Сенбі, 31 қазан 2020 ЖЫЛЫ
861 9-06-2019, 11:46

Алдыңғы қатарлы ұлт болу үшін қазақтар өз мінезінде нені өзгертулері қажет?

Көп жылдан бері біз өзімізге қазақтар өркениетті және бәсекеге қабілетті ұлт болуы тиіс деп айта отырып, бұл қондырғыны ұстанған түгіл, тіпті кері бағытта жылжып бара жатырмыз. Демократиялық құндылықтарды ұстанудың орнына бай және күшті адамдардың алдында құлшылдық танытамыз. Өзіміздің құқықтық мәдениетімізді көтерудің орнына мәселелерді «ағаларымыздың» көмегімен және басқа да туыстық немесе жеке байланыс арналары арқылы шешуге тырысамыз. Білім мен мәдени деңгейді жоғарылатудың орнына ғылым мен прогреске қатысты дұшпандық көзқарасқа тереңірек еніп барамыз. Әрине, барлығына бізді осылай етіп жасаған «жүйені» айыптауға да болады. Бірақ осы жүйе өзіміздің көрінісіміз емес пе? Ақыр соңында, өзімізді түсініп, алға жылжуға кедергі келтіретін ұлттық сипаттағы қандай жаман қасиеттерден арылуды бастауымыз керек шығар?

Қазбек Бейсебаев, блогер, Kazbei.org интернет-сайтының редакторы: «Біз тек бүгінгі күнмен ғана өмір сүреміз»

- Өткен ғасырдағы Қазақстанның белгілі жазушылары мен қайраткерлері біздің ұлттық сипатымызды өте жақсы көрсеткен болатын. Егер идеологиялық құрамдас бөлігін шетке қалдыратын болсақ, онда олардың шығармаларында қызықты нәрселер табуға болады. Мысалы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, жас адам бола тұра, өмір салты мен қоғамның тұрақтарын өзгерту қажеттігіне шақырған болатын. Ол тек осы жағдайда ғана халық дами алады деп есептеген. «Айқап» газеті арқылы ақын осы мәселелерді талқылау үшін бүкіл қазақ съезін өткізуді ұсынған, бірақ оған мүмкіндік берілмеді...

Абдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романында бір кейіпкер бар, ол бір кездері бай болған, бірақ жұттан кейін кедей болып қалған. «Байлық – бірінші жұтқа дейін» деген белгілі сөз бар. Яғни, біздің ата-бабаларымыз әр түрлі табиғи апаттарға дайындалмай, бүгінгі күнмен өмір сүруді жөн көрген. Қазіргі тілмен айтқанда, олардың жоспарлау көкжиегі өте тар болатын…

Негізінде, біз бүгін де дәл осыны байқап отырмыз. Біздің басшыларымызды алайық: олар болашақ туралы мүлдем ойламайды. Әйтпесе, әр түрлі өндірістерді орнатудың орнына олар осы жылдар бойы өте шығынды және жалпы алғанда пайдасыз іс-шараларды өткізумен айналысқан фактіні қалайша түсіндіруге болады? Сол ЭКСПО-ны еске түсіріңіздерші – бұл, шын мәнінде, үлкен той, ал кейіннен оны барлықтары ұмытты.

Өкінішке орай, мұндай бағаны тек біздің шенеуніктерге ғана емес, ертеңгі күні туралы аз ойлайтын қарапайым адамдарға да беруе болады. Менің бір туысымның айтуынша, оның жерлестері, қазақ-фермерлері, белгілі бір жетістіктерге жете салысымен, джиптар мен пәтерлер сатып алуға ұмтылған. Ал ол кезде олардың қазақ емес әріптестері ауыл шаруашылығына арналған жаңа техника сатып алып, жаңа технологияларды енгізуге кіріскен екен...

Немесе біздің байларымызды еске түсіріңіздерші, олардың бірнеше әйелдері болған, өйткені ол байлықтың белгісі болып саналатын. Сәкен Сейфуллиннің очерктерінің бірінде кеңес өкіметі орнатылған ауылдарға инспекциялық тексеріспен сапар шеккен эпизод бар. Кеше ғана кедей болған адамдар бастықтар бола салысымен, екінші әйел алған екен. Жазушыға оларды босату жөнінде кеңес беруге тура келген.

Мәселе біздің жауапты жолдастарымыз (яғни бізді басқаратын адамдар) мүмкіндік бар кезде жағдайды барынша пайдалану керек деген қағидат бойынша өмір сүретіндігінде. Олар атқаратын қызметтерін тек жеке пайда табу құралы ретінде ғана қарастырады. Мысалы, біз БАҚ-та жиі оқитынымыз, мемлекеттік бюджет есебінен шенеуніктер оларға сеніп тапсырылған учаскелердегі жағдайды емес, өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартып жатады.

Тағы бір біздің өте теріс қасиетіміз ретінде қалаған нәрсені шын мәнінде бар деп көрсетуге талпынысты атауға болады. Біздің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама (ҮИИДМБ), ең дамыған 30 елдің қатарына кіру және т.б. бағдарламаларымыздың барлығы да дәл осыны білдіреді. Біздің басшылар әрдайым «іске асырамыз», «қол жеткіземіз», «жасаймыз» деп болашақ кезең туралы айтады, ал «жасалды», «енгізілді», «қол жеткізілді» деген, яғни іске асырылғаны туралы сөздерді өте сирек айтады... Көптеген тіпті іске қосылып қойылған деген кәсіпорындар да тиімсіз болып шығып, жабылып қалған. Бұл уәде беріп, бірақ істі аяғына дейін жеткізбейтін басқарушылардың әдеттегі жауапсыздығын жасыратын көзбояушылықтан өзге еш нәрсе емес.

Қорытынды: біздің ең басты мәселеміз – уақытша келген адамдардың психологиясы, тек бүгінгі күнмен ғана өмір сүруге деген ықылас, ал осыдан біз бірінші кезекте арылуымыз керек. Егер біз осындай рухта жалғастыра беретін болсақ, онда әңгіме басқа елдерден қалып қалу туралы ғана емес, сондай-ақ жалпы мемлекеттің болуы туралы болады.

Қанат Тасибеков, жазушы және қазақ тілін насихаттаушы: «Жаман нәрсені тез үйренемміз және өзімізге енгізіп аламыз»

- Біздің кемшіліктеріміз – бұл біздің артықшылықтарымыздың жалғасы, және керісінше: біздің жақсы қасиеттеріміз – бұл біздің кемшіліктеріміздің жалғасы деген бір максима бар. Қазақ сипатындағы оң қасиеттерге білім алу мен бейімділіктің өте жоғары қабілеттілігін, төзімділігін, мейірімділігін, қонақжайлылығын жатқызуға болады. Бірақ кей кезде біздің оң қасиеттеріміз гротеск түрлеріне айналады. Мысалы, біз өте тез үйренеміз және жаман нәрселерді де тез қабылдаймыз. Біздің төзімділігіміз өзімізден басқа бәріне төзе алатынымызға дейін жетеді. Біз өзіміз туралы жаман сөздер айтатын адамдарды үстелімізге отырғызып, тамақтандырамыз. Біз шетел тілдерін тез үйренетініміз соншалықты, тіпті өзіміздің туған тілімізді – қазақ тілін – ұмытып қаламыз.

Көптеген ғасырлар бойы біздің ата-бабаларымыз көшпенділер болған, бір-бірінен алыс жерде өмір сүретін, сондықтан олар кез келген адамдық қарым-қатынасқа қуанатын. Тіпті километр сияқты өлшеу шарасын қазақтар «шақырым» деп атаған. Бір кездері олар шамамен бір километрге тең қашықтықта бір-бірін дауыспен шақыра алатын. Бірақ біз неғұрлым қалалық этнос болған сайын, урбанизацияланған сайын, соғұрлым біздің мінезіміз өзгеруге ұшырап отыр. Мысалы, пиццаны әкеліп жеткізген адамды үстелге «нан-ауыз тиуге» шақыру міндетті емес деген қалалық адамдар қоғамының нормаларына жаңадан ғана үйреніп жатырмыз.

Және тағы да. Қазақтар қатал тәртіпке бағынған кезде өте табысты болады. Шыңғысхан заманын мысалға келтірмеймін. Бірақ біздің әрқайсымыз әскерге дейін қойдан басқа ештеңе көрмеген, орыс тілін әрең түсінетін, бірақ әскерде өте жақсы қызмет етіп, бүкіл бөлімшеде (сол прибалттар, кавказдықтар, Орта Азия республикаларының тумалары арасында) ең үздігі болып, үйіне старшина атағымен оралған кем дегенде бір ауылдық жігітті біледі.

Ал заңдар жұмыс істемейтін, сыбайлас жемқорлық өркендейтін және әрдайым «келісіп алуға» болатын «жүйе» халықты бұзып, құртады. Бұған мінездің ешқандай қатысы жоқ.

Талғат Исмағамбетов, саясаттанушы: «Ертеңгі күнге деген сенімсіздік»

- Абай «Тұрақсыздығымен тұрақты», - деп жазған болатын. Шын мәнінде: біз баяғыдан бері көшпелілер емеспіз, бірақ бізде, қазақтарда, көшпелі өмір салтынан ертеңгі күнге деген сенімсіздік қалған.

«Батырға бір оқ жеткілікті, байға – бір жұт жеткілікті» деген сөз өмір салтын айтарлықтай нақты көрсетеді. Көшпенділер өзінің еңбек күші мен әл-ауқаты арасындағы байланысты, мысалы, Еуропадағы егіншілерге немесе шығыс елдеріндегі күріш өсірушілерге қарағанда әлдеқайда аз дәрежеде сезінетін. Сондықтан номад үшін малды көбейту тұрғысынан да, басқа көшпеншілермен қарым-қатынас жасау жағынан да қолайлы сәтті пайдалану өмірлік қажеттілік болып табылатын. Ал келешекте сәтті кезең бола ма әлде аштық келе ме – оның билігінде емес еді.

Егіншілер де қатты күйзелген сәтсіз кезеңдерді бастан кешетін, бірақ олар көбінесе өз еңбегі және өнім арасындағы байланысты сезінетін. Тиісінше, ол ұзақ мерзімді қатынастарды құруға бағытталған – бұл әлеуметтік иерархия жүйесіне және әр түрлі топтардың бір-бірінің алдындағы міндеттемелеріне қатысты болды. Ал көшпенділер үшін жағдай мен тарихи дәуірге байланысты әскери табысты барынша көбірек жинап алу немесе билікке жақындықты пайдалану маңызды болатын. Басқалардың тарапынан жанжалдар мен ренжістер соншалықты маңызды болмаған, өйткені дәл сол сәтте емес, кейінірек татуласуға немесе дұшпандасуға тұра келетін.

Бұл  көшпелілікке тән қатынастардың мәні сол «тұрақсыздықтың тұрақтылығын» түсіндіреді: бүгін мүлік пен лауазым үшін дұшпандық, ал ертең татуласып, бірдеңелерге бірге қол жеткізе бастайтын және бірігіп алып үшінші біреулермен қақтығысатын. Әрине, мұндай өмір салты сөзге адалдық, құрмет, риясыз қызмет сияқты ұғымдарды девальвациялайды. Оған қоса, ақылды, қабілетті адамға деген күдік туындайды, өйткені ол ұтымды болуы мүмкін, яғни экономикалық ресурстар үшін, мансаптық алға жылжу үшін және т. б. бәсекелестікте неғұрлым табысты болуы мүмкін. Сондықтан ең дұрысы бәсекелесті өз қабілетін ашу мүмкіндігінен айырып, оны алға тартпай, шетке итеріп тастау немесе оның үстінен шағым жазу жөн…

Нұрлан Әмірқұлов, философ: «Бізде екі жол бар»

- Біздің теріс қасиеттеріміз көшпенділер-қазақтардың отырықшы, нарықтық-коммерциялық өркениетке, сондай-ақ екі ғасырға жуық отарлауға бейімделуінің салдары болып табылады. Қазақтардың қадір-қасиетін қайта қалпына келтірудің және ұлттық сипаттағы ең жақсы жақтарын – ашықтығын, кеңдігін, мейірімділігін, жақындарына қызмет ету сияқты үздік қасиеттерін дамытудың екі жолы бар. Біріншісі –мемлекеттік меншіктің бір бөлігін және шикізат секторынан түскен табыстарды азаматтар арасында бөліп беру. Екіншісі – экономиканы монополиясыздандыру және тәуелсіз сот төрелігін, парламенттік басқаруды, тәуелсіз партиялар мен БАҚ негізінде нарықтық бәсекелестік режимін қалыптастыру.

 

 

Комментарии