Сейсенбі, 27 қазан 2020 ЖЫЛЫ
2053 24-06-2019, 15:01

Ұжымдық әрекетсіздіқ. ШЫҰ және ҰҚШҰ-ға қалайша жаңаша серпін беруге болады?

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) көп жағдайда ұқсас болып табылады: екі құрылым да Кеңестік социалистік республикалар одағы (КСРО) ыдырағаннан кейін құрылған болатын, олардың қатысушылары да бірдей, өз мемлекеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша функциялары да ұқсас, ортақ қауіптері (терроризм, экстремизм, есірткі трафигі, халықаралық ұйымдасқан қылмыс) және тіпті ұқсас кемшіліктері де бар. Кемшіліктер қатарына сарапшылар сыртқы қауіп-қатерлерді айтпағанда, ішкі қақтығыстарды шешу қабілетсіздігін жиі жатқызады. Біздің сарапшылардың есептеуі бойынша, қазіргі кезде екі ұйым да қатысушы елдер арасында ортақ тілді іздеуге бағытталғандықтан, олардың қауіпсіздік мәселелеріндегі іс-қимылдарын үйлестіруден бастау керек. Сөз сарапшыларға беріледі…

Александр Князев, Орталық Азия мен Орта Шығыс елдері бойынша сарапшы: «Олар шеттен қарап қана тұруды қалайды»

- ШЫҰ – бұл қандай да бір әрекет жасау үшін тиісті құралдары жоқ таза диалог алаңы болып табылады. Мен оны бір кезде Қытай халық республикасының (ҚХР) Сыртқы экономикалық қызмет министрлігі деп атаған едім (көп жағдайда ол дәл солай болып табылады)... Менің ойымша, бұл ұйым өз қатарына ядролық қаруы бар екі ымырасыз қарсылас елдерді – Үндістан мен Пәкістанды – қабылдағаннан кейін, ол не үшін құрылғанын және одан әрі немен айналысады деген мәселені концептуалды түрде қайта қарау керек. Өздеріңіз білетіндей, ақпан айында бұл елдер арасында шекара маңындағы жанжал орын алған болатын, бірақ ШЫҰ оған қатысты ешқандай әрекет жасамай, тек дауды өз алаңына шығармауға шақырды. Менің ойымша, (оны айтудан жасқанбаймын), бұл жағдай бүгінгі күні ШЫҰ қауіпсіздік саласында мүлдем ешнәрсеге жарамсыз екендігін дәлелдеді.

Соңғы уақытта ШЫҰ-ға қытайлық «Бір жол» жобасы мен ЕАЭО-ның түйісу міндетін жүктеуге тырысып жатыр. Жеке мен өзім осы идеяға ирониямен қараймын, бірақ өзара іс-қимыл формуласын кез келген жағдайда іздеу керек. Өйткені Қытай – бұл жаңбыр немесе қар сияқты нәрсе, одан ешкім ешқайда жасырынып қала алмайды. Қауіпсіздік саласында ШЫҰ-ның пайдасы, әрине, көбірек болар еді, егер ол (қатысушы елдердің тиісті ерік-жігері болған жағдайда) өз кеңістігінде, мысалы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ), сондай-ақ Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) құрылымдары сияқты импотентті құрылымдарға шынайы балама бола алса. Душамбеде өткен соңғы саммитте Ресей президенті ШЫҰ-ның басымдылығы лаңкестікке қарсы күрес болатынын мәлімдеді, бірақ бұл, алдағы шындыққа қарағанда, тек ұран ғана болып көрінеді.

ҰҚШҰ-ға келетін болсақ, оның мәселесі – бұл, мысалы, НАТО-ның ортақ әскери-саяси доктринасы сияқты өзінің доктринасының жоқтығында. Толыққанды әскери халықаралық ұйым болу үшін – олардың  ең болмағанда біреуінің мүдделеріне қауіп төнген барлық қатысушы елдердің сыртқы саясатын үйлестіру мүмкіндігіне ие болу керек. Яғни теориялық тұрғыдан ұйым мүшелері өз уақытында Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындауда, Украинамен қақтығыстар болған кезде және Қырым мәселесінде Ресейді қолдауға тиіс еді... Атап айтамын – тиіс еді. Ал нақты саясат форматында бұл жалпы алғанда мүмкін емес.

Сонымен қатар, ҰҚШҰ құрылымының өзінде бірқатар бюрократиялық, ұйымдастырушылық, логистикалық кемшіліктер бар. Аспап-құралдармен тез жұмыс істеуге ол жалпы алғанда қабілетсіз. Тәжікстан аумағында әскери қақтығыс туындады деп елестетіп көрейік. Онда бейбітшілік орнатушы әскерлерді енгізу үшін парламенттер бекіткен барлық қатысушы-елдерден рұқсат алу қажет. Ал оны жасау өте қиын. Мысалы, Беларусь, өзінің әскери доктринасына сәйкес, өз әскери қызметшілерін ешқайда (Арменияға да, Қазақстанға да, Қырғызстанға да, ешқайда да) жібермейді. Механизмдердің толық пысықталмағаны дәл осымен түсіндіріледі.

ҰҚШҰ құрылғаннан бері 17 жыл ішінде ол қақтығыстарды шешуге қандай да бір жәрдем көрсеткен бір де бір жағдай болған емес. Ол үшін әлі күнге дейін тіпті тиісті заңдылық базасы мен логистикалық әзірлемелер жоқ. Және екі қатысушы ел, мысалы, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарада бір-біріне оқ атуды бастаса, оларды бір бірінен қалай арашалауға болады?! Сондықтан ҰҚКҰ әрдайым: біз ең жақсысы шетте тұра тұрамыз немесе қандай да бір айқын емес мәлімдемелер жасаймыз деп қатысуынсыз позицияны ұстап тұрумен шектеледі.

Әрине, әскери-техникалық тұрғыда ҰҚШҰ-ның біршама пайдасы да бар. Ол алдын алу сипатқа ие: Ресей қару-жарақ береді, әскери мамандарды оқытады, қандай да бір оқу-жаттығулар өткізеді және ешқашан қажет болмай қалуы мүмкін бірлескен іс-қимылдарды пысықтайды. Ал егер ҰҚШҰ пайдалы болғысы келсе, онда оған, бәлкім, бірлескен іс-қимылдар болуы мүмкін міндеттерге: мысалы, қатысушы елдер үшін шынымен қауіпті болып табылатын Ауғанстаннан келген есірткі трафигі проблемасына назар аударғаны жөн болар. Мұнда олардың мүдделері де, жалпыға ортақ іс-әрекеттері де, ақыр аяғында, бір біріне сай келер еді.

Альберт Мұхамедов, ҚазГЗУ қауіпсіздік, басқару және арнайы бағдарламалар Академиясының профессоры, әскери ғылымдар кандидаты: «Оқ-дәріні құрғақ күйінде ұстау қажет»

- Осы ұйымдардың әлеуеті, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айту үшін алдымен қандай геосаяси жағдайларда өмір сүріп жатқанымызды анықтап, түсіну қажет. Бірнеше мың жыл деректелген тарихтың тек 250 жылы бейбіт болды. Адамзат сол қалпы бір-біріне зиян келтірмей, керісінше пайда әкеліп өмір сүруді үйренген жоқ. Осы уақытқа дейін Жер бетінде және Еуразиялық кеңістікте байлар және кедейлер арасында, түрлі қауіп-қатерлер – экстремизм, ұлтшылдық, ксенофобия, трансшекаралық терроризм және ұйымдастырылған қылмыстар (шақырулар тізімін ұзақ мерзімге жалғастыруға болады – ол өте кең) арасындағы айырмашылықтың тереңдеуіне байланысты жанжалды рух орын алуда.

Әлем жаһандану жолымен жүріп келе жатыр және қалай да болмасын, жаһандық интеграция игілік болып табылады. Өйткені, бір мезгілде халықаралық қоғамдастықтың барлық мүшелерінің зұлымдығы бар әртүрлі қауіп-қатерлердің алдында осалдығы артады. Тепе-теңдік нүктесі қайда? Менің ойымша, ол ынтымақтастықта, көзқарастар балансында және шеткі ұғымдағы іс-әрекеттерде.

Жетекші елдердің әлеуеттерін талдау инновациялық-технологиялық және экономикалық жағынан неғұрлым күшті мемлекеттер қуатты армияға ие болуға ұмтылады, ал олардың экономикаларында әскери бюджеттер дәстүрлі түрде шешуші рөл атқарады. 30 жыл бұрын сияқты, әлемде америкалық әлеуметтік-экономикалық жүйе көш бастап тұр. Бүгінгі күні онымен Қытай мен Еуропалық Одақ бәсекелесе алады. Ресейдің даму драйверлері қорғаныс өнеркәсібі мен әскері болып табылатынына қарамастан, оның жиналған әлеуеті әлі де американдықтардікінен біршама төмен.

Қазақстанның экономикалық және әскери қуаттылығына келер болсақ, ол ресейлік өлшемнен әлдеқайда әлсіз, ал жаһандық өлшем бойынша оны қарапайым деп атауға болады. 150 елдің тізімінде біз 447,05 милитаризация индексімен 72-ші орында тұрмыз. Мұндай жағдайда біз әрбір мемлекетке өз егемендігін, тұтастығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету, өз азаматтарының өмірін жақсарту қаншалықты қиын екенін көріп отырмыз. Сондықтан ҰҚШҰ мен ШЫҰ құру әрбір қатысушы-елге белгілі бір экономикалық пайдаға қол жеткізу, жаһандық, өңірлік және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан өте қисынды болып табылады.

Енді ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ның өз әлеуеттерін қарастырып көрейік. Мұны олардың мүшелерінің мүмкіндіктерін қосу арқылы да, ірі қатысушылардың әлеуеттері арқылы да жасау керек. Біз ҰҚШҰ-ны Ресейсіз елестете аламыз ба? Ал ШЫҰ-ды Қытайсыз елестете аламыз ба? Бәлкім, елестете алмаспыз. Екі құрылымның орбиталары осы елдердің айналасында айналады. Олар қатысушылар үшін тартымды болып қалуы үшін осы тартылыс орталықтары тартымды болуы қажет. Соңғылары орталыққа ұмтылатын күштерді ынталандыруы тиіс. Әйтпесе, басқа күштер – ортадан қашатын күштер басым болып кетеді.

ҰҚШҰ бойынша бөлек айтамын. Бұл ұйымның басты артықшылығы – сырттан агрессиядан қорғану үшін жасалған мақсаттың іске асырылуы. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі құрылды, әскерлер топтамасы, оларды басқару органдары ойластырылған, әскери кадрларды даярлау жүзеге асырылады (Қазақстан мен Ресей осымен, әрине, әр түрлі көлемде, айналысады).

ҰҚШҰ артықшылығына осындай біріктіретін факторларды жатқызуға болады:

- қатысушы елдердің бірыңғай тарихы, менталдығы, санасы;

- бірдей (тамыр тұрғысынан) кеңестік әскери мектеп – оның тәрбиесі мен білімі ҰҚШҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің әскерлеріне күшті әсер етіп және одан әрі көмек көрсетуді жалғастыруда;

- жалпы геосаяси кеңістік, шекара;

- бірдей және барлықтары үшін түсінікті қару-жарақ пен техника. ҰҚШҰ құрылғаннан 27 жыл ішінде оған қатысушы бірде-бір мемлекет, РФ қоспағанда, өз армияларының негізгі қару-жарақ номенклатурасын түбегейлі өзгертпегенін нақтылауды жөн көремін. Солдаттардың қолдарында сол бұрынғы «Калашников», ұрыс алаңында – бұрынғы БТР-80, БМП, Т-72, Д-30, «Град», С-125, С-200, С-300, аспанда – МиГ-29, Су-25, Су-27, Ми-24 және олардан туындылары бар.

ҰҚШҰ-ның кемшіліктері, менің ойымша, кейбір шарттық талаптарды, оның ішінде әскери инфрақұрылымды құру мен дамытуға, әскерлерді қажетті қару-жарақпен және техникамен қамтамасыз етуге қатысты әлсіз іске асырудан тұрады. Бұл мәселелерді шешу ұлттық армиялардың, яғни әскери қызметшілердің өз қарамағында жатыр. Қанша дегенмен, идея бойынша ол тікелей саясаткерлерге бағытталуы тиіс…

Ұжымдық тойтарыс беруге дайын болу үшін оқ-дәріні құрғақ күйде ұстау қажет және тиісті интеграциялық идеология жүргізу керек. Егер елдер ҰЖЫМДЫҚ қауіпсіздік туралы шартқа қол қойған болса, олар оның талабына сәйкес әрекет етіп, оның мазмұнына күмән келтірмеулері тиіс. Әйтпесе, егер оның қатысушыларының бірі өз сарбаздарын басқа қатысушы елдің қорғауына жіберу керек пе, жоқ па деп ойлана бастаса, бұл қандай ұжымдық қауіпсіздік болмақ? Бақытымызға орай, сырттан тікелей агрессия әлі болған жоқ. Басқа мәселе – ішкі қақтығыстар. Оларды әрбір мемлекет (ол үшін қауіпсіздік құралдарына: полицияға, ішкі әскерлерге, гвардияға және т. б. ие бола отырып) өздері дербес шешуі тиіс.

Енді ШЫҰ-ға қатысты айтар болсақ. Бұл ұйымның өз негізінде экономикалық бағыты бар. Қатысушылар оның алаңдарында өз өнімдерін тиімді, ал ең маңыздысы, қауіпсіз сата алатын және дамитын өзіндік сауда үйі болып табылады. Бүгінгі күні Орталық Азия қауіпсіздігі көбінесе Ауғанстандағы жағдайға байланысты болып отыр, сондықтан осы елді ынтымақтастыққа, оның ішінде «ШЫҰ – Ауғанстан» байланыс тобының іс-қимылдарын «Жол картасын» жандандыру арқылы тартуға үлкен мән беріледі.

ШЫҰ оркестріндегі басты скрипка әлемдегі екінші экономикасы бар Қытайға тиесілі (алайда оның өсу қарқыны жақын арада Аспанастыға бірінші позицияны болжауға барлық негіз береді). Ол үлкен инвестициялық әлеуетке ие және оны іске асырудан ұялмайды, ал бұл ШЫҰ-ның барлық мүшелері үшін өте тартымды. Көптеген сарапшылардың пікірінше, Қазақстан үшін экономикалық дамудың қытайлық үлгісі (ол ел 30-40 жыл ішінде жаппай артта қалудан өркендеу мен барлық жетекші өнеркәсіптік кластерлерге ие болу жолын еңсеруге қол жеткізе алды) ең көрнекі болып табылады.

Осылайша, ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ның басты мәні қазіргі әлемдегі олардың қатысушыларының ұстанымдары мен тұрақтылығын күшейту, олардың

жаһандану жағдайындағы бәсекеге қабілеттілікте. Бұл ұйымдардың табыстылығы көбінесе олардың драйверлері саясатының бірізділігі мен теңгерімділігіне, соңғылардың осы интеграциялық бірлестіктердің болашағына инвестиция салу мүмкіндіктері мен ниетіне байланысты. Бұл ұйымдарға қатысудың өзі олардың көптеген мүшелері үшін қауіпсіздік кепілі болып табылады.

Комментарии