Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ассамблеяның қоғамдағы бейбітшілік пен бірлікті нығайтудағы, медиацияның рөліне ерекше тоқталған болатын. Бұл міндеттерді шешуде, Қоғамдық келісім кеңесі мен медиация институттарының да маңызы зор. Медиаторлар жүйесінің дамуы Қазақтандағы сот жұмысына жеңілдік жасап, халықтың құқықтық мәдениетінің дамуына, дауды диалог арқылы оңтайлы шешудің бір жолын белгіледі. Медиация рәсімінің басты мақсаты дауға қатысты тараптарды қанағаттандыратын жол, шешім табу болып табылады.
Әрине, дөңгелек үстел барысында қатысушылардың жүз пайызы шешім табады деп айту қиын. Медиатор дауды қаншалықты шешуге болатындығын, тараптардың қайсысы бейбіт шешімге жақын екендігін анықтап, өз тәжірибесіне сүйене отырып, тараптардың ортақ шешімге өз еріктерімен келуіне жағдайлар туғызады,Қазақты ежелден мәмілегер халық деп айтамыз. Кез келген мәселені келісіммен шеше білгендігін тарихтан білеміз.
Қара қылды қақ жарған әділ бидің бір ауыз кесімді сөзіне бағынып, бітімге келетін ата-бабамыздың бітімгершілік жолын бүгінгі қоғамда жалғастыру мүмкін бе? ҚР Президенті Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық кодтың қажет екендігін айтқан болатын. Қазақ сөзге тоқтаған халық. Елді ортақ мақсат-мүддеге жұмылдыруда арнайы Дала парламенті жұмыс істеді. Онда ақсақалдардың байламына тоқтап, дауласқан тараптар мәмілеге келіп отырды. Елбасының «өзіміздің ұлттық кодымызға оралуымыз керек» – дегендегі айтар негізгі ойы осы – медиация.
Қазіргі таңда бұл миссия Қазақстан халқы Ассамблеясының құзырына берілген. Әлемдегі ешбір елде аналогы жоқ тұтас құрылым ретінде жасақталған Ассамблеяға сенім білдіріліп, үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Елбасы елдегі тұрақтылықты сақтауда қандай да бір даулы мәселелерді бітімгершілікпен шешуді осы ұйымға жүктеді. Елбасы ұсынған медиация тәртібі қазақ үшін бұрыннан келе жатқан ғұрып. Өзара бітімгершіліктің заманауи жаңғырған түрі. Медиация талаптары дауласқан тараптар үшін өте қолайлы. Мұнда қос тарап ортақ мәмілеге келіп, істі өз арасында шешеді. Бұл іске кәсіби медиаторлар да белгіленген. Сонымен бірге, кәсіби емес медиаторар даулы мәселелерді болдырмауға, оның алдын алу бағытында жұмыс істеу қажет,
Медиация туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2011 жылдың 5 тамызында күшіне енген болатын. Медиация алдымен, даулардың шиеленісуін төмендетуге, дауға қатысушылардың үнемділігін, шығынның барынша төмен болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – кінәлілерді іздеуге емес, ортақ шешімге келу жолдарын іздестіре отырып, екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқаға қол жеткізу болып отыр. Сондай-ақ, тараптардың тең құқылығы, құпиялылық, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы медиацияның өзіндік артықшылығы болып табылады. Сондықтан да, қазіргі кезде халықтың арасында медиацияға деген көзқарас жақсара бастады.осы сәтте тоқтала кететін жағыдай қазіргі таңда отбасылық,діни кикілжіңдер кең етек алып бара жатқандығы шындық, себебі біздер ұлттық мұраларымызды насихаттаумыз аз, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуіміз қажет, Кешегі қазақ қоғамында отбасылық дау туындаған жағдайда жүгініп баратын би ағасы болған.
Төрелігін айтқан шақта, би ағасы екі жақтың уәжін тыңдап, айыптының кінәсін мойындатып, татуластырып отырығндығы белгілі. Бұл бірінші кезекте қазақтың сөзге тоқтап, сөз тоқтатар адамның айтқанын тыңдағандығын көрсетеді және істеген ісін мойындап, кешірім сұрай білуді жақсы түсінген. Осылайша көптеген мәселелер мәмілегерлік жолмен шешіліп, ел іші де тыныш болған бұл жағыдайлар өздеріңізге таныс,Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Медиация қызметінің орнын бұрын ақсақалдар кеңесі, билер институты атқарып келген. Яғни, біздің төл танымымызда оның тарихи негіздері бар. Бүгінгі тәжірибеде де ақсақалдар кеңестері дау-дамай тараптарын бір мәмілеге келтіре алатын әлеуетке/статус/ ие. Мұндай медиация бүгінде сот процесінде болып жатқан көптеген мәселелердің оңтайлы шешімін табуына, сот жүйесіндегі істердің қысқаруына, шығындардың азаюына септігін тигізеді. Дәстүрлі ел билеу жүйесінде ақсақалдар институтының рухани рөлі ерекше. Ал осы би, шешендер даулы мәселені екі-ақ ауыз сөзбен түйіндеп отырған.
Байырғы игі дәстүр бүгінгі күні заңнамаға еніп, өмірімізге қайта келуде. Осы орайда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясына жаңа функционалды бағыттар, атап айтқанда: қайырымдылықты үйлестіру, қоғамдық келісім кеңестері мен аналар кеңестерінің қызметін жүргізу, медиация желісін дамыту міндеттері жүктеліп отыр.
Жаңа бағыттар аясында ауқымды жұмыстар қолға алынуда, Халқымызда «Бақ қайда барасың – ынтымаққа барамын» деген дана сөз бар. Елдік болмысымызға тән бұл ұғымды тәуелсіздіктің тұғырлы, мемлекеттің ғұмырлы болуына өзек еттік.Бірлікті басты байлығымыз – Тәуелсіздіктің арқауы етіп айшықтадық. Елбасымыз ұсынған жол, жұрт болып жұмыла ұстанған саясат ширек ғасырда жемісті нәтижесін берді. Бүгінгі Қазақстан бірлігі бекем, тірлігі келіскен, ынтымағы жарасқан елге айналды. Жеткен жетістіктеріміз бен алған асуларымыз аз емес. Бүгін біз Ұлы даланың ұлағатымен Мәңгілік Ел құруға қадам бастық. Күн сайын құбылған замананың иіріміне төтеп беретін қуатты мемлекетті жасақтаудың қамына кірістік. Елеулі өзгерістер қоғамның барлық саласын қамтып отыр.
Жалпыұлттық жаңғыру саяси-экономикалық салалармен қатар, азаматтық санаға да серпіліс алып келмек. Бәсекелестік адаммен қатынаста және өз мақсаттарына жету бағдарларын үйлестіруде авторлар даулы жағдайда мүмкін боларлық: бәсекелестік, бейімделу, бойын аулақ салу немесе қашқақтау, мәмілеге келу.