Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2020 ЖЫЛЫ
2267 26-07-2019, 12:34

«Ақымақтың тәжірибесі»: шенеуніктердің сөздеріне сенуге болады ма?

Билік шын мәнінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын олардың қарамағындағыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін отставкаға жіберуге ниеттеніп отырма деген мәселені біз бір айдан астам уақыт бойы түсінуге тырысып келдік. Енді біздің жауап іздеген сұрағымызда әйтеуір барлығы анықталғанмен, бір жаман сезім қалды. Алик Шпекбаевтың командасы осы оқиғада өз-өзіне пиар жасаудың құрбаны болды деген біздің ойымыз - жай ғана күдік емес сияқты көрінеді. Бірақ барлығын рет-ретімен айтқан жөн.

Бұл оқиғаның қандай да бір құпиясы бар екені анық

Әңгіме не жөнінде болып отырғаны туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бұған қанша қатысы бар екендігін еске салып кеткеніміз жөн болар. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап ол кезде әлі қайта құрылмаған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері (онда сол Алик Шпекбаев басшылық еткен болатын), бізді шенеуніктер үшін, оның ішінде жоғары буын үшін де олардың бағыныштылары парақорлық, «ақша бөлісу» және басқа да жасаған қылмыстары үшін дербес жауапкершілік енгізу туралы заңнамалық бастамамен парламентке кіргеніне сендіруге тырысқан болатын. Енді оларға қатысты отставкаға кету деген ең қорқынышты жаза қолданатын болады деп уәде берілген еді. Бірақ мәжіліс екі оқудан кейін тиісті норма бекітілді деп айтылған заң жобасын қабылдаған кезде, кенеттен оның мәтінінде тіпті оған ұқсас ештеңе жоқ екені анықталды. Ал осы кезде мемлекет басшысы да «отқа май құйды». Өзінің «Қазақстан Республикасы президентінің сайлау алдындағы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы «Баршаның игілігі! Сабақтастық. Әділдік. Прогресс» және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында келіп түскен ұсыныстармен ол 2019 жылғы желтоқсанда орындау мерзімімен «қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін саяси мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігін заңнамалық бекіту» – деген жарлығымен іс-қимыл жоспарын бекітті. Қай жағынан да қараған жағдайда, егер депутаттар бірдеңені қабылдаған болса да, ол мүлдем Шпекбаевтың қол астындағылары хабарлаған нәрсесі емес болып шықты (бұл тарихтың егжей-тегжейлерімен «Берілген уәдені орындамау ережелері: шенеуніктер мен депутаттар бір жыл бойы жоқ нәрсені мақтап келгені ме?», «Алик Шпекбаевтың командасы неліктен профанациямен және көз бояушылықпен айналысады?» және «Қашанғы Тамара Дүйсенованың қателіктерін қайталай беруге болады?»  деп аталатын мақалалар арқылы біздің сайтта таныса аласыздар). Депутаттардың және кезінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен бөлініп шыққан Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің ресми жауаптарынан арасында бірнеше ай айырмашылығымен бір мезгілде әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деген атаумен бірдей екі заң жобасы бар екені анықталды. Біреуі МҚІСҚА шығармашылығының жемісі, екіншісі – депутаттық корпустың айрықша еңбегі. Біріншісінің мәтіні еркін қол жетімділікте орналасқан, бірақ онда басшылардың дербес жауапкершілігі туралы сөз жоқ, әсіресе әлеуетті отставкаға кету туралы мүлдем айтылмаған. Ал екіншісінің мәтінінде ол бар ма екен? Белгісіз. Шын мәнінде, ол әзірге «құпияланған». Бізге түсіндіргендей, мәжілісмендер ол құпияны уақытынан бұрын ашуға және Сенаттағы «аға жолдастары» жоғары баға бергенге дейін жұртшылыққа жария етуге міндетті емес.

Енді мінеки – жаңа мәліметтер.

 

Бізге жауап берілді 

 

Әйтеуір осы аптада біз көптен күткен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жауабын алдық. Күтуге болатындай, оған «өзі» қол қоймай, ондай абыройды өзінің бірінші орынбасары – Олжас  Бектеновқа тапсырды. Ал соның арқасында бәрі неғұрлым қызықты болып отыр, өйткені дәл оның жеңіл қолы арқылы кең таралған түзету нағыз детективке айналды. Бірақ бірдеңе айтпас бұрын, жауап мәтінімен танысуды ұсынамыз (оның мәніне дұрыс түсіндірме жасалмады деген айыптау болмау үшін, біз оны дәстүр бойынша толық жариялаймыз):

«Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бағыныштыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілігін заңнамалық бекітуге қатысты қосымша келесіні хабарлаймыз:

Бұл нормалар депутаттық бастама ретінде әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған. Қазіргі уақытта Мәжіліс заң жобасын екі оқылымда мақұлдады (а.ж. 20 ақпан, а. ж. 19 маусым) және Парламент Сенатының қарауына жіберілді.

Бұл ретте, «Құқықтық актілер туралы» заңда депутаттық бастама тәртібімен әзірленген заң жобаларын ашық НҚА порталында жариялау жөніндегі талаптар қамтылмаған.

Заң жобасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарға түзетулер қарастырылған.

Атап айтқанда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 22-бабын мынадай мазмұндағы жаңа 1-1-тармақпен толықтыру көзделіп отыр:

«1-1. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады».

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік қызметшілердің бағынышты мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алудың жаңа міндеті енгізіледі (10-баптың бірінші бөлігі 13-1) тармақшасымен толықтырылады).

Сонымен қатар, осы Заңда 43-бапты мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтыра отырып, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігінің жаңа түрін енгізу жоспарланып отыр:

«4. Басшы лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары заңға сәйкес өздерінің тікелей бағыныштылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін мынадай шарттардың жиынтығы болған кезде тәртіптік жауаптылықта болады:

1) қол астындағыларға жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамаудағы немесе тиісінше орындамаудағы кінәсі арасында байланыс орнату;

2) бағынышты адамға қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босату туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы; 3),4),9),10), Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 12)және 12) тармақшаларында немесе 36-бабында көзделген негіздер бойынша бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өзі тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия қарауы мүмкін.

Сондай-ақ, тікелей бағынышты қызметкерлердің шеңберін нақтылау мақсатында мемлекеттік қызметшінің тікелей басшысы ұғымы енгізіледі (1-бапта 13-1-қосымша тармақша енгізіледі):

«13-1) мемлекеттік қызметшінің тікелей басшысы – мемлекеттік қызметші оған қатысты оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес тікелей бағынышты болатын мемлекеттік лауазым бойынша жоғары тұрған адам;».

Сонымен қатар, назарларыңызды аударамыз, үкіметтің 2019 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Бұл ретте оны Үкіметке енгізу мерзімі а. ж. қыркүйек айына, Парламентке – а. ж. қараша айына белгіленген.

Заң жобасында көзделген түзетулер мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларын, оның ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Аталған заң жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында «НҚА мұрағаты» бөлімінде орналастырылған.

 

Барлық түсініктемелер берілді ме?

 

Біз осындай толық жауап үшін Олжас Абаевичке алғысымызды білдіреміз, өйткені «жоғалып кеткен түзетумен» байланысты оқиғамызда енді көп нәрсе, мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескерлер депутаттық алаңда өз партиясын шебер ойнағандығы түсінікті бола бастады. Мәжілісмендер мемлекеттік органдардың бірінші басшылары үшін тәртіптік жауапкершілік шекарасын белгілеу ниетімен жұмыс істеп отырған кезде, агенттік қызметкерлері депутаттық заң жобасында мүлдем жоспарланбаған жаңалықтың айналасында күшті пиар-акция ұйымдастырды. Одан басқа баға беру қиын. 

Олжас Бектеновтың жауабына қарайтын болсақ, мәжілісмендер дайындаған нұсқада шынымен де бірінші басшылардың қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауаптылығы көзделген, бірақ бұл міндетті түрде отставка емес. Тәртіптік жауапкершілік деген ұғым мүмкін сондай-ақ сөгіс, қатаң сөгіс және ескерту жарияланатынын және тағы басқа да көптеген нәрсені білдіреді. Депутаттардың министрлер мен әкімдерді «қысымға алу» ниеті болған жоқ болып шықты, өйткені заң жобасының нұсқасында мұндай нәтиже тек егер орталық немесе өңірлік деңгейдегі топ-менеджер ҚР Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның көзіне түскен жағдайда ғана мүмкін болады. Бірақ Олжас Бектенов өткен жылдың күзінде мүлдем мәжіліс депутаттары мақұлдап, сенат бекітуіне жібергені жөнінде айтқан емес болатын.

Оның сөздерін «Орал апталығы» осылай деп келтірген: «Халықаралық тәжірибені ескере отырып, қол астындағылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда басшының жауапкершілігін енгізу орынды болып көрінеді. Бұл жерде екі аспект бар: біріншіден, осы саяси қызметші тағайындаған бағыныштылар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда (бірақ соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін) отставкаға беру түріндегі саяси мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі. Екіншіден, тікелей бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі. Бұл түрі әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер жөнінде болып отыр: департамент директоры, басқармасы басшысы, бөлім. Егер бағынышты адам жасаса, онда басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылады»

Сонда ол жай ғана ойынан шығарып алған болып шықты ма? Немесе қалаған нәрсен бар деп әдейі айтты ма? Бірақ онда осындай бастамалармен парламентке «кіру» туралы мәліметіне қалайша қарауға болады? КТК телеарнасының ресми сайты Олжас Абайұлы: «...Қазір біз бағыныштыларды сыбайлас жемқорлық үшін тартқан жағдайда басшылардың дербес жауапкершілігін белгілеу туралы түзетулерімен парламентке кірдік. Егер саяси мемлекеттік қызметшілерге қатысты болса, әңгіме саяси жауапкершілік – отставкаға беру міндеті туралы болып отыр».

Біз Олжас Абайұлы қызмет ететін ведомствоның депутаттық заң жобасына кіруіне күмән келтіргенбіз. МҚІСҚА әзірлеген заң жобасына келетін болсақ, онда, тағы бір рет қайталап айтайық, Бектенов мырзаның айтып отырған нәрсесі жоқ. Сондай-ақ, парламентке де, жоғарыда келтірілген жауапта айтылғандай, ол тек ағымдағы жылдың қарашасында жеткізіледі. Барлығын тұжырымдап, ізделіп отырған нәтиже аламыз: ешкім де бірде-бір түзетулермен мәжіліске кірген жоқ және саяси мемлекеттік қызметкерлерді түрмеге дейін жеткізуді жоспарламаған. Бірақ неге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлері жоқ нәрсені ойдан шығарды? – деген сұрақ туындайды.

Бізде бір ғана жауап бар: осылайша өздерін соққыдан құтқару үшін. Олжас Бектенов өзінің жалынды сөздерін айтуды бастаған кездеріне таман, Елбасы оның бастығынан бірнеше рет саяси мемлекеттік қызметкерлердің отставкаға кету мүмкіндігін заңды түрде бекітуді талап етті. Бұл жағдайда мұндай талпыныс әбден қисынды, себебі ол қарқынды белсенділікті көрсетеді. Әрине, біз қателесуіміз де мүмкін. Алайда, қазір тек Қасым-Жомарт Тоқаевтың принципшілдігіне үмітіміз бар, оған оның ізашары бастаған істі аяғына дейін жеткізуді тапсырған. 

Ал әзірше министрлер мен әкімдер тыныш ұйықтай алады – депутаттық заң жобасы олардың өзін-өзі сақтау инстинктіне ешнәрсе кедергі келтірмейді, әсіресе оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресшілердің сөздік схоластикадағы жаттығулары… 

 

Комментарии