте Қазақстанның орыс тілді халқын кіндік қаны тамған жеріндегі үйреншікті орындарын тастап, комментарийлерге қарағанда соншама қорқынышты жаққа кетуге не мәжбүрлейді? Ең жақсы өмір сүру жағдайын табу мақсаты ма? Қоныс аударушылардың келу аймақтарындағы орташа статистикалық табыс 15-20 мың рубльді құрайтын жалақылар қызықтыруы өте күмәнді, Қазақстанда олар әлдеқайда көп табыс таба алатындары анық. Тұрғын үй жағдайын жақсарту ма? Бұл да екіталай (егер ресейлік орталықтан алшақ жерлерде тұрғын үй қорының тозығы жеткенін, сондай-ақ біздегі және олардағы жылжымайтын мүлік бағасының айырмашылығын ескеретін болсақ).

Бағдарлама бойынша уәде етілген көтермелі қаржыландыру ма? Оларды алуға әуелі қол жеткізу керек, және олар бұл жағдайда қызықтырушы нәрсенің рөлін атқармайды. Біздің өлшеміміз бойынша «географияның шеті» болып табылатын қоныс аудару үшін басым өңірлерде ғана ТТЖ-ға келгендерге 240 мың рубльге және отбасының әрбір мүшесіне 120 мың рубль беруге уәде етіледі. Бір қарағанда, бұл өте қызықтыратын ұсыныс сияқты, бірақ бұл Ресей төлқұжатын алуға дейін қоныс аударушы куәлігін алу кезеңінде отбасының әрбір мүшесіне есептегенде жүз мың рубльді жұмсауға тура келетінін білмейтін болсаң. 

Мүмкін, біздің адамдарымызды РФ-да жұмыс істейтін әлеуметтік бағдарламалары қызықтыратын шығар? Әрине, ана капиталы мен Қиыр Шығыстық гектар сияқты кепілдіктер, көп балалы отбасылар үшін ипотека бойынша төмен проценттер, балалардың әр түрлі секциялар мен үйірмелерге тегін бару мүмкіндігі – даусыз плюс болып табылады. Бірақ бұл факторды шешуші ретінде қарастыруға болмас. Оның үстіне қоныс аударушылар осы әлеуметтік игіліктердің бәріне «сәйкес келмейді». Жақында ғана Новосибирск қаласында орын алған күрделі, шатасқан жағдай еске түседі. Қазақстаннан келіп, азаматтық алып, ана капиталын алу сертификатына ие болды. Алайда, прокуратура бұл заңсыз деп тауып, сотқа қоныс аударушыларға: «қосымша мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығын алу үшін заңды маңызы бар тек қана әйелдің бала туу фактісі ғана емес, сонымен қатар олардың туған күнінен бастап РФ азаматтығының бар болуы болып табылады» – деп өз әрекеттерін дәлелдеп берді. Егер осы жағдайға балалар омбудсмені араласпаса, бұл оқиға немен аяқталар еді – белгісіз. 

Егер әлеуметтік-экономикалық фактор «қоныс аудару көңіл-күйінің» өсуінде қандай да бір рөл атқарса да, ол негізгі себеп емес екені анық. Бәлкім біздің барлығымызға, жалпы орыс тілді адамдар мен орыстардың елден түпкілікті кетуіне ықпал ететін басқа себептер мен жағдайларға мүлдем назар аудармастан, осылай ойлау қолайлы болып табылатын шығар. Әлеуметтік желілер мен форумдарда осылай деп жазады:

«Ұлтқа бөлгенде қалай, ал тіл білмей осында қала беру қиынға соғады. Сондықтан көшу туралы ойланып отырмыз».

«Мен де Қазақстаннан Ресейге көшу туралы ойлана бастадым, біз мұнда жат адам сияқтя болып қалдық, ал шын мәнінде, біз, ТМД елдерінің барлық адамдары, енді еш жерде – Ресейде де, Қазақстанда да – қажет емеспіз». 

«Біз де Қазақстанда тұрамыз. Әзірге бәрі жақсы. Жұмыс істейміз, оқып жатырмыз, бірақ білімдегі соңғы оқиғалар салдарынан балалар туралы, дәлірек айтқанда, олардың болашағы жөнінде ойлана бастадым. Мен мемлекеттік тілді үйренуге қарсы емеспін, бірақ оны білумен мен содан кейін қайда барамын?».

«Мен Қазақстанда дүниеге келдім және өмір бойы осында өмір сүрдім. Және ешқайда кету жөнінде ойланған емеспін. Мұнда менің балаларым және немерелерім дүниеге келді. Мұнда мен жақындарымды жерледім. Мен зейнет жасына дейін жұмыс істеп, немерелеріммен саяжайда боламын деп ойлағанмын. Бірақ соңғы уақытта русофобия мен ұлтшылдық бізге де жетті. Мен бір нәрсені түсінбеймін – кішкентай жалақы, халықтың кедейленуі және жұмыссыздық орыстардың кесірінен емес қой. Сондықтан «кетіңдер» деген сөздер неліктен барған сайын жиіленіп естіліп жатыр. Ал мені Ресейде ешкім күтіп отырған жоқ, менің менталитетім қазақстандық, интернационалдық. Мен мұнда да қажет емеспін. Ал енді маған не істеу керек? Сондықтан, мінеки, Қазақстанға жақын жерге көшу үшін қоныс аудару бағдарламасын қарастырып отырмын. Мен көшіп кетсем, сонда барлығы бірден бай болып қалар ма екен».

«Иә, біз осында тудық, Қазақстанда. Мен өз отанымды жақсы көремін, естеліктер менімен мәңгілікке қалады. Бірақ қазір, орыс балалары, қазақ балалары және басқа ұлт өкілдері сабақта отырғанда, ал тарих мұғалімі орыстар – жер бетіндегі ең қорқынышты адамдар деп айтқанда...  Орыс балалар өздерінің кім екендерін айтуға қорқады. Бұл дұрыс па? Иә, не айтуға болады, саясатта да, әкімшілікте де, немесе жұмысшы мамандықтардан басқа жерлерде де болашақ жоқ. Өте өкінішті!»

«Егер орыс қазақстандықтарға дұрыс қарайтын болса, ешкім де кетпес еді. Оралмандар барлығын жайлап алып, енді өздерін ел иелері ретінде сезінеді. Ал біз, Қазақстанда туылып өскен адамдар, олар үшін үнемі бөгет жасайтын кедергі сияқты болып көрінеміз».

«Біз дәл осындай (біз сияқты) қоныс аударушылардың кесірінен кетіп жатырмыз. Бірақ олар Өзбекстаннан қоныс аударушылар (сол жақта тұрған қазақтар). Мәдениеттері мүлдем жоқ, өздері тұратын жерде тазалық сақтамайды. Тәрбие де жоқ. Олар не істегісі келсе, соны істейді, басқа адамдардың пікірі оларды қызықтырмайды. Біз ештеңе түсінбейміз деп ойлап, артымыздан жағымсыз сөздер айтады. Ал Қазақстанның солтүстігіндегі біздің шағын қаламызда олар өте көп және 3000-нан астам отбасын қабылдау жоспарланып отыр (олардың отбасылары 3-4 адам емес, кем дегенде 10-15 адам). Ал мен Қазақстанды өте жақсы көремін, жергілікті қазақтар өте ақкөңіл, қонақжай адамдар».

Амалсыз қоңыс аудару немесе Ал одан әрі не болады?

Қазақстанда тұратын орыстар екі дәуірдің кепілгеріне айналып, мұнда да, сонда да қажетсіз болып қалды. Әрине, мемлекеттік деңгейде олардың мүдделері қорғалған. Елдің тұңғыш президенті де, екіншісі де үнемі этносаралық қарым-қатынаста тепе-теңдік қажеттігін атап көрсетеді, ауытқушылыққа жол бермеуге тырысады. Бірақ төменгі, тұлғааралық деңгейде бір нәрсе бұзылып қалған. Және пайда болған түсініспеушілік барған сайын жасырын сепаратизмінде айыптауларға, империяның «фантомды ауырсынуларына» кінәлауларға, шовинизм жөнінде ашық айтылған күдіктерге жол беріп отырып, тіпті «ватниктер», «колорадтар» деген қорлау сөздер туралы айтпағанның өзінде, тек шиеленісе түседі. Шын мәнінде, біз елден кеше ғана «ағайын» және «мәңгілік дос» деп атаған адамдарды өздеріміз кетіріп жатырмыз. Ал мұны тек қана «фейсбуктегі генералдар» қалыптастырған «жаңа қоғам» бейнесіне сәйкес болмай қалғандары үшін ғана істеп жатырмыз. Бұл қолдары мен аяқтары жоқ адамдарға олардың кемшіліктерін беттеріне басып, қуып шығумен тең:

«Егер орыстар кетіп жатқан болса, бұл дұрыс процесс. Олар «туған айлақтарына» оралады. Жолдары ашық».

«Ватниктерге өздеріне ұқсас нәрселер лайық».

«Неғұрлым көп адамдар кетіп қалса, соғұрлым әлеуетті сепаратистер азырақ және қазақ жерінде патриоттар мен бірлік көп».

Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстаннан орыс тілді халықтың кетуі, сонымен қатар, Ресей ақырында отандастарды қайтару бағдарламасын жетілдіру бойынша нақты қадамдар жасай бастағандықтан, келешекте тек қана өсе беретін шын мәнінде табиғи процесс. Соңғы уақытта қоныс аудару тетіктері жетілдірілгені соншалық, енді олар қоңыс аудару процесіне жаппай көшу сипатын бере алуға қабілетті. Бұл әрдайым тұрақты жұмыс істейтін нәрсе емес болса да, бірақ қоныс аударушы куәлігін алу үшін бірінші өтініш білдіргеннен кейін бір жыл ішінде ресейлік паспорттың иесі болуға әбден нақты мүмкіндік беретін құрал.

Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында жаңа түзетулер өз күшіне енді. Оларға сәйкес, РФ президенті тұру ықтиярхатын алғаннан кейін бес жыл бойы РФ-да тұру қажеттілігінсіз Ресей азаматтары бола алатын мигранттардың қандай санаты шетел мемлекетінің азаматтығынан бас тартпастан, орыс тілін білуін және өмір сүруге қаражаттың бар екендігін растамай, анықтау құқығы берілген.

Ал ең бастысы – көптеген отбасылар Ресейге көшу ойынан бас тартуға мәжбүр ететін елеулі кедергілер жойылды. Бұрын бағдарлама уақытша тұруға рұқсат немесе тұруға рұқсат алған және Ресей аймағында тіркелген адамдарды ғана қамтыды. Енді тұрғылықты жері бойынша тіркелуге қатысты талап жойылды. Соның салдарынан бағдарламаға қатысуға қызығушылық, қалай болғанда да қазақстандықтар тарапынан, арта түсті. Ресей Федерациясы ІІМ мәлімдеген мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында қоныс аударушылардың куәлігін алғандардың ішінен 13 проценті Украина, 17,6 проценті Тәжікстан және дерлік 37 проценті – Қазақстан. Түсіндірмелелерді қажет етпейді дегендей.

Тағы бір айта кететін нәрсе. Ағымдағы жылдың мамыр айында қоныс аудару бағдарламасына енгізілетін жаңа өзгерістер мен толықтырулар жарияланды. Олар 2020 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды… 

Комментарии