Сенбі, 15 тамыз 2020 ЖЫЛЫ
2723 31-07-2019, 16:05

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде популистер көп пе әлде аналитиктер ме?

ҰҚСК-ін құруды жалпы алғанда оң бағалауға болады, өйткені қандай да бір диалогтың болғаны оның мүлдем болмағанынан әлде қайда жақсы. Алайда, қоғамның үміттерін ақтау үшін ол түрлі пікірлерді білдіру алаңына ғана емес, сондай-ақ мұқият талдау негізінде және ақылдасып отырып елдегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалды өзгертуге бағытталған салмақты және нақты жүзеге асырылатын ұсынымдар әзірленетін орынға айналуы тиіс. 

«Мән-жайды түсінбейді…»

Бұл дегеніміз, ҰҚСК-те көбінесе құқықтық нигилизм мен жиі түймеден түйе жасайтын популизм мүмкіндігінше аз болып, мұқият талдау жұмысы неғұрлым көбірек болғаны жөн. Алайда, егер кеңестің құрамы жөнінде айтатын болсақ, оған кірген кейбір фигуралар кезекті өзінің ҰҚСК-гі мүшелігін өзіне назар аударту мақсатында пайдалану мүмкіндігінен бас тарта алмайды деген қауіп бар. Өйткені олар өздерін (тек әлеуметтік желілерде көптеген жазылушылары бар деген негізде) «қоғамдық пікір көшбасшыларымыз» деп есептейді, ал мұндай мәртебені үнемі әсерлі мәлімдемелермен көтермелеп отыру қажет.

Олардың бірі, кезінде теледидар арнасына басшы болған және «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінде мүшелік еткен. Ол өзінің танымалдығын ресейлік риторикада, ұлтаралық қатынастар тақырыбы мен тілдік мәселеде арттыруды қалайды. Шынын айтқанда, ол «бір сыбыс естігенмен, мән-жайды білмейді» деген сөзтіркесіне сәйкес жиі әрекет етеді. Және, тіпті кейін шындық анықталса да, ол ешқандай ыңғайсыздық сезінбейді. 

Бірнеше ай бұрын ол Ресейде бірде-бір қазақ мектебі жоқ деген жағдайға наразы болып, әлеуметтік желілерде: «Мен өз үкіметімнен осыған ұқсас шаралар қабылдауды және Қазақстандағы мыңдаған орыс мектебін жабуды талап етуге толық құқығым бар». – деп жазған болатын. Егер ол жағдайды зерттеген болса, яғни қазақ диаспорасының өкілдері РФ және оның өңірлерінің билік органдарына ұлттық мектептер ашу өтінішімен (талаптарымен) үндеулер жазғанын, ал егер жазса, қанша адам өз қолдарын қойғанын, оларға жауап бергенін және т. б. анықтап, білсе, оның ашуын орынды деп айтуға болар еді. Бірақ осы өте салмақты адам (егер оның бұрын атқарған лауазымдарына қарасақ), бұл мәселені жан-жақты зерттеуді қаламаған көрінеді. Қалай болғанда да, ол ешқандай дәлелдерді ұсынбады. Бұл жағдайда ол үшін ең бастысы – өз-өзін қазақ халқының патриоты және мүдделерінің қорғаушысы ретінде еске түсіру болды деп ойлаймын.

Ал жақында ғана, шілде айының басында ол ұқсас оқиғанын эпицентрінде болды. Ол өзінің «Фейсбуктағы» парақшасында келесі мазмұндағы мәлімдеме берген: «Қостанай халқының саны 240 мың адам, оның ішінде қазақтар 94 мың (40%). Бүкіл қалаға бар болғаны 1 (бір) қазақ тілді мектеп және ол да нашар жағдайда болғандықтан, жабылу қаупі бар. Бұл Тәуелсіздікттің 28 жылдық кезеңінде орын алып отырған нәрсе». Қандай дүрбелең көтерілгенін елестете алатын боларсыздыр – тек қана репосттардың өзі алты жүзге жұық болды. Кейбір комментаторлар тіпті митингке шығып, қала басшысынан, ал бір мезгілде аймақ басшысынан отставкаға кетуді талап етуді ұсыңды. Бірақ кейінірек белгілі болғандай, пост авторы тексерілмеген және жалған ақпарат берген. Оны қала әкімі Қайрат Ахметов жоққа шығарды: «Бұл жалғыз қазақ мектебі емес, бұл Қостанай орталығындағы жалғыз бастауыш мектеп. Және сөз оның жабылуы туралы емес, оны колледждің бұрынғы ғимаратына көшіру туралы болған... Қостанайда 6 қазақ тіліндегі мектеп және 10 аралас тілде білім беретін мектеп бар». Ол сондай-ақ қалалық әкімдік осы жалған ақпаратты орналастырған интернет басылымдарына сотқа талап-арыздарын беруге ниетті екенін хабарлады.

Ал жоқ жерде дауыл көтерген бұрынғы теледидар бастығы ше (айтпақшы ол «кез келген ақпарат, әсіресе теріс сипаттағы ақпарат тексерілуі тиіс» деген журналистің басты өсиеттерінің бірін білуге міндетті) қандай жауап берді? Өз мәлімдемесінің астында жазылған пікірлерде айтылған айыптауларға ол: «естігенімді айтқаным ғой...» – деп жауап қайтарды. Комментарийсіз дегендей... 

Ойдан шығарылған жаулармен күресетін балуан…

Тағы бір өзіне назар аудартуды ұнататын ҰҚСК-ің басқа мүшесі өзін демократпын деп атайды. Алайда, ол «Бір адамның еркіндігі басқаның еркіндігі басталатын жерде аяқталады» деген демократияның ең басты постулаттарының бірін немесе білмейді немесе саналы түрде елемейді.

Бірнеше жыл бұрын ол ірі сауда орталығына барып, оның қызметкерлерінен Жеңіс күнінің кезекті жылдығына орай тағылған «Георгий» ленталарын алып тастауды талап етті. Ал содан кейін олардың бірінен осы өшпенділік нышанды жұлып алып, еденге лақтырып, ол туралы «Фейсбук» парақшасында мақтанышпен хабарлаған және түсірілген бейнені де сол жерде бір мезгілде орналастырған. Егер ол басқа жерде сол үшін жұдырық алатынын ескерсе, бұл батыл әрекет. Әлеуметтік желілердегі оның пікірлестері оған: нағыз патриот! – деп қолдау білдірді. Дегенмен, мұнда жазалаусыз қалған әдеттегі бұзақылық және әдепті адам өзін-өзі қалай ұстауға болмайтынның теріс үлгісі бар.

Жалпы, ол әсерлі PR-акцияларды ұнатады. Путиннің Қазақстанда бұрын өз мемлекеттігі болмағаны туралы мәлімдемесіне жауап ретінде оған оқулықтары мен тарихи монографиялары бар сәлемдемені (әрине, осы үдерісті бейнеге түсірумен) жібереді. Бұл ретте ол бұрын ҚР тұңғыш президентінің аузынан осындай сөздерді естімегендей бола қалған. Біресе оның атынан «адвокат интернационалист-жауынгерлерге әйгілі мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың (олар оны фашистік жағымпаз деп атаған) ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау үшін талап-арыз берген» – деп мәлімдейді.

Шынын айтсақ, сол уақыттан бері үш ай өтсе де, талап-арыздың тағдыры белгісіз. Бәлкім, ол мүлдем болмаған да шығар, ал егер болса, онда ол қабылданбады. Алты жыл бұрын Өскемендегі осыған ұқсас өтінішімен сотқа шағымданған бір режиссердің жағдайында да дәл осылай болды. Өйткені, біріншіден, талапты қанағаттандыру үшін, абыройын қорғауға тырысқан адамның тікелей ұрпағы болу керек. Ал, екіншіден, егер бүгін прецедент жасалса, онда ертең соттарда басқа да тарихи кейіпкерлерді – мысалы, Сталинді (айтпақшы, Ресейде осындай жағдай болған, онда сотқа жүгінген «барлық халықтардың әкесінің» немересі толық сәтсіздікке ұшырады) немесе тіпті Шыңғысханды қорғау үшін талап-арыздар толып кетеді …

Басқа жолы біздің кейіпкеріміз «барлық қоғамдық орындарда – супермаркеттерде, моллдарда, кинотеатрларда, шаңғы баурайларында және конькимен сырғанақтарында, стадиондарда және т.б. жерлерде қазақ музыкасы, қазақ эстрадасы кемінде 80% уақытын алуы» туралы заңды қабылдауды ұсынды. Одан кейін сол кездегі қала әкімін: «Әсет Исекешев, бұл мәселеге назар аудар» – деп шақырды. 

Коммуналдық меншіктегі алаңдарға, саябақтарға және басқа да объектілерге қатысты сұрақтар жоқ – әкімдік онда белгілі бір ережелерді белгілеуге құқылы. Жеке өзіме де осындай жерлерде естілетін музыка ұнамайды. Мен бұл эстрада, примитивті попса емес, классикалық музыка (мысалы Бетховеннің «Элизаға», Григтің «Пера Гюнт» сияқты шығармалардан үзінділер т.б., тіпті қазіргі заманғы өңдеуде болсын) және этникалық, оның ішінде қазақ әуендері, отандастарда жақсы талғамды тәрбиелеу үшін ұсынар едім. Бірақ мұны талқылау керек. Алайда, супермаркеттер, моллдар, кинотеатрлар қанша дегенмен жеке меншік нәрселер. Бұл нысандардың иелері қандай музыка клиенттердің ең көп санын тартуға қабілетті екенін өздері шешуге құқылы. Ал егер оларды таңдауы сондай болса, онда тәуліктер бойы «Мурканы» айналдыра берсін. Сонымен қатар, қазіргі заманғы әндерді көпшілік жерлерде пайдалану үшін заңға сәйкес олардың авторларына ақша төлеуге тура келетінін ескеру қажет. Білімі бойынша экономист бола отырып, адам осындай қағидатты сәттерді елемейтіні және мемлекеттің бизнеске одан да көп араласуына ашық түрде шақырғандығы кем дегенде оғаш көрінеді.

...және басқа да «қоғамдық пікір көшбасшылары»

ҰҚСК-де тағы бір билік пен халық арасындағы диалогтың белсенді жақтаушысы ретінде көрінуге тырысатын қоғам қайраткері бар. Бірақ ол облыс әкімдігінің ішкі саясат департаментінің директоры, содан кейін аймақ басшысының орынбасары болған кезде өзін-өзі мүлдем өзгеше ұстаған болатын. Облысқа оппозициялық қозғалыс көшбасшыларының келуі кезінде олардың жергілікті белсенділермен кездесуін үзуге әрекет жасағанын (оның қатысуынсыз емес деп ойлаған жөн) еске түседі, және бұл мақсатта оқушы жастар пайдаланылды. Ал президенттік сайлау барысында оның бақылауындағы БАҚ-тар билік оппоненттерін беделін түсіру мақсатында «болжам түріндегі сыбыстар»деңгейінде жарияланымдар берген болатын. Және оның іс-әрекеттері байқалмай қалмады, өйткені бірнеше жылдан кейін ол «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша парламент депутаты болды. 

Ал тағы бір қайраткер бүгін әкімдердің халықпен есептік кездесулерінің өткізілетінін сынға алады. Ол кезінде өзінің және өзіне үқсас адамдардың қатысуымен бұл бастапқыда жақсы сияқты болып көрінген бастама нағыз көзбояушылыққа айналғанын тіпті ұмытып кеткен көрінеді. 

Сондай-ақ, қазір ол мұғалімдер мен бюджеттік мекемелердің басқа да қызметкерлерінің мүдделерін қорғаушысы ретінде шығып, оларды газеттерге жазылуға, сенбіліктерге және т. б. қатысуға мәжбүрлеудің жасырын тәжірибесін тоқтатуды талап етеді. Алайда облыс әкімінің орынбасары бола отырып және білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларына жетекшілік ете отырып, мұндай мәжбүрлеуге өз септігін тигізді. Бәлкім, мемлекеттік қызметтен кету оның позициясын өзгерткен шығар? Әлде ол сенімшіл отандастардың алдында ұпай жинауға ұмтылып отыр ма?

Айтпақшы, оған біздің басылымдағы жарияланымдар мүлдем ұнамайды. Бірақ ашық пікірталасқа қатысудын орнына ол біресе «Фейсбук» арқылы ақпарат министріне шағымданады, біресе сол жерде осы БАҚ-ты жабатын уақыт келгені жөнінде айтады. Бұл жерде не айтуға болады – демократ және қоғамдық диалогтың жақтаушысы…

Дәурен Абаевке ҰҚСК-нің құрамына енгізілген әйелдердің аздаған өкілдерінің бірі де, бірақ конференц-байланыс кезінде, мүлдем басқаша себеп бойынша және тікелей шағымданды. Ол министрге «Еуразия» телеарнасында «Қалаулым» бағдарламасын шығаруға тыйым салуды ұсынды. Бір жағынан қарағанда, оны қолдау керек еді – шынында да, бұл аты шұлы танымал ресейлік «Дом-2» бағдарламасының біршама сыпайы жасалған қазақша нұсқасындағы (айтпақшы, КТК-да оның «Кел, келінім» атты басқа аналогын ұйымдастырды) қандай да бір ұятсыздықтың тоғысуы деуге болады. Бірақ мұндай бағдарламалар жастар аудиториясында үлкен танымалдылыққа ие болады деген мән-жаймен не істеу керек? Телеарналардың өз редакциялық саясатын жүргізу құқығымен, олардың рейтингтерді көтеру, мұнымен бірдеңе табу ниетімен не істеу керек? Егер оны жабу, тыйым салу талаптарын білдіруші ретінде әдеттегі адамдар шыққан болса бір жөн. Бірақ бұл жағдайда әңгіме заңгер және тіпті құқық қорғаушы деп аталатын адам туралы болып отыр ғой…

Сондай-ақ, ҰҚСК құрамында бүгінгі таңда өзін саясаткер деп атайтын және жақында жоғары мемлекеттік лауазым алған бұрынғы журналист бар. Саяси ғылымдар кандидатының ба, докторының ба талдама жасау қабілеттерінің деңгейі жөнінде осындай эпизод бойынша айтуға болады. Өзінің жарияланымдарының бірінде ол Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктері туралы айта отырып және осы кеңес дәуіріне қарсы қоя отырып, былай деп жазды: «Мұндай жағдайда КСРО-ның 70- ші жылдарымен емес, 42-ші жылымен салыстыру керек. Одақтың 15 жылдығына Қазақстанға миллиондаған өмірін алып кеткен аштық түсіп, 20 жылдығына ел қуғын-сүргінге ұшырап, 25 жылдығына соғыс басталды... Егер онымен салыстырсақ, бұл екі жарым онжылдықта Қазақстан үшін теңдесі жоқ жақсырақ өтті». Неліктен екен, автор 1942 жылы қазақтарда интернет және тіпті теледидар болмағанын, олар түрік курорттарында демалуға және еуропалық ЖОО-да оқуға мүмкіндіктері болмағаны туралы айтпады. Ал біздің қазіргі заманымыз жоңғар шапқыншылығы заманымен салыстырғанда анағұрлым тиімді болып көрінетін еді…

Егер ҰҚСК мүшелерінің тізіміне тереңірек үңілсек, онда бәлкім басқа да ұқсас «қоғамдық пікір көшбасшыларын» анықтауға болар еді. Алайда, әрбір адамға тыныш, бірақ пайдалы талдау жұмысын популизмге қарсы қоятын ең болмағанда бір адамнан табылады деп үміттенемін.

 

Комментарии