Бейсенбі, 13 тамыз 2020 ЖЫЛЫ
2540 26-07-2019, 16:42

Алик Шпекбаевтың командасы неліктен профанациямен және көз бояушылықпен айналысады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Алик Шпекбаевтың қарамағындағылары – іздеп таптырмайтын фокусшылар. Олар бір жыл бойы аса шеберлікпен сенімшіл қазақстандықтарға шынайылығына ешбір күмән тұдырмайтын оптикалық иллюзиялар мен есту галлюцинацияларын жіберіп отырды. Олардың соңынан парламент депутаттары да болымсыз нәрселерді айта жөнелді. Бірақ ол елестердің барлығы кейіннен жоққа шығарылды. Ал енді осы иллюзионның қатысушыларының қалыптасқан жағдайды өзгертуге шамалары келмей отыр. 

Өткен аптада біз «Берілген уәдені орындамау ережелері: шенеуніктер мен депутаттар бір жыл бойы жоқ нәрсені мақтап келгені ме?» деп аталатын мақалада біз орын алған оқиға жөнінде, шын мәнінде, мистификация туралы әңгімелеген болатынбыз. Сол әңгіменің мәнін қысқаша айта кетейік.

Былтырғы күзде Алик Шпекбаевтың орынбасарлары барлық ынталарымен бізге жоқ нәрсені бар деп сендіруге тырыса бастады (сол кезде ол мүлдем бола алмайтын нәрсе еді). Олардың айтуынша, көп ұзамай бізде дәл европадағы сияқты болады, яғни министрлер және әкімдер, егер олардың қол астындағылары пара алғаны үшін ұсталса немесе өзінің қалтасын мемлекеттік қалтамен шатастырып алса, отставкаға кететін болады. Және олар бұны соншама сендіріп айтқан еді. Біреулері, ешбір қызарып-ұялмастан, ведомство заң шығарушы органға бірінші басшылардың өз қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін дербес жауапкершілігін белгілеу туралы бастамамен шыққанын, екіншісі бұл іс жүзінде қалай болып көрінетіні жөнінде әр-түрлі жарқын бояулар қосып, сүреттеп айтып берген болатын. Сондықтан біз енді, мінеки, депутаттар да сол идеяны қолдап, бұл норма іске асырылады деп ойлап қалған едік.

БАҚ хабарламалары бойынша, мәжілісмендер осындай норманы қуанышпен қолдап, «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын тіпті екі оқылымда мақұлдады, содан кейін оны Сенаттың қарауына жіберді. Алайда, анықталғандай, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық істері үшін басшы құрамның жауапкершілігіне қатысты бап оның мәтінінде жоқ екен, бұл құжатпен ресми дереккөздерде – мәжілістің немесе Алик Шпекбаев басқаратын ведомствоның сайтында таныса отырып, әркім өзі көз жеткізе алады.

Бұл норма ешқашан шындап талқыланбағанын және әзірленбегенін, яғни ол тек қана бос сөз болған фактісін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен «Қазақстан Республикасы президентінің сайлау алдындағы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы «Баршаның игілігі! Сабақтастық. Әділдік. Прогресс» және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстар мен ол іс-қимыл жоспарын бекітті, онда 15-тармақта 2019 жылғы желтоқсан – орындау мерзімімен «қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін саяси мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігін заңнамалық бекіту» – деген жарлығымен растады. Бітті. Сонымен комедия аяқталды. 

Осыдан бірнеше апта бұрын, 21 маусымда, біз Алик Шпекбаевке, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жаңа басшысы Анар Жаилғановаға және мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің (осы заң жобасына қатысты бейінді көмитет) төрағасы Мұхтар Ерманға ресми сауал жолдадық. Біз оларды осы жағымсыз жағдайға айқындық еңгізіп: «бұл норма болған ба еді?» – деген басты сұраққа жауап беруді өтендік. Егер сөз болып отырған норма әзірлеушілер мен депутаттардың қиялының жемісі емес болса, онда ол сөзбе-сөз қалай сипатталады және сенаттың қарауына берілген заң жобасының қандай нақты бабында бекітілген? Егер бірінші басшылардың бағыныштыларының заң бұзушылығы үшін жауапкершілігі ведомствоның ішінен шығып барып, мәжілістің сынақ-тексеруінен өткен өзге де заңнамалық немесе нормативтік-құқықтық актілермен регламенттелетін болса, онда, атап айтқанда, ол қандай нормативтік-құқықтық актілер?

Алайда шенеуніктер шындықты ашуға асығар емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының атына сұрау салумен біршама шатасулар болып қалды. Ол хатты жіберу кезінде Шпекбаев мырзаның кеңсесі тіркелген мекен-жайын өзгертті, нәтижесінде, бізге агенттік кеңсесінде хабарланғандай, олар бізден ешқандай хат алмаған екен. Біз, әрине, Алик Жатқамбайұлын біздің алдыңғы жарияланымымызды ресми журналистік сұранымның дубликаты деп есептеуді өтінген едік, бірақ оның қарамағындағылары ақпараттық кеңістікке мониторингті нашар жүргізетін көрінеді, ал егер жағдайды қадағаласа, онда жаман хабар әкелетін шабандоздардың рөлінде сөйлеуден қорқатын болар. Біз Алик Шпекбаевтың атына жаңа сауал жібердік және енді ол жабылған шымылдықтың артында жасырынбайтын шығар деп үміттенеміз.  

Біздің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттікке жүгінуіміздің жағдайы одан да қызық болып шықты. Біз, әрине, Анар Жайылғановаға (жаңадан келген адам ретінде) осы жағдайды егжей-тегжейлі түсінуге уақыт қажет болады деп ойладық. Бірақ біздің осы ведомствомен «қарым-қатынас» үдерісіміз тек оның өзі және оның қол астындағылары мемлекет басшысы осы жаңа құрылымның алдына қойған міндеттерді барабар орындай алмайды деген түсінікке келетініміз жөнінде мүлдем ойламағанбыз. Олар мемлекеттік қызметшілердің жұмысын ең үздік әлемдік үлгілерге сәйкес пішімдеуге және қазақстандық шенеуніктерді ұғымдар бойынша емес, заңдар бойынша өмір сүруге мәжбүрлеуге қабілетті екендігі өте күмәнді болып табылады. Өйткені олар жақсы, адал және жауапты етіп жасауға тиіс адамдарға өздері жаман үлгі көрсететі.

Өз сұратуымызда біз «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңға жүгінгеніміз кездейсоқ емес, өйткені олар кем дегенде қызығушылық үшін құжат мәтініне көз жүгіртеді деп есептедік. Бірақ, ешкім мұны жасауға тырыспаған көрінеді. Әйтпесе оларға 18-1-бапты елемей өту қиын болар еді. Ал онда: «Сұрау салуға жауап келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келіп түскен сұрау салу нысанында және тілінде, егер сұрау салудың өзінде өзгеше көрсетілмесе. Сұратылған ақпарат бірнеше ақпарат иелерінің құзыретіне кіретін және сұрау салуға жазбаша жауап берген кезде басқа ақпарат иегерінен ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, қарау мерзімін ақпарат иегерінің басшысы күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлануы тиіс» – деп анық жазылған.

Біздің жолдаған сұрағымызға жауап та, сұрау салуды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлама да келмегендіктен, біз ведомстваның кеңсесімен байланыстық. Бірақ «орындауда» деген жалғыз ғана сөзден басқа ештеңе естімедік. Мүмкін, шенеуніктердің айтар сөздері болмағандықтан олар үн қатпай отырған болар? Оның үстіне, кейбір жағдайларда мұндай күдіктерді депутаттар тудырады, өйткені олар жасырынып отырмай (бұл олардың ведомство басшыларынан айырмашылығы), өздерінің жауабын берді.

Біздің сауалымызға берген жауабында мәжіліс депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Михаил Чирков Алик Шпекбаевтың командасы барлығының басын қатырып жүргенін айқындайтын жауап берді. Бірақ алынған ақпаратты түсіндіруде екімәнділік туындамас үшін, біз депутаттың қолы қойылған жауаптың мәтінін толығымен келтіреміз:

«Сіздің мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының өз қол астындағыларды сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігі туралы нормаға қатысты сұранысыңызға төмендегілерді мәлімдеймін. 

Бұл норма ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау барысында енгізілуіне байланысты еркін қолжетімділікке орналастырылмаған. 

Заң жобасын қарау шеңберінде мәжіліс депутаттары қолданыстағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңның 43-бабына тәртіптік жауапкершілік туралы ұсыныстар енгізді: «Басшы лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары оларға тікелей бағынышты адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады».  

Бірінші басшылардың жауапкершілік дәрежесі бағынышты қызметкердің кінәсі мен басшының іс-әрекеті белгілерінің жиынтығы бойынша айқындалатын болады. Қазіргі уақытта Мәжіліс бұл нормаға түсініктеме бере алмайды, өйткені заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының қарауында жатыр және бұл норма әлі қолдау таппады.

Бірінші басшылардың орнынан түсу түріндегі жауапкершілігін енгізу туралы норма әзірлеу сатысында тұр және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қараша айында Парламентке енгізілетін болады». 

Кімге қалай екенін білмейміз, ал бізде осындай жауаптан соң одан да көп сұрақтар туындады. Біріншіден, депутаттар талқылаған өзге де сәттер неліктен ең болмағанда осы заң жобасына қоса берілетін салыстырмалы кестеде көрсетілмеді? Екіншіден, неліктен депутаттар төменгі палатада қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін бірінші басшылардың дербес жауапкершілігін енгізу мәселесін қарастыруды жария еткен әріптестерімізге қуанып, ду қол шапалақтауға әлі ерте екендігін  түсіндірмеді? Үшіншіден, неліктен депутаттар Алик Шпекбаевты, егер ол өз міндеттерін айқын игере алмайтын болса (біз алған жауаптың мәтініне сенсек) жақтап отыр? Әйтпесе мұнда орын алған қисынсыздықтарды түсіндіру қиын.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі туралы норма бар сияқты болғанмен, бірақ ол онда жоқ сияқты заң жобасы өткен жылдың соңында әзірленген болатын, ал ағымдағы жылдың қаңтар айының басында еркін қол жеткізуде пайда болған. Бірақ Ақорданың ресми сайты хабарлағандай, 2018 жылдың мамыр айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Алик Шпекбаевқа бағыныштылар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін басшылардың жауапкершілігін арттыруды тапсырды. Заң жобасын әзірлеп, онымен мәжіліске шыға отырып, Шпекбаевтың командасы оның мәтінінде Елбасының талабын ескеруді ұмытып кеткен болып шықты ма? Бұл өте күмәнді болғанмен, мұндай нәрсе ықтимал деуге болады. Бірақ енді мынадай сұрақ туындайды: онда неліктен бұрында, заң жобасы жарияланғанға дейін – өткен жылдың қыркүйек айында Алик Шпекбаевтың орынбасары ұмытшақтық белгілерін көрсетпеді және тіпті мұндай шенеуніктердің орнынан түсу мүмкіндігі туралы айтты?

Олжас Бектеновтің сөзіне сүйенсек, «Қол астындағылары сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартылған жағдайда, басшыларына дербес жауапкершілікті белгілеу туралы түзетулерімен біз парламентке кірдік. Егер бұл саяси мемлекеттік қызметшілерге қатысты болса, әңгіме саяси жауапкершілік – отставкаға беру міндеті туралы болып отыр. Ал егер әкімшілік қызметшілер туралы сөз болса, сыбайлас жемқорлық жасаған қызметкер тікелей қарамағында болса, бұл басшы атқаратын қызметінен босатылады. Менің ойымша, біз депутаттық корпустың қолдауын табамыз. Жақын арада мұндай нормалар қабылданатын болады».

Ал, мүмкін, депутаттар да бірдеңені ұмытып отырған шығар?

Біз осы жоғалып кеткен нормамен байланысты оқиғанын мәніне неғұрлым терең үңілген сайын, ол орман мен семіз партизандар туралы әңгімеге ұқсап барады. Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығы қалыптасқан жағдайға барынша айқындық енгізетініне сенім артамыз. Әңгіменің жалғасын күтіңіздер…

 

 

Комментарии